Медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғайтын ассоциация құру қажет пе?

Медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғайтын ассоциация құру қажет пе?

Медицина қызметкерлерінің үстінен айтылатын арыз-шағым күн өткен сайын көбеймесе азаяр емес. Осыған орай кейбір мамандар «науқастар ауруы асқынған соң ғана дәрігер алдына келіп, оқыс жағдай тіркеле қалса дәрігерді кінәлап шыға келеді. Бұл жағдайда науқастардың құқығын қорғаушылар табылып, дәрігерлердің құқығы қалыс қалады. Сондықтан медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғайтын арнайы ассоциация құру қажет» деген пікір айтуда. Әйтсе де бұл пікірге қарсы пікір айтушылардың да өз уәждері бар. Тараптардың пікірін ой-көкпарға тоғыстырып көрген едік.


Мақсұт ТЕМІРБАЕВ, медицина ғылымының докторы, профессор, академик:
иә
– Бізге медицина қызметкерлерінің құ­қық­тарын қорғайтын ассоциация қажет. Рас, қазір қауымдастықтар көп. Мә­се­лен, тіс дәрігерлері қауымдастығы, рев­матолог дәрігерлер қауымдастығы де­ген­дей. Бірақ олардың әрқайсысының ат­­қа­ратын функциясы әртүрлі. Сондықтан бізге тек қана дәрігерлердің құқықтарын қор­ғаумен айналысатын, осы төңіректегі дау-дамайды тиімді шеше алатын, осы­лай­ша, қоғамға мәселенің шығу төркінін жан-жақты түсіндіріп бере алатын қауым­дас­тық жұмысы қажет-ақ. Әйтпесе біржақты қара­лау­дан дәрігерлерге деген қоғамның көз­қа­расы да өзгеріп бара жатыр. Барлығына дә­рігерді кінәлау, тіпті әдетке айналды деуге бо­ла­ды.
Айта кетерлік жайт, бізде Ұлттық ме­ди­ци­налық дәрігерлер қауымдастығы бар.
Олардың қызметіне дәрігерлердің мә­се­лесін көтеріп, құқықтарын қорғау кіре­ді. Әйтсе де, әлі де болса олар көтерер мәселе көп. Аталмыш қауымдастық дәрі­гер­лердің жалақысы, әлеуметтік жағдайы секілді ме­ди­цина қызметкерлерінің жеке мәселелерін министрліктің алдына ұдайы жеткізіп, ал олардың біліктілігіне қатысты дау тудырған мәселенің анық-қанығына жетуге тырысып-ақ жатыр. Әйтсе де, әлі де болса оларға мүмкіндік пен мәртебе берсек дұрыс болар еді. Таяқтың екі ұшы бар. Кейде науқастар дәрігер алдына ау­руын асқынтып келеді де, дәрігер оған қан­ша көмектесуге ты­рысса да қолынан ке­л­мей жатады. Мұндай кездері науқас алдымен өзінен кінә іздеуден бұрын, дәрігерлерді жазғыруға даяр тұрады. Рас, дәрігерлердің де қате­лесетін кезі болады. Ондай кездері дәрігер өз жазасын алуы тиіс. Осы жағдайларда дәрігерлер үстінен оңды-сол­ды жазылатын арыз-шағым­дардың ақ-қарасын анықтап берер қауымдастықтың жұмысы маңызды. Әйтпесе, бүгінгі күні бірін-бірі кінә­ла­ған дәрігер мен науқастың дауы­нан көз аша алмай қал­дық.
Тұрғындардың да өз ден­сау­лықтарына салғырт қара­май­тындай сана-сезімін өз­гер­­тер кез жетті. Бізде тұр­­ғындар өз ден­сау­лы­ғы­на тым салғырт қарайды. Жылына бір рет ден­сау­лығын толық тек­серуден өт­кі­зіп, аурудың алдын алуға да құ­лықсыз. Сондықтан заманға бейім­деліп, тұрғындардың денсау­лығына қа­тыс­ты көзқарасын өзгертер кез жетті. Негізі, тұрғындардың ден­сау­лы­ғына, дәрі­гер­лердің маман­дығына деген жауапкершілігін күшейтсек, бәрі өз орнына келер еді.


Нағима ПЛОХИХ, «Салауатты Азия» қоғамдық қорының президенті:
жоқ
– Жоқ, бұл – қате пікір. Меніңше, ме­ди­цина қызметкерлерінің құқықтарын қор­ғайтын ассоциация құру – артық дүние. Қазір Денсаулық сақтау министр­лі­гінің жа­нынан науқастардың құқығын қор­ғай­тын қо­ғам­дық кеңес құрылған. Қоғам­дық ке­ңес­тің жұмысын денсаулық сақтау министрі Салидат Зекенқызы өз қа­да­ға­лауына алған. Мұндай қоғамдық кеңестер облыстық денсаулық сақтау басқармалары мен қа­ла­лық денсаулық сақтау бас­қар­ма­ла­рының да жанынан құрылған. Бұлардың барлығы медициналық көмек көрсетудің сапасын арт­тырып, дәрігер мен науқас ара­сында туындаған дауларды әділ шешу мақсатында құрылған. Яғни Денсаулық сақтау ми­нистр­лігінің өзі дәрігерлер мен науқас­тар­дың құқығын қорғауға мүдделі бо­лып отыр. 
Мұның сыртында бізде толып жатқан ассоциация мен қоғамдық ұйымдар да же­терлік. Ендеше, бұлардың санын кө­бей­те беруден біз не ұтамыз?
Мұндай қауымдастық ата­уы­ның өзі құлаққа түрпідей тиетін секілді. Медицина қыз­мет­кер­ле­рі­нің құқын қорғайтын ассоциация дәрігер­лерді науқастан қорғай ма сонда? Онсыз да медицина қыз­меткерлерінің салдарынан мүгедек атанып немесе жа­қы­нынан айырылып, қайғы жұ­тып отырған отбасынан қор­ғай ма сонда?.. Олар онсыз да бүкіл медицина сала­сы­на ашулы болып отыр­ған­да мұндай қауым­дас­тық­тың келіп іске араласуы тұр­ғындардың ашу-ызасын ту­ды­рады. Сондай-ақ мұндай ас­со­циа­цияның құрылуы халықтан қорғану болып табылады. Ал халық деген өзіміз ғой. Ен­де­ше, өзімізден-өзіміздің қорғануымыз артықтау секілді.
Соңғы кездері қоғамдық ұйым, қо­ғам­дық кеңес, ассоциация, бірлестік құру де­ген секілді әңгімелер көбейіп кетті. Сонда біз қай уақытта нақты медициналық жұ­мыс­пен айналысамыз?! Айта кетер жайт, осы мәселенің барлығы тиімді шешілуі үшін біз науқастардың құқы туралы заң қабылдауымыз керек. Онда дәрігер мен науқастың құқы, міндеті айқын көрсетілуі қажет. Осы заңның аясында құқық қорғау орын­дары істің анық-қанығына жетіп, дәрігер мен науқас арасындағы дауды әділ шешуі керек. Менің ойымша, бізге ас­со­циа­ция құрудан гөрі, барлық жағдай егжей-тегжейлі көрсетілген заңның қа­был­дануы пайдалырақ болатындай.

Бейтарап пікір
Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА, «ЭКОМЕД» клиникасының директоры, эмбриолог-ғалым:
– Бізде 20 жылдан бері осы мәселе бойынша жұмыс істеп келе жатқан Ұлттық медициналық ассоциация бар. Олар науқастардың ғана емес, дәрігерлердің де құқықтарын қорғаумен айналысады. Бірнеше жыл бұрын Шымкентте қырым безгегі тіркелгенде аталмыш ұйым іске ара­ласып, істің ақ-қарасын анықтап, дәрігерлерді қорғап шықты. Ассо­циация құрғысы келсе, әр адамның еркі ғой. Бірақ осы ұйым жұмыс істеп тұрғанда олардың санын қаптата беріп қайтеміз деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста