Мешіттің атауын қоюды өз қаражатына салушылардың құзырына қалдырмау керек деген пікірмен келісесіз бе?

Мешіттің атауын қоюды өз қаражатына салушылардың құзырына қалдырмау керек деген пікірмен келісесіз бе?

Мешіттерге кісі атын беру мәселесі талай рет талқыланған болатын. Алайда жуырда бұл мәселе қайта көтеріліп, дау бола бастады. Өткен аптада «Мегаполис» газеті Дін істері агенттігінің «діни басқармаға қарайтын мешіттердің атауынан адам есімдерін алып тастауды талап ​еткенін», «бұл талапты орындамаған мешіттерді, жаңа дін туралы заңға сәйкес, қайта тіркемей отырғанын» жазған еді. Артынша Дін істері агенттігі «Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасына қарайтын мешіттерді агенттік қайта тіркеуден өткізбей қойды» деген ақпаратты жоққа шығарды. Дегенмен ҚМДБ қарауында жоқ мешіттер бұған әлі алаңдап отыр. Діни сарапшылар бұл туралы екі түрлі көзқараста...


Мұртаза БҰЛҰТАЙ, философия ғылымының кандидаты, дінтанушы:
иә
– Менің ойымша, мешіттерге кісі атын беру мүлде дұрыс емес. Сон­дық­тан мен мешітті тұрғызған адам­дар­ға ат қою құқығын беру керек де­ген­мен келісе алмаймын. Мешіт жеке адамның қаржысына салынса да, жеке адамның меншігі бола ал­май­ды. Ол – жамағаттың бас қосып, Алла тағалаға құлшылық ететін орны. Ол жерде ағартушылық сұх­бат­­тар бо­лады, дәріс оқылады, ғи­бадат жа­салады. Мешіт адамдарды ізгілікке, игілікке шақырады. Қыс­қа­сы, ең киелі орын. Ал сондай киелі орын­ға адам атын шегелеп қою дұрыс емес, мей­лі, ол қандай адам бол­­са да, дұрыс емес. Себебі Құ­ран­да да «ме­шіт – Жаратушының үйі, сон­дық­тан ол мешіттерге басқа­лар­ды ша­қы­ру­шы болмаңдар» деген аят бар.
Бізде қазір бұл мәселе шектен шығып кетті. Кім көрінгеннің ойына келген атаулары қойыла бастады. Кез келген адам – пенде. Есімі мешітке берілген адамға наразы болып жүргендердің пікірін қайда қоямыз?! Адам болған соң, әртүрлі жағдайлар болады. Ол адам біреулердің көңілін қалдырған болуы мүмкін. Сол адамға көңілі қалып жүрген адам мешітке қалай аяқ басады?! Сондықтан мешітке ондай кірді, күдік-күмәнді жолатпау керек.
Сонымен қатар қазір мешіттерге ұлттардың атауын беретіндер бар. Мысалы, татар мешіті, ұйғыр, дүнген мешіті деген сияқты атаулар кез­де­седі. Бұл да үлкен қателік дер едім. Қысқасы, діни түсінікті тұрмыстық мәселеге айналдырып жіберуде. Бұл пендешілікке жатады.
Дін істер агенттігі тарапынан мешіттерге Алланың 99 есімін беруге болады деген пікір айтылды. Меніңше, бұл дұ­рыс. Егер мешітке атау қою міндетті болса, оны елді ме­кеннің атауымен ата­ған­ды жөн көрер едім. Мы­салы, бір шағын ауыл бол­са, мешітке сол ауылдың аты бе­ріл­сін. Іздеп табуға да, есте сақ­тауға да ыңғайлы.
Кейбір адамдар атасының атын беру үшін ғана мешіт салады. Қарапайым тілмен айт­қанда, жарнама. Мұндай ниетті адам­дар­ға мұның дұрыс емес екенін алдын ала ескерту керек, уағыз, насихат айту керек. Ал егер келіспесе, онда оның әу бастағы ниетінің өзі дұрыс болмағаны. Ондай ме­шіт тұр­ғыз­ғаннан тұрғызбай-ақ қойғаны жақсы.
Жалпы, осы мешіттердің атауын қа­дағалайтын бір орталықтың болғаны дұрыс. Егер бұл мәселені қазір Дін істер агенттігі қолға алып жатса, заңды тұрғыдан сондай құзыр берілген болса, әбден дұрыс бастама дер едім.


Досай КЕНЖЕТАЙ, Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, философия және теология ғылымдарының докторы:
жоқ
– Дін істері агенттігінің төрағасы Қай­рат Лама шариф өз қызметіне алғаш отырған кездегі тұжы­рым­да­ма­сында осы мәселені көтеріп еді. Мен бұған қатысты талай сын айт­тым. Қазір осыған қатысты қайтадан түрлі пікірлер айтылып жатыр. Жалпы, мешітті адам атымен атау бүгін ғана пайда болған құбылыс емес. Оны жа­ңалық ретінде көр­сетуге болмайды. Бұрындары агент­тік төрағасы мешіт­терді адам атымен атау шариғатқа сай емес дегенді айтатын еді. Бірақ олай емес. Әлем тарихында да, елі­міздің тарихында да талай мешіт адам атымен аталған. Түркияда Сұлтан Ахмет, Махмұт Сұлтан мешіті бар, сол сияқты өзі­міз­де Құнанбай мешіті бар.
Сондықтан ғұлама адамның, дінге, адамзатқа еңбегі сіңген адамның аты­мен аталатын мешіттер шариғатқа тіпті де қарсы емес.
Әрине, кейбір қалталы адамдар мешітті салуын салып алып, оған әже­сінің, атасының атын бергісі ке­летіндер де кездеседі. Бірақ мұны Дін істері агенттігі емес, жергілікті билік органдары реттеуі керек. Жалпы, Дін істер агенттігінің ме­шіттердің атауында шаруасы болмауы керек. Оны жергілікті билік органдары өзі реттеуге тиіс. Егер біреу атасының есімін бергісі келетін болса, сол ауылдың ақсақалдары, зиялы қауым өкілдері ол адамның лайық тұлға екенін жергілікті билікке жет­кізсін. Мысалы, мешіт са­лы­нарда оған жер бөліп беретін, оған рұқсат беретін жергілікті билік қой. Сондықтан мешіт тұрғызылмай жа­тып, келісіп алу керек. Дегенмен мұндай адамдар бар екен деп, мешіттерді адам атымен атауға мүлде тыйым салып тастауға болмайды. Мысалы, мынадай жағдайлар кездеседі. Шағын бір ауыл мешіт тұрғыз­бақ болды. Тұрғызылған мешітке сол ауыл­ға еңбегі сіңген бір адамның атын қойғысы келеді. Ол адам республикалық деңгейде, тіпті облыс, аудан деңгейінде  танымал болмауы мүмкін, бірақ сол ауыл­ға еңбегі сіңген. Ал енді мешіттің атын сол адам­ның құрметіне атауға Дін істері агент­тігі не үшін кедергі болуы керек?! Оның қан­дай қатысы бар? Сол ауылдың ақса­қал­дары, мешітті салуға қаржы қосқан адам­дар бас қосып жергілікті биліктің аты­нан сөйлейтін болса, Дін істер агенттігінің тіркеуге рұқсат бермей қоюға заңды тұр­ғы­дан да құқығы жоқ. Айналып келгенде, шариғат, фикх дегеніміздің өзі жергілікті биліктен басталады. Жергілікті билік сол аймақтың рухани мәселесіне қызмет еткен адамның есімін сақтап қалуға құқылы. Мешітті қарапайым адамның қалтасынан ақша шығарып салуға құқығы бар, зекет арқылы, садақа арқылы сол мешітті сақтап тұруға құқығы бар. Ендеше оған ат беруге де үлес қоса алуы керек.

Түйін
Мешіттерге кісі атын беруге болмайды деген пікірді «Мегаполис» таратқан қауесет деп қабылдайық. Әйтпесе Қазақстандағы 2300-ге жуық мешіттің арасында кісі атауы берілген мешіттердің барлығының атауын өзгерту алуан түрлі пікірталастарға әкелуі мүмкін екені анық. Оның үстіне қазақта мешітке ғұламалардың есімін беру ежелден бар үрдіс екені белгілі. Ал баз біреулердің аталарының есімінің мешіт атауына айналып кетпеуін, Досай Кенжетайұлы айтпақшы, жергілікті билік өкілдері де қадағалай алар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста