Мектептегі қылмыстың көбеюіне криминалдық топтардың ықпалы бар деп айта аласыз ба?

Мектептегі қылмыстың көбеюіне криминалдық топтардың ықпалы бар деп айта аласыз ба?

Жасөспірімдер арасында бұзақылық пен қылмыстың көбейіп бара жатқанын еліміздің барлық облыстарының статистикалық көрсеткіштері дәлелдейді. Сондай-ақ соңғы кездері мектеп оқушылары тарапынан жасалған қылмыстардың артында қылмыстық топтар жатқаны жайлы деректер жиі кездесе бастады. Жастарды қылмысқа айдап салу, қысым көрсету, тіпті қылмыстық топтың мүшелігіне де енгізу фактілері кездесіп жатады. Мамандар қауымы жастардың қолымен жасалатын қылмыстардың көбеюінің әртүрлі себептері барын алға тартады.

Ерзат ӘЛЗАҚОВ, Мәжіліс депутаты
Иә

– Жасөспірімдер қылмысының артуына қыл­мыстық топтардың тікелей ықпалы бар деп ойлаймын. Әсіресе, жастардың өмір­ге де­ген көзқарасының теріс қа­лып­тасуына қыл­­мыстық топтардың әсері зор болып жатыр. Өткен жылы мен осы жас­өс­пірімдер қыл­мысына қатысты депу­тат­тық сауал жол­даған едім. Онда негізінен Та­раз қала­сын­дағы жағдайды мысал ет­тім. Алайда жасөс­пі­рім­дер қылмысы тек Жам­был облысында ғана емес, еліміздің бар­лық аудандарында өршіп бара жатыр. Жуырда ғана Батыс Қа­зақстан облыстық ІІД-нің басшылығы «Воры в законе» деген кітап жазып ұсынған еді. Сол кітапта қыл­мыс­тық әлемнің жастарды қа­лай тар­та­ты­ны өте жақсы суреттелген. Ав­тор­лар өте са­уатты еңбек ұсынып отыр. Қыл­мыс әле­мі­нің өзіндік түсініктері, өзіндік «ро­ман­ти­ка­лары» болады.
Жастар қылмыс әлемінің кейіпкер­лері­мен байланысқа түсіп, қоғамдық тәртіппен, елі­міздің заңымен емес, көше заңдарымен, «по понятиям» өмір сүруге бейімделіп ке­те­ді. Бұл жаман әдетпен қоғам болып кү­ре­суіміз керек. Ең алдымен, отбасы мүше­лері, ата-аналар қауымы балаларының қайда жүргенін, кімдермен қарым-қатынас орнатып жүргенін мұқият қадағалауы керек. Одан кейін мектеп инспекторла­ры­ның жұмысын күшейту қажет. Себебі соңғы кез­дері қылмыстық топтар мектеп жасын­дағы балаларға дейін ақшалай салық са­лып, қысым көрсететіні жайлы деректер кез­десіп жатыр. Жергілікті әкімдіктер де жас­тардың қылмыстан аулақ болуына қол ұшын беруі тиіс. Меніңше, ниет болса, жағдайды жақсы жағына өзгертуге бола­ды. Бір ғана мысал, Астана қаласындағы жас­­тардың, мектеп оқушыларының қыл­мыс­тық топтармен еш байланысы жоқ. Бұл ең алдымен тәртіп сақшыларының қада­ға­лауының күштілігінен деп білемін. Ал бас­қа аудандарда, Оңтүстік, Солтүстік, Ба­тыс Қазақстан облыстарының қай-қайсы­сын­да болса да қылмыстық қасаң дәстүр қа­лыптасып қалды. Жастар сол дәстүрді қабылдап алып отырады. Біздің заманда жұрт темір тордан шыққан адамнан қаша­тын еді, ал қазір оларды соғысқа қатысып келгендей құрметтейтіндер пайда болды.

Рамазан САЛЫҚЖАНОВ, әлеуметтану ғылымының кандидаты, жастар мәселесін зерттеуші
Жоқ

– Өткен жылы біз жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық оқи­ғалар жөнінде зерттеу жүргізген едік. Сол бойынша айтар болсам, жастар қыл­мыс­тық топтардың ықпалында отыр деген пікір – қате. Қарап отырсақ, қазір жастар­дың қатысуымен болған қылмыстардың түрлері, сол қылмыстарға бару себептері де бас­қа­шалау болып жатыр. Қазір әлемде «индиго жас­тары» деген термин пайда болып жатыр ғой. Сол ұғым бізге де қатысты. Мысалы, соңғы кездерде көбейіп бара жатқан жас­тар­дың қылмыстарына назар аударайықшы: ға­ламтор арқылы түрлі сайттарға хакерлік ша­буыл жасау, вирустармен атқылау, әл­дебір ғимаратқа жарылғыш зат қо­йыл­ған­дығы жөнінде жалған хабар тарату, үйлердің құпия кодтарын бұзып кіру, қолдан көліктердің электронды кілттерін жасап алу.
Қысқасы, интеллектіні талап ететін қылмыстар. Ғаламтор арқылы заманауи технологияларды игеріп жатқан жастар бір жерде өзінің қабілетін көрсеткісі ке­леді, шығарғысы келеді. Мысалы, жуыр­да ғана бір студент қолдан құжат жасап алып, өзін «Президент Әкімшілігіненмін» деп таныстырып, еліміздегі облыстық жол басқармаларының бірінің жұмысына тексеріс жүргізіп, мекемені аяғынан тік тұрғызған. Бірақ қылмысқа барудағы мақ­саты пайдаға кенелу емес. Мұндай оқиғалар соңғы кездері көптеп кездесе бастады. Жасөспірімдер арасындағы қыл­мысқа криминалды топтардың ықпа­лы өте аз деп ойлаймын. Себебі жастар арасындағы қылмыстардың басым көпшілігі ұйымдасқан түрде жасалмайды. Яғни қылмыстық көрсеткіштер басбұзар­лар­дың емес, осындай «білгішбек», орыс­ша айт­қанда, «продвинутый» жас­тардың есе­бі­нен көбейіп жатыр. Статис­ти­каны са­рап­қа салар болсақ, осындай нә­тиже көр­сетеріне сенімдімін. Жасөс­пі­рімдер қылмысының көбі пайдакү­нем­діктен емес, қоршаған ортасына өзінің еп­тілігін дә­лелдеу мақ­са­тынан туындай­ды. Мұн­дай қылмыстардың азаюы үшін қоғам сол жастардың ішкі сұранысын қанағат­тандыра алуы керек. Өз мүм­кіндіктерін дұрыс жолға пайдалануға жағдай жасауы тиіс. Ал басбұзарлық қыл­мыстар бұрын да болған, қазір де бар. Ол анау айтқан­дай көбейіп те бара жатқан жоқ. Таби­ғатынан қылмысқа бейім адам­дар­дың үлес салмағы 7-8 пайыздың көле­мінде қала береді.

Түйін
Депутат Ерзат Әлзақов айтпақшы, ата-аналар қауымы балаларының қандай адамдармен қарым-қатынасқа барып жүргенін жіті қадағалауға алмаса, жағдай түзелмесі анық. Әйтпесе, үйдегі бозбала Кавказда қару-жарақпен табылып жатса, олар үшін қылмыстық топтар жауап бермесі анық. Сондай-ақ әлеуметтанушы Рамазан Салықжановтың жастардың бойындағы өнері мен жігерін орынды пайдалану жөніндегі пікірі де орынды. Мектептерде спорт алаңдары мен түрлі пайдалы үйірмелердің аздығынан жастар жағы бойдағы қуатын далаға шашады. Ал түрлі қылмыстық топтар тарапынан қысым көрген жастар өз құқығын қорғай алмаған болса, оған ең алдымен ата-аналар қауымы, сондай-ақ оқу орындарының басшылығы мен қызмет ұжымы, тәртіп сақшылары мен жергілікті әкімдік кінәлі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста