«Неке және отбасы туралы» заң жобасынан азаматтық неке туралы бап алынып тасталуы керек пе?

«Неке және отбасы туралы» заң жобасынан азаматтық неке туралы бап алынып тасталуы керек пе?

Соңғы жылдары елімізде азаматтық неке деген ұғым пайда болды. Ол жастардың арасында кеңінен қолданысқа ене бастаған сияқты. Бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Аталған ұғымның айналасындағы пікірталастар әлі де азаяр емес. Азаматтық некені жақтаушылар бұл үрдісті «некелесудің заманауи технологиясы» деп атаса, оған қарсы шығатындар «некенің бұл түрін ұлт пен текті жоятын, жетім мен жесірлердің санын көбейтетін технология» деп атайды. Қос тараптың да айтар уәждері аз емес сияқты.

Бақытжан Хасанов, филология ғылымының докторы, социолингвист:
Иә

– Азаматтық неке дегеніміз – адам­­дықтан кеткісі келген қоғамның көңіл­дес­тікті заңдастырып алған түрі. Ол азаматтарымызды, жастарымызды бүлдіріп, елімізді артқа сүйрейтін құбылыс. Сон­дық­тан заңнамадағы мұндай келеңсіз бап­ты алып тастауды қолдар едім. Жалпы, бұл ұғымның атауы да дұрыс емес. Егер оны қазақтың жалпақ тіліне салсақ, бой­суыту деп атар едік. Біз «Батыстан үй­ре­ну керек» деген пікірді жиі айтамыз. Алай­да солардың жақсы жақтарын емес, жа­ман жақтарын көшіріп алуға құмартып тұра­тынымызға таң қаламын.
Азаматтық неке дегеніміз – Батыс ойлап тапқан ең зиянды бастамаларының бірі. Мұндай үрдістің кең етек жаюы қоғамның рухани азып-тозуына, біржынысты некенің заңдасуына жақын қалға­нын көрсетеді. 
Азаматтық неке пайда болғаннан кейін байырғы қазақ ерекше назарда ұстаған жетім мен жесір мәселесі ушығады. Статистикаға салатын болсаң, азаматтық некеге тұрғандардың арасындағы ажырасу фактілері дәстүрлі некеден бірнеше есеге көп. Осы мысалдың өзі азаматтық некенің мемлекетке қалай әсер ететінін көрсетіп тұрған жоқ па? Азаматтық некедегі жастар еш уақытта отбасын құру деген мәселеге салмақты қарамайды. Адам табиғаты ер мен әйелдің жұптасуын қалайды. Ал азаматтық неке осы дәстүрге қарсы шығып, түбінде адамдардың жұп құрау дәстүрін жоқ етеді. Айналып келгенде, азаматтық неке туралы заң ер мен әйелдің бей-берекет жыныстық қатынасқа түсуіне жол ашатын құжат болып шығады.
Қазір балалар үйі тастандыларға толып тұр. Ертеңгі күні азаматтық неке үрдіске айналғанда, олардың саны еселеп өседі. Сонда жетімдердің көз жасына кім жауап береді? Өзіміздің ұлтымызға өзіміз ор қазып жатқандаймыз.
Қазақ үшін шата деген өте жағымсыз ұғым болып саналады, яғни некесіз туылған бала. Мұны дініміз де қаламайды. Құдай алдында ант беріп, некелеспеген жұптан туылған баланың бойында тазалық болмайды. Тексіздік содан туындайды. Бұл мәселені депутаттар қайта қарап, аталған бапты алып тастауы қажет деп ойлаймын. Депутаттар қазақтың дүниетанымында бар нәрсеге, көп әйел алушылыққа да шектеу қойды ғой. Ендеше, азаматтық некеге де солай тосқауыл жасауға тиіс.

Марат Шибұтов, саясаттанушы:
Жоқ

– «Неке және отбасы туралы» заң жо­ба­сынан азаматтық неке туралы бапты алып тастау ер адамдардың да, әйел адамдардың да құқығын шектеу болар еді деп есептеймін. Кейде адамдар бір-бірін толық танымастан отау құрып алады да, сол әрекеті үшін өмір бақи қорланып жүреді. Әрине олар, ең ал­дымен, айналадағылардың сұқтауынан қор­қады. Оның үстіне біздің бюрократиялық қо­ғамда заң жүзінде ажырасудың өзі оңай нәрсе емес, көптеген қиындықтар тудырып жа­тады.
Азаматтық неке адамдардың бір-бірін дұ­рыс тануына мүмкіндік береді. Жалпы, ондай не­кеде адамдар бір-біріне төзімділікпен қа­рау­ды үйренеді. Адамдар кіммен некелесемін дес­е, өз еркі болуы керек. Бір жағынан, азамат­тық неке жаңа ойлап табылған нәрсе емес.
Ол Батыс елдерінде әбден сынақтан өткен. Әрине, азаматтық некеге қарсы шы­ғатындар көбіне «балалар жетім қалады» деген пікірді алға тартады. Алайда менің­ше, ол адамдардың өздеріне байланысты. Дәстүрлі некеден жетім қалып жатқандар да аз емес қой. Меніңше, қайта керісінше, азаматтық некеге отырған адамдар үй бо­лып, бірге тұрып кете алатындығына көз жеткізген соң барып бала туады. Сәйке­сінше, бұл қайта жетімдер санын азайтуы да мүмкін.
Қазір азаматтық некені заңдастырып, көп әйел алушылықты тыйып тастағандары үшін депутаттарға реніш білдіретіндер көп. Меніңше, көп әйел алушылық – таза фео­далдық қоғамнан қалған нәрсе. Оған ер­кек­тер саны мүлде азайып кететін соғыс жағ­дайында рұқсат беруге болар еді. Қа­зіргі жағдайда әйелдер мен еркектер саны­ның үлес салмағында айтарлықтай үлкен алшақтық жоқ. Яғни бұл ел арасында тең­сіздік орнатады. Мәселен, дәулетті адам­дар бірнеше әйелден алатын болса, кедей адамдар бір әйелге де қол жеткізе алмай қалуы мүмкін. Азаматтық неке әйелдердің құқығын таптайды деген пікір де жиі ай­тылады. Мен оған келіспеймін. Қазақстанда гендерлік мәселенің құқығы жақсы еске­ріл­ген. Әйелдер, ең алдымен, өздерінің құқық­тарын, азаматтық некенің шарттарын жақ­сы білуге тиіс. Сонда олардың құқығы тап­талмайды. Әйел құқығы қайта дәстүрлі неке­де көп тапталады емес пе?

Түйін
Батыс елдеріне еліктейміз деп жүріп, көп нәрсені құрбандыққа шалып жібергеніміз жасырын емес. Азаматтық некені заңдастыру мәселесі сол еліктеуден жасалған қате шешім болуы мүмкін. Себебі оның салдарын кез келген статистикалық мәліметтер ашық көрсетеді. Азаматтық некеге отырған адамдардың бойында ажырасуға бейімділік пайда болатынын дәлелдейтін психолог мамандар да бар. Жуырда Мәжіліс неке туралы заңды қарап, біржыныстылардың некеге отыруына бір- ауыздан қарсылық білдіріп еді. Бәлкім, жақын болашақта азаматтық неке мәселесін де қайта қарау қажет шығар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста