Мектеп мұғалімдеріне арналған бірыңғай форма енгізуді қолдайсыз ба?

Мектеп мұғалімдеріне арналған бірыңғай форма енгізуді қолдайсыз ба?

Оқушыларға бірыңғай форма кигізу керек деп жүріп, ол мәселені біршама дұрыс жолға қойған секілді едік. Енді осы биылғы оқу жылынан бастап оқушылар ғана емес, ұстаздардың да біркелкі киім үлгісіне көшу керектігі жайлы мәселе көтеріліп отыр. Осы ретте бұл идея қаншалықты өзекті және қоғам тарапынан қаншалықты дәрежеде қолдау табуы мүмкін деген сауалды талқыға салып көрелік.


Серғазы ҚАЛИҰЛЫ, педагогика ғылымының докторы, профессор, этнопедагог:
ИӘ
– Толығымен қолдаймын. Мәселен, тарихқа үңілсек, патша үкіметінің кезінде гимназист мұғалімдердің арнайы формасы болған. Сол форманы киіп келе жатқанда көшеде кездескен адамдар оның ұстаз екенін бірден біліп, ерекше құрмет көрсететін болған. Сол секілді әскерде офицер мен солдаттың формалары әрқалай ғой, киген киімінен офицерді таныған солдат тік тұра қалып, оған құрмет көрсетпей ме? Сол сияқты бала да ұстазға ілтипатпен қарауы тиіс. Алайда қазір гимназия мұғалімі түгіл, университет оқытушысына да ондай құрмет көрсету деген жойылып барады. Себебі оқушы мен мұғалім де бір, оқытушы мен студент те бір, сырт қарағанға ешкім оларды айыра алмайтын болғаны жасырын емес. Сондықтан бүгінде мұғалімдердің беделін көтеру ең өзекті мәселе деуге болады. Ал бірыңғай форма – осы тұста ең тиімді әдістің бірі.
Ең болмағанда, киген киімінен әлгінің ұстаз екені білініп тұрса, меніңше, жастар жағы, жалпы халық оған сүйсініспен қарайды. Мұғалімдер қауымы да қуана-қуана бірыңғай форманы киері сөзсіз. Соңғы жылдары Алматы қаласының №59 және №79 мектептері жоғары жақтан қандай да бір қаулы күтпей-ақ, өздері біркелкі форма тіктіріп киюді бастап та жіберді. Еліміздің байрағы секілді көк түсті киім көргенде көз қуантады әрі ондай киімдегі мұғалімдер де өздерін ерекше сезінетіндей, шәкірттеріне де ұстазының мұндай бейнесі ұнайды деп ойлаймын. Ал енді әлем-жәлем киініп, әсіресе шалбарланып алған мұғалім баланың санасын бұзбай ма? Көрер көзге ерсі, біздің ұлттық менталитетімізге де жат. Әрі шалбарланған ұстазын көрген қыз баланың ойында «мұғалімнің өзі де солай киінеді ғой, онда бізге неге форма ки деп ақыл айтады» деген іштей наразылық тууы мүмкін. Бұл – бірінші жағы, ал, екіншіден, бай мен кедейдің арасындағы алшақтықты да жояды бұл форма. Әйтпесе жағдайы жақсы мұғалім қымбат киініп, тұрмысы төмені тапқанын киеді, ал ол да өз кезегінде бала тәрбиесіне өз әсерін тигізеді.
Қорыта айтқанда, бірыңғай форма жайлы мәселе көтеріліп жатқаны өте орынды. Ал ол форма еліміздің туы және көгімізді көмкеріп тұрған аспан түстес болып, кеудесіне ұлттық ою-өрнек салынса, онда тіпті керемет болар еді. Себебі ол да оқушының патриоттық сезіміне әсер ететіні даусыз. Және ұлттық форманы жасау үшін де модельерлер арасында байқау өткізіп, оны халықтың талқысына ұсынса, сөйтіп көпшіліктің қолдауына ие болған форманы қолданысқа енгізсе, бұл демократиялық елдің көрінісі болады.


Әбдуәлі МАМӘДІЛ, психолог:
Жоқ
– Еркін ойлы азамат әрі психолог ретінде мен бұл бастаманы құптамас едім. Себебі егер осы шара іске асатын болса, біз осы арқылы мектеп мұғалімінің не болмаса мектептің басқа да қызметкерінің тәуелсіздігіне қол сұққан болып табыламыз. Сондай-ақ, меніңше, бұл білім саласына, айталық, оқулыққа, тәрбиеге т.б. жұмсалуы керек қаржыны мүлдем басқа бағытқа бұру секілді. Мектеп мұғалімінің ондай көк не жасыл түсті киім кигісі келмесе де, қаулы соған міндеттей ме, ол киюі керек. Егер кимесе, жұмыстан шығуға мәжбүр. Және де форманы мұғалімнің өзі сатып алуы керек. Ал ұстаздардың жалақысын өзіңіз білесіз, өз отбасын асырауға әзер жетеді. Үйсіз-күйсіз жүрген қауымның қатарында мұғалімдер де бар. Ал енді соған енді келіп біз форманы қоссақ, ол қанша тұрады? Киім қаншалықты сапалы болған сайын, бағасы да қымбат тұрады ғой.
Және де, форма да кірлейді, тозады, яғни ауыстырып киетін тағы біреуі не екеуі болуы керек. Сол себепті мұғалімнің оны сатып алуға қаншалықты мүдделі екендігімен санасып жатқан адам бар ма? Бұл – бір жағы, екінші жағынан, «бес саусақ бірдей емес», яғни барлық мұғалімнің дене өлшеміне сай киім табыла ма? Осы жағынан да артық проблема тудыратын секілді. Жарайды, мектеп директорынан бастап, есік аузындағы күзетшіге дейін бір униформаны кигіздік делік, тек бір түстен тұратын бұл киім, жалпы бір түсті көрініс оқушының санасына кері әсерін тигізбей ме? Себебі бала мектептен тек білім ғана емес, эстетикалық тәрбие де алуы тиіс қой? Бірыңғай үлгі, біркелкі түс адамның тұлғалық бейнесін жойып жібереді де, барлығы бірдей кейіпке еніп кетеді. Ал тұлға жоқ жерде тәрбие де жоқ. Мысалы, мектепте оқып жүргенде біз өзіміз мұғалімдеріміздің киіміне қарап, оның талғамын білетінбіз. Сол талғамға сай бізде құштарлық оянатын да. Кейбір мұғалімдеріміз бізге киіну этикеті жайлы да керек кеңестер беретін. Бір қарағанда, ұсақ-түйек секілді, бірақ оның ар жағында эстетикалық тәрбие жатыр емес пе?! Ал бүгінде біз осы эстетикалық тәрбиені жоққа шығарғалы тұрмыз.
Мұғалімге сірескен бірқалыпты форма кигізер болсақ, біз «казармалық социализмге» бой алдырғандай болмаймыз ба? Яғни тек жоғары жақтың бұйрығымен ғана жүретін, орындаушы ғана... Олай болса, талғам, ой-пікір еркіндігі деген қалмай, айтар сөзіміз де, ойымыз да, пікіріміз де бірыңғай болып кетпей ме?.. Осы жағын да ойласақ.

Түйін
«Жә, әйел мұғалімнің шалбар кигені жараспас, алайда біркелкі, бір пішінді «униформаға» міндеттегеннен гөрі, неге оларды тек көйлек киюге шақырмасқа?! Және де оның өңірі ашық болмай, тізеден сәл төмен түскенін қадағаласақ, жеткілікті емес пе?! Ал қандай түсте, қандай үлгіде болатынын ұстаздардың өз таңдауына берсек» дейтін де үшінші пікір бар. Осыған да құлақ ассақ, қалай?..

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста