ЕҚЫҰ-ны Еуразиялық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы деп реформалау керек пе?

ЕҚЫҰ-ны Еуразиялық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы деп реформалау керек пе?

Соңғы кездері әлемдік қауымдастықта Еуразиялық одақ құруға ұмтылыс пайда болды. Әзірге ауызекі тілде жүрген модельдер алып құрлықтың әр тұсынан бір жарияланып жүр. Өткен жылы Түркияның сыртқы істер министрі Ахмед Даудоғлы «Еуропалық одақтың еуразиялық үлгісін жасап шығу керек» деген пікір айтты. Алайда бұл ұсыныс – жаңалық емес. Себебі оны бұған дейін Қазақстан және Ресей саясаткерлері де ауызға алған еді. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов осы бастаманы жүзеге асырудың бір үлгісі ретінде «ЕҚЫҰ-ны Еуразиялық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы деп реформалау керек» деген ой тастаған болатын.

bolat-auelbaev-ia

Болат ӘУЕЛБАЕВ, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сыртқы саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі:

Иә
– ЕҚЫҰ-ның жұмысына күрделі өзгерістер әкелу қажет екені рас. ЕҚЫҰ-ның үш бағыты бар. Алғашқысына АҚШ, Канада және Еуропа жатады, екіншісіне континенталды Еуропа, бұған Германия және Францияны жатқызамыз. Себебі бұл екеуі батысты да, шығысты да қолдайды. Экономикалық жағынан Ресей мен Азияның табиғи ресурстарына мүдделі болса, мемлекеттік құрылымы мен құндылықтары жағынан Америкаға жақын. Ал соңғы бағыт «Венадан – шығысқа» деп аталады. Бұған Шығыс Еуропа мемлекеттерін, Ресейді және Түркияны жатқызуға болады. Осы үш бағыттың арасындағы баланстың сақталып отыруы Еуразия қауіпсіздігі үшін өте маңызды.

ҚСЗИ директоры Болат Сұлтанов аталған ұйымның жұмысы Еуразия құрлығын бүтіндей қамту үшін оның атын да өзгерту қажет екенін айтқан болатын. Жалпы, ЕҚЫҰ – әлемде үшінші дүниежүзілік соғыстың тұтануына жол бермеу үшін құрылған ұйым. Алғашында ол ЕҚЫК, яғни кеңес ретінде құрылды және оның ядросы Еуропа болып табылады. Ал оның Еуроатлантикалық және Еуразиялық бағыттары оны теңестіріп қана тұрады. Айналып келгенде, ЕҚЫҰ Еуразия қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысып жатыр. Себебі бір кездері КСРО мен АҚШ-тың арасында шиеленіс орын алған болса, қазір де сол сарын сақталып тұр. Ал екеуінің басын Еуропа түйістіріп тұр. Міне, сондықтан да ЕҚЫҰ барлық тараптардың арасындағы балансты дұрыс сақтауға міндетті. Ал оның төрағалығына Қазақстанның келуі өте маңызды оқиға. Көптеген сарапшылар Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін ЕҚЫҰ-ға балама деп санайды. Алайда АӨСШК дамудың алғашқы сатыларын енді өткеріп жатқан жас құрылым ғой. Бұл әзірге жай ғана кеңес. Ал ЕҚЫҰ – бірқатар келісімшарттарды біріктіретін және солардың орындалуын талап ете алатын күш. Дегенмен ЕҚЫҰ-ны бүтіндей реформалау оңай шаруа емес. Мұндай міндетті Қазақстан өзінің мойнына алған жоқ. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та, сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев та Қазақстанның «төрт – Т» ұстыны негізіндегі «дәстүр» формуласы бойынша ЕҚЫҰ-ның бағыттары арасындағы баланстың сақталуына жаңғырту жасауға күш салатындығын айтқан болатын. Ал ЕҚЫҰ-ны бүтіндей реформалау көп жылдарды талап етеді. Жалпы, ЕҚЫҰ төрағалығына Қазақстанның ұсынылуы Азияның белсенділігі ретінде танылады. Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі ядролық қауіпсіздік мәселесін көтеруі де сол құрлықтың біртұтастығын көрсететіндей.

00269

Талғат ИСМАҒАМБЕТОВ, саясаттанушы:

Жоқ
– Мұндай ұсыныс бұрыннан айтылып жүр. Алайда ЕҚЫҰ-ны Еуразиялық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы деп реформалауға еш негіз көріп тұрған жоқпын. Жалпы, Азиядағы қауіпсіздікті негізге алатын Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі бар ғой. Ол осы мәселеге тікелей жауап бере алатын деңгейге көтерілу керек. Сондықтан ЕҚЫҰ-ны реформалағаннан гөрі АӨСШК-тың жұмысын барынша жандандыруға күш салған тиімдірек деп есептеймін. Әрине, Еуразиядағы аймақтардың арасына көпір болатын мықты құрылымның болғаны дұрыс. Бірақ ол қазіргі жағдайда мүмкін емес.

 Еуропа мен Азияны салыстыратын болсақ, Азияның сан алуан екеніне көз жеткіземіз. Мысалы, Оңтүстік-Шығыс Азияны Таяу Шығыспен салыстыру мүмкін емес қой. Ал Қытай дегеніміз, жеке дара бір әлем болып тұр. Құрлықтағы жанжалдарды шешу үшін бүтін Еуразияны былай қойғанда, Азияның өзін бірнеше аспектіде қарастыруға тура келеді. Азия әу бастан-ақ қиын аймақ болып есептеледі, шиеленісі тым көп. Еуропадағы шиеленістерді реттеуде тиімді болып көрінетін механизмдерді Азияға әкеліп салатын болсақ, олардың тиімділігі төмендейді. Ал ЕҚЫҰ-ның жұмыс жасау механизмдері толықтай дерлік Еуропа құндылықтары бойынша құрастырылған ғой. Адам құқығы дейміз, тағы да басқа батыс философиясына негізделген ұстанымдар. Мысалы, Қытай мен Үндістан лидерлікке таласып жатқанда ол ЕҚЫҰ-ның адам құқығы секілді ұсақ мақсаттарына тоқталмайды. Сондықтан біздің заманымызда Азия мен Еуропаны бір мекеменің астына біріктіреміз деп үміттену – ХІХ ғасырдағы Франция мен Германияны серіктес болуға міндеттеумен бірдей баянсыз әрекет. Азия мен Еуропаның айырмашылығы кез келген салада бар. Саяси тұрғыдан да, экономикалық тетіктері де, мәдени, діни аспектілері де ұқсамайды. Мысалы, конфуциялық дін мен мұсылмандық мәдениет ұқсас емес. Бүтін бір құрлықты стандарттаймыз деп күш салудың қажеті жоқ деп есептеймін. Әлем сол әртектілігімен маңызды.

Бейтарап пікір
Струан Стивенсон,
Еуропалық Парламенттің депутаты, ЕҚЫҰ төрағасының экология және қоршаған орта мәселелері жөніндегі жеке өкілі:
– Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын еуразиялық ұйым ретінде реформалау мүмкін емес. Өйткені бұл жайт оның ауқымын кеңейтпейді, керісінше, кішірейтеді. ЕҚЫҰ-ның қазіргі шекарасы Ванкуверден Владивостокқа дейін созылып жатыр. Егер ол тек еуразиялық ұйым болып қалса, онда ұйымға мүше жарты әлемді жоғалтамыз. Дегенмен ұйымның жарғысына реформа енгізілуі керек. Мәселен, жарғыда ұйымға мүше 56 мемлекеттің түрлі мәселе бойынша келіссөздер мен шешімдерді жеке-жеке емес, ортақ түрде қабылдауын қарастыратын баптар болғаны жөн.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста