Өзбекстанның ҰҚШҰ-дан шығуы аймақтағы геосаяси тепе-теңдікке кері әсер етпей ме?

Өзбекстанның ҰҚШҰ-дан шығуы аймақтағы геосаяси тепе-теңдікке кері әсер етпей ме?

Жуырда Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі Мәскеудегі Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының хатшылығына нота жіберді. Онда Өзбекстанның аталған ұйымдағы өз қызметін тоқтататындығы айтылған. Бұған дейін де айтарлықтай белсенділік көрсетпеген Өзбекстанның бұл саяси шешімін сарапшылар қауымы әртүрлі талқылап жатыр. Әсіресе ресейліктер Өзбекстанды өзге күштердің жете­гінде кетті деп айыптауға асығуда. Қазақстандық сарапшылардың да бұл мәселеге қатысты пікір қайшылығы жоқ емес сыңайлы.


Болат ӘУЕЛБАЕВ, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сыртқы саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі:
иә
– Өткен жылдың соңына қарай Минскі­де ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер­дің басшылары маңызды бір құжатқа қол қойған болатын. Онда ҰҚШҰ-ға қатысы жоқ елдердің әскери базаларын орналастыру тек ұйымға мүше мем­ле­кеттердің барлығының келісімі арқылы ғана жасалады делінген. Қазіргі кезде Ауғанстаннан әскери техникалардың шы­ғарылуы көптеген ел үшін маңыз­ды мәселе болып отыр. Қазіргі жағдайда сол әскери техникаларды қабылдауға қабілетті ел Өзбекстан ғана болып отыр. Өйткені, біріншіден, көлік қатынасы ың­ғайлы, Хайратон – Мазари-Шариф те­мір­жол қатынасы бар. Осыған бай­ла­нысты Өзбекстанның алдағы жоспары мен ҰҚШҰ-ның талаптарында сәйкес­сіздік­тер пайда болды.
Бұған дейін Кремль сол ауыр техникаларды Ульяновскіге тасуды ұсынған болатын. Жуырда Ресей президенті Владимир Путин өз сапары барысында Өзбекстанға тоқтаған кезде Ислам Кәрімовпен арада бұл тақырып талқыланды деп ойлаймын. Нәтижесі өзіміз көріп отырғандай сәтсіз болған сыңайлы. Өзбекстанның ҰҚШҰ-дан шығуы осы жағдаймен тікелей байланысты деп ойлаймын. Енді көп ұзамай Өзбекстан НАТО-ға мүше мемлекеттердің, оның ішінде АҚШ-тың артық техникала­рының қоймасын ашатындығын мәлім­дейді. Әрине, мұны ресми тілде әскери база деп атай алмаймыз. Дегенмен іс жү­зіне келгенде оның әскери базадан айыр­машылығы шамалы. Оның ішінде әскери қару-жарақтар да, инженерлік техникалар да, түрлі бульдозерлер, құдық қазатын, канал салатын техникалар да бар. Соған қарамастан, Өзбекстан алдағы уақытта НАТО-ның стандарттарына көшеді деп айта алмаймыз. Мұны, негізінен, ком­мерциялық жоба деп атасақ та болатын шығар. АҚШ-та, НАТО-ның өзге мүшелері де Өзбекстанға жеткілікті деңгейде ақы төлеуге дайын. Алайда бұл экономикалық жоба болға­ны­мен, бұл шешім Ресей мен Өз­бекстанның арасын алшақтатып жібереді. Экономикалық, ком­мер­ция­лық қарама-қайшы­лық­тар ушығатын болса, гео­саясаттағы қайшылықтарға алып келетіні аймақтағы геосаяси тепе-теңдікке кері әсер ететіні сөзсіз.


Сапарбай ЖҰБАЕВ, Еуразия ұлттық университетінің доценті, экономика ғылымының кандидаты:
жоқ
– Осы уақытқа дейін ҰҚШҰ-ның аймақтық деңгейде атқарып жатқан жұмыстары Өзбекстансыз-ақ жүзеге асырылып жатыр. Оның әскер саны да, әскери мүмкіндіктері де Өзбекстансыз айтылып жүр. Сондықтан Өзбекстанның ҰҚШҰ-дан шығып кетуі аталған әскери одақтың мүмкіндіктерін шектемейді. Өзбекстанның аймақтағы процестердің барысына әсері, аймақтағы бейбітшілікті қамтамасыз етудегі рөлі өте үлкен екені сөзсіз. Сондықтан оның ҰҚШҰ қатарын­да болғаны жақсы болар еді. Бірақ оның шығып кетуі әскери одақтың жұмысына ке­дергі болмайды.
Өзбекстанның ҰҚШҰ қатарында өз жұ­­мысын тоқтатуына себеп көп деп ой­лай­­мын. Біріншіден, бұл Өзбекстанның өзіндік ерекше саясатына байланысты.
Ол саясаттың негізі – ешқашан өзге елдерге, халықаралық органдарға тәуелді болмауға ұмтылуы. Мұны біз бұрыннан білеміз. Мысалы, олар кез келген одаққа, мекемеге біресе кіріп, біресе шығып жүреді. Орталық Азиялық одақты да беріліп қолдай қойған жоқ, Кедендік одақты да сырттан бақылайды, ЕурАзЭқ-ке де басыбайлы кірмейді, ҰҚШҰ қатарында да белсенділік танытқан емес. Қысқасы, тиіп-қашып жүреді. Өзбекстан, негізінен, екіжақты қарым-қатынас жүр­гізуге басымдық береді.
Екінші себеп Ауғанстан мәсе­лесінен туындап отыр. Өз­бекстан тарапы Ауғанстанмен экономикалық тиімді әріп­тестік жасағысы келеді. Қазір екі ел арасындағы теміржол қа­ты­насын дамытып жатыр. Ал ҰҚШҰ-ның Ауғанстанға қа­тысты ұстанымы бұрын­ғы кеңестік дәуірдің үстемдік жүргізу саяса­тына көп жақын келеді. Бұған Өзбекстан келісе алмайды. Себебі Ауған­станда 2 миллионға жу­ық өзбек бар деп есеп­телінеді. Сондықтан он­ың саясаты өзгеше.
Үшінші себеп АҚШ пен НАТО күштерінің Ауған­стандағы әскери қару-жарақ, әскери техникаларына байланысты бо­лып отыр. АҚШ мем­лекеті мен Пәкістан­ның арасында араздық бар. Иранның жайы айт­паса да түсінікті. Яғни ең тиімдісі солтүстік ба­ғыт­тағы Өзбекстан болып отыр. АҚШ мемлекеті өзінің ең соңғы үлгілермен жасалған қару-жарақтарын қалдырып кетуге мүдделі. Себебі кері қарай қайта тасу АҚШ үшін экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Осы заманауи қарудың біздің аймаққа келуі Өзбекстан үшін де, ҰҚШҰ-ның өзі үшін де тиімді. Өйткені Өзбекстанға тасымалданбай, АҚШ-тың өзінде қалдырылатын болса, бұл техни­ка радикалды күштердің, тәлібтердің қолына түсуі ықтимал. Қорыта айтқанда, Өзбек­станның ҰҚШҰ-дан шы­ғып кетуі айтар­лықтай ештеңені өзгерт­пейді. Бұл – олардың тәуелсіздік алғалы бері ұс­танып келе жатқан саясатының жал­ғасы.

Бейтарап пікір
Расул РЫСМАМБЕТОВ,
саяси сарапшы:
– Өзбекстан ешқашан ҰҚШҰ-ның белсенді мүшесі болған емес. Сәйкесінше, оның кетуі де байқала қоймайды. Әдетте Өзбекстан осындай халықаралық ұйымнан шығатынын айтқан соң, оның артында соның себебін көрсететіндей мәлімдейді. Меніңше, ресми мәлімдемені күту керек сияқты. Дегенмен Өзбекстанның ҰҚШҰ-дан шығуынан трагедия жасаудың қажеті жоқ. Себебі ол өзге бір әскери одақтың қатарына қосылайын деп жатқан жоқ қой. Өзбекстан көп жағдайда экономикалық мүддесіне қарай жұмыс істейді. Сондықтан оны осы шешімі үшін сынаудың қажеті жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста