Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясын құруға қажеттілік бар ма?

Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясын құруға қажеттілік бар ма?

Әйелдердің халықаралық мерекесі қарсаңында Түркияда нәзік жандылардың теңдігін қорғайтын жаңа саяси партия құрылды. Тек қана әйел саясаткерлерден тұратын саяси құрылым болашақта үлкен додаларға қатысуды мұрат тұтып отыр. Әйелдер партиясының құрылуына әркім әртүрлі көзқарас білдіреді. Десе де бұл құбылыс посткеңестік кеңістікке де жат емес. 1994-2007 жылдар аралығында Беларусь елінде «Надзея» атты саяси құрылым қызмет жасаса, Украинада дәл сондай әйелдер партиясы әлі күнге дейін жұмыс істеп келеді. Осы ретте еліміздің белсенді әйелдері де «Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясын құру керек» деген идеяны айтып қалды. Осы ретте «Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясын құруға қажеттілік бар ма?» деген сауал төңірегінде пікір жиған едік.

Зүлфия БАЙСАҚОВА, Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағының төрайымы:
Иә

– Өздеріңіз білесіздер, біздің елдің Конституциясы елімізде азаматтардың жынысына қарап саяси партия құруына мүмкіндік бермейді. Бұл белгілі бір дә­режеде дұрыс та шығар. Десе де мен Қа­зақстанда әйелдердің құқын қор­ғай­тын саяси партия құрылуын қолдаймын. Иә, бізде бірнеше саяси партия бар. Ол саяси құрылымдарда әйелдер де қызмет жасайды. Бірақ бәрібір билікке ер-аза­маттар жетеді. Қарап тұрсаңыз, біздегі рес­ми тіркелген, тіркелмеген оннан аса саяси партияның ешқайсысын да әйел басқармайды. Әйелдер проблемалары ха­лықаралық мереке кезінде ғана ке­ңі­нен насихатталып, басқа уақытта тасада қа­лып қояды. Меніңше, Қазақстанда қа­зіргідей заң рұқсат бермей тұрған кез­де саяси партияның негізгі белсен­ді­ле­рінің арасындағы әйелдердің үлес сал­ма­ғын арттыру керек.
Яғни кез келген саяси партияның ше­шім қабылдайтын басшылықтарында 30 па­йыз орын әйелдерге берілуі керек. Қазіргі кезеңде олар­дың қоғамдағы рө­лі­не, қызметіне кө­­ңіл бөліну қажет деп бі­ле­мін. Ал, негізінен, әйел­дердің құ­қы­ғын қорғайтын жеке пар­тиясы болған тіпті жақсы. Әйелдердің же­ке саяси партиясы құ­рылса, оған еліміздегі бар­лық нәзік жан­дылардың мүше болуы тіпті де міндетті емес. Ол саяси құрылым бол­ған­нан кейін оның жеке бағдарламасы бо­лады. Ал ха­лық сол партияның бағдар­ла­масына, сая­си көзқарасына қарап қана мү­ше болады. Егер әйелдерге партия құ­ру­ға рұқсат бе­рілетін болса, тек қана әйел­­дердің құ­қы­ғын қорғаумен ғана емес, саяси, эко­но­ми­калық, әлеуметтік мәселелерге де ара­ласар еді. Қазір бізде әйелдердің бас­та­ма­шылдығымен құрыл­ған қоғамдық ұйым­дар мен бірлестіктер өте көп. Осы ар­қылы әйелдердің қоғам­да­ғы бел­сен­ділігі де артып келеді. Қоғам­ның түрлі саласында қызмет етіп, өте үл­кен тәжірибе жи­наған әйелдер қаншама?! Өз­деріңіз бі­ле­сіздер, жақында ғана Түр­кия­да әйел­дер­дің саяси партиясы құ­рыл­ды. Сол сияқ­ты Украинада да қызмет ете­ді. Демек, әйел­дердің саяси партиясы қо­­ғам­ның да­муы­на ықпал етпесе, зияны жоқ деп ой­лаймын.

Майра АЙСИНА, Мәжіліс депутаты:
Жоқ

– Қазақстан әйелдерінің жеке де­мо­кра­тиялық партиясын құруға ешқандай да қажеттілік жоқ. Біріншіден, Қазақстан – демократиялық, құқықтық мемлекет бол­ғаннан кейін нәзік жандылардың сая­сатқа еркін араласуына жағдай жасап отыр­ған мемлекет. Бұрындары заң шы­ға­рушы, атқарушы органдарда әйел­дер­дің үлес салмағы аз болған, ал қазіргі кез­де нәзік жанды саясаткерлердің қа­тары жыл сайын көбейіп келеді. Пар­ла­мент Мәжілісінің өзінде – 19, Сенатында екі әйел депутат бар. Үкіметте де олардың са­ны артып келеді. Қазірдің өзінде үш ми­нистріміз бен жеті вице-министріміз әйел адам. Яғни бізде жынысына қарап ала­лаушылық жоқ. Біздің елдегі саясаткер әйел­дердің пайыздық көрсеткіші Ре­сей­дегі, Орталық Азия елдеріндегі пайыздық көр­сеткіштерден жоғары екен. Биліктің тағы бір тармағы – сот жүйесінде де көптеген әйелдер жұмыс істеп жатыр.
«Әйелдердің жеке партиясын құру қа­жет емес» деуімнің тағы бір себебі – қазіргі кезде әйелдердің қоғамдағы бел­сен­­ділігін арттыруға барлық жағдай жа­са­лып отыр. Іскер топтың 40-тан астам па­йызын нәзік жанды бизнесмендер құ­рай­ды екен. Қа­зіргі кезде біздің елде әйел­дердің баста­масымен құрылған бір­не­ше үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Осы қоғамдық ұйым­дар мен бірлестіктер ар­қылы да мін­берлерді пайдаланып, сая­сатқа қатысуға болады ғой. Қазірдің өзін­де тек қана әйел­дердің мәселесін кө­те­ре­тін «Іскер әйел­дер ассоциациясы», «Әйел­дердің республи­калық кеңесі» «Қа­зақ­станның кәсіпкер әйел­дері одағы» сияқ­ты т.б. бірнеше қоғамдық бірлестіктер бар. Олар өздерінің ой-пікірлерін ашық ай­тып жүр. Гендерлік саясаттың дамуына да үлестерін қосып келеді. Үлкен саясатпен айналысқысы келетін, саяси мансап қу­ғы­сы келетіндер болса, әйелдердің ғана пар­тиясын құр­май-ақ, еліміздегі тіркеу­ден өткен он шақты партияның біріне кіру ар­қылы да өз мақсаттарына жетуге бола­ды. Қазақстан құқықтық ел болғаннан ке­йін Ата Заң арқылы еліміздегі азаматтарды ұлтына, дініне, жынысына қарап алалауға жол бермейді. Мысалы, біздің «Нұр Отан» партиясының 52 пайызы – әйелдер. Яғни, саяси амбициясын, саяси көзқарасын сол партия арқылы жеткізіп жүр. Ал енді «Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясын құру» деген идеяның негізі жоқ. Қазақ мұндай жағдайды «үй ішінен үй тігу» дейді ғой. Өз басым бұл идеяны қолдамаймын. «Тіпті биліктен әйелдерге квота қарастырылу керек» деген ұсы­ныс­тар да айтылып жатады. Бұған да қар­сы­мын. Кез келген азамат әйел болсын, ер­кек болсын олардың құқығы тең. Кім бол­са да белгілі бір қызметке біліміне, бі­ліктілігіне, кәсіби тәжірибесіне сүйеніп жет­кені жөн. Тіпті гендерлік саясатты да­мытуды әлде­қайда ертерек бастаған Ба­тыстың дамыған мемлекеттерінде әйел­дердің партиясын құру туралы ай­тыл­майды. Германия канц­ле­рі Ангела Мер­кель қазіргі деңгейге әйел­­дердің пар­тиясын құру арқылы жет­кен жоқ қой. Сондықтан Қазақстанда әйел­дердің сая­си партиясын құру қа­жет­тілігі жоқ деп білемін.

Бейтарап пікір
Меруерт ҚАЗБЕКОВА,
«Қазақстан кәсіпкер әйелдер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:
– Меніңше, әйелдердің жеке саяси партиясын құрудың қажеті жоқ. Оған еліміздің Конституциясы да рұқсат бермейді. Яғни, біздің Ата Заңымыз бойынша ұлтына, дініне, жынысына қарай саяси партия құруға жол берілмейді. Әйелдерге өзге де саяси партияларға мүше болу арқылы саяси белсенділігін көрсетуге болады. Десе де еліміздегі халықтың 52 пайызы әйел бола тұра, бірде-бір қаланың, бірде-бір облыстың басшысы әйел емес. Осы мәселені де ескеру керек сияқты. Әйелдердің саяси белсенділігін арттыру қажет деп есептеймін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста