Концерттерде фонограммамен ән айтуға тыйым салу керек пе?

Концерттерде фонограммамен ән айтуға тыйым салу керек пе?

Заманауи технологиялардың жан-жақты өрістеп, музыкалық рыноктың дамуы нәтижесінде фонограмма бүгінгі шоу-бизнестің ажырамас бөлігіне айналды. Сөйтіп, көптеген әншілер дауысы, орындаушылық шеберлігі бойынша емес, фонограмманың жазылу технологиясы мен ондағы әртүрлі арнайы эффектілер бойынша бәсекелесуді әдетке айналдырды. Бұл, әрине, табиғи талант жағдайының төмендеп, өз кәсібіне, жалпы, өнерге деген ықыласының   азаюына әкеліп соқтыруы ықтимал.
Ал бүгінгі жағдайда фонограмманы шектеу қаншалықты мүмкін? Жалпы, концерттерде фонограммамен ән айтуға тыйым салу керек пе?


Жеңіс СЕЙДОЛЛАҰЛЫ, әнші-композитор:
Иә

– Әрине, фонограммаға тыйым салу керек. Бірақ ол концерт қай жерде өтіп жатыр, соны ескеру қажет. Мысалы, үлкен залдарда өтіп, ол жердің дыбыс шығаратын колонкаларының барлығы сапалы болса, еш қиындық жоқ. Бір анық нәрсе, фо­но­грам­маға тыйым салынса, әншілердің ха­лықтың алдындағы жауапкершілігі мық­тылау болады. Әнді күн сайын бір қалыпта, бір деңгейде айту мүмкін емес. Өйткені әнші де – адам, оның сезімі, көңіл күйі сәт сайын өзгеріп тұруы заңды. Соған байланысты бір әннің өзі әр кезде әртүрлі айтылуы мүмкін. Ал біз фонограммамен бір рет жазып аламыз да, бес жыл, тіпті он жыл бойы соны айналдырып бере береміз. Негізі, фонограммамен айтылған күннің өзін­де де, бір жылдың ішінде ән бес-алты рет жазылуы тиіс.
Жалпы, фонограмма мәселесі тек ән­шіге ғана байланысты емес, дыбыстың са­пасы, концерт залының дұрыс жа­рақ­тан­ды­рылуы, бәрі – өзара сабақтас нәрсе. Шетелдік ән­ші­лер фонограммадан әл­де­қа­шан бас тартқан. Бірақ біз бір нәрсені білуіміз керек: музыкант дайындап шығару – оларда үлкен өндіріс, ал бізде бұл – кіш­кентай ғана цех. Біз қашан ин­дустрия бо­ламыз дегенше, біраз уақыт кетеді. Оның бәрі мүдделілікке байланысты. Мысалы, біз­де импорт бар да, экспорт жоқ. Үлкен концертке болсын, тойға болсын, шетелдің, Ресейдің, тіпті өзбектің әртістерін де сатып аламыз. Министрліктердің өзі дел­дал­дар ар­қылы соларды аттай қалап ал­дыр­тады. Ал жоғары деңгейлі, жан-жақты сауат­ты му­зыкантты өзіміз дайындап шығаруға құлықсызбыз. Қарап тұрсаңыз, «Болашақ» бағдарламасымен оқуға шетелге бірде-бір эстрадалық маманды жіберген емеспіз. Бізде түрлі конкурстарға қатысып Гран-при алып, сол күйі жоқ болып кетіп жатқан қан­ша­ма әртістер бар! Ары қарай олармен еш­кім айналыспайды. Сондай-ақ «Бо­ла­шақ­пен» шетелде білімін жетілдіріп кел­ген­дер арасында бірде-бір дыбыс режис­сері, бірде-бір телережиссер жоқ. Азиада тәрізді халық­ара­лық деңгейдегі үлкен бір шара өтетін бол­са, дыбыс режиссерін де, теле­режиссерді де дереу шетелден алды­ра­мыз. Сол ма біздің жетістігіміз?! Осындай жағдайда фонограмма туралы не айтуға болады?
Шындығында, кімнің кім екені, әнді ай­та алатын-айта алмайтыны, талғамы фо­но­грам­­маға тыйым салынған кезде ғана білі­неді. Біздегі әншілердің 70-80 пайызы бел­гілі бір музыкалық аспапта ой­нау түгіл, оған қай жағынан келетінін біл­мейді. Ал белгілі бір аспапта ойнай білмеу, өзін-өзі сүйе­мел­дей алмау деген – му­зы­кант үшін өте ұят нәр­се. Өкінішке қа­рай, бұл жағдай көптеген әріп­тестерімізді ой­лан­дырмайды да. Бәрін ком­пьютермен жазып алады да, сахнаға шыға береді. Фонограммаға шектеу қойыл­са, әншінің өз-өзімен жұмыс істеуі, тың­дар­ман ал­дын­дағы жауапкершілігі артар еді.

Жеңіс ЫСҚАҚОВА, әнші:
Жоқ

– Егер аппаратура жақсы болса, фоно­граммасыз айтуға болар еді. Бірақ біздің дыбыстық режиссурамыз ондай деңгейге әлі жеткен жоқ. Байқап жүрген шығарсыз, «Екі жұлдызға» да шықтық, тіпті өз-өзімізді тыңдағымыз келмейді. «Жетінші арнада» «Жұлдыздар фабрикасы» болып жатыр. Ол жерде де әп-әдемі дауысты эфирге дұрыс бере алмайды. Күні кеше ғана «Еуразия жұл­дыздарын» тыңдадық. Сондағы Аллаберген, Ардақ деген балалардың жанды дауыс­пен керемет айта алатынын мен білемін. Бірақ дыбыс режиссерлері эфирден солардың дауыстарының не бояуын, не тембрін көрсете алмады. Сөйте тұра, бізге «жанды дауыспен айтыңдар» деген та­лап қояды. Егер аппаратураларын сы­қитып қойса, телевизия соған сай болса ай­тар едік.
Бірақ олай емес қой. Демек, үлкен кон­церт­терде фонограммамен айту керек. Өйткені аппаратура дұрыс болмаса, жанды дауыспен айтқаныңнан еш пайда жоқ. Фо­но­грамманың бір жақсы жері – арнайы ма­мандар бүкіл дыбысты реттеліп, байы­татын жерін байытып, өңдейтін тұсын өң­деп, сту­диядан керемет қып дайындап бе­ре­ді.
Негізі, әншілер жанды дауыспен айтуға қарсы емес. Қалай болғанда да, өздерінің Құдай берген дауыстары ғой. Өзім тіпті фо­но­граммамен айтуға қорқамын, өйткені кенеттен тоқтап қалатын сияқты болып тұ­ра­ды. Мейлі, мен тіпті сөзін ұмытып қа­лайын, бі­рақ бәрібір жанды дауыспен ай­тып тұр­ға­ны­ма рахаттанамын. Әр ән орын­далған сайын дами береді. Бірде үлкен кісілермен бол­ған кездесуде өз даусыммен, жай ғана бір ән айттым. Сонда бір сенатор ағамыз: «Же­ңіс, сенің даусыңды фоно­грам­ма мен мик­­рофон құртып жүр екен ғой», – деп таң­ғал­ды. Ол рас. Былайша айт­­қанда, фо­но­грам­­мамен айту әншілердің өзіне де қо­лай­сыз. Өкінішке қарай, дыбыс режис­сер­лері, ап­паратура бізге 100 пайыз жұмыс іс­тей ал­май­ды. Сол үшін үлкен кон­церт­тер мен те­ле­­ви­зиялық түсірі­лім­дерде біз фонограм­ма­мен айтуға мәж­бүр­міз. Оркестрмен де айтып жүр­міз, бірақ бәрібір эфирге дұрыс шық­пайды. Себебі бізде тех­ника әлі жетілмеген. Сол себепті де дәл қазіргі жағдайда әнді фо­но­грам­мамен ай­туға тыйым салу, әншілерді «жан­ды дауыс­пен айт» деп қинау дұрыс емес.

Бейтарап пікір
Шаттық АЙТЖАНБАЙ,
мұғалім:
– Фонограммаға біржола тыйым салу дәл қазір мүмкін емес те шығар. Бірақ солай болған күнде де, қай концерттің қалай өте­тіні жұрт­шылыққа алдын ала хабарлануы керек деп ойл­ай­мын. Мы­салы, фонограмма пайдаланылатын концерттің билет бағасы да арзан болуы тиіс. Естуімізше, шетелде ежелден солай. Тіпті қазір төрт­кіл дүние түгелдей фонограммадан бас тар­тып жатыр. Дайын жазбаны тыңдау үшін концертке бару деген – оларда күл­кілі нәрсе. Себебі ондай таспаны үйде жатып-ақ тыңдауға болады емес пе?
Рас, батыстың технологиялық мүмкіндіктерінің деңгейіне же­ту үшін бізге айтарлықтай уақыт керек. Жанды дауыспен өтетін кон­церт­терді теледидарға сапалы түсіруге мүмкіндік бола бер­мей­ді. Ән­шілеріміз фонограмманы тек сондай кездерде ғана пай­даланса бір сәрі ғой. Бірақ олар қажетті-қажетсіз, орынды-орын­сыз деп қара­майды, кез келген жерде фонограммамен айта­ды. Онсыз тіпті күн көре алмайтын болды. Бұл – әрине, көз­бояу­шылық, халықты кө­пе-көрнеу алдау. Бұлай жалғаса берсе, сту­дияда жазылған әнге әб­ден бойы үйреніп алған тыңдарман бара-бара жанды дауысты қа­былдамауға көшеді. Шоу-бизнеске әбден кірігіп, ән өнерінің ажы­рамас бөлігі тәрізденіп кеткен фо­но­грамма өнерді ойыншыққа ай­налдырып барады. Сондықтан бір­ден болмаса да, әнді фо­но­грам­мамен айтуды біртіндеп шектеу өте қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста