Көрші мемлекеттер тәрізді метадоннан біз де бас тартуымыз керек пе?

Көрші мемлекеттер тәрізді метадоннан біз де бас тартуымыз керек пе?

Елімізде нашақорларды емдеуде есiрткiнi алмастырушы метадон препараты жаппай қолданылады. Есiрткiнi алмастырушы дәрiге қол жеткiзу үшiн нашақорларға наркодиспансерде тiркелу жеткiлiктi. Дәрiгерлер тәуелдiлiктiң деңгейiн анықтап, науқасқа қажеттi доза мен қабылдау жиiлiгiн белгiлейдi. Осыдан кейiн нашақор белгiленген мерзiмде наркодиспансерге келiп, мамандардың бақылауында метадон қабылдайды. Препараттың әсерi басылған соң, жөнiне кете бередi. Яғни есiрткiнi қылмыстық топтардан жасырын түрде сатып алып, қыруар қаржысын жұмсайтындар ендi оны алмастыратын дәрiнi ешкiмнен жасырынбай-ақ тегiн ала алады. Пайдасы мен зияны қатар айтылып жүрген метадонды Ресей, Өзбекстан секілді көрші мемлекеттер қолданудан бас тартты. Ал біздің елімізде әлі қолданыста. Осы орайда көрші мемлекеттер секілді метадоннан бізге де бас тарту керек пе деген сауалды мамандар назарына ұсынып көрген едік...

Белгібай ШАХМЕТОВ, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің психиатрия, психотерапия және наркология кафедрасының профессоры
Иә

– Иә, көрші мемлекеттер секілді біз де метадоннан бас тартуымыз керек. Олар метадоннан бекерден-бекер бас тартқан жоқ. Оның пайдасынан гөрі зияны басым түсіп жатқанын көрген соң, оны емдеу әдісінен алып тастады. Жалпы, нашақорларды ем­деу­дегі қойылатын басты талап психоактивті заттарды қолданудан мүлдем бас тарту болып табылады. Ал метадонды қол­дану арқылы біз бұл талапты бұзып отырмыз. Яғни бір наркотикалық заттан бас тартқаны­мызбен, екінші бір наркотикалық затқа тәуел­ді болып отырмыз.
Метадон – құрамында наша тектес элементі бар препарат. Оның әсерi есiрткiнiң ең күштi түрi саналатын героин мен апиыннан еш кем емес. Егер артық доза қабылдаса, оның соңы өлiмге әкелуi мүмкiн.
Осы орайда метадонды емдік әдіс де­геннен гөрі нашақорға уақытша көмек көр­сетеді деуге болады. Сонда емдік әдісі жоқ, тек нашақорға көмек көрсететін дә­ріні на­ша­қорларға тегін тарату кімге керек болып отыр? Ашып айтсақ, метадонды қол­дану арқылы біреулердің жекелеген биз­не­сіне ақша құйып отырмыз. Мемлекет на­ша­қорға метадонды беруді тоқтатқан кезде ең ал­ды­мен қиналатын нашақор бола­ды. Өйт­кені ме­тадон қолданған на­шақор есірткіге деген тәуелділіктен ажырай алмайды. Яғни бұл технология наша­қор­ларды емдеуден гөрi бақылауда ұстап оты­руға бағытталған. Тіпті метадоннан на­ша­қор­ды айықтыру есірткіден емдеуден де қиын. Метадонды қолдану ар­қылы на­ша­қорды ғана емес, бүкіл қоғамды ал­дап отырмыз. Осы үшін одан бас тар­туы­мыз керек. Наша­қор­ға көмегі жоқ дәріні са­тып алу арқылы тек қана біреулердің жеке биз­несін гүлдендіріп отырмыз. Шынына кел­­сек, оның құны есiрт­кiден де қым­ба­ты­рақ. Бүкiл елдегi инемен наша қабыл­дай­тын­дарды мета­дон­мен үздiк­сiз қам­тамасыз етiп тұру үшiн қыруар қаржы ке­рек. Есiрткiге елiткендердi жарыл­қауға осын­­ша қаржы жұмсаудың қажетi қанша? На­шақорларды толықтай айық­ты­ратын дәрі бол­са, сөз басқа еді. Негізі, на­ша­қорды ем­дейтін, айықтыруға ба­ғыт­тал­ған басқа да дәрі­лер жеткілікті. Неге солар­ды қол­дан­басқа?! Оның ағзада тәуел­дi­лiк туды­р­май­тыны ғылыми тұрғыда дәлел­ден­беген. Әрi есiрт­кi тектес препаратты на­ша­қорға өз қо­лы­мызбен беру арқылы оның осы зиян­ды әдетiн қолдағандай қалып таны­та­мыз. Науқас мұны солай қабылдауы әбден мүм­кiн. Сондықтан оның бойында тәуел­дi­лiктен арылуға деген құл­шыныс сө­нiп қала­ды. Өз кезегiнде бұл жағ­дай на­ша­қордың тезiрек жа­зылуына керi ықпал етері де сөзсіз. Ре­сей метадонды қол­данудан бас тартып қа­на қоймай, оны ем ретін­де ен­­гізуге ық­пал ет­кен бас наркологті қыз­­метінен бо­сатты. Ақы­ры, мемлекеттен ар­найы ақша бөлініп отырғаннан кейін нашақорды айық­тыратын, пайдалы басқа дәрі сатып алу керек.

Сәуле ДИҚАНБАЕВА, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының директоры
Жоқ

– Көрші мемлекеттер секілді метадоннан түбейгейлі бас тартуды қолдамай­мын. Рас, оны барлық нашақорларға жаппай қолданудың қажеті жоқ, тек инеге тәу­елділерге қолдануға болады. Өйткені аталмыш технологияны қолданудың тиiмдi тұс­тары да бар.
Мәселен, метадонды қолданған наша­қор дәрiгерлердiң бақылауында болады. Яғни артық доза қабылдаудың алдын алуға мүмкiндiк бар. Көптеген нашақорлардың артық доза қабылдап қою арқылы о дүние­ге аттанып жататынын ескерсек, метадон әдісі қолайлы деуге болады. Екiншiден, нашақорлар есiрткiнi топ болып қабылдайды да, көбiне бiр иненi қолданады. Ал бұл ВИЧ сияқты қауiптi вирустардың таралуына жол ашады.
 Оған дәлел – елiмiздегi ВИЧ жұқ­тыр­ған­дардың 50 пайыздан астамы – ине­мен есiрткi қабылдаушылар. Демек, аталмыш технологияны қолдану арқылы ВИЧ инфекциясының таралуын да тежеуге болады екен. Мамандар метадонның пай­дасы жөнінде келтіріп жүрген тағы бір де­рек бар. Статистикалық мәлiметтерге сүйен­сек, 2009 жылы орын алған аса ауыр қыл­мыстардың шамамен 35-40 пайызы есiрткiге елiткендердің үлесінде екен. Егер нашақор есiрткiнiң орнына метадонды қол­данса және бұл процесс мамандардың бақылауымен жүзеге асса, жан түршiктiрер қыл­мыстардың азаюына септігі тиюі мүм­кін. Осы орайда метадоннан толық бас тарт­пай, оны нашақорлардың белгілі бір бө­лі­гіне қолданып отыруға болады дер едім.
Рас, метадонды бізден бұрын ем ре­тін­де қолданып жүрген мемлекеттер ме­та­дон­ның емдік әдісінің төмен екенін айтуда. Де­мек, жаппай қолдану тиімсіз. Бәлкім, осылайша біртіндеп бас тарту арқылы біз ме­тадон қолданудан мүлдем айығып қа­луы­мыз да мүмкін. Ал әзірге на­ша­қор­лар­дың белгілі бір бөлігіне метадонға деген қа­жеттілік бар.

Бейтарап пікір
Гүлнар АЛТЫНБЕКОВА,
«Нашақорлықтан арылу» қоғамдық қорының дирек­то­ры:
– Метадон, негізі, мүлдем айықпайтын, айық­қы­сы келмейтін наша­қор­лар­ға қолданылуы ке­рек. Өйткені метадонның емдеуден гөрі көмек ету әсері ба­сым. Оларға метадон беру арқылы есірт­кі іздеп, есірткі биз­несіне үлес қосуына кері ық­пал ете аламыз. Мен метадон қолданылып жат­­қан көптеген нашақорлармен сөйлескенімде, «қа­зір азаннан кешке дейін героинды қайдан алу туралы ойдан арылдық, керісінше, жұмысқа тұр­ғы­мыз келеді» деп жауап берді. Осы орайда маған «бәлкім, олардың героин туралы ой­лағаннан гөрі жұ­мыс жайлы ойлағаны дұрыс шығар, өмір­ге құш­тарлықтары оя­нар» деген ой келеді. Дегенмен бізге ме­тадоннан басқа тиімді әдіс керек деп ойлай­мын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста