Мемлекеттік мәйітханаларды жекеге беру керек деген пікір дұрыс па?

Мемлекеттік мәйітханаларды жекеге беру керек деген пікір дұрыс па?

Мәйітханалар мәселесі ушығып тұр. Тіпті олардың бір мәйітке екі түрлі сот-медицина сараптамасын тағайындауының өзі үлкен күмән тудыруда. Бұл туралы жекеменшік сот-медицина сарапшылары «мемлекеттік мәйітханалар – бір-бірімен ауыз жаласқан жемқор, сондықтан жалған сараптамаға барады» десе, мемлекеттік сот-медицина сарапшылары «сараптама үшін мемлекеттік мекемеге қаражатты Денсаулық сақтау министрлігі бөледі, ал тәуелсіз сарапшыларға тараптар төлейді, сондықтан олардың жасаған сараптамаларының ақиқаттығы екіталай» деген қарсы пікірде. Айта кетер жайт, шетелдердің барлығында дерлік аталмыш мекемелер – жекеменшік иелігінде. Ендеше, біздегі мемлекеттік мәйітханаларды да жекеге беру керек пе деген сауал төңірегінде осы саланың мамандарын сөзге тартып көрген едік.


Нұрсипат НҮСІПБАЕВ, тәуелсіз сот-медицина сарапшысы:
иә
– Әрине, мемлекеттік мәйітха­на­лар­ды жекеге берген дұрыс. Мен бұл ұсы­ныс­ты қуана құптаймын. Мәселен, Еуро­па елдерінде мемлекеттік мәйітхана деген мүлдем жоқ. Олар тек тәуелсіз сот-ме­ди­цина сарапшыларына ғана жүгінеді. Тіпті көршіміз Ресейдің өзінде мәйіт­ханалар – жекенің қолында. Мәйіт­ха­налардың жекенің қолында болуының пайдасы өте зор. Ол ең алдымен сот-ме­ди­цина сарап­тамасының тәуелсіз, тек ақи­қаттан құралуын қамтамасыз етеді. Екін­шіден, мәйітханалардың жекемен­шік­тің қолында болуы олардың бәс­е­ке­ле­се отырып, заманауи технол­о­гия­лар­мен жа­ра­қ­талуы­на, қызмет көрсету сапа­сын арттыруына мұрындық болады.
Ал бүгінде біздің мемлекеттік мәйіт­ха­наларымыздың ғимараттары да, қон­дыр­ғылары да ескі. 
Мемлекет тарапынан жаңа қондыр­ғы­лар­мен қамтамасыз етілген күннің өзінде ол қондырғыны апарып қоятын ғима­рат­та­ры талапқа сай емес. Жарық жеткіліксіз немесе ауа температурасы қалыпқа сай емес дегендей. Шындығында, жаңа технологияның өзі күтімді талап етеді. Қон­дыр­ғы дұрыс жұмыс істеп, нағыз қоры­тын­дыны көрсетуі үшін тұратын ғимараты талапқа сай болуы тиіс. Әйтпесе сот-медицина сараптамасы қорытындысын дұрыс көр­сетпейді. Егер мәйітханаларды жекенің қолына берсек, олар бәсекелесе отырып, талапқа сай жарақтануға күш салар еді. Не үшін шетелдің сот-медицина сараптамасы мекемелері жоғары сапалы қызмет көрсетеді? Өйткені жекеменшік мәйітхана иелері заман көшінен қалмай, өздерін жетілдіріп отыруға күш салады. Шыны керек, елімізде Еуро-1 стандартына сәйкес келетін бірде-бір сот-медицина сарап­та­масы орталығы жоқ. Германия, Швейцария елдеріне барғанда олардың сот-медицина сараптамасын тағайын­дай­тын орта­лық­та­рының Еуро-5 стан­дар­тымен жұмыс істеп жатқанын көрдім. Өйткені оларда барлығы – жекеменшік. Бәсекелестікте жұмыс істей отырып, мәйітке дәл сараптама тағайын­дауға тырысады. Осылайша олар өлген адам құқының қор­ғалуына да назар ау­дарып отыр. Ал бізде таңдау құқығы жоқ. Мемлекеттік мәйітханаға қа­ласаң да, қаламасаң да, сарап­тама жасатуға мәж­бүр­сің. Өзім жекеменшік мәйіт­ха­нада 2010 жылдан бастап сот-медицина сараптамаларын жасай бастадым. Сол бір-екі айдың ішінде он шақты мәйітке сарап­та­ма жаса­дым. Олардың бар­лығы – кезінде мемлекеттік мәйі­т­ханада тексерілген мәйіт­тер. Алайда мәйіттің жа­қын­да­рының өтінішімен қайта сарап­тама жасау кезінде олардың барлығына мем­лекеттік мәйітханада жал­ған сараптама та­ғайын­дал­ғанын анық­та­дық. Біз қайта қараған он істің үшеуі бү­гін­де сотқа жетіп, бір іс бойынша ке­зінде жазықсыз жаза­ланған жан ақталып жатыр. Ал дәрігер­лердің кесірінен баласы бақилыққа аттан­ған жалғызбасты ана 2 млн теңге көлемінде өтемақы алды. Кезін­де мемлекеттік мәйітханалар тарапынан тек­серіліп, жабылған істер осылайша қайта ашылып, әділдікке ие болуда. Ендеше, мәйіттерге екі қайтара сараптама жүргізуге мәжбүр ететін мемлекеттік мәйітханалардан не пайда?!
Бізде аудандық мәйітханалар – об­лыс­тыққа, ал олар орталық сот-медицина сараптамасын тағайындайтын орта­лық­тар­ға бағынады. Ал жекеменшік мәйіт­ха­налар әрқашан тәуелсіз, ешкімге бағынбай, тек әділ шешім шығарады. Айта кетер жайт, күн өткен сайын тәуелсіз сарап­шы­лардың тәуелсіз сараптамасын жасатуға халықтың ықыласы артып келеді. Сондық­тан мемлекеттік мәйітханалардың бар­лы­ғын жекеге беріп, мемлекет оларға тек ли­цен­зия беріп, бақылау жүргізіп отыруы тиіс.


Руслан САТЫБАЛДЕЕВ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Сот-медицина орталығы» республикалық қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары:
жоқ
– Жоқ, меніңше, мәйітханалардың бә­рін бірдей жекеге беру дұрыс емес. Рас, біз­де қазірдің өзінде жекеменшік сот-ме­ди­цина сараптамасын тағайындау меке­ме­лері бар. Адамдар қалағанына барып, сараптама жүргізуге құқы бар. Негізі, сот-медицина сараптамасы құқық қорғау орын­дарының қаты­суымен жасалуы тиіс. Яғни мемлекеттік мәйітханалар тарапынан жасалған сарап­та­ма­ның ақиқаттығына еш күмән болмауы тиіс. Себебі олардың жұ­мысын құқық қорғау орындары, судья­лар, Ұлттық қауіпсіздік коми­теті бақылап оты­рады. Сот-медицина сараптамасын тағайын­дайтын мекемедегі қызметкер­лер­ге де қойылар талап жоғары. Өйткені мәйіт­ке сараптама жасау үлкен жауап­­кер­ші­лікті талап етеді. Сондықтан адам өмі­рі­мен ойнамай, әділ шешім шығару үшін бар­лығының талаптарға сай болуы қам­та­ма­сыз етіледі.
Осы орайда өз басым, мемлекеттік мәйітханалардың талапқа сай жұмыс істейтініне сенемін.
Айта кетер жайт, жекеменшік мәйіт­ханалар да осы талапқа сай болуы қажет. Қызметкерлері ғана емес, қондырғылары да ақиқатқа сай, сот-медицина сараптамасын тағайындауға сай болғаны жөн. Мәселен, бүгінде сот-медицина сараптамасын жасауға пай­да­ла­нылып жүрген храматограф қондыр­ғы­сы­ның бағасы 4 млн 700 мың теңге тұ­рады. Шы­ны керек, же­ке­мен­шік мәйітхана иеле­рінің құны осынша тұра­тын қон­дыр­ғыларды сатып алуға ша­масы жетеді деп айта ал­май­мын. Бұл – тек бір қондырғының ғана бағасы. Шын­ды­ғын­да, мәйітке талапқа сай сараптама тағайындалуы үшін осындай бірнеше қондырғы қажет. Ал мұндай қондырғыны сатып алуға шамасы жетпеген жекеменшік сот-медицина сарап­тамасы орталығы қорытындысының қандай болатыны күмәнді. Сондай-ақ мемлекеттік мәйіт­ха­наларға сот-медицина сараптамасын жасау үшін қаражатты Ден­сау­лық сақтау министрлігі бөледі. Сон­дық­тан аталмыш мекемелер талапқа сай сот-ме­дицина сараптамасын ұсынады. Ал тәуелсіз сарап­шыларға қызметі үшін ақыны та­раптар төлейді. Ендеше, олардың сол та­рап­тардың мүддесіне сай шешім шы­ғар­масына ешкім кепіл емес. Осы орайда сот-медицина сараптамасын тағайын­дай­тын орын­дардың негізінен мемлекеттік бол­­ғаны жөн дер едім.

Бейтарап пікір
Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ,
Мәжіліс депутаты:
– Меніңше, бізде мемлекеттік те, жекеменшік те мәйітхананың болғаны дұрыс. Халық қалағанының қызметіне жүгінсін. Дегенмен мемлекеттік мекеменің басшысында міндетті түрде жауапкершілік болады. Ал жекеменшік мәйітханаға әй дейтін әже, қой дейтін қожа болмай, ойына келгенін істеп, келген адамның өзіне емес, қалтасына қызмет істеп кете ме деген қаупім бар. Кейде кейбір істер қалай бұруға да ыңғайлы бо­лып тұрады. Осы орайда мемлекеттік мәйітхана мен жекеменшік мәйіт­ханалар қорытындыларының бір-біріне сай келмеуіне осы себеп пе деп ойлаймын. Бұл – менің азаматтық көзқарасым. Ал қазақи көзқарасыма кел­сек, қазақ мәйітті көп әурелей бермеген. Ендеше, жекеменшік мәйіт­ханаларды қаптата беру жақсы емес.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста