Колледж түлектерін кешенді тест тапсыруға міндеттеу дұрыс шешім болды ма?

Колледж түлектерін кешенді тест тапсыруға міндеттеу дұрыс шешім болды ма?

Білім саласында жылда өзгеріс... Биылғы жылдың өзгерісі – туғызып отырған жаңалығы жоғары оқу орнына түскісі келетін колледж студенттеріне қатысты өрбіп отыр. Осыған дейін мамандықтары ЖОО-ның бағдарламасымен сәйкес келген жағдайда колледж түлектері ЖОО-на кедергісіз қабылданатын. Ал енді олар жаппай кешенді тестілеуге қатысуға міндетті. Алайда кешенді тест сұрақтары 11 жылдық мектептің оқу бағдарламасымен дайындалатынын, ал үш-төрт жыл көлемінде колледж түлегіне мамандығына қарай басымдықпен білім берілетінін ескерсек колледж түлектеріне кешенді тесттің қиындау тиетін түрі бар. Олар «Екі-үш ай қалғанда кешенді тестке қайта даярлануға уақыт та тапшы» деп өз наразылықтарын да білдіртіп үлгерді. Осы орайда білім сапасын көтеру мақсатында министрлік тарапынан жасалынған жүйені даттаушылар да, жақтаушылар да табылып отыр.


Гүлдана САПАРҒАЛИЕВА, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің басшысы, профессор:
иә
– Иә, менің ойымша, колледж тү­лектерін ЖОО-на түсу үшін кешенді тест тапсыруға міндеттеу дұрыс шешім болды. Қазір еліміздің Білім және Ғылым минис­трлігі білім беру сапасын арттыруды басты мақсат етіп отыр. Еліміздің жарқын бола­шағы да білімді ұрпақ қолында екенін ескерсек, біз әрқашан білім сапа­сын арт­тыруға талпынуымыз керек. Са­па­лы білім үшін ештеңеден тартынудың қажеті жоқ. Рас, қайбір жылдары елімізде жеке­меншік ЖОО-ның саны артып, кәсіби білім беретін колледждер де қаптап кетті. Нәтижесінде, білімнен гөрі ақша бірінші орынға шығып, ақылы оқу орнын бітірген кез келген адам маман атанып шыға келді. Шын мәнінде, ондай түлектердің қолына белгілі бір қызметті сеніп тапсыру да оңай емес болатын.
Ал бүгінде ондай оқу орындарының саны азайтылып, кім көрінгеннің студент атануына шектеу қойылып, сапалы білім беру талабы алдыңғы орынға шығып отыр. Шыны керек, студент атанудың оңайлан­ға­ны соншалық, оқушылар 9-сыныпты бітір­ген соң, ҰБТ-дан қашып, колледждерге кет­іп қалатын. Ал колледжді бітірген соң, уни­верситеттерге тестілеусіз қабылдана са­луы олардың оңай жолмен студент атануы­на жол ашты. Нәтижесінде олардың біл­ім сапасы төмендеді. Ал министрліктің бұл бастамасының білім сапасын артты­ра­рына сенемін. Осы орайда колледж түлек­те­рін кешенді тест тапсыруға міндеттеу де – білім сапасын арттыру үшін жасалып отыр­ған өзгеріс. Білімді ұрпақ тәрбиелеп шығу үшін оқушыларды, колледж түлекте­р­ін, студенттерді сынақтан қанша рет өткіз­сек те, артық емес. Мәселен, біз үшін бұл өзгеріс таңсық емес. Өйткені Темірбек Жүр­генов атындағы Қазақ ұлттық өнер ака­демиясы колледжін бітірген түлек­тер осы оқу орнының академиясына түсу үшін бұрыннан қайтадан тест байқауын тапсыратын, яғни оқу орнының ішкі та­ла­­бына сай бізде кешенді тест бұрыннан жүргізіліп келді. Бұл жерде колледж түлектерінің білімін қайта сынақтан өткізудің еш артықтығы жоқ. Бұрын біздің колледж түлектері Қазақ мем­лекеттік сәулет академиясы­ның студенті атанғысы келсе, әң­гімелесу арқылы қабылдана бе­ретін. Енді олар да кешенді тест тапсыруға міндеттеліп отыр. Негізі, бала­лар­дың білімінің сапасын әңгімелесу арқылы байқау аздық етеді.
Қазір колледж түлектері оңай жолмен студент ата­нып үйреніп қалған соң, жаңа жүйені жатырқап отыр. Дегенмен білімнің ал­май­тын қа­малы жоқ. Кешенді тестілеуге дейін бірнеше ай бар екенін ескерсек, олар дайындалып, өз білімдеріне сай бағасын алады деп ойлаймын. Нағыз білімді бала білімін сынаудан қорықпауы тиіс.  


Бақыт МАМЫРХАНОВА, Алматы бағалау және құрылыс колледжінің оқу ісі жөніндегі орынбасары:
жоқ
– Жоқ, колледж түлектерін кешен­ді тест тапсыруға міндеттеу дұрыс емес. Шынымызды айтсақ, бұл шешім бізді есеңгіретіп тастады. Колледж түлектері де кешенді тестке дайындық уақытының аз қалғанын естіп, нара­зылықтарын біл­діруде. Меніңше, бұл шешім асығыс қа­былданды. Министр­лік шешім қабыл­дамастан бұрын колледж басшыларымен, мамандар­мен, ата-аналармен кеңес­кенде дұрыс болар еді.
Мәселен, тиісті қаулының 6-тар­ма­ғында колледж түлектерінің ары қарай ЖОО-да білім жалғастыру жалғастыр­мауын оқу орны басшы­лығы шешеді дейді. Қарап отырсақ, министрліктің шешімі мен қаулысы бір-біріне қайшы.
Сосын олар кешенді тест тапсырады дейді. Ал кешенді тест мектептің оқу бағ­дарламасымен жасалған. Кол­ледж түлектерінің мектепті бітіргеніне үш жылдай болғанын ескерсек, олар мектептегі химия, математика, тарих секілді негізгі пәндерден қалай кешенді тест тапсырады?! Қазір колледжде үш курстың теориясын оқып біткен соң, министрліктің тестілеу орталығы арқылы тү­лек­тердің білім сапасының тәуелсіз көрсеткіші анықтала­ды және арнайы пәндерден квалификациялық емтихан тапсырады. Олар 60 бал­дан төмен жинаса, кол­ледж дипломын ала ал­май­ды. Осы сынақтар нә­­­ти­­же­сінде оларға сертификат бе­рі­леді. Бұрын осы сертификаттың не­гізін­де ЖОО-ға түсетін болса, енді қазір бұл сертификаттың қажеті болмай қалды. Сонда жоғарыдағы сынақтардың барлығы не үшін жүргізіледі?! Осы секілді түсініксіз жайттар көп. Қазір кейбір ЖОО-ның өз колледждері бар. Колледж бен университет немесе академия білімі өзара сабақтасып жатады. Ендеше, колледжден білім алған түлек сол оқу орнының университетін таң­д­аса, сол екі ортаға мектеп бағдарла­ма­сынан даярланған кешенді тестіні кіріс­тірудің қажеті қанша?!
Дәл қазір, шыны керек, оқу жылының аяғында біз не істерімізді білмей отырмыз. Колледж түлектеріне, ата-аналарға не деп түсіндірерімізді де білмейміз. Ең болмаса, оқушы колледжде алған білімінің негізінде тест тапсыратын болғанда да мұншалықты қиындық тудырмас еді. Колледж бітірген соң, мектептегі білімін қайта тексеретін болғанда, колледждегі білімді сонда не үшін алды?! Қазір мұның бәрі түсініксіз болып кетті. Сондықтан бұл өзгеріс асығыс енгізілді деп ойлаймын.

Бейтарап пікір
Мәдина АППАҚОВА,
Т.Рысқұлов атындағы экономикалық университеттің экономикалық колледжі директорының орынбасары:
– Колледж түлектері үшін мектепте тапсырған тестілерін колледж бітірген соң қайта тапсыру қиын тиюі мүмкін. Бұл өзгерістің аяқастынан биылдан бастап қолданысқа енуі де олар үшін күтпеген нәрсе болды. Сондықтан біршама уақыт бұрын алдын ала хабардар еткенде, колледж түлектері де кешенді тестіге дайындалып үлгерер еді. Жалпы, жастардың білімін қайта-қайта тексерген дұрыс. Бірақ алған білімдерінің ерекшеліктерін ескере отырып тексерсе, тіпті дұрыс болар еді. Мәселен, колледж түлектеріне алған білімдеріне сай арнайы тест дайындалса, олар наразылық тудырмас еді. Колледж түлектері үшін мектеп бағдарламасымен даярланған кешенді тестіден гөрі, колледжде алған білімдеріне сай тест қажет. Сонда бұл өзгеріске ешкім тосырқай қарамайды.  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста