Коммуналдық қызмет көрсету тарифтерінің өсуі негізді ме?

Коммуналдық қызмет көрсету тарифтерінің өсуі негізді ме?

1 қыркүйектен бастап елімізде жылу мен ыстық судың бағасы қымбаттайды. Мысалы, Алматы қаласы бойынша ортақ есептеу құралынан шығып, жекесін орнатқандар судың бір текше метріне осыған дейін 244 теңге 87 тиын төлесе, енді ол 350 теңге 30 тиын болмақшы. Ал көпқабатты үйлердің тұрғындары ыстық су үшін айына әр адамға 1238 теңге 23 тиын төлейді (қазір – 865,97 теңге). Қалай дегенмен де, жадыраған жаз кетіп, алтын күз, одан кейін қылышын сүйреп қыс келгенде қымбатшылық қамыты мойнымызға оралатындығына бойымыз үйреніп те кеткен секілді. Шынтуайтында, елімізде коммуналдық қызмет көрсету тарифтерінің ұдайы өсуі негізді ме?


Тоқтамыс Меңдебаев, техника ғылымының докторы, профессор:
иә
– Коммуналдық қызмет көр­сету саласындағы тарифтердің өсуі – негізді. Себебі еліміздегі ком­му­нал­дық шаруашылық нысандары 75 пайызға дейін ескірген. Оларды жаңалаудың мерзімі де әлдеқашан өтіп кеткен. Сондықтан жылу жүйесі, энергетика секторының әб­ден тозығы жеткен құрал-жаб­дық­тарын жаңалау күттірмейтін мәселеге айналып отыр. Жаңа технологияларды тартып, жаңа құрылғыларды орнатқанда ғана бұл саладағы шығынды едәуір азайтып, тариф өсіміне тосқауыл қоюға болады. Мемлекет қазір осы мәселеге аса көңіл бөліп, бір­қа­тар шаралар қабылдап, мо­дер­ни­зациялау жұмыстарына инвес­тиция тартып жатыр. 
Мұның бәрі айналып келгенде, тариф­тердің өң бойынан сипат алуда. Бұл – заңды да. Осы жағынан алғанда, ком­му­нал­дық қызмет көрсету тарифтерінің өсуін негізді деуге болады.
Білуімше, коммуналдық шаруашылық саласы мамандары сараптама жасап, әр жылға жаңалау жұмыстары жүргізілетін ны­сандарды белгілеп, жоспарын түз­генге ұқсайды. Әрине, осы істің қайыры болса, халық үшін де, мемлекет үшін де игі болар еді.
Бұл арада бастысы жария­лы­лық­ты күшейту керек деп есептеймін. Халық қалтасынан тариф арқылы алынған инвестицияның өз қа­жет­­тілігіне жұмсалып жатқанын ел біліп отыруы қажет. Сонда бұл арада қандай да бір түсін­бес­тік болмайды. Ал «Ауызсу» секілді мемлекеттік бағдар­ла­маларда орын алған ке­лең­сіз жайттар бой көтер­се, бұл халықтың қы­ты­ғына тию болады.
Сол секілді билік та­риф­ті өсір­генмен, әлеуметтік әлсіз топ­тар­дың да жағдайын ескеруі қажет. Мысалы, биыл Астана қа­ласы тұрғын­дарының ком­муналдық қызметке қарызы 22 млрд теңгені құрапты. Оның басты себептерін анықтап, мемлекет өзіндік бір түйін жасап, қандай да бір шара қабылдаса деймін. Яғни тұрмысы нашар отбасылар үшін жеңіл­детілген тарифтерді енгізу деген секілді шараларды.


Тоқтар Есіркепов, экономика ғылымының докторы, профессор:
жоқ
– Коммуналдық қызмет көрсету объек­тілері табиғи монополияға жа­та­ды. Сондықтан ол арада бәсе­ке­лес­тік жоқ.Тарифтерінің де бірден-бір қасиеті – ұдайы өсімде болуы.
Мәселен, жекешелендіру кезінде ком­муналдық қызмет көрсету объек­тілерінің басым бөлігі су тегін жекеменшіктің қолына өтті. Есесіне, олар келісімшарт бойынша белгілі бір мерзім ішінде бұл объектіні жа­ңа­лау үшін бәленбай көлемде ин­вес­тиция саламын деп міндеттеме алды. Одан бері 20 жылға жуық уақыт өтті. Шетелдік ком­па­ния­лар­дың көбісі осы инвестициялық мін­дет­темесін орындамады. Кезінде Ал­маты жылу жүйесі нысанын 5 млн долларға бельгиялық компания сатып алды. 
Қосымша бұл компания модер­ни­зация жұмыстары бойынша мойнына жауапкершілік алған. Бірақ онысын орындамады. Ақырында әлгі ком­па­нияны елден қуып тынған едік. Елі­міздің шығысы мен солтүстігі бойын­ша энергетика саласында қызмет көрсететін AES америкалық ком­панияcының да лаңы жетер­лік. Ол туралы да түрлі деңгейде сын айтылған. Ал былтыр  Индус­трия және жаңа техно­ло­гиялар министрлігі ин­вес­ти­ция­лық міндеттемесі бойын­ша жауап­сыздығы үшін бұл компаниямен келісім­шарт­қа отыруда күмән білдірген еді. Кезінде Табиғи мо­но­по­лияға қарсы күрес агенттігі осы ком­па­ния­лар­дың уақытында міндеттемесін орын­дамағаны үшін аталған сала­дағы субъектілердің жауапкершілігін қадағалауды күшейтуді де ұсынған болатын. Әзірге мұның бәрінен нәтиже болмай тұр. Келісімшарттағы мін­дет­те­ме­лер­дің орындалуын қадағалайтын Мем­лекеттік мүлік комитетінде бір департамент болған. Оның атқарған жұмысы жайлы ақпарат болмады.
Ал биыл еліміздің электр энергиясы және табиғи монополия субъектілерін ин­вес­тициялық қызметі, реттелетін нарықтар мәселесі бойынша бірқатар заң актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілген-тұғын. Ол бойынша ескірген нысандарды жаңалауға тартылған инвестиция өтемі халық есебінен алынады. Яғни белгілі бір компанияның модернизациялауға салған инвестициясына сәйкес тариф қарас­ты­ры­лып, қайтадан белгіленеді. Ал егер ал­дың­ғыдай бұл сектордағы компаниялар инвестиция саламын деген уәдесін орын­да­маса ше?.. Қалай дегенмен де, бұл жұ­мыс жария жүргізілуі керек, бақылау мен қадағалау істеріне мемлекеттік емес ұйым­дар тартылуы қажет. Сонда жоғарыдағы қателікке қайтадан бой ұрмас едік. Бұл – біріншіден. Екіншіден, ел халқының әлеу­меттік жағдайы әрқилы. Эконо­ми­калық өсімі төмен өңірлер де бар. Міне, соларға дотация берілуі тиіс. Үшіншіден, ком­муналдық қызмет көрсету нарығындағы компания жұмыстарын жария жүргізіп үйренгенге дейін инвестиция өтемін ха­лық­тан алатындай емес, басқа бір жо­лын қарастырса... Мысалы, қазір эконо­ми­ка­мыз­дың мүмкіндігі күшейіп келе жатқан­дық­тан, бұл саланы мемлекет өз меншігіне алса жақсы болар еді.

Бейтарап пікір
Алғатбек Қыдырбекұлы, экономика ғылымының докторы:
– Коммуналдық қызмет көрсету шаруашылығы – материалдық өндіріс. Сондықтан бұл арада сол материалдық өндіріс шығынын қызмет көрсету бағасы ақтап алуы керек. Алайда бұл арада шығын жыл сайын артпаса, азайған емес. Мәселен, жылу жүйесінде пайдаланылатын көмір мен газдың құны да жылда қымбаттайды. Сәйкесінше, коммуналдық қызмет көрсету бағасы да өсуі керек. Егер тариф қымбаттамасын десек, жылу жүйесі, энергетика саласындағы құрал-жабдықтарды түгелінен жаңалау қажет. Оған да қаражат керек болады. Әрине, айналып келгенде, мұның бәрі тарифтің өсімі арқылы көрініс береді. Алайда біздегілер тарифті ойша қоя салады. Сондықтан бұл арада тарифті белгілейтін тәуелсіз мамандарды тарту, тариф белгілеудің әдістемесі қарастырылса, дұрыс болар ма еді...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста