«Мүгедектердің бала асырау және бала туу мүмкіндігін шектеу керек» деген пікірмен келісесіз бе?

«Мүгедектердің бала асырау және бала туу мүмкіндігін шектеу керек» деген пікірмен келісесіз бе?

Қоғамда «мүгедектердің репродуктивтілік және отбасылық жоспарлау құқығын шектеу керек, себебі ол мүгедектер үшін қосымша қиындықтар тудырады, балалары ауру болып туады, жетіспеушілікке ұрындырады» деген пікір айтылуда. Бұл ретте қоғамдық пікірді зерттеу, талдау орталығының жетекшісі Айжан Шәбденова: «Бұл проблемаларға ешкім назар аудармайды. Мүгедектерге лайықты кеңес беру, заманауи контрацептивтік дәрілермен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілмейді», – дейді. Яғни қоғамның мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетер қамқорлығының жеткіліксіздігі салдарынан мүгедек нәзік жандыларымыздың бала асырап, сәбилі болу мүмкіндігі шектеліп келеді.
Осы тақырыпқа орай мамандардың пікірін біліп, мәселені шешу жолдарына үңіліп көрген едік.


Сәуле ДИҚАНБАЕВА, медицина ғылымының докторы, профессор:
Иә

– Мүмкіндігі шектеулі жандардың бала асырап, бала туу мүмкіндігін уақытша шек­теу керек. Өйткені дәл бүгінгі күні олардың бала асырап, тууына біздің қоғам тиімді жағ­дай жасап отырған жоқ. Тіпті балалы мүгедектер түгіл, мүгедек жандардың қара басына жағдай жасалмаған. Оларды жұмыс­пен қамту орындары мүлдем жоқтың қасы, олардың жүріп-тұруына мүлдем жағдай жасалмаған, ешбір мекемеде мүгедектер үшін пандустар орнатылмаған. Сондықтан мү­гедек арбасына таңылған жандар үйден шықпай, төрт қабырғаға қамалып отыруға мәж­бүр. Осы орайда мүгедек жанның құқы­ның тапталғаны аздай, оның сәбиінің де құқының тапталуына жол бермеу үшін ғана шектеу енгізуге болады деп ойлаймын. Бұл жерде мүгедек жандардың еш кінәсі жоқ. Қалыптасып отырған жағдайға мүм­кіндігі шектеулі жандардың мәселесіне жеткілікті көңіл бөлмей отырған қоғам кінәлі.
Сондықтан тез арада мүмкіндігі шек­теулі жандарға қоғамның басқа да мүше­леріндей тиімді өмір сүруге жағдай жасау керек.
Дәл қазір мүгедек ана бала асырап алғысы келсе, біріншіден, қаптаған құ­жаттар кедергі болса, екіншіден, ма­те­риалдық жағдай қиындық тудыруы мүм­кін. Сондықтан заңға өзгеріс енгізіп, мүгедек жан бала асырап алған жағдайда жоғары жәрдемақы тағайындалып, баласына да, өзіне де күтуші жалдайтындай мүмкіндік туғызу керек. Бала туғысы келсе, дәрігерлік кеңестер мен қоғам қам­қорлығын аямай, қиындықсыз босануына жағдай жасау керек. Сондықтан осынау тиімді жағдайлармен қамтамасыз еткенше, мүмкіндігі шектеулі жандардың ана атануына шектеу енгізе тұру керек. Ал қо­ғам осы уақыт ішінде мүгедектердің ана атануына дайындалып үлгеруі қажет. Әйт­песе дәл қазіргі қоғам мүгедектерді ана атандыруға дайын емес.
Соңғы мәлімет бойынша елімізде 563,1 мың мүгедек бар екен. Ол жалпы ха­лықтың 3,4%-ын құрайды. Бұл аз көр­сеткіш емес. Ендеше, қоғамның осы бір то­бын қамқорлыққа алып, тиімді жағдай жа­сауға мемлекет мойын бұрғаны жөн.

Әлима БЕЙСЕНБАЕВА, «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы төрайымының орынбасары:
Жоқ

– Жоқ, бұл пікірге үзілді-кесілді қар­сымын. Мүгедек қыз-келіншектердің бар­лығы дерлік ана атанып, сәбилі болғысы ке­леді. Мәселен, біздің қоғамдық ұйымы­мызда 350-дей қыз-келіншек бар. Олардың барлығының өмірге деген ынтызарлығы, күш-қайраты, ерік-жігері он екі мүшесі сау қыз-келіншектерден кем емес. Тіпті тағ­дырмен тайталасып, сау қыз-келіншектен бетер балалы болуға үмітті дей аламын. Олар мүгедек арбасына таңылғанымен, бала­лы болып, оны өсіруді, жеткізуді қалай­ды. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандар­дың бала асырау және бала туу мүмкіндігін шектеу керек деген пікірмен келіспеймін.
Айта кетерлік жайт, бізге медицина қызметкерлері тарапынан үнемі шектеулер қойылады. Мүгедек арбасына таңылған адамдарға бала деген сөзді мүлдем аузына алуға болмайтын адамдардай қарайды.
«Сен бала туғаныңмен, ол мүгедек болады, ауру болады» деп, тіпті гинеколо­гия­лық кеңес те бермейді. Мәселен, былтыр жеке оңалту бағдарламасының аясында шипажайда демалу үшін №12 емхананың гинеко­логінің тексеруінен өтуім керек болды. Сонда аталмыш емхананың гинекологы «саған гинекологтің не керегі бар? Екіқабат болуға болмайды саған» деп, менің құқымды аяқ­асты етті. Ал шын мәнінде мен де, Қазақстан Республикасының азаматшасымын. Басқа жандардай отбасын құруға, сәбилі болуға, дәрігерлерден кең­ес алуға құқым бар. Бұл – бір ғана менің басымдағы жағдай емес. Барлық мүгедек қыз-келіншектердің басын­дағы жағдай. Дә­рі­герлер мүгедектердің бар­лығына бір­дей мүмкіндігі толық шектелген, кемтар жан ретінде қарайды. Мәселен, мен тек ая­ғымды сылтып басамын. Сол үшін неге ана атанып, бала асырап, бала тумауым керек?! Бүгінде арамызда арбаға таңылған мү­гедек келіншектің өмірге әкелген баласы 5-сыныпта оқып жатыр. Сап-сау, денсау­лы­ғын­да еш кінәрат жоқ. Бұл секілді мың­даған мы­салдарды келтіруге болады. Осы орайда дәрігерлердің мүгедек қыз-келін­шектер дү­ниеге әкелген балалардың ден­саулығы дұ­рыс болмайды дегені мүлдем қате пікір деп айта аламын. Рас, өмірге әк­ел­ген ананың басында материалдық жетіспеушіліктер болуы мүмкін. Бірақ өмірге сәби әкелер алдында мүгедек ана осының барлығын ойлап, іштей дайындалады. Сә­биін ешкімнен кем қылып өсірмеуге тырысады деп айта аламын.
Айта кетер жайт, шетелде ана атанғысы келетін мүгедек қыз-келіншектерге барлық жағдай жасалған. Тіпті оларды босандыратын арнайы орындар да бар. Бір ай бұрын Эстонияда іссапарда болдық. Сонда көзіміздің жеткені – оларда мүгедек қыз-келіншектерге деген көзқарас мүлдем бас­қа. Мүмкіндігі шектеулі жан аяғы ауырлаған сәттен бастап дәрігердің қамқорлығына алынып, медициналық кеңес беріліп, ана болуға даярланады екен. Ал біздің елімізде жағдай жасаудың орнына шектеу қою­ды айтады. Бұл олардың құқын бұзу болып табылады.

Бейтарап пікір
Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА,
Адам ұрпағын өрбіту институтының директоры:
– Мүгедек болғанымен, олардың мүмкіншілігіне қарай отырып, ана атандыру қажет деп ойлаймын. Мәселен, мүгедек болғанымен, аяғы ғана кеміс болса, одан ана атанудан келіп-кететін еш зиян жоқ. Ал мүгедек ананың психикалық ауытқушылығы болса, сәби сүюге шектеу енгізген жөн. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жанның бәрін бірдей жаппай бала асырап, сәби сүюден шектеу дұрыс емес. Тек олардың мүмкіндігі мен мүгедектік түріне мән беру керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста