Мал азығының бағасын тұрақтандыруға мемлекеттік бақылау қажет пе?

Мал азығының бағасын тұрақтандыруға мемлекеттік бақылау қажет пе?

Біз осы уақытқа дейін елде жемшөп бағасы ерекше қымбаттап кеткенін, бұған мемлекет тарапынан қандай да бір бақылау керектігін бірнеше мәрте жаздық. Арнайы мамандар бұл ретте «мал азығын даярлауға байланысты қадағалау, бақылау орталықтарын құру қажеттігін» айтып, өз тарапынан ұсыныстарын да білдірді. Тіпті бұл орайда «елде мал азығын дайындайтын цехтар ашу тиімді» дескен сарапшылар да болды. Осы бір ұсыныстарды сүзгіден өткізе келе, біз бүгін мамандарға «мал азығының бағасын тұрақтандыруға мемлекеттік бақылау қажет пе?» деген сауалды қойып көрдік...


Аман ШОТАЕВ, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор:
иә
– Бұл ұсынысты қолдау керек. Жал­пы, мал шаруашылығы жоғары дең­гей­де да­му үшін кез келген елдің селекция, азық­тан­дыру және технологиялық қабілеті мығым болуы керек. Осы үш түйін бір-бірімен біте қайна­сып жатқан кезде ғана бұл сала үнемі өз биігінде тұрады. Өкінішке қа­рай, біздің елімізде атал­мыш шаруа­шы­лықты дамыта­тын жаңағы үш түйін мүлде сын көтермейді. Бізде малдағы селекция жұ­мыстары, азық­тандыру ісі тіптен сын көтермейді. Қазірде дү­ние­жүзінің дамушы және дамыған ел­дері мал шаруашылығы са­ла­сында небір қуатты технология­лар­дың көмегімен әр­қилы жаңашылдық­тар­ға қол жеткізуде. Қазақтың мал ша­руа­­­шы­лығын тек қазақ қана оңалта­ды, басқа еш­кім емес. Ең қы­зығы, бізде жа­ңа­шыл­дық­қа ұмтылу бар. Де­сек те, оны әрі қарай же­тілдіруге кел­ген­де са­мар­қау­мыз.
Мәселен, жуырда елдегі ет экс­пор­тының әле­уетін арттыру туралы «Сыбаға» бағ­­дар­ламасы қабылданды. Осы бағ­дарлама бойынша діттеген мақсатқа жету үшін біз нақ бүгіннен бастап елде жаппай мол ет бе­ретін мал басының, сондай-ақ асыл­тұ­қым­ды мал өсімін көбейтуге күш са­луы­мыз ке­рек болатын. Бүгінде халық­ара­лық са­рап­шылар тарапынан «2014 жыл­дар­ға қа­рай астық экспортынан гөрі, ет экс­порты әл­деқайда пайдалы болады» де­ген пі­кір­лер жиі айтылып жүр. Міне, осыны ес­­кер­ген мемлекеттер етті және майлы мал ба­сын көбейтуге әлдеқашан кірісіп те кет­ті. Ал біз мал шаруашылығының ай­на­ласында жоғарыда аталған азық­тан­дыру, іріктеу-сұрыптау мәселелерін ше­ше алмай келеміз. Кезінде Кеңес өкі­метінің тұсында Қазақстанның ет өн­дірісінде бір ғана қой етінің үлесі 30-32 пайызды құрады. Ол кез­де­рі еліміздегі қой саны 40 мил­лион­нан асып-жығылатын. Қазір ста­тистика агенттігі елде 17 млн қой басы бар десе, қайсыбір де­ректер бұл көрсеткішті тіп­тен төмендетіп жібереді. Осы­ған мен сене алмаймын, өйт­кені елде мал азығы мә­се­лесі тым ушығып тұр. Қа­зір ауылды жерлерде же­ке қолдағы малдарды күтіп-баптау, оған жемшөп та­уып беру үлкен мәселеге ай­на­лып отыр. Жемшөп бағасы тым қым­бат. Шаруа бір қыстан төрт сиыр мен 30 қо­йын алып шығу үшін бір жылда 200 мың тең­генің айналасында қаржы жұм­сайды екен. Мұндай қаржыны таба ал­май­тын ауыл тұрғындары ақыры малын ар­зан ба­ға­мен етке өткізуде. Ауылда жұ­мыс­сыздық дең­гейі өршіп тұр. Өзіңіз бі­ле­сіз, ауылды жер­лерде мұғалімдер, дә­рі­гер­лер, зей­неткерлер ғана мемлекетік бюд­жеттен қар­жы алады. Ал қалған қауым ауыл­дағы кі­шігірім малымен жан бағып отыр. Осы жа­ғынан алып қарасақ та, мем­ле­кет мал азы­ғының бағасын тұ­рақ­тан­ды­руды өз қо­лына алу керек. Елдегі мал ба­сы­ның 90 па­йызы – жекелеген үй ша­­руа­­шылығында. Де­мек, біз болашақта мал ба­сын молайтып, жо­ғарыда аталған ет экс­­п­орт­тау мә­се­ле­сінде алғы шепке шық­қы­мыз кел­се, мал азы­ғын тұрақтандыруға мем­­лекеттік тұр­ғыда ниеттенген абзал. Олай ет­­песек, біз малдың басын көбейте ал­­май­мыз...


Сапабек ӘСІПҰЛЫ, жазушы-ғалым:
жоқ
– Жоқ, мен мұнымен келіспеймін. Не­гі­зінде, біздің елде мал азығының қорын дайын­дауға, оның бағасын тұрақ­тан­ды­ру­ға мем­лекет араласа алмайды. Өз ба­сым мұ­ның қажеті де жоқ деп ойлаймын. Өйткені бұл – әзірге шешімін таппайтын мә­се­ле. Жал­пы, біздің елде мал басының 90 пайызы же­кенің қолына өтіп кетті. Осы­ған бай­ланысты мал өсі­ре­тін ауыл фер­мер­ле­ріне арнайы до­та­циялар, суб­си­дия­лар бө­лініп, мемлекет тара­пынан ар­найы же­ңіл­дік­тер жасалуда. Осы берілген же­ңіл­­діктерді пай­далана оты­рып, әрбір шаруа қо­­жа­лық­тары болсын, әр шаруа болсын ма­лы­на қа­жет­ті жемшөпті, азықты өздері дайын­дап алуы тиіс.
Бұл ретте біз ауылды жерлерде жем­шөп дайын­дайтын жекелеген шаруа қо­жа­лық­та­рына немесе ауыл фермерлеріне ба­рып, «сен мал­­ға дайындаған азығыңды ар­зан­­датып сат, оның құнын былай бел­гі­ле» деп айта ал­май­мыз.
Өйткені олар да өзінше еңбектеніп, өз­­дігімен қам-қарекет жасап жүр­гендер. Сондықтан олар өз істеріне әкімшілік тарапты араластырмайды да. Бұл мәселені шешудің бірінші кезеңі емес. Бізге мәселені шешу үшін ал­ды­мен жайылымдық жер мәселесін шешумен айналысу керек.  БҰҰ-ның деректеріне қарағанда, елі­міз­дің 272,5 млн га жерінің 179,9 миллионы шөлейттенуге де­йін жеткен көрінеді. Елде 90-жыл­дары 180 млн гектар жа­йы­л­ымдық жер болған. Ал қа­зір ол жердің үлесі азайды. Де­ректер бүгінде ауылдық ау­мақтарда 180 мыңдай от­басының жайылымдық жер­сіз қалып отырғанын көр­сетеді. Ал жерсіз қалу – мал азығын дайындауға үл­кен кедергі. Мәселенің түп мә­ні осында жатыр. Кезінде жекелеген шаруа қожалықтары құрылып, ауылдық-ай­мақтардағы шаруалар жерді пай­да­ла­ну­дың жаңаша тәсіліне көшкені белгілі. Осы тұста білетіндер көлемді жайылымдық жер­лерді қарпып қалуға тырысып бақты. Ал аңқылдаған қайсыбір аңқау ел «өкімет өлтірмейді» деген беймарал күйден әлі де арыла алмай жүр. Бір ескеретіні, кезінде сол көлемді жерлерді жалға алып, тіпті пы­сы­қайлық танытып жекешелендіріп алған ша­руалардың мал азығын дайындауда дәу­рені қазір жүріп-ақ тұр. Шаруалардың бұл тарабы бүгінде қоңсысына бөтен елдің ма­лын қондырмайды. Жайылымына бөтен мал кірсе, жауын көргендей тықсырады. Да­мушы және дамыған елдердің басым бө­лігінде жер қатынасын реттеу және оны пай­далану тәсілі арқылы мемлекет те, ша­руа да тек пайдаға батуы керек. Өкініштісі, біз бұл жайтты ескермедік. Жайылымдық жер­лерді жеке қолға беру арқылы мал ба­сының өсімін өзіндік деңгейінен күрт тө­мен­детіп алдық. Қазірде шаруа қо­жа­лықтарының көпшілігі бір немесе екі от­басына ғана тиесілі. Олар жерін қорып, өз­гелердің малдарын жайылымына тү­сір­мей­ді. Мемлекеттен жалға алған жерлерін же­кеменшігіндей көретіндердің көпшілігі жер­ді тиімді пайдалана алмай, жайылымға бе­рілген шұрайлы жерлер құрғап, шөлді ай­мақтарға айналып барады. Міне, осы кем­шіліктерді өркениетті елдердің іс-тәжірибесіне сүйене отырып жою қажет. Егер біз жайылымдық жерлер мәселесін шешсек, онда мал азығы проблемасы да өзінен-өзі шешіле бастайды. Сондықтан мал азығының бағасын тұрақтандыруды сөз етпестен бұрын, осы мәселені ойлас­тырған жөн. Осыған байланысты  мен сіздің «мал азығының бағасын мемлекеттің тұрақтандырғаны дұрыс па» деген сауалыңызбен келіспеймін.

Бейтарап пікір
Үсен АМАНБАЕВ, экономист-ғалым:
– Бүгінде, көптеген елдер ауыл шаруашылығына, оның ішінде мал шаруашылығына қатысты мәселелерге айрықша назар аударуда. Мәселен, Германия, Израиль, Белоруссия елдері ауыл атмосферасына биотехнологияны бейімдеу арқылы үлкен жетістікке қол жеткізуде. Аталмыш елдер биотехнологиялық әдіс арқылы тозған қуаңшылыққа түскен жерлерін өңдеп, ауыл-аймағын жемшөптен тарықтырмай отыр. Сондықтан биотехнологиялық жаңашылдықты кәсіптік-техникалық оқу бағдарламасына немесе орта мектептердегі оқу бағдарламасына арнайы бағдарлама етіп енгізген жөн.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста