Отандық телеарналар көрсетілімін қадағалайтын қоғамдық комиссия құру керек пе?

Отандық телеарналар көрсетілімін қадағалайтын қоғамдық комиссия құру керек пе?

Соңғы уақыттарда отандық телеарналар әсіресе депутаттар тарапынан өткір сынның нысанасына айналып келеді. Шынында да, қазір «көк сандықтың» тетігін басып қалсаң, небір сұмдықты көз алдыңа алып келеді. Бұл мәселені қазақ қоғамы шырылдап айтқалы қашан! Осы мәселені халық қалаулылары та­яуда тағы да қозғап, ҚР байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев пен еліміздің Бас прокуроры Қайрат Мәмиге арнайы депутаттық сауал да жолдаған болатын. Онда отандық телеарналар көрсетілімін қадағалайтын қоғамдық комиссия құру керектігі жөнінде ұсыныс айтылған. Егер де бұл ұсыныс қабылданып, аталған комиссия құрылатын болса, отандық телеарналар заңға бағынып, өз көрсетілімдерін қаншалықты ұлттық идеологияға негіздей алады? Тақырыпты талқыға салып көрсек...

Сағынбек ТҰРСЫНОВ, Мәжіліс депутаты:
Иә

– Қоғамдық сананы қалыптастыруда, бала тәрбиесінде бұқаралық ақпарат құ­рал­да­рының, оның ішінде телеарналардың алар орны ерекше. Балалардың күнделікті уа­қ­ытының қанша сағатын теледидар ал­дын­да өткізетіні айтпаса да түсінікті. Сон­дық­тан телеарналарда көрсетілетін тү­сі­рілім­дердің сапасы мен мазмұнына аса мән берілуі қажет деп ойлаймын. Еліміздің «Бұ­қаралық ақпарат құралдары туралы» за­ңында «порнографиялық және арнаулы сек­суалдық-эротикалық сипаттағы радио, те­ледидар бағдарламаларының эфирге шы­ғарылуына, сондай-ақ кино және бейне өнi­мiнiң көрсетiлуiне, қатыгездiк пен зор­лықты насихаттауға тыйым салынады» деп жа­зылғанына қарамастан, қай арнаны алып қарасаңыз да, атыс-шабыс, қантөгіс немесе эротикалық сипаттағы шетелдік фильмдер мен бағдарламалар, клиптер ұдайы көрсетіледі. .
 БАҚ туралы заңның 14-бабының 3-тармағы бойынша 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап алкогольдік өнімдерді жарнамалауға тыйым салынған. Алайда ретрансляцияланатын ресейлік ар­на­лардағы сыра немесе басқа ішім­дік­тердің жарнамасы біздің эфирде үздіксіз кө­р­сетілуде. Бұл  Қазақстанның заң­на­ма­ларына қайшы. Сондықтан аталған заң­ның орындалуын қамтамасыз ету және ба­ла­лар мен жастар тәрбиесін жақсарту мақ­сатында телеарналар көрсетілімін қа­да­ғалайтын қоғамдық комиссия құру ке­рек-ақ. Мұндағы негізгі мақсат Тәуелсіз мем­лекетіміздің ақпараттық қауіпсіздігін қам­тамасыз етіп, жас ұрпақтың патриоттық ба­ғыттағы дұрыс тәрбие алуына барынша жағ­дай жасау болып табылады. Қазіргі уа­қытта еліміздің ақпараттық кеңістігін өз­ге­нің дүниесі жаулап алды. Мысалы, БАҚ ту­ралы заңда 2003 жылдың 1 қаң­та­рынан бастап шетелдік теле-радио бағ­дар­ла­ма­ларды отандық арналар ар­қылы ре­тран­сляциялау көрсеткіші 20 пайыз­дан аспау керек делінген. Бірақ тайға таң­ба басқандай етіп жазылған осындай заңдық нормаларды қадағалап отырған ешкім жоқ. Ең бірінші кезекте осы заңның 14-бабының ре­тран­сля­ция­­лау­­­ға қатысты тұсындағы «Бұл талап ка­бель­дiк және эфирлiк-кабельдiк те­ле­ди­дар­лар тарататын хабарларға қол­да­нылмайды» деген сөйлемді мүлде алып тас­тау қажет. Олай болмаған күнде, әсі­ресе біздің телеарналар заңымызға пыс­қырып та қарамастан, өз біл­ген­де­рінше әрекет етуде. Сондықтан да қысқа мер­зім ішінде отандық телеарналар көр­сетілімін қадағалайтын қоғамдық ко­­миссия құрмай, БАҚ туралы заңның орын­далуына бақылау жасай алмаймыз. Аталған комиссия құзыры еліміздегі қап­таған коммерциялық теле-радио­ар­на­лар мен кабельдiк теледидарларға да жү­руі тиіс. Бірқатар дамыған шет мем­ле­­кеттерде телеарналардың эфирлік көр­­сетілімдеріне айтарлықтай ықпал ете ала­тын қоғамдық комиссиялар жемісті жұ­мыс істеп отыр. Мұндағы басты мақ­сат – тиісті заңдардың орындалуына әсер ету.

Серік ӘБІКЕНҰЛЫ, «Алматы» телеарнасы бас директорының орынбасары:
Жоқ

– Мемлекетімізде БАҚ туралы заң бар. Бі­рақ оның орындалу барысы мүлде қада­ға­­ланбайды. Осыдан келіп электронды бұ­қа­­ралық ақпарат құралдарының эфирінде ала-құлалық пайда болды. Себебі осы заң­­ның дұрыс жұмыс істеуіне жауапты ми­нис­­тр­­­ліктер мен сот, прокуратура сияқты құ­­зыр­лы орындар дәл осы жағдайда бей­қам­­дық та­нытып келеді. Қазір бізде заң қыз­мет­кер­ле­рінен көп ешкім жоқ. Алайда олар ша­ғым түс­песе, оңайлықпен қимыл­дай қой­майды. Са­йып келгенде, телеарна­лар мен ра­дио­лар­дың эфирлік саясатын қа­­да­­ғалап, оларға кәдімгідей ықпал ете ала­тын ме­кемелер жетерлік. Біз осы ба­ғыт­тағы жұмыстарымызды күшейтуіміз керек. Әйтсе де телеарналардағы заңбұзу­шы­лыққа қа­тыс­ты журналистер қа­уы­мын жап­пай кінә­лай беруге болмас. Жал­­пы, отан­дық теле­ар­налардың көр­се­ті­лім­де­рін рет­ке келтіру ке­ректігі жө­­ніндегі мә­се­ле­ні қазақ журналистері мен зиялы қа­уым бая­ғы­дан-ақ көтеріп ке­леді.
 Ал біздің жоғарыда отырған депутат мырзаларымыз «жерден жеті қоян тапқандай» сәті келгенде аяқ астынан «мәселе көтергіш» бола қалатын сияқты. Әрі-беріден соң, еліміздің әр саласына қа­тысты қыруар заң сол депутаттардың қо­лынан өтеді емес пе?! Олар өздері шы­ғарған заңдарды өздері орындата алмай оты­рып, тиісті орындардың құзыретін қо­ғам­дық комиссия құзыретіне ысыра сал­мақ па? Сонда «халық қалаулылары» не іс­тейді? Бұл жауапкершілікті өзгенің мой­ны­на арту емес пе? Неге біз осы қит етсе белгілі бір заңның орындалуын бақылап оты­­ратын қоғамдық комиссия құруға әуес­­піз? Мұндайда қазақ «қойшы көп бол­­са, қой арам өледі» демей ме?!. Қазір елі­мізде мұндай аты бар да, заты жоқ қан­ша­ма комиссия бар! Ал солардың айт­қан сын-ескертпелерін есепке алып, ше­шім­дерінен нәтиже шығарып отырған бі­реу бар ма? Қалай десек те, заңның күші әсер ете алмаған эфирдегі былықтарды еш­қан­дай саяси салмағы мен беделі бол­майтын қо­ғамдық комиссия реттей алады де­генге се­ну қиын. Мәселені бұлай шешуге ты­рысу біздегі заңдардың әлсіздігін көр­сет­се ке­рек.
Мысалы, бір телеарна күніне бір са­ғат­тан астам уақыт сектасымақ әлдебір дін өкіл­дерінің уағыздарын ашықтан-ашық бе­ріп жатыр. Міне, отандық теле­ар­наларға жа­ны ашитын депутаттар жал­пылама бай­балам салғанша, осындай нақты мы­сал­дар келтіріп, нақты шешімдердің қа­был­да­нуына ықпал етсе, игілікті іс болар еді. Ал мұндай пәрменді мәселелерді шешуге кел­генде қоғамдық комиссияның дәрмені болмайды.

Бейтарап пікір
Қанат ТІЛЕУХАН,
«Стан» ақпараттық бейнепорталының продюсері:
– «Отандық телеарналар көрсетілімін қадағалайтын қоғамдық комиссия құру керек пе» деген сауалға «иә» деп те, «жоқ» деп те жауап беруге болады.
Аталған комиссияның құзыреті мен міндеттері қандай болмақ? Жергілікті телеарналар оның айтқанына көне қояр ма екен? Егер осындай комиссия құрылатын болса, біз эфирлерімізді қаншалықты тазалай аламыз? Қалай болған күнде де бұл идея бізге тығырықтан шығатын жолды нұсқай алмайды. Демек, телеарналардың жұмысын қадағалап отыратын қоғамдық комиссия құрудың аса бір қажеттігі туындап отырған жоқ. Мысалы, Парламенттің жанындағы Қоғамдық палата үлкен бір саяси шешімдердің тууына ықпал ете алып отыр ма? Жалпы, қоғамның мәселесін қоғамның өзіне ысыра салуға болмайды. Таяуда ғана «31» телеарна басшылығы «Тіл туралы» заңды орындай алмай отырғандығын ресми мойындады. Бұл жөнінде ақпарат құралдары жарыса жазды да. Бірақ осындай заңбұзушылық әшкере бола отырып, Ақпарат министрлігі мен басқа да құзырлы орындар белгілі бір шешім қабылдап, ешқандай да шара қолдана алмады. Бұл біздегі БАҚ туралы заңның орындалуын тиісті орындар қажетінше қадағаламайды дегенді білдіреді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста