Мемлекеттік сатып алу бойынша мекемелерді отандық көлік сатып алуға міндеттеу керек пе?

Мемлекеттік сатып алу бойынша мекемелерді отандық көлік сатып алуға міндеттеу керек пе?

Шетелдік небір көз сүріндірер сүліктей көліктерді мініп жүрген шенділерге қарата «отандық көлікке шенеуніктерді міндеттеп мінгізу» туралы ұсыныстар айтылып-ақ жүр. Бұл отандық брендті айшықтай түсудің бір тәсілі екені даусыз...
Ал ендігі кезекте мемлекеттік сатып алу бойынша мекемелерді отандық көлік сатып алуға міндеттеу мәселесі көтерілуде. Жалпы, бұл ұтымды көтерілген ұсыныс па?! Біздегі мекемелер тендер арқылы отандық көлік сатып алуға қаншалықты ықыласты?! Мекемелердің отандық көлікке деген «сүйіспеншілігі» қаншалықты басым?! Олар тендер арқылы қазақстандық көлік сатып алуға қаржысын көзі қиып бере қояр ма екен? Мемлекеттік сатып алу бойынша мекемелерді отандық көлік сатып алуға міндеттеу дұрыс па, әлде бұрыс па? Біз осы сауалды мамандардың пайымына салып көрдік...


Мырзагелді КЕМЕЛ, Мемлекеттік басқару академиясының профессоры:
иә
– Бұл – қолдайтын ұсыныс. Өз басым отан­дық көліктерге міндеттеп мінгізу мә­се­лесін құптаймын. Сондай-ақ елдегі ірілі-ұсақты мекемелерді де мемлекеттік сатып алу арқылы отандық кәсіпорында жасалған көлік сатып алуға міндеттеу – өте дұрыс ай­ты­лып отырған пікір. Мұның дәурені әл­де­қа­шан жеткен. Біз 2000 жылдары осы істі бастап кеткенде қазірде мекемелердің 80 пайызы отандық көлікті ешбір мәжбүрлеусіз, міндеттеусіз сатып алатын еді. 10 жылдық межеде сондай деңгейге қол жеткізген бо­лар едік. Егер сол тұстары «отандық көлікті сатып аласың» деп мекемелерге шарт қоя біл­генімізде, еліміздегі машина жасайтын зауыттар да мойындарындағы жауап­кер­ші­лікті сезіне түсер еді. Машина жасау зауыт­тарында сұраныс артып, ұсыныс қам­та­масыз етілген жағдайда олардың өнім­де­рінің сапасы да жақсара түсетін еді.
Біз қазірде шенеуніктерді отандық кө­лік­ке мінгізе алмай әлек болып жүрміз. Осы­дан бірнеше жыл бұрын Үкімет та­ра­пынан «шетелдік көліктерді қойып, отан­дық көліктерге мініңдер» деген пәрмен түс­кен-ді. Бірақ ешбір шенеунік отандық кө­лікке барып отыра салған жоқ. Отыр­майды да... Біз қанша жерден көршілес Ре­сейді үлгі етіп, олардың шенеуніктерінің өз­дерінің көлігіне деген ықыластарын сөз ет­кенімізбен біздің шетелдік жылы-жұмсақ кө­ліктерге үйреніп қалған шенеуніктер отандық көліктерге бірден қызығушылық танытпайды. Себебі еліміздегі мекеме­лер­дің өзі қазақстандық көліктердің қызметіне жү­гініп отырған жоқ. Сондықтан мәселені бі­рінші сатысынан бастап шешу үшін ал­ды­мен жергілікті мекемелерді өзімізде құ­рас­тырылған көлік сатып алуға міндеттеу қа­жет. Жыл сайын бір мәрте тендер жүр­­гізілген тұста бірлескен кәсіпорындар, ме­­ке­мелер, ұлттық холдингтер ақы­рын­дап отандық көлік сатып ала берсе, бұл жерде өзгелер де ойланады. Бас­ты­сы – мекемелер көлікті сатып алса, ке­йіннен облыс, аудан, ауыл әкім­де­рі де ойлана бастайды. Ал әкімдер ондай кө­лік­терге сұраныс бере бас­таса, артынша шенеуніктердің де отандық көлікке деген ынтасы өз­гере бастайды. Сондықтан алдымен мекемелерді мін­дет­теу керек. Қандай да бір ме­ке­ме бас­шысымен мем­ле­кеттік сатып алу кезінде «осын­ша қаржыңның мұн­ша бөлігін отан­дық көлік са­тып алуға бөл, олай ет­пе­сең шартқа отыр­маймыз» деген келісім жа­салса, тендерден ұтып шығу мақсатында мекеме өзі­міздің көлікке сұраныс бе­реді. Мұндай әрекет отан­дық автомобиль жасау өндірісіне сер­пін беріп, сұранысты арттырады. Осы арқылы машина жасайтын зауыт­тарға қомақты қаржы құйылады. Қолына қаржы тиген соң кез келген шебер жасаған дүниесін сапалы етіп шығаруға тырысады емес пе?! Бұл жерде де солай, қаражат құйылған соң, өнімнің сапасы да артады. Сондықтан мұны қолдаған абзал...


Жұмаділ БАЙҒҰНШЕКОВ, техника ғылымының докторы, профессор:
жоқ
– Жоқ, мен бұған қарсымын. Себебі біз­дің елімізде мәжбүрлеп мінгізетіндей са­па­лы көлік жоқ. Қазіргі жасап шығарып жат­қан авто­кө­лік­те­ріміздің басым бөлі­гінің сапасы халықаралық стандартқа мүлдем сәй­кес келмейді. Негізінде, көлік шыға­ра­тын зауыт­тар­дың қасында көлікті құрауды, оны сапалы етіп жасап шы­ғаруды үй­ре­тетін конс­трук­тор­лық бю­ролар болуы ке­рек. Біз қарапайым ға­на осы әдісті жете мең­гере ал­май отырмыз. Конструкторлық бюролар ар­­қылы маман білік­тілігін жетілдіруге, тә­жі­ри­белік тұр­ғыда кеңес беруге қол жеткізе ал­май оты­рып, бір­ден міндеттеу туралы сөз қозғау қисынсыз. Бұ­лай міндеттеу ар­қылы біз мем­ле­кет­тік ме­ке­мелерді қып-қызыл шы­ғынға баты­ра­мыз. Ол мекеме кә­сібін жа­ңа бастаған болса, тіп­тен қиын бол­мақ.
Өзіңіз ойлаңызшы, тендерге қа­ты­са­тын мекемелерге «сен осындай көлемде отандық көлік сатып аласың» деп мәж­бүрлеп, міндеттеп, оны тастай етіп ке­лі­сімшартпен бекітіп тастадық де­лік... Күні ертең сол сатып алынған отан­дық көліктер бұзылып, ақауы шы­ғып жатса, әлгі кәсіпорынның не­­месе мекеменің қаржысы жел­ге ұшқандай болмай ма?! Сонда біз­дің бизнесті қолдаудағы, ме­кемелерге дем берудегі ойы­мыздың арман-мақсаты осы бола ма? Жоқ, мұнымен ке­лісуге болмайды. Отан­дық ме­кемелерді салық бір жақтан, орынды-орын­­сыз тексерулер екін­ші жақтан қыспаққа алатыны жасы­рын емес. Қанша жерден тек­серулерге тыйым жария­лан­ған­мен,  мекемелердің, кәсіп­орын­дардың басынан бұлт әлі арылған жоқ. Бұл жасырын емес.
Отандық көлік өндірісін жетілдірудің тетігі бір бұл емес. Ол үшін жаңағыдай кө­лік жасайтын зауыттарды модер­низа­ция­лау тәсіліне назар аударған абзал. Ол де­геніңіз – көлік жасайтын зауыттардың ма­­­ңынан арнайы конструкторлық бюролар ашу ісін жеделдету керек. Сол арқылы мамандарды көлік құрастыруға, жинауға, жөн­деуге, сараптан өткізуге үйрете біл­ге­ні­міз жөн. Білікті мамандар зауытқа жи­нал­ғанда сапалы өнім алуға болады. Егер отандық көліктердің сапасы мен бағасы шетелдік көліктермен бәсекелесе ала­тын­дай деңгейге жетіп жатса, онда көлікке деген сұраныс өзінен-өзі артады. Бұдан соң ешкімнің мәжбүрлеуінсіз, міндеттеуінсіз жергілікті азаматтар да, шенеуніктер де, мекемелер де отандық кө­ліктің тізгінін өзінен-өзі  ұстайтын болады.

Бейтарап пікір
Аман ШОТАЕВ, экономист-ғалым:
– Деректерге жүгінсек, қазақстандық жеңіл көліктердің саудасы өткен жылы 7 300 данадан асыпты. Бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 2,4 есеге артық болып отыр. Ал жаңа жеңіл көліктердің өндірісі 17,37 пайыздан 19,64 пайызға өскен.  2011 жылы Қазақстан автодилерлері 44,6 мың жаңа көлік сатқан екен.  Бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 107,03 пайызға артық болып отыр. 2011 жылғы нарықтық үлестің 54 пайызы ресейлік компанияларға тиесілі. 17,5 пайыз – отандық, 18,4 пайыз үлес алыс шетелден жеткен көліктерге қатысты болып отыр. Тағы 10 пайыздай көлем Өзбекстан мен украиналық әріптестерге тиесілі болды. Сатылым көрсеткіштері бойынша Lada бірінші орында тұр. Оның 13 мыңдай данасы сатылды. 2-орынға Toyota шыққан. Оның еншісінде 4,2 мың көлік бар. Алайда олардың көрсеткіштері біраз бәсеңдеді. UZ-Daewoo-ның да көрсеткіштері мәз емес. Осылайша, оның нарықтағы үлесі 13-тен 10 пайызға төмендеді. Бұған халықтың қымбатырақ көліктерге көшуі әсер етті. Қазірде Lexus, Mercedes-Benz, Land Rover, Porsche, Audi және BMW саудасы бір мың көліктен асқан.  Жалпы, автокөлік нарығында сұраныс жоқ емес, бар... Мен жоғарыдағы деректерді келтіре отырып айтарым, бұл салада инвестиция әлі де жеткіліксіз... 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста