Еуропалықтардың кеңестік жүйе мен фашизмді теңестіру туралы қарар қабылдауы қисынды ма?

Еуропалықтардың кеңестік жүйе мен фашизмді теңестіру туралы қарар қабылдауы қисынды ма?

Жақында ЕҚЫҰ-ның парламенттік ассамблеясы Литва мен Словения делегаттарының ұсынысымен Екінші дүниежүзілік соғысты бастауда Германия фашистері мен Кеңес Одағын тең дәрежеде көрсететін қарарды қабылдады. Батыстық ақпарат құралдарының мәліметтеріне қарағанда,  бұл қарар тамыздың 23-ін фашизм және сталинизмнің құрбандарын еске алу күні ретінде атап өтуге шақырады. Иә, 1939 жылдың 23 тамызында тоталитарлық екі ел Шығыс Еуропаны өзара бөлісу жөніндегі пактіге қол қойған болатын. Десек те, екі идеологияның бірдей емес екені ғылымда да дәлелденді емес пе? Аталған идеологиялардың өзіндік құндылықтары мен принциптері де ғылыми түрде ажыратылған. Кеңес Одағының мұрагері болып есептелетін ресми Мәскеу Батыс елдерін тарихты бұрмалап, фашистерді жеңудегі Кеңес Одағының құрбандарын дұрыс бағаламай отыр деп айыптауда. Екі идеологияны, екі жүйені бір қатарға қою қаншалықты қисынды? Міне, осы сұрақтарды саясаттанушы мамандардың талқысына салған едік. Сарапшылардың бағасы төмендегідей болып шықты.

Әзімбай Ғали, саясаттанушы:
Иә
– Бұл – өте дұрыс шешім. Себебін бір­неше дәлелмен түсіндіріп беруге болады. Бі­р­іншіден, фашистік Германия мен Ита­лия­да, КСРО-да да, яғни екі жүйеде  де то­та­литарлық басқару тәртібі болды. Гер­ма­ния мен КСРО қатал тоталитарлық жүйемен бас­қарылса, Италиядағы тоталитарлық жү­йені сәл жұмсақтау деуге негіз бар. Екін­ші­ден, екеуінде де социалистік фразео­ло­гия бар. Мысалы, Германияның партиясы ұлт­шыл-социалистік деп аталды. Сондай-ақ Муссолини де социалист болған. Ал боль­шевиктер өздерін социал-де­мо­крат­пыз деді. Үшіншіден, фашизм мен ком­му­низм­де империялық пиғыл басым болды. Тіпті Италияның өзі шамасына қарамай, Аф­ри­када соғыс ашты. Ал қызыл түсті то­та­литаризм «коммунизмді жер-жаһанға та­ра­тамыз» деп өздерінің империялық идео­ло­гиясын ашық жүргізді.
 Оған дәлел ретінде Африкадағы ұсақ мемлекеттер мен шалғайда жатқан Кубаға қару таратуды айтуға болады. Риббентроп – Молотов келісімшарты –  ымыраласудың басты белгісі. Соның нәтижесінде фашизм мен коммунизм Еуропаны бөліске салды. КСРО Балтық жағалауы мен Польшаның бі­раз облыстарына иелік етті. Қалғаны Гер­манияның еншісінде қалды. Бұны ке­ңес­тік билік ұзақ уақыт жасырып келді, тіп­ті заңды мұрагері Ресей де айтуға асық­па­ды. Бірақ шындық міндетті түрде ашы­ла­ды. Төртіншіден, антисемитизмді айтар едім. Еврей ұлтын жеккөрушілік Гер­ма­ния­да, Италияда және КСРО-да белең ал­ды. Фашистер еврейлерді арнайы конц­ла­герь­лерде қырып жойса, КСРО ашық айт­пады, бірақ Қиыр Шығысқа айдатып жі­беру деген үрдістің болғаны рас. Бесін­ші­сі, бұл – геноцид мәселесі. Қырып-жою­ды қоңыр түсті фашистер де, қызыл түсті ком­мунистер де жүргізді. Мысал үшін ай­тар болсақ, Германия еврейлерді, сы­ған­дар мен славяндарды құртуға күш сал­са, Кеңестер Одағы қолдан ашар­шы­лық жасау арқылы қазақтар мен украин хал­қының басына нәубет әкелді. Со­ны­мен қатар шешенді, ингушты, та­тар­лар­ды т.б. қырғынға ұшы­ратты. Тарихшылар бұл жерде тап кү­ресі орын алды деген жаң­сақ пікір ай­тады. Шын мәнісінде, тап күресі болса, ше­шендердің бай­ла­рын ғана қудалау ке­рек қой. Ал кеңестік би­лік жалпы ұлтқа зорлық-зомбылық көр­сетті. Еу­ро­па­лық Парламенттің қа­был­даған қа­ра­рын қолдайтын себебім, фа­шизм мен ком­му­низмнің ешқандай айыр­ма­шы­лығы жоқ. Бұл екі жүйені қол­данған мем­лекеттер дипломатиялық қа­рым-қа­ты­нас­қа қарағанда соғысты бі­рін­ші ке­зек­ке қойды. КСРО Испания­да­ғы ком­му­нис­терге көмек көрсетіп, ел­дің ішкі ісі­не араласты. Финдерге соғыс ашып,жерін тартып алды. Бейбіт жатқан Моң­ғо­лияның жеріне көз алартып, Ты­ва­лар­ды қолына түсірді. «Моңғолдарға кө­мек­­тесем» деген желеумен Жапо­ния­мен со­ғысып, Куриль аралдарын тартып ал­ды. Румынияны қорқытып-үркітіп тер­­­ри­­то­­рия­сы­на бақылау жасады. Бұл әре­­кет­­тер­ді фашизм емес деп қалай ай­та­­мыз? Аталған екі жүйенің тағы бір ұқ­сас­­­ты­ғын айтайын, КСРО, Германияда да ке­­зінде күшпен басып алған жерлері үшін ешкімге түсініктеме бермейтін. Әлем­­дік қа­уым­дастыққа себептерін ашып көр­сет­педі. Қазір осының бәрі ашы­­лып ай­ты­луы керек. Тарихта жазыл­май қалған оқиғалар мен көрінбей қал­ған деректер жетерлік. Сондықтан, бұ­рын­ғы отар елдер Ресейдің қас-қабағына қа­ра­май-ақ, ұлттық тарихтарын қайта жа­зып шығуы керек деп ойлаймын.

Сайполла Сапанов, саясаттанушы:
Жоқ
– Бұл екеуі – екі бөлек идеология. XX ғасырда қоғамдық өмірде, халық­ара­лық қатынастар жүйесінде идео­ло­­гия­ның рөлі күшейді. Кеңестік идео­логия, фа­шистік, милитаризм, бұдан ке­йін ли­бе­ра­лизм күшейді. Қазір ис­лам фун­­да­мен­тализмі бірінің орнын бі­рі ба­сып, осылай тізбектеліп, жал­ға­сып ке­ле­ді. «Коммунистік идеология мен фа­шизмді теңестіріп, бірдей ба­ға бе­ру – тарихты бұрмалау» деп ой­лай­мын. Се­бебі екі идеологияның прин­цип­­те­рін са­лыс­ты­ратын болсақ, ара­­­­сын­­да жер мен көктей айыр­ма­шы­лық бар еке­­нін байқаймыз. Бірінші­ден, қан­­ша сы­н­а­ға­ны­мызбен, кеңестік би­­лік әлеу­мет­тік теңдік принципін бе­рік ұс­­­танды деп айтуға толық негіз бар. Ле­­­нин де, Сталин де теңдік үшін кү­рес­­ті. Жә­не белгілі бір деңгейде тең­дік­ті ор­на­та алды. Мысалы, Ресейде өт­­кен ға­­сыр­­дың басында бай мен ке­дей­­­дің арасы тым алшақтап, халық бө­­­лі­­ну­ге шақ қал­ды.
Екіншіден, коммунистік партияның плат­формасы фашизмнің негізін сал­ған ұлтшыл қозғалыстардың ұста­ны­мымен мүлдем сәйкес келмеді. Се­бе­бі, коммунистік жүйе фашистер сияқ­ты ашықтан ашық антисемитизмді на­си­хат­та­ған жоқ. Біле білсек, КСРО ұлттардың өзін-өзі басқаруына мүмкіндік берді. Ке­ңес Одағының конституциясында құ­ра­мындағы кез келген республиканың бө­лі­нуі­не құқығы бар деп жазылды. Ал фашистік идеологияда бәрі кері­сін­ше болды. Басқа ұлттарды басып-шан­шып, ұлтшылдық принципін қа­лып­­тас­тырды. Антисемитизм мен ұлт­­шыл­дық міндетті түрде фашизмге әке­­ле­ді. Еуропарламенттің аталған екі идеологияны біріктіріп қарар қа­был­дауы дұрыс емес. Фашизм мен ком­му­низмнен жапа шеккен елдер бұл шешімді қолдауы мүмкін. Себебі Шы­ғыс Еуропалық мемлекеттер мен Бал­тық жағалауы елдерінде қазіргі уақытта ұлт­шылдық дерті өршіп тұр. Ресейге Ке­ңес Одағының қателіктерін айтып, өк­пе­сін білдіруде. Ұлттық идеология болу ке­рек, бірақ оны мемлекеттік саясат етіп қалыптастыруға тиімсіз. Өйткені ұлт­шылдықты сыртқы саясаттың құ­ра­лы ретінде пайдалану өте қауіпті құ­бы­лыс. Себебін жоғарыда айттым, он­дай ұлтшылдық міндетті түрде фа­шизм­ге әкеледі. Ал фашизмнің соңы соғыс­пен аяқталғанын тарихтан білеміз. Сон­дық­тан, аталған екі идеологияны ша­тас­­тыру дұрыс емес. Ұқсастықтары да жоқ емес. Фашизм де, коммунизм де тоталитарлық басқару тәртібімен жүр­гі­зіл­генмен, кеңестік жүйе фашизмге қа­ра­ғанда әлдеқайда гуманизмге не­гіз­дел­ген болатын.

Бейтарап пікір
Сейдахмет Құттықадам, саясаттанушы:
– Бұл ағымдардың шыққан жері бір. Яғни фашизм де, коммунизм де Еуропадан шықты. Бірақ жүйелердің жүзеге асуы екі түрлі болды. Фашизм барлық мәселені күш қолданумен шешу керек деген ұстанымнан аса алмады. Ал коммунистік идеология оған қарағанда әлдеқайда жұмсақ әрі тиімді болды. Екеуінде де тоталитарлық жүйенің белгілері болса да, бір түсінікке айналдыру дұрыс емес. Сонымен қатар фашизмнің көзін жойған коммунизм екенін естен шығармағанымыз абзал.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста