Істі болғандарды кепілдікпен босату туралы ұсынысты қолдайсыз ба?

Істі болғандарды кепілдікпен босату туралы ұсынысты қолдайсыз ба?

Елімізде бір қылмыскерге жылына 580 мың теңге қаржы бөлінеді екен. Дәл қазіргі таңда еліміздегі «түрме тұрғындарының» саны да аз емес. 100 мың тұрғынға шаққанда 316 жазасын өтеушіден келеді. Сондықтан алдағы уақытта түрмедегі қылмыскерлер санын кеміту мен оларға мемлекет тарапынан бөлінетін қаржының көлемін азайту мақсатында еліміздің Бас прокуратурасы кейбір қылмыстық істер үшін бас бостандығынан айыру жазасының орнына айыппұл салу, істі болғандарды кепілдікпен босату туралы ұсыныстар айтуда. Әзірге құзырлы органның бұл ұсынысы туралы қоғамның пікірі екіге жарылып отыр. Тартысты тақырыпты мамандардың талқысына салып көрген едік.


Ілияс НҰРМАҒАНБЕТОВ, «Халықаралық түрме реформасының» жобалар үйлестірушісі:
иә
– Үстінен қылмыстық іс қозғалған­дар­­ды кепілдікпен босатуды қолдай­мын. Өйткені бұл ұсыныстың қоға­мы­мыз­­ға пай­далы тұстары, ар­­тық­­шылық­тары же­тер­лік. Көптеген ел­­де істі бол­ған­дарды кепілдікпен бо­сату бұрыннан тәжірибеде бар. Сон­ды­қтан ал­дағы уақытта біздің елі­мізде де мұндай бас­тама қолға алын­са, мен қолдар едім. Онсыз да қазіргі таңда, салыстыр­ма­лы түрде алғанда, еліміздің түрме­ле­рінде жа­засын өтеп жатқан адам­дар­дың саны кә­дімгідей көп. Еуропа ел­дерінде 100 мың адамға шаққанда түр­меде отырған қыл­мыскерлердің са­ны 150 адамнан кел­се, бізде 100 мың адамға шаққанда 300 адамнан асады екен. Яғни, са­лыс­тыр­малы түрде ал­ған­да, біздің түр­ме­ле­рі­міздегі адамдар са­ны екі есе көп. Әри­не, оларда қылмыс аз деуге кел­мейді. 
Бірақ олар көптеген жаза түрлерін айып­пұл, қоғамдық жұмысқа тарту секілді қо­ғам­ға, қылмыскердің тәрбиесіне пайда­лы дүниелермен алмастырған. Сондықтан қыл­мыскерді кепілмен босату, айыппұл төле­ту немесе қоғамдық жұмысқа тарту ар­қылы жазалау түрлері біріншіден түрме­ле­ріміздегі адамдардың санын азайтуға септігін тигізсе, екінші жағынан алғанда сот­талғандар үшін бөлінетін мемлекеттік шығындарды азайтуға көмегін тигізер еді. Қазір біздің елімізде де кейбір қылмыстық істер үшін бас бостандығынан айыру жаза­сының орнына айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту мәселесі сөз болуда. Бұл ұсыныстардың қоғамымызға пайдалы тұс­тары жетерлік. Біз ешқашан да қылмыскер­ді қапаста қамап, тәрбиелей алмаймыз. Қай­та бас бостандығынан айыру жазасы­ның басым бөлігін бұрынғыдан әлдеқайда көбейтілген айыппұлдармен алмастыруы­мыз керек. Сонда мемлекет қылмыскерді не­ше жыл асырап-бағу үшін қаржы шы­ғын­да­май, керісінше, қылмыскердің жа­засы үшін өзіне айыппұл төлетуге мәжбүр­лер еді. Сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға салып, тәрбиесін еңбекпен түзетуге күш салар еді.
Қазіргі таңда заң бұзғандарға тағайын­далатын жазаның 70 пайызы – түрмеге тоғы­ту. Орташа есеппен алғанда қылмыс­керлерді бас бостандығынан айыру мер­зімі шамамен тоғыз жыл. Бұл өте ұзақ мер­зім деуге болады. Осынша жыл ішінде қыл­мыскер түзеліп шығады деу қиын. Егер біз қыл­мыскерлерге тағайындалатын жаза түр­лерін айыппұл, қоғамдық жұмысқа тар­ту секілді жазалармен алмастырсақ бәрібір қылмыскер бостандықта, айнала­сына қарай отырып түзелуге күш салар еді. Мәселен, қазір бізде бір адам сиыр ұрлап түрмеде отырса, енді біреуі адам өлтіріп отыр. Сиыр ұрлаған қылмыскер адам өл­тір­ген адаммен бірге отырған соң бәрібір сана-сезімі өзгеріске ұшырайды, түзелудің орнына одан ары бұзылады. Жаңа Қылмыс­тық кодекстің жобасында бір жыл бас бос­тандығынан айыру жазасын салыстыр­малы түрде 1000 айлық есептік көрсеткіш­ке ауыстыру, бес жыл бас бостандығынан айыру жазасына, балама жаза ретінде 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айып­пұл белгілеу көзделуде. Демек, ендігі жерде мемлекет шығындай бермей, түс­кен айыппұлды қалған түрмеде отырған­дар­ға жұмсайтын болады. Сондықтан қыл­мыскер аса ауыр қылмыс жасамаған бол­са, оны бас бостандығынан айырып, түр­­меге отырғызудың қажеті жоқ. Керсін­ше, кепілдікпен босату арқылы бостандық­қа шығарып, түрлі деңгейде айыппұл таға­йындау керек.


Арықбай АҒЫБАЕВ, заң ғылымының докторы, профессор:
жоқ
– Істі болғандарды кепіл­дікпен бо­са­ту туралы ұсынысты қол­дай алмаймын. Рас, бұл ұсы­ныс дүниежүзінде көптеген ел­дің тәжірибесіне енген. Алайда бұл құқықтық санасы қалыптасқан, аза­мат­тары өз құқығын толықтай меңгерген елдерде тиімді қолданылады. Бірақ біздің елімізге тиімді ұсыныс болады деп айта ал­маймын. Біз құқықтық мем­лекетті енді құрып жатырмыз. Бізде құқықтық сана, құқықтық білім толық жетілмеген, адам­дардың санасында қа­лып­таспаған.  Елімізде мемлекеттің қар­жысын талан-таражға са­лып, шетелге қашып кетіп жат­қан азамат көп.
Бейбіт күнде басына бәле тілеп, ішіп-жеп қойып, шекара асып қашып жатқан азамат­тардың, ертеңгі күні үстінен іс қоз­ғал­ған соң, кепілдікпен босатқан сәтін пай­дала­нып қашпасына кім кепіл?! Сонда біз кім­нің ізінен қуып жүреміз? Сондықтан біз­ге істі болғандарды кепілдікпен босату тура­лы айту әлі ерте деп ойлаймын.
Мен дәл қазіргі таңда елімізде қыл­мыскерлерге тағайындалатын жаза әділ деп санаймын. Біз ешқашан да қылмыскер­лерді басынан сипау арқылы қылмыстың санын кемітіп, түрмедегі қылмыскерлердің санын азайта алмаймыз. Істі болғандарды кепілдікпен босату тергеу ісіне кедергісін келтіреді. Онсыз да қазір реті келсе қыл­мысын жасап алып, құзырлы орындарға ақшасын тықпалау арқылы істеген қыл­мысынан ретін тауып сытылып, бостан­дық­қа шыққысы келетіндер жетерлік. Олар істеген қылмысын мойнымен көтер­гісі, қылмысын сезінгісі келмейді. Ал ендігі жерде біз мұны заң жүзінде бекітсек қыл­мыскерлердің одан әрі тайраңдауына жол береміз. Осы орайда айта кетер жайт, мен түрмедегі қылмыскерлер санын азайту мен қоғамымыздағы қылмыс санын кеміту үшін жазаны жеңілдетуден гөрі күшейту пайдалырақ дер едім.
Көптеген елдер халықтың құқықтық сауатын көтеріп, елдегі қылмыс санын ке­мі­ту үшін жазаны жеңілдетуді емес, кері­сінше, қатайтуды ойлайды. Меніңше, бұл бастама қылмыс санын кеміту үшін емес, қазына қаржысын үнемдеу мақсатында қолға алынып отырған секілді. Сондықтан қылмыскер санын азайтуға да айтарлықтай септігін тигізеді деп айта алмаймын. Біз уақыты келген кезде істі болғандарды кепілдікпен босатуды қарастырамыз. Ал қазір ерте.
                                      Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бейтарап пікір
Мақсат ЖАППАРОВ, заңгер:
– Бұл мәселеге екіжақты қарау керек. Мәселен, мен істі болғандарды кепілдікпен босатуды жалпылай емес, кейбір қылмыс түрлеріне қарай қолдануды қолдаймын. Әйтпесе жаппай барлық қылмыскерлерді кепілдікпен босата беретін болсақ, еліміздегі қылмыскерлерге ие бола алмай қаламыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста