Қазақстан азаматтығын алмаған шетелдіктерге тұрмысқа шығуға тыйым салу қажет пе?

Қазақстан азаматтығын алмаған шетелдіктерге тұрмысқа шығуға тыйым салу қажет пе?

«Қызым – үйде, қылығы – түзде» деген мәселе қай заманда да алдымыздан кесе-көлденең шығып келеді. Мұны сан қырынан талқылауға болар ма еді, тек бүгінде қыздарымыздың шетелдіктерге тұрмысқа шығу жағдайы солардың барлығынан басып озып тұрғандай. Ата заңымыз бойынша, әрине, кімнің қай ел азаматына тұрмысқа шығамын десе де, өз еркі. Алайда мұның қайшылық туғызар тұсы жоқ па? Біз осы мәселелерді ескере отырып, қыздарымыздың шетелдіктерге тұрмысқа шығуын талқылауды жөн көрдік.

Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, жазушы, драматург:
Иә

– Әрине, қазақтың азаматы ретінде қыз­да­рымыздың өзге ұлттың етегінен ұстап кетуі­не қарсымын. Қазақтың қызы қазаққа тұр­мысқа шықса, олар санымызды көбейтсе де­ген ой-тілек ұлтжанды азаматтардың әр­қайсысының көкейінде жүрері сөзсіз. Сон­дық­тан қазіргі кезде қоғамда орын алып жат­қан қыздарымыздың жатжұрттық, тіпті біз­ге тілі де, діні де бөтен азаматқа шығуына қат­ты қынжыламын. Осыған тыйым салу қа­жет дер едім, бірақ ол дәл қазіргі біздің за­ңымызға қайшы келері сөзсіз. Сонда да осы тұрғыда бұл проблеманы қалай шешуге бо­латынына, яғни тосқауыл қоюға болатындай өз ұсыныстарымды айтқым келеді. Мысалы, бауырлас Түрікменстанда қыздарын ал­ғысы келетін шетел азаматтарына белгілі бір мөлшерде, шамамен 50 мың доллардай қаржы төлеуі керек.
Бізде де қыздарымызды кім көрін­ген­нің жетегінде жібермеу үшін еліміздегі заң та­лап­тарын қатайтып, ақшалай түрде са­лық салмаса да, «кемінде біздің елімізде бес жыл тұруы керек» дегендей қа­таң талап­тар енгізу керек секілді. Себебі бұл жерде  мемлекеттік қауіпсіздік мәсе­лесі жатыр. Қалайша? Бүгінде қағаз жү­зін­дегі жалған неке деген шығып жатыр. Яғни белгілі бір мақ­сатты көздеп, соған жету үшін ғана некелесу. Міне, қыз­да­ры­мызға үйле­нудің астарында біздің ел­дің азамат­ты­ғын алу, Қазақ­станда қалу деген саясат жатуы мүм­кін. Меніңше, ондай­лардың көбі бір қазақ­тың қызын алып, бақытты от­басын құрайын деп жатқан жоқ. Үйлен­се, бес жылда елі­міз­дің азаматтығын алады, содан біртіндеп артынан тағы біреулерді тартады. Демек, бұл – Қазақ­станды жатжерліктердің жау­лап алуының бір жолы. Біздің бас­шы­лық­тағылар осыны түсінбей отырғанына менің таңым бар. Осы мә­селеге ешкім көңіл бөлмек түгіл, тіпті мән беріп те жатқан жоқ. Ал ең үлкен қауіп – осында. Ал біз оған көзжұма қарауы­мыз­дың сал­да­рынан шет­тен келіп, еліміздің аза­мат­тығын ала алмай жүргендер үшін қазақ қызына үйлену азаматтық алудың ең оңай жолына ай­нал­ды. Тіпті жасына да, бас­қа­сына да қарамай, ақша береді де, әлгіндей жалған некеге отыра береді. Ал АҚШ-та таяуда біздің ел­ден барған екі қыз сол елде қалу үшін Аме­рика азамат­та­рымен жал­ған некеге отыр­ғаны үшін      бес жыл­ға сотталып кетті. Бұл жер­де некенің ас­та­рын­да мемлекеттің қауіп­сіз­дігі тұр. Бізге де дәл осындай қатаң талап керек. ҚР «Не­ке және отбасы туралы» За­ңын қай­та қа­рап, осындай тұстарына өз­гер­тулер мен толықтырулар енгізу керек.

Светлана ЖАЛМАҒАМБЕТОВА, ҚР Парламент Сенатының депутаты:
Жоқ
– Жоқ, тыйым салу деген дұрыс емес, ол еліміздің Конституциясына қайшы. ҚР Ата Заңында Қазақстан құқықтық демократия­лық, зайырлық мемлекет деп жазылған. Сон­­дай-ақ онда адамның жекеменшік құ­қы­ғы мемлекеттің құқығынан жоғары деп жа­зыл­ған. Сондықтан бұлай ету, жалпы, адам құ­қығын шектеу болып табылады. Біріншіден, кіммен, қандай ұлт өкілі, қай елдің азаматымен некеке тұрамын десе де, әр адамның өз еркі, адами құқығы. Екіншіден, махаббат. Адамның бақыты ол ешбір шекарамен шектелмейді ғой. Біздің Конституциямызда «адамның құқығы мемлекеттің құқығынан жоғары» деп жазылып тұрады. Ендеше, осылай анық жазылған құқықты таптауға қалай жол бермекпіз? Мүмкін, некеге тұру арқылы айталық, дәл осы жағдайда өзге елдің азаматы біздің елдің азаматтығын алуды көздейтін де шығар?..
Біздің заң бойынша ол азамат егер біз­дің азаматтығымызды алғысы келсе, өз елі­нің азаматтығынан бас тартып, одан шығуы керек. Егер соған келісіп, өз елінің аза­мат­тығын біздің елдің азаматтығына айыр­бас­тау­ға шешім шығарса, онда ол да – өз құ­қы­ғы. Айналып келгенде, басты мә­селе – адам­ның құқығында, қандай бір ұлт­тың, мем­лекеттің мүддесі емес. Біреулер айтар, мүмкін, кәрі қыздар санын солай азайту керек деп, мәселе онда да емес, кәрі бол­сын, жас болсын ол өз еркімен шетел­дікке тұрмысқа шығуды дұрыс деп шешті ме, сезімі соны қалады ма, демек, еркі бар. Со­нан соң тағы бір ескерерлік мә­се­ле – қазақ қызына үйленген шетелдік аза­мат бәрібір біздің менталитетімізге кірігіп, мәдениетіміз бен тұрмыс-сал­ты­мызды қабылдайды. Сондықтан соның бә­рін қабылдап, осы ел­дің азаматы болам деген адамның неге біз кеудесінен кері итеруге тиіспіз? Жалпы, мен ойлаймын, шетелдік азаматтың етегінен ұс­таған қазақ қыз­дарының міндеті – сол аза­матты қа­за­қи­ландыру, біздің мента­ли­тетімізге бейім­деу. Ол біздің елімізде тұрып, заңымызға бағынып, мәдениетті қабылдап жат­са, қайта біз одан ұтамыз.

Бейтарап  пікір
Мақаш ТӘТІМОВ,
демограф-ғалым:
– Қыз кімге тұрмысқа шығады, ол азаматтыққа байланысты емес. Некеге тұрғаннан кейін де қай елдің азаматтығын алу да – олардың өз еркі. Мәселе бұл жерде некелесуде де емес, адамның өмір жасы, ерлер санының аздығы деген мәселелер бар. Ал енді қыздарымыздың шетелдік азаматқа тұрмысқа шығуы біздің ұлтымызға ешқандай зиянын тигізбей ме десең, онда ол – басқа мәселе. Әрине, зиянын тигізеді, егер қытайға тиіп, одан тапқан балаңды қытай қылып тәрбиелесең. Ал, керісінше, неміске тұрмысқа шығып, одан туған баланың атын Мағжан деп қойып, қазақша тәрбиелесең, ол бізге ұтыс болады. Солай, керісінше, қазақстандық неміске тиіп, Германияға қоныс аударып, балаңның атын Фридрих деп қойсаң, онда зияны тиді деп соны айтуға болады. Қазақтың қызы ретінде ол бізге ұтылыс алып келген болып саналады. Міне, осылай деп түсіну керек. Ресми дерек бойынша, елімізде 350 мыңдай кәрі қыз бар, соның ең құрығанда 50 мыңы шетелдікке тұрмысқа шығып, күйеуі осында қалып, еліміздің азаматтығын алып, баласын қазақша тәрбиелесе, біз үшін пайда.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста