Еуропа біртұтас федерациялық мемлекетке айналған жағдайда біздің геосаяси ахуалымызға әсер ете ме?

Еуропа біртұтас федерациялық мемлекетке айналған жағдайда біздің геосаяси ахуалымызға әсер ете ме?

Еуропаны біртұтас федерациялық мемлекетке айналдыру жайлы пікірлер жиі айтылып жүр. Осы аптада Еуропа Парламентінде Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозу Еуропа Одағын ұлттық мемлекеттердің федерациясы ету қажеттілігіне тағы да тоқталды. Ол Еуропа біртұтас федерациялық мемлекет болып, одақтастардың байланысы тереңдей түспесе, евроны құтқарып қала алмайтынын айтты. Бұл орайда қоғамда өздігінен «Еуропа біртұтас федерациялық мемлекетке айналса, біздің геосаяси ахуалымыз не болмақ?» деген сауалдың туындайтыны рас. Саясаткер мамандар «Еуропа жуық арада бір федерацияға айналуы мүмкін емес» деген пікірде. Десек де, Жозе Мануэль Баррозу сөзі шындыққа айналса, біздің елдің геосаясатына әсері бола ма? Осы сауал қойылғанда, саясаткерлер ойы екі арнаға бөлінді.


Нұрлан Сейдін, саясаттанушы:
иә
– Еуроодақ (ЕО) құрылғалы көп жыл бола қоймаса да, одақтың құрамында болудың өзі саяси һәм экономикалық жағынан қиындық туғызып отыр. ЕО-ға мүше мемле­кет­тер арасындағы қарым-қаты­нас­тарда белгілі бір дәрежеде қа­ра­ма-қайшылықтар бар. Бұдан жуық арада Еуропа елдері ортақ фе­дерацияға бірігеді дегенге сену қиын. Бұл – әлі иі қанбаған мәселе. Де­сек де, Еуропалық Одақ біртұтас фе­дерациялық мемлекет болса, бел­гілі бір дәрежеде еуроазиялық ке­ң­істікте геосаяси жағдай өзгереді деп ойлаймын. Оның ішінде бұл гео­саясаттағы өзгерістің Қазақстан­ға да әсері болатыны сөзсіз.
Өйткені Еуропаның бұл қадамы Ресей­ге, Орталық Азиядағы мемлекеттерге ық­пал етіп, ол ықпал күшейе түседі. Соңғы он жыл­ды алып қараңызшы, біздің аймақтағы гео­саяси жағдайға алпауыт мем­ле­кет­тердің түрлі мүдделері тоғысты. Еуропа бі­рік­­пегеннің өзінде мемлекеттер ара­сындағы саяси, экономикалық жағдайлар әр кезде өзгеріп жатыр. ЕО-ға мүше елдер одаққа өз мемлекеттерінің мүддесі, онан кейін ғана ЕО-ның мүддесі тұрғысынан қа­райды. Олар саяси жағдайда кей кезде бір-бірімен түсінісіп, бірігіп жатса, кейбір мемлекеттерге деген көзқарастарында қа­рама-қайшылықтар бар. Сондықтан да ЕО біздің елдегі саяси әсерін, ықпалын арт­тырмаса, кеміте қоймайды. Қазірдің өзін­де ЕО Орталық Азиядағы мемлекеттермен екі­жақты қарым-қатынасты тереңдетуді көз­деп отыр. Осы аймақта болып жатқан проблемаларды шешуге, араласуға, қо­лын­да бар технологиялар арқылы біздің мем­лекеттерді өздеріне тартуға тырысу­да. Сол себепті де олар федерацияға біріксе, біздің елімізге әсері болмай қалмайды. Гео­саяси жағдайда бірінші кезекке эко­номика шығады. Еуропа мемлекеттері бір жағадан бас шы­ғар­са, ең алдымен біздің аймақтағы біраз мемлекеттерді ығыстыруы мүмкін. Ол АҚШ-тың, не болмаса Қытайдың, я Ресейдің сырт­­қы саясаттағы ұстанымына міндетті түр­де әсер етеді. Бәлкім, мұн­дай жағдайда белгілі бір дә­режеде Ислам әлемі мем­ле­кеттерінің эко­но­микалық мүд­делеріне қай­шылық туын­­­дайды. Жасы­ратыны жоқ, Еуропалық елдер біз­ден шикізат сатып алады. Елі­міз­ден мұнай, газ, басқа да түрлі қаз­ба байлықтарды тасымалдап, өзде­рінің жо­ғарғы техно­логия­ла­рымен өңдейді. Яғни ол елдер біздің шикізатты пай­да­лануға, игеруге мүдделі. Осы­ны ескерсек, геосаяси жағда­йы­мыз түпкілікті өзгеріске ұшырайды деуге келмесе де, әсері болады. ЕО-ға мү­ше елдердің біздің экономикамызға біраз ық­палы бар екенін де жасыра алмаймыз. Бізге мұның сыртында АҚШ, Ресей, Қытай тарап­та­рының да ұстанымын ескеруге тура келеді. Бұл қадам, меніңше, мемлекеттер мүддесінің арасалмағының өзгеруіне алып келеді. Себебі Ауғанстанда болып жатқан жағдай, басқа да аймақта орын алып жат­қан мәселелер сол алып мемлекеттердің мүд­десіне сай болып жатыр десек қателес­пейміз.  Алып державалар мен ықпалды мем­лекеттер Орталық Азияға ықпал етуі­нің бірнеше объективті себебі бар. Бірін­шіден, оларды экономикалық мәселелер қы­зықтырады. Екіншіден, ЕО-ны Қытай­дың қар­қынды дамуы қорқытады. Алпауыт ел­дер, осы аймақтың геосаяси жағдайын мүм­кіндігінше қолдарында ұстағысы ке­леді. Бұл орайда Таяу Шығыста, Солтүстік Африкада болып жатқан саяси шиеленістер Батыстың осы аймаққа деген геосаяси әре­кеттерінен туындап жатқанын да ес­ке­руіміз керек.


Сайфолла Сапанов, тарих ғылымының докторы, профессор:
жоқ
– Еуропаның біртұтас федера­ция­­лық мемлекет болуы жайлы пі­кір­лер осыған дейін де айтылып кел­ді. Десе де, біртұтас федерация құ­ру­ға қарсы пікірлер легі көп. Де­мок­ратиялық прин­циптерге сү­йе­ніп қа­расақ, ЕО-ның бір мемлекетке ай­­налуы дұрыс қадам болып көрінеді. Бір­ақ федера­тив­ті мемлекетке ай­нала қоюы қиын. Өйт­кені бұл пози­ция­ны қолдайтындар­дың пікі­рі әл­сіз­деу. Енді біртұтас елге ай­нала қал­­ған жағдайда деген мәсе­ле­ге ке­лейік. Онда ЕО-да мүлдем бас­қа­­ша құ­рылымдар дүниеге келеді, өз ішін­де өз­­герістер болады. Түрлі субъ­ек­тілер, мем­лекеттік заң шы­ғару құры­лым­дары пай­да болып, оларды «сырт­қы саясат пен Еуропар­ла­менттің жағ­дайы қалай бо­ла­ды?» деген сияқ­ты мәселелер маза­лай­­ды.
Ал Орталық Азияның, оның ішінде Қа­зақстанның геосаяси жағдайына еш­қан­дай әсері болмайды деп ойлаймын. Осы уақытқа дейін қалыптасқан ЕО-ның Орталық Азияға деген саясатын одан әрмен жалғастырады. Мысалы, 2007 жылы ЕО шеңберінде Орталық Азияға бағытталған стратегиялық бағдарлама қабылданды. Еуропа біртұтас федерация болса да, сол бағдарламаны нысанаға алып, стратегиялық әріптестікті сақтап қа­лады. Шикізаттық, энергети­ка­лық факторлар Еуропа мем­лекеттерінің саясатын түп­кілікті басқа арнаға бұ­рып жібереді дегенге сен­бей­мін. ЕО пен Ресей Фе­де­рациясының ара­сындағы қарым-қаты­нас басқа форматқа ауысса ғана бізге әсері болады. Онда олар өздерінің Орталық Азияға де­ген стратегиялық бағдарламасын қай­та қарайды. Меніңше, ЕО үшін ол стра­те­гия­лық бағдарламаны қайта сүзгіден өт­кіз­геннен гөрі, сол стратегиялық бай­ланысты дамыта берген тиімді. Себебі біз­дің Еуропамен байланысымызда энер­гетикалық фактор басты рөлде ойнайды. 2009 жылдан бері ЕО энергетика сала­сын­дағы Ресейге тәуелділігінен шығар жолды қа­растырып келеді. Оның бірден-бір төте жо­лы – Еуропаға Орталық Азиядан энергия көз­дерін тарту. Таяу Шығыстағы тұрақ­сыздық мәселелері Орталық Азиядан бас­қа балама жолдың жоқтығын көрсетіп отыр. Енді тікелей Қазақстанға келетін бол­сақ, ЕО болсын, біртұтас федерациялық мем­лекет болсын құрылымы ауыс­қа­ны­мен, біздің геосаясатқа еш әсер етпейді. Өйт­кені ЕО геосаясатта біздегі экономи­ка­лық жағдайға басымдық беріп отыр. Оларды біздің саяси ахуал емес, өз ішіндегі шешім қабылдау тәртібі көбірек маза­лайды. Сол себепті де ЕО-ның басым әсер­лері сыртқы саясатта емес, өздерінің ішкі сая­сатында болады. Шешім қабылдау инс­титуттары өзгереді. Қандай қадам жасаса да, ең алдымен ЕО бізбен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Олай болса, керісінше, бұл қадам еліміздің батыс елдермен қа­рым-қатынасын күшейтуі мүмкін.

Бейтарап пікір
Дәурен Бабамұрат,
саясаттанушы:
– Еуропалық Одақ біртұтас федерациялық мемлекет бола алмайды. Біріншіден, біртұтас федерация болу мәселесі – алдағы елу я жетпіс жылдың еншісіндегі мәселе. Екіншіден, олар мәдени, экономикалық, тарихи біркелкілікке ұмтылғанымен, мұның бәрі мүмкін емес жағдай екені аңғарылып отыр. Еуропа қаншалықты біртектес болса, соншалықты әр алуан. Сондықтан да Еуропаның бір мемлекетке, бір федерацияға, қала берді, бір саяси күшке айналуы – екіталай дүние. Ол туралы Ұлыбритания өзінің ашық пікірін білдірген. Қазір Ресей, Испания қарсы пікір айтып үлгерді. Мұны, меніңше, ЕО-ның Жозе Мануэль Баррозу арқылы жасаған кезекті саяси ойынының көрінісі деп түсінуіміз керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста