Еліміздің инфляция деңгейі монетарлық факторға тәуелді ме?

Еліміздің инфляция деңгейі монетарлық факторға тәуелді ме?

Жыл сайын Мемлекет басшысы еліміздегі инфляцияны ауыздықтау бойынша құзырлы органдарға нешеме тапсырма берсе-дағы, бұл реттегі ресми көрсеткіш соңғы жылдары бірқалыпты аралықтан ауытқымай келе жатқаны белгілі. Яғни оны белгілі бір шектен төмен тықсыру мүмкін болмай келеді. Мамандар инфляцияны ауыздықтауға мұрша бермей отырған фактордың бірі ретінде монетарлықты атайды. Яғни ақша саясатындағы кілтипанды реттеу мүмкін болмай жатыр. Әлде еліміздің инфляция деңгейі монетарлық факторға емес, басқа бір себептерге тәуелді ме?

Григорий Марченко, Ұлттық банк төрағасы
Жоқ

– Қазақстандағы инфляция моне­тар­лық сипатқа ие емес. Біздің банк­тің алдын ала жүргізген сарапта­масы бұл арада ешқандай моне­тар­лық фактор жоқтығын айқындап отыр. Оған ықпал етіп отырған – құ­ры­­лым­дық мәселелер, яғни біз на­рықта қа­жет­ті деңгейдегі бәсе­ке­лестікті, Қа­зақ­стан­ның іші мен сыр­тына та­сы­мал­­данатын тауар­лар­дың еркін қоз­ға­лысын қам­тама­сыз ете алмай отыр­­мыз. Егер біз осыған қол жет­кі­зе­тін болсақ, инфля­ция дең­гейін екі есе­­ге, тіпті одан көп мөл­шер­ге тө­мен­­детуге болар еді.
Кәсіпорындардың қажетті деңгей­де­гі бәсекелестігіне және тауар­лар­дың емін-еркін қозғалысына қол жет­­кіз­генде, еліміздегі орташа жыл­дық ин­фля­ция деңгейін, кем дегенде, екі есеге тө­мендетуге болады.
Қарап отыр­са­ңыз­дар, соңғы 10 жыл ішіндегі Қазақстандағы инфляция деңгейі бірқалыпты сақталған: жылына – 7,3-7,4 пайыз.  Еліміз бойынша кәсіпорындардың ор­таша рентабельділігі 50 пайызды құ­райды. Егер нарықтың барлық сегмен­тін­де толыққанды бәсеке болғанда, тағы бір жағынан тауарлар еркін алмасып жат­са, біздің инфляция көрсеткішіміз Шығыс Еу­ропадағыдай жылына 3-4 пайызды құ­рар еді.
Сондай-ақ инфляцияға азық-түлік ба­ға­сының да қатысы бар. Шекараны ашық ету мәселесін шеше алмауымыз – ай­мақтық қабілетсіздігіміз. Жолда алым-са­лым болмауы керек, жергілікті өңірлердің ба­заркомдарына белгіленген жоғары ба­ғаны қоюға мүмкіндік бермеу қажет. Бі­рақ, өкінішке қарай, ол біздің қолымыздан кел­мей жатыр. Ал мұндай жағдайда ин­фля­цияға ақшалай-несиелік саясат ша­ра­ларын қолдану арқылы ықпал ету мүмкін емес.

Бейсенбек Зиябеков, экономика ғылымының докторы, профессор
Иә

– Бүгінгі таңда Қазақстандағы инфля­ция деңгейін екі есеге төмендету мүмкін емес. Жалпы алғанда, инфляцияның туын­дау себебін талдай келгенде, оған ықпал етіп отырған екі фактор анықталып отыр. Олар – ақшалай, яғни монетарлық жә­не ақшалай емес фактор. Бірінші мә­се­леге келер болсақ, біздің ел экономикасы ши­кізат ресурстарынан түсетін табысқа тә­уелді екені белгілі. Яғни экспорттан келетін ақ­шаға. Сонымен қатар банк секторында қай­тарылмай жатқан корпоративтік сырт­қы қарыз көлемі ауқымды. Мұнда жұмыс істемей тұрған қаражат та өте көп. Ал жұмыс істемей жатқан ақша өздігінен уақыт өткен сайын құнсыздана түседі. Бұл біріншіден. Екіншіден, біз елімізде отан­дық өндірістерді көбейтіп, өзімізді отандық та­уармен, азық-түлікпен қамтамасыз ет­пе­йінше, құнсыздануды ауыздықтай ал­маймыз.
Негізі, инфляция бойынша мәселеге жауап беретін – Ұлттық банк. Сондықтан олар еліміздегі отандық өндіріс орындарын көптеп ашуға жағдай жасап, шағын және орта кәсіпкерлікті арзан, бірқатар жеңіл­дік­­тер қарастырылған несиелермен қам­та­масыз етуге екінші деңгейдегі банктерді жұмылдыруы керек. Бірақ, өкінішке қарай, коммерциялық банктерде жұмыс істемей жатқан ақша көлемі көп, соған қарамастан, олар отандық өндірісті қолдауға оны жұмсағысы келмейді. Ал Ұлттық банк бұл ретте қандай да бір шара қолданып отыр­ған жоқ. Ұлттық банктің инфляцияға осы аталған мәселелердің салдары барын ай­тып отырғанына қарағанда, олар өзде­рі­­нің аталған бағытта шарасыздығын не­ме­се ешқандай іс-қимыл жүргізе алмай отыр­ғандығын мойындауы деп білген дұ­рыс болады. Әйтпесе оларға бұл мә­се­ле­мен айналысуға ешкім кедергі келтіріп отыр­ған жоқ. Яғни бүгіндері Ұлттық банкке құр­ғақ сөзден (ақталудан) гөрі нақты іске көшкен тиімдірек болар еді. Мәселен, экспорт құрамын өзгертуге атсалысып, эко­номикалық даму, сол секілді қар­жы­лық-несиелік саясатты қайта қарастырып, ұлт­тық кәсіпкерлерді қолдауға бет бұр­ғанда ғана бұл мәселе бойынша қандай да бір шешім шығаруға болады.

Бейтарап пікір
Құнанбай Тобатаев,
қаржыгер-маман:
– Инфляцияның қарқын алуында монетарлық фактор бары рас. Оны жою үшін айналымдағы бос ақшалардың ел экономикасының мүддесіне сай жұмыс істейтіндей ақылға қонымды монетарлық жоспар құру керек. Яғни қаржылық-несиелік саясатқа өзгеріс қажет. Бірақ Ұлттық банктің бұл бағытта қолынан келгеннің бәрін жасағанын, бірақ ақша айналымын реттеуге шамалары келмей жатқанын баса айта кетейін. Олар нота жариялап, мемлекеттік құнды қағаздар шығарып, оны сату арқылы еліміздегі артық теңгені өткізуге тырысады. Алайда бүгіндері қолданылған бұл шаралар өзіндік нәтиже бермей жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста