Қазақстандық прокатқа жіберілетін шетелдік киноөнімдердің мемлекеттік тілге аударылуын міндеттеу керек пе?

Қазақстандық прокатқа жіберілетін шетелдік киноөнімдердің мемлекеттік тілге аударылуын міндеттеу керек пе?

Отандық кино нарығының, шыны керек, бүгінде 90 пайыздан астамы – шетелдік киноның үлесінде. Кинотеатрларымыз бізде орналасқан деген аты ғана болмаса, толығымен сол батыстық киноиндустрияның қалтасына қызмет етіп жатыр деуге негіз бар. Өзіміз әзірге киноны бұрқырата түсіріп, апта сайын көрерменге жаңа туынды ұсына алмағандықтан, біздің «қой» дейтін қожа бола алмай отырғанымыз рас. Бірақ қашанғы өз кеңістігімізді өзгелерге жайып салып, өзгенің қалтасын қампита бермекпіз?! Ең құрығанда, сол шеттен келетін фильмдердің өз тіліміздегі аудармасын талап ететін кез жеткен жоқ па? Осы сауалды талқыға салып көрсек.


Мақсат ЖАҚАУ, саясаттанушы:
иә
– Меніңше, біз дәл осындай талап­ты міндеттейтін кезге жеттік. Сырттан келетін аудио, видео, яғни жалпы бір сөзбен айтқанда, шығармашылық өнім­дер де қаржы табуды көздейтін тауарлар ғой, сондықтан оларға қатаң талап қойылуы қажет. Яғни шеттен келе­тін қандай да бір кино, анимация, т.б. өнімдер міндетті түрде мемлекеттік тілге аударылуы керек. Енді осы тұста, егер біз мұндай талап қоятын болсақ, оны кім жүзеге асырады деген сұрақ туын­дайды. Жоғарыда айтқандай, бел­гілі бір тауар зауыттан шыққанда, егер оны өз шекараларынан шығарып, бізге сататын болса, онда олар біздің тіліміз­дегі аудармасын қорабына жап­сы­рып жіберуі керек. Сол сияқты кино­фильм­дер де, егер біз талап етсек, аудар­масымен бірге келетін болады.   
Бір жағынан, мүмкін, біз соған дайын да емес шығармыз. Бірақ, егер талап қо­йып, міндеттемесек, біз ешқашан дайын болмаймыз, тіпті оған сәйкес болу үшін талпынбаймыз да. Бір сөзбен айтқанда, біз қазір, міне, қандаймыз: шеттен орысша алып келеміз бе, сонымен қанағаттанып отыра береміз. Басын бастамасақ, ешқашан бол­майтын дүние – ол.
Ал енді қазіргі жағдайымыз қалай? Дамып келе жатқан ел үшін, негізі, үлкен бір бастама көтеріп, талап қойып, соны орындату деген – сын. Біріншіден, бізде 2020 жылға дейін еліміздің барлық саласы мен азаматын мемлекеттік тілге толық­тай көшіру керектігі жөнінде бастамамыз бар. Ол бастама, негізі, тек мемлекеттік қыз­меткерлер мен қарапайым тұрғындарға ғана арналмауы керек, сонымен қатар шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне де, үкіметтік емес ұйымдарға да, барлық агент­тікке де – баршаға ортақ болуы керек. Се­бебі бізде мемлекеттік қызметтегілер елі­міздегі тұрғындардың небәрі 20 пайы­зын құрайды да, қалғаны – мем­ле­кеттік емес ұйымдар, кәсіпкерліктер, қо­ғамдық ұйымдар, жалпы айтқанда, жекеменшік сектор қазіргі таңда. Міне, осы себепті мемлекеттік тіл жө­нінде бастама көтер­генде әлгі 80 пайыз топты да жұмылды­руы­мыз керек. Талап ортақ болса ғана біз ортақ бір жетістікке же­те аламыз.
Кино мәселесіне келетін болсақ, алғашында, бәл­кім, ки­ноның мемлекеттік тілге ау­дарылуын талап етсек, он­да бастапқыда олар ау­дармашыларды жұмысқа тар­тар, аударма орталықтары­на жүгінер. Бірақ қашанғы шы­ғын­дана бермек?! Ақырында өздері де біздің тілімізді мең­ге­руге ұмты­лады. Яғни міндет қойылма­йын­ша, ешкім ешқашан өзді­гінше талпын­бай­ды. Осындай жағдай­да көбіне «сұраныс болмаса, қалай» де­ген сөздер айтылып жатады ғой, сол сұраныстың өзін туғызатын – талап. Осы тұста бізге Түркиядан үлгі алуға болады. Себебі олар қандай да бір елден болсын, қай салада болсын, түрік тілін міндетті түр­де талап етеді. Таяуда біздің Түркия Рес­пуб­ликасындағы Төтенше және өкілетті ел­шіміз Жансейіт Түймебаев сол елдің Пре­­зидентімен кездескенде оған Елбасы­мыздың 2012 жылғы халыққа Жолдауын түрікшеге аударып, сыйға тарт­ты. Себебі қазақша не орысша нұсқасын бер­се, оқы­мауы мүмкін, ал өз тілінде мін­дет­ті түрде оқып, олар ендігіде бізге қатыс­ты жоспар­ла­ры мен стратегияларын жүр­гі­зе бастай­ды. Міне, осы себепті бізде осын­дай ау­дар­малар жасау керек, бұл бір – жағынан, қоғамды, халықты тілге жақын­дату.


Мамай АХЕТ, филология ғылымының докторы, профессор:
жоқ
– Жоқ, біздің әзірге шетелден келе­тін киноөнімдердің мемлекеттік тілге аударылуын талап етуге заңды тұр­ғы­дан болсын, сонымен қатар шы­ғар­ма­шы­лық тұрғыдан да қауқарымыз жетің­кіремейді. Сондықтан осы мәсе­ле­ні төтесінен қою керек пе, қажет емес пе деген – ол екінші жағы. Дубляж деген – білгенге өте күрделі және өте маңызды мәселе. Дәл қазір бізде оның сапасы көңіл көнші­тер­ліктей емес, осы жағы алдымен қолға алуды қажет етеді. Яғни дубляжды бүгінгі таңдағы көрер­меннің талабына сәйкестендіріп жетілдірмесек, қанша жерден заңды тұрғыдан ретте­гені­мізбен, біздің ойы­мыз­дағыдай, көңі­лімізді тап баса­тын­дай нәтиже бер­мейді.
Өйткені бір кездері біздің қазақ кино­сының дубляжын жасаған Атагелді Смайыл­ов, Мәкіл Құланбаев, Зәмзәгүл Досанова, Бикен Римова, Мұхтар Бақтыгереев т.б. көптеген әйгілі әртісіміз кәсіби деңгейде мықты, еш­кімнен ұялмай көрсете алатын­дай жұмыс істесе, бүгінде біз ол мектептен айырылып қалдық. Олардың еңбегі қандай мықты еді! Фильм қай тілде шықса, сол түпнұсқадан артық болма­са, кемітпей, әрі қазаққа да сон­дай жағымды үнмен, бей­не әр кейіпкердің өзі біз­дің тілімізде сөйлеп тұр­ған­дай етіп жеткізгенін біле­міз. Ендеше, дәл сон­дай сапалы деңгейдегі дуб­л­яжды жолға қоймай, біздің қан­­дай да бір талабымыз нәтиже бер­мейді. Менің осы тұста мынадай бір мысал келтіре кеткім келіп тұр. Айталық, қазақ балабақшасын ашу керек деп, ашып, атын қазақша қойғанымызбен, оның ішіндегі оқу-әдістемелік құралдарды, тәрбиешісін – бәрін қазақыландырмай, ол қазақ бала­бақ­шасы болмайды ғой! Сол сияқты бұл жер­де де дубляжды жасайтын адамын, тех­никасын жетілдіріп алмай және көрер­мен талғамына сәйкес келетіндей етіп ал­май, шеттен келетін фильмдерді мемле­кет­тік тілге аудару да айтарлықтай нәтиже бермейді. Жұрттың ол киноға бармай қо­юы әбден мүмкін.
Әрине, ерте ме, кеш пе, біз мұндай та­лап қоюға келуіміз керек, бірақ оған ке­шенді түрде келу керек. Бір сөзбен айт­қан­да, біз шетелдік кинолардың мемлекеттік тілге аударылуын талап етіп, міндеттеу үшін соған қажет техникалық құралдары­мыз бен мамандарымызды сол талап дең­гейіне сай көтеруіміз керек, сол кезде ғана өзіміз рақаттанып отырып көре алатындай киноға қол жеткізе аламыз.

Түйін
Өзіңді-өзің сыйламай, өзгеге сыйлатамын деу бос әурешілік екенін жақсы білеміз. Егер біз осы қағиданы барлық салада ең бірінші талап етіп қоя алсақ, тасымыздың әлдеқашан өрге домалары сөзсіз еді. Әлі де кеш емес, алайда қандай да бір талапты қоймас бұрын өзіміз соған дайынбыз ба – осыған жақсылап көз жеткізіп алғанымыз жөн. Қа­зақ елінде қандай да бір киноның қазақша сөйлегенін қаласақ, та­лап та қоялық, сол талап үдесінен өзіміз шығып, өзгені басындыр­мау­­ды да, басымыздан сөз асырмауды да байыппен шешсек, жөн болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста