«Имамдарға мемлекет тарапынан жалақы тағайындау керек» деген пікірмен келісесіз бе?

«Имамдарға мемлекет тарапынан жалақы тағайындау керек» деген пікірмен келісесіз бе?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі Әбсаттар Дербісәлі Қазақстанда діни сауаты жоғары имамдардың әлі де болса жетіспей жатқандығын айта келіп, «Алдағы уақытта әртүрлі теріс ағымдарға жол бермеу үшін республика мешіттеріне қазақстандық діни жоғары оқу орындарын бітірген имамдар жіберіледі. Алайда имамдардың айлық алмауы бүгінгі ең үлкен мәселенің бірі болып тұр. Оларға айлық тағайындалмағаннан кейін ауылдық жерде имам тұрақтату өте қиын. Рас, біз зайырлы мемлекетпіз, дін мемлекеттен бөлек. Бірақ имамдардың бала-шағасы жоқ па? Оның баласы мектепке бармай ма? Имам садақа алса, бәріңіз шулап кетесіздер. Сонда олар қалай күн көруі керек?» – деп, мәселені төтесінен қойды. Әйтсе де «діні мемлекеттен бөлек саналған елде имамдарды қалайша мемлекеттік қызметкерге айналдыра аламыз?» деп бұған қарсы пікір айтушылар да баршылық. Тараптар пікірін «Ой-көкпар» айдарында тоғыстырып көрген едік.

Оңғар қажы ӨМІРБЕК, Қазақстан мұсыл­ман­­­дары діни басқармасының баспасөз хатшы­сы
Иә

– Өте орынды ұсыныс. Өз басым имам­дарға мемлекет тарапынан жал­а­қы тағайындалуын құптаймын. Егер олар­ға мемлекет тарапынан жа­ла­қы тағайындар болсақ, имамдарға қа­тыс­ты бір мәселенің шешілуіне ғана емес, өзге діни ағымдардың кең етек жай­мауына да мұрындық болар едік. Өйт­кені имамдарға тұрақты айлық та­ғайын­далмағаннан кейін олар алыс, шал­ғай жатқан ауылдарға барғысы кел­­мейді. Алыс ауылдардағы мешіт­тер­ге имам тұрақтата алмағаннан кейін кім көрінген ауылдық мешітке иелік етіп, ауыл тұр­ғын­дарының өзге ағым­дар­­дың жете­гін­де кетуіне ықпал етуде. Осы­лайша ауыл­дық жердегі имамның тұ­рақ­сыз­ды­ғы­нан, оларға айлық та­ғайын­далмауынан түрлі діни секталар шал­ғай ауылдағы тұр­ғындардың миын улап, өз қатар­ла­ры­на тартуда. Біле біл­сек, бұл – мемлекет қауіп­сіздігіне де қа­тысты дүние. 
Көптеген елдер дін қызметкерлеріне мемлекет тарапынан жалақы тағайындаған. Мәселен, Түркияда мешіт имамдарына, Еу­­ропа елдерінде шіркеу қызметкерлеріне мем­­лекет тарапынан жалақы беріледі. Сон­дық­тан біз де осы елдердің үрдісімен ме­шіт имам­дарын мемлекеттік бюджет есе­бінен қар­жыландырсақ, дұрыс болар еді. Дін мем­лекеттен бөлек деген сөз – дін­ді «не бол­саң, о бол» деп лақтырып тастап, өз бе­ті­­мен жіберу деген сөз емес. «Зайырлы мем­лекетпіз» деп дінді еркіне жібергеннен ке­йін тиісінше оның өсіп-өркендеуіне де жағ­­дай жасау керек. Түркия да зайырлы ел са­­на­лады, әйтсе де олар діндерін қам­қор­лық­қа алып, қанатын кең жаюына ықпал етіп отыр. Біз де осы ұстанымда болсақ, өте дұ­­рыс болар еді. Елімізде бүгінде 2400-ге жуық мешіт бар. Ал осы мешіт имамдары­ның барлығында тұрақты айлық жоқ. Олар­ға мемлекет тарапынан бір тиын бө­лін­бейді. Қалалық жердің әл-ауқаты ауыл­дық жерге қарағанда дұрыстау болған­дық­тан, қалалық мешіттердегі имамдары­мыз жұрт­тан түскен пітір-садақамен күн­де­рін көрсе, ауыл­дық тұрғындар мешітке са­дақа бермек тү­гіл, өз күндерін өздері әрең көріп отыр. Имам­ды ғана емес, ме­шіттерді де мемлекет есе­бінен қаржы­лан­дыру керек. Тіпті ауыл­дық мешіттерді қыс­тың күні жылытудың өзі қия­мет-қайым. Қыс­та мешіттің іші қара суық болып тұр­ған­н­ан кейін оған имам қа­лай отырады, ме­шітке халық қайтіп бас сұ­ға­ды? Жылыту жү­йесі түгіл, электр жары­ғына қаржы тап­пай отырған ауылдық ме­шіт­тер бар. Ал ай­лық алмаса, сырттан бар­ған имамның ба­сында баспанасы болмаса, ол жерге имам қайтіп тұрақтайды? Қалай күн көреді, бала-шағасын қайтіп асырайды? Айта ке­тер жайт – елімізді іштен ірітуге жа­нын са­ла кіріскен секталар мен өзге діни ағым­­дар­дың барлығы шетелден қаржылан­ды­­рылады. Тек біз ғана мешіт имамдарын қам­­­қорлықсыз қалдырып отырмыз. Бү­гінде өзге діннің етегінен ұстаған отан­дас­тары­­мыз­дың көбеюінің де бір сыры – осында. Бү­гінде елімізде тоғыз медресе хал­қымыз­дың жыл­дар бойы қалыптасқан мәзһабын насихат­тайтын шәкірттер тәрбиелеуде. Яғни қазақ­стандық имамдар жеткілікті. Тек ендігі жерде оларды шалғай алыс жерлерге тұ­рақтан­дырудың амалын жасауымыз керек.

Рустам АЛПЫСБАЕВ, шығыстанушы
Жоқ

– Жоқ, бұл мәселеге біржақты қа­рау­ға болмайды. Дін мәселесі – өте нәзік нәр­се. Соңғы кездері жастардың дінге бет бұра бас­тағанын байқап жүрміз. Ен­де­ше, дін мә­се­лесін де дер кезінде ше­шіп, діни ахуалдың дұрыс қалыптасуына баса көңіл бөлген жөн. Атап айта кетерлік жайт – дін мем­ле­кет­тен бөлек болуы ке­рек. Алайда бүгінгі қо­ғамда орын алып жатқан жайттарға қарап отырсақ, дінді қа­дағалаусыз қал­ды­ру­ға болмайтынын бай­қаймыз. Әйтсе де имамдарды мем­ле­кетке тәуелді қылмай, жалақы тағайын­дау­дың бірнеше жолдары бар. Мәселен, халық­тан түскен пітір-сада­қа­ны орта­лық­тандырып, рес­публика­мыз­дың түк­пір-түкпіріндегі бар­лық имамдарға жалақы тағайындап қойсақ, ештеңеден ұтылмас едік. Өйткені бүгінгі күні ха­лық­тан түскен қаржы мен қайырымды аза­мат­тар­дың еліміздегі ислам дінінің өсіп-өркен­деп, қа­натын кең жаюы үшін қайы­рым­дылық ре­тінде бөлген ақшаларының еш есе­бі жоқ. 
Осы мақсатқа түскен ақша мен жұмсалып жатқан қаржы туралы мәлімет еш жерде айтылмайды.
Егер біз бүгін мемлекет тарапынан имам­дарға жалақы тағайындар болсақ, имам­дар мемлекеттік қызметкерге айна­ла­ды. Зайырлы мемлекетпіз деп, діні мем­ле­кеттен бөлек саналатын елде бұлай істей де алмаймыз. Сондықтан ең дұрыс жол ха­лық тарапынан мешіттерге түскен қар­жы­ның есебінен имамдарға жалақы тағайын­дау болып табылады.
Көптеген Қиыр Шығыс елдерінде ха­лық­тан түскен пітір-садақаларды қор арқылы жинақтап, имамдарға бөліп беру ар­қылы халықтан түскен қаржының жа­лақы ретінде таратылу жүйесі енгізілген. Әйт­се де бұл жүйе бізге жарамайды, қор­лар жұмысы мемлекеттік қызмет саналып, бюрократиясы көбейеді. Тіпті біреулердің ықпалы арқылы ол қаржы белгілі бір діни ұйымдарға да қызмет етіп кетуі мүмкін. Бұл қаржыға еліміздегі діни істер жөніндегі агенттік иелік жасаса да болар еді. Бірақ аталмыш агенттіктің қызметі мүлдем басқа. Осы орайда айта кетер жайт – Мысыр елінде Әль-Асқар университеті жұмыс жа­сайды. Бізде де діни білім беретін, елдегі діни ахуалды бақылап отыратын осындай университет керек-ақ. Ал университет жанынан құрылған қорлар имамдардың діни дәрежесін көтеріп, жалақы тағайын­дап, олардың біліктілігін бақылап, халық­тан пітір-садақаға жиналған қаржының есебін жасап отырса, дұрыс болар еді.

Бейтарап пікір
Ершат ОҢҒАРОВ,
Ph.D доктор, теолог:
– Имамдарға мемлекет тарапынан жалақы тағайындалуы керек. Бірақ бұған «Діни сенім бостандығы және діни бірлес­тіктер туралы» Заңымыз рұқсат бермейді. Сондықтан ал­ды­мен осы заңымызға өзгерістер енгізу керек. Егер біз бү­гін имамдарға жалақы тағайындайтын болсақ, ертең елі­міздегі дәстүрлі емес діннің өкілдері де өздеріне мем­лекет тарапынан жалақы тағайындалуын талап етіп шыға ке­леді. Осы орайда Ресей және Еуропа елдері секілді екі дінге үстем­дік берілуі керек. Оның бірі ислам дініндегі сүнниттік ба­ғыт болса, екіншісі – христиан дініндегі православ бағыты бо­йын­ша. Өйткені халқымыздың 70 пайызы ислам дінін ұстанса, қал­ғанының 25 пайызы – христиан бағытында. Біз де осы екі дін­ге басымдық берсек, дұрыс болар еді. Ауылдық жердегі ме­шіттерге мүлдем ақша түспейді. Сондықтан ауыл имамда­ры­ның 8-9 айлап айлық алмағанын жиі естиміз. Немесе жал­пы халықтан түсетін қаржыны қайырымдылық, зекет қорына орта­лықтандыру арқылы имамдарға жалақы тағайындалуы тиіс. Біз тек осы жолдармен ғана имамдардың жалақы мәселесін шеше аламыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста