Лаңкестік оқиғаларға байланысты күштік құрылымдардың құзыретін кеңейту керек пе?

Лаңкестік оқиғаларға байланысты күштік құрылымдардың құзыретін кеңейту керек пе?

Кейінгі кезде елімізде болып жатқан түрлі келеңсіз оқиғалардың салдарына қарап, себебін әркім әртүрлі түсіндіріп жатыр. Қоғамның тыныштығын алған лаңкестік оқиғалардан қайтыс болған азаматтардың да саны біршама. Осыдан кейін қоғам талқысына «Мұндай келеңсіздіктерден қалайша сақтануға болады?», «Қауіптің бетін адам шығынынсыз қалай қайтару керек?» деген сауалдар шығуда. Осы ретте біз де «Лаңкестік оқиғаларға байланысты күштік құрылымдардың құзыретін кеңейтіп, тағы да бірқатар артықшылықтар берілсе қалай болар еді?» деген сауалға жауап іздеген едік.

Дәурен Бабамұратов, «Болашақ» республикалық қозғалысының төрағасы:
Иә

– Қоғамда күштік құрылым қызмет­керлеріне деген теріс көзқарас қалыптасса да, қарапайым азаматтардың қауіпсіздігін сақтауда олардың рөлі ерекше екенін естен шығармауымыз керек. Қанша сақтан­ға­нымызбен, көршілес елдердегі келеңсіз оқи­ғалар бізге де келіп жетті. Күні кеше жеті адамның өмірін қиған Тараз қаласын­дағы қанды оқиғадан кейін нақты зерттеу жұ­мыстарын жүргізу керек сияқты. Осы зерт­теулердің нәтижесіне қарап, қай жерден кемшілік кеткенін анықтау шарт. Міне, осы­дан кейін барып қана күштік құрылым­дар­дың құзыретін кеңейту мәселесін қа­рау­ға болады. Мүмкін, қазіргі құзыретін ке­ңей­те отырып, қоғамға пайдасы аз құзы­реттерін шектеу керек шығар. 
Десе де, қоғамға, мемлекетке қауіпті мұндай сәттерде құзырлы орган қыз­меткерлерін барынша қолдау қажет деп есептеймін. Техникалық, ақпараттық мүмкіндіктерін арттыра отырып, оларға моральдық та қолдау қажет. Ерлік көрсетіп, ел қауіпсіздігі жолында қаза тапқан полицейлердің артында отбасылары қа­лып жатыр. Оларды о дүниелік болғаннан кейін ғана қадірлеудің қажеті шамалы. Әрбір күштік құрылым қызметкерін ын­таландырып, көрсеткен ерліктері үшін марапаттаулар қажет шығар.
Және, ең бастысы, күштік құрылым қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін арттыруға күш жұмсау қажет сияқты. Голливудтың киноларынан көріп жатамыз, арнайы қызмет органдарының қызметкерлері қандай дайындықтан өтетіндігін. Кәсіби жағынан білікті шетелдік күштік құрылымдармен байланыстар орнатып, тәжірибе алмасу жағын да заңдық-құқықтық жағынан шешіп беру қажет. Егер де осы мәселелер алдын ала ескерілгенде, қандай қауіпті жағдай болсын азаматтардың өмірін аман сақтап қалуға мүмкіндік болар ма еді?! Тараздағы оқиғадан кейін тек Жамбыл облысында ғана емес, бүкіл республика бойынша тәртіп күшейтілді деп жатыр. Тәртіп күшейтілгенмен, тиісті құзырет не болмаса біліктілік жетпей тұрса, бұрынғы кемші­ліктер қайталанбасына кім кепілдік береді? Сондықтан кеткен кемшіліктерден нақты нәтиже шығарылуы керек.

Көбейхан Нұрахмет, Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы:
Жоқ

– Қазір қазақстандық күштік құрылым­дардың құзыреті кең деп айтуға болады. Соңғы техникалық жабдықтары­мыз, ақпараттық мүмкіндіктеріміз бұрын-соңды болып көрмеген. Еліміздің тұрақтылығы үшін кірпік қақпай қызмет ететін кәсіби ма­ман­дарымыз да жеткілікті. Өздеріңіз бай­қа­саңыздар, біз географиялық жағы­нан ислам әлеміне барынша жақын орна­лассақ та, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжік­стан сияқты көршілес елдердегідей қан­төгіс оқиғалары болмаған. Кейінгі уақытта елі­міздің батыс облыстарында болған жағ­дай жақында Жамбыл облысының орта­лығы Тараз қаласында да қайталанды. Біздің елдегі тиісті күштік құрылымдардың құзыреті жеткілікті деңгейде.
Сол құзыреттерін пайдалана отырып, Тараздағы оқиға кезінде күштік құрылым­дардың қызметкерлері басынан бақайша­ғына дейін қаруланып, көше кезген қыл­мыс­кердің ойына келгенін істеуге мүмкіндік бермеді. Қылмыскердің қолынан қаза тап­қандардың ішінде қару-жарақ дүкеніндегі күзетші мен кездейсоқ дүкенге келген екі адам­нан басқасының бәрі – күштік құры­лым­­ның қызметкерлері. Егер сол күштік құры­лымның қызметкерлері көзсіз ерлікке бар­мағанда, жағдай бұдан да ауыр болар ма еді. Себебі оқиға күндіз, адамдардың көп­ші­лігі көшеде жүретін демалыс күні бол­ға­нын естен шығармауымыз керек. Жол поли­циясы қызметкерінің ерлігін ерекше атап өту керек.
Сондықтан күштік құрылымдардың құзыретін кеңейткеннен гөрі қоғамның ықыласы болса деймін. Біздің халық күштік құрылымдарды күш қолданушы деп түсі­неді. Ал кешегі оқиға полицейлердің, Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті қызметкерле­рінің ғана халықты қорғайтынын көрсетіп берді. Бізге қызметке халықты қорғауға жі­гері жететін жүректі жігіттер өз ерікте­рі­мен келеді. Және олар өздерінің ерліктерін паш етіп жатыр. Әйтсе де қоғам тарапынан күш­тік құрылымдарға деген дұрыс көзқа­рас қалыптаспай келеді. Көршілес Ресейде, Қытайда, басқа да мемлекеттерде пол­и­цей­лердің, арнайы орган қызметкерлерінің мерейін тасытатын үлкен жұмыстар атқа­ры­лып жатады. Түрлі метражды фильмдер, ақ­парат құралдары арқылы күштік құры­лымдардың имиджін көтеріп жатады. Кей­біреулер «қылмыскерлермен күрес кезінде ескер­тусіз-ақ атып тастауға құзырет беру ке­рек» дегенді айтып жатады. Бұл дұрыс емес. Қауіп төндіріп тұрған адам болса да, оған қарсы бірден оқ атуға болмайды. Ескерту міндетті түрде керек. Себебі біз анархиялы ел емеспіз ғой. Біздің ел – Конституциясы бар, басқа да тиісті заңдары мен құжаттары бар, адам құқығын жоғары қоятын демократиялы мемлекет. Сондық­тан мұндай шексіз құзырет берілмейді. Біздің полицейлерде, басқасында да бар­лығы жеткілікті. Кемшіліксіз іс болмайды дейді ғой. Алдағы уақытта біздің күштік құ­рылымдар Қазақстан халқының аман­ды­ғы үшін қызмет жасай беретін болады. Тек қоғамда дұрыс көзқарас болса жеткі­лікті.

Бейтарап пікір
Мұрат Әбенов,
Мәжіліс депутаты:
– Мен заң шығарушы орган өкілі болғандықтан, күштік құрылымдардың құзыретін кеңейту керек деп нақты айта алмаймын. Дегенмен кейінгі оқиғаларды тереңірек зерттеп, қай жерден қандай қателіктер кеткенін анықтағаннан кейін, күштік құрылымдардың құзыретіне өзгерістер енгізу керек шығар. Құзыретін кеңейтіп, полицейлердің қолына бәрін бере салуға да болмайды. Себебі оны өз лауазымын жеке басының ісіне теріс мақсатта пайдаланып кететіндер де табылады. Мүмкін, техникалық мүмкіншіліктерін арттыру керек шығар. Құзыретін кеңейткенмен, бұрын берілген, бірақ пайдаланылмаған, қоғамға пайдасы болмаған құзыреттерін шектеу керек. Міне, осылай реттеп отыру қажет деп есептеймін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста