Еуропа елдерінің көпмәдениеттілік үлгісін оң құбылыс ретінде бағалау керек пе?

Еуропа елдерінің көпмәдениеттілік үлгісін оң құбылыс ретінде бағалау керек пе?

Таяуда елорда төрінде Бүкіләлемдік рухани мәдениеттер форумы болып өтті. Онда әлем елдеріне төзімділік, түсіністік, достық қарым-қатынас пен адам санасында ізгілікке деген сенімдерді қалыптастыру идеясын дамыту керектігі сөз болған еді. Соңғы уақытта осы төңіректегі идеяларды жүзеге асырып, өркениеттер арасындағы диалогті жандандыру үшін Еуропа елдеріне тән көпмәдениеттілік үлгісін жақтаушылар көбеюде. Десек те, өзімізге ғана тән рухани құндылықтар мен салт-дәстүрімізді, мәдениетіміз бен өнерімізді сақтай отырып, біз көпмәдениеттілік үлгісін оң құбылыс деп бағалай аламыз ба? Сарапшылар не дейді екен?

Нұрлан СЕЙДІН, саясаттанушы:
Иә
– Қазіргі уақытта біз жаһандану дәуіріне аяқ бастық. Сондықтан да біз жеке бір дербес мемлекет ретінде өзгелерден оқшауланып бөлек өмір сүре алмаймыз. Бүгінгі Қазақстан әлемдік қауымдастықтың алдында 130-дан астам ұлт өкілдері тұратын көпұлтты мемлекет ретінде танылып келеді. Өткенге үңіліп қарасақ, Қазақстан ежелгі дәуірден бері еуразиялық кеңістіктің орта­сында орналасқандықтан, мұнда түрлі мәдениеттердің ықпалы болғанын бай­қаймыз. Бұған көптеген тарихи деректер мен археологиялық дәйектемелер дәлел бола алады. Ал бүгінгідей бүкіл әлем бір-бірімен ықпалдасып жатқан тұста көпмәде­ниеттілік құбылысының орын алуын заңды құбылыс деп бағалаған жөн.
 Қазақстан соңғы кездері көптеген мәселелер бойынша интеграциялық ба­­ғыт­ты дамыту мәселелерін көтеріп жүрген мемлекеттердің бірі саналады. Таяуда ғана Түркі дүниесі халық­та­рының форумы өткен еді. Сол алқалы жиында да мәдени байланыстар жө­нінде бір­қа­тар мәселелер талқыға түс­ті. Онда, не­гізінен, жалпы түркі халық­тары өз­де­ріне ортақ мәдениетті сақ­­тап, дамыта оты­рып, сыртқы әсер­лерге төзім­ді болу ке­рек­тігі айтылды. Бізге көп­мәде­ниет­ті­лік құбылысын зерт­­теп-зер­де­лей ке­ле, өзіміздің ұлттық мәдениетімізбен ұш­­тастыруға болатын жағын ойласу керек. Ол, ең алдымен, мемлекетіміздің саяса­тымен үндесіп, менталитетімізге сай бо­луға тиіс. Демек, қай қоғам бол­масын кез келген салада бір орында тұ­ра­лап қал­мауы шарт. Аталған мә­се­ле­лер жа­қын­да ғана Астанада өткен Бү­кіл­­әлем­дік рухани мәдениеттер фо­­ру­­мында да кеңі­нен сөз болды.
Жалпы, Еуропа елдеріндегі көпмә­де­ниеттілік үлгісін тұтастай болмаса да, оң құбылыс ретінде бағалауға болады. Қалай айтсақ та, көпұлтты мемлекет көпмәдениеттіліктен бас тарта алмайды. Өйткені сыртқы экспансияның ықпалы өте күшті. Одан қашып құтыла алмайсың. Алайда сырттан келіп, ішімізге еніп жат­қан дүниелердің жақсы тәжірибелерін ала отырып, оларды өзіміздің мәде­ние­тіміз­бен ұштастыруымыз қажет. Сонда ғана жаһанданған әлемде кең етек жай­ған көпмәдениеттілікті қабылдай оты­рып, өзіміздің ұлттық ерек­ше­лік­те­рі­міз­ді паш ете аламыз.

Сейдахмет ҚҰТТЫҚАДАМ, саясаттанушы:
Жоқ

– Бұл өзі – шешуі бірден табыла қоймайтын күрделі сұрақ. Бүгінгі заманның жаңа талаптары көптеген қалыпты жағдайларды едәуір өзгерістерге ұшыратты. Соның салдарынан әртүрлі елдердің мәдениеттері бір-бірімен сапырылысып, араласып кетті. Өзге елдердің мәдени экспансиясы рухани ортамызға ден­деп кіріп, құндылықтардың орнын алмас­тырды. Қазіргі қазақ қоғамы да осы бір құбылыстарды бастан кешіруде. Шындығын айтқанда, халқымыздың мәдениеті әлі де болса тереңірек талдап-тануды қажет ете­ді. Біздің рухани-мәдени тарихымыз осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Өзі­міздің ұлттық мәдениетімізді көтере алмай жүргенде, басқаның көпмәдениеттілік үлгі­сіне иек арта кетуіміз орынсыз.
  «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» де­гендей, алдымен өзге жұрттың жа­ман-жақсы дүниесін саралап, екшеп алу қажет. Әрине, қазіргідей жаһандану кезінде сырт­қы әсердің ықпалынсыз өмір сүру мүмкін емес. Алайда біз, ең алдымен, өзіміздің мә­дениетіміздің өр­кендеуіне күш салуымыз керек. Әр елде, негізінен, тек солардың өз­деріне ғана тән мәдениеті, дәстүр-салты бо­лады. Сол себепті қандай мәдениетпен ара­ласса да, өзін сыйлайтын ұлт өзінің құн­дылықтарын жоюға жол бермейді. Ме­нің­ше, біз өзгелердің мәдениетінің озық жақ­та­рына ғана сүйеніп, оларды ұлт­тық дү­ние­танымымызға ыңғайлап алуы­­мыз қажет. Әсіресе батыстың ғы­лым­ға, білім­ге де­ген оң көзқарасын біз­де де қа­лып­тастыру керек. Осы орай­да біз ұлттық мә­дениетімізді да­мы­тудың өзіндік мо­делін жасаумыз ке­рек. Соны­мен қатар осы бағыттағы наси­­хат жұ­мыс­тары ауқым­ды жүр­гізі­лу­ге тиіс. Қа­зір көп­теген шетелдерде Қазақстанды қаз­ба бай­лық­тары мен мұнайға бай ел деп таниды. Ендігі кезекте біз өзімізді мә­де­ние­тіміз мықты дамыған өркениетті мем­­­лекет ретінде танытуымыз керек. Се­бебі біздің елге келген әрбір шетелдік аза­мат­тың біздің ұлттық ерекшелігіміз неде, тіліміз бен діліміз қандай, жалпы, мәде­ние­тіміздің деңгейі қалай деген сын көзбен қарайтыны сөзсіз. Ал бізге сырт­тан келген меймандар көпмә­де­ни­ет­­ті­лік­ті ұс­тан­ған, ана тілін жетік біл­мей­тін, қа­лалары еу­ропаланған Қазақ­станды кө­ру үшін кел­мейді ғой. Олар өзін шын мә­­нісінде ұлт­тық мәдениеті ерекше да­мы­­ған Қазақ елі­не келгендей сезінуі ке­рек.

Бейтарап пікір:
Дидар АМАНТАЙ,
мәдениеттанушы:
– Әр елге басқа бір елдің мәдениетінің үлгісін таңуға болмайды. Көпмәдениеттілік құбылысы Еуропаның барлық мемлекеттерінің өзінде бірдей қалыптаспаған. Мысалы, жақында ғана Германияның канцлері Ангела Меркель ханым бір сөзінде «Германияда көп­мә­дениетті мемлекет қа­лып­тастыру жүзеге асқан жоқ» дегенді айтқан болатын. Сондықтан да әрбір ұлт бірінші кезекте өзінің рухани дербестігін ойлайтыны ақиқат. Бірақ бұл үрдіс Англия, Франция, Голландия сияқты елдерде өріс алып отыр. Қазақстанда да өздерінің мәдениеттерін дамытып отырған түрлі диаспора өкіл­дері өмір сүреді. Десек те, олар белгілі бір дәрежеде қазақтың ұлттық мә­дениетінің өркендеуіне қызмет етуге тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста