Қорықшыларды қаруландырмайынша, олардан табиғат байлығын толыққанды қорғауды талап ете аламыз ба?

Қорықшыларды қаруландырмайынша, олардан табиғат байлығын толыққанды қорғауды талап ете аламыз ба?

Өткенде бір топ Мәжіліс депутаты Қазақстандағы қорық қызметі жұмысшыларына шабуыл жасау оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты өздерінің алаңдаушылығын білдірді. 2011 жылдың 1 шілдесінде ел Үкіметі №751 қаулысы бойынша қорықшылардың иір ойықты мылтық пен тапанша қолдануына шектеу қойған болатын. Кейіннен Іле Алатауы ұлттық қорығында қайғылы жағдай орын алып, 12 кісі жаппай экстремистердің қолынан қаза тапты. Бір өкініштісі, аталмыш қорықта құрбан болғандардың көбі жарып-кесу нәтижесінде өлтірілген. Яғни жақыннан қақтығысу кезінде болған. Сондықтан кейбір депутаттар «табиғат байлығын және өздерін толыққанды қорғау үшін қорықшыларды қайта қаруландыру керек» дегенді алға тартып отыр. Бұл пікірді қайсыбір қоғам қайраткерлері қолдаса, енді бір мамандар бұған қарсылық білдіруде. Сонымен...


Бақытбек ДҮЙСЕКЕЕВ, АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті жануарлар дүниесі басқармасының бастығы:
иә
– Негізі, мен қорықшыларды қару­­ландыруға қарсымын. Өйт­кені та­панша ұстау өте қауіпті. Мұз­дай қа­ру тұрмақ, қазір трав­ма­тикалық қару­дың өзімен адам­дар бірін-бірі өлтіріп қойып жа­тыр. Ал елімізде 300 мыңға жуық қо­рықшы бар деп есептейтін бол­сақ, олардың бәріне тапанша ұс­тат­сақ, кейін оны қалай бақылай­мыз? Мәселен, қазір бізде күштік құрылымдардың ғана қару ұста­уына құқық бар. Басқа адам­дар­ға мұздай қарулануға рұқсат бе­рілмеген. Ертеңгі күні қорықшы бі­реу­ді ашумен немесе қызуқан­ды­­лық­пен атып қойса, оған кім жауап береді?
Тіпті бізде полицейдің өзі бір оқ атса, оны не үшін атты, не се­беп­тен мәжбүр бол­ды, шүріппені басар алдында ескерту жа­сал­ды ма, оның барлығын өздерінің ішкі қа­уіпсіздік басқармасы толық тексеріп, қо­ры­тынды шығарады. Ал ертең қорықшы оқ шығындаса, оны кім бақыламақ? Шын м­ә­нінде, оқ атуға мәжбүр болды ма, мүм­кін ашумен немесе қаскөйлікпен атып тас­­таған шығар. Оның үстіне, қорықшылар ай­далада, орман ішінде жүреді. Ал қазір неше түрлі лаңкестер, ұйымдасқан қыл­мыс­тық топтар көбейіп кетті, ертең олар қорықшылардың қаруын тартып алса, не болмақ? Сондықтан мен қорықшыларды тапан­шамен қаруландырудың қажеті жоқ деп есептеймін. Одан да оларды жаңа тех­ни­камен, көлікпен, заманауи рациялармен жаб­дықтайық. Егер олардың бір-бірімен, ар­найы құрылған жедел топпен, құқық қор­­ғаушылармен байланысын күшейтсек, қандай тамаша болар еді. Егер орманда бір келеңсіздік орын ала қалса, олар де­реу қоршаған ортаны қорғау полиция­сы­на немесе сол маңдағы ішкі істер ор­га­нына хабарласса, бұл ретте құ­қық қорғаушылардың жедел әрекет етіп, жылдам келуін қамтамасыз етсек, онда біз қорықшылардың қа­уіп­сіздігін сақтаған болар едік. Өйт­к­ені бес қаруын сайлаған бес-алты браконьерге қорық­шы бәрібір бір қарумен қарсы тұра алмайды. Ал орман ма­ңын­дағы құқық қорғаушы­лар­ды қажетті техникамен, жылдам жүретін көлікпен, тіпті тікұшақпен қамтама­сыз етсек, оқиға орнына тез жетіп әрі қару қолдануда тә­жірибесі болғандықтан, олар бра­коньерлердің бассыздығына зор тос­қауыл болар еді. Шетелдерде осындай тәжірибе бар. Осыны неге қолданбасқа?!
Қазіргі уақытта аңшылық шаруашы­лығы қо­рық­шыларының қол­дарында қару жоқ деп айтуға болмайды. ҚР Үкіметінің 2000 жылдың 3 тамызында қа­былдаған №1176 Қаулысы бойынша, аң­­шылық шаруашылығы қорықшыларына жұ­мыс бабында тегіс ұңғылы қару бекітіліп бе­рілген. Қорықшылар осы қаруды заң бо­йынша сақтап, жұмысында пайдаланса жақ­сы болар еді.


Амангелді МОМЫШЕВ, қоғам қайраткері:
жоқ
– Қаруы жоқ қорықшының ор­ман­ды күзетуге қауқары жетпейді. Олар­ды қаруландырмай, бра­ко­ньер­лердің әрекетін тыя алмаймыз. Сондықтан қорықшылардың қару ұстап жүруін заңдастырып беруіміз керек. Себебі олар мемлекет бай­лығы – табиғатымызды қорғап отыр. Қазір қалада қарап отыр­саңыз, үлкен қорық емес, дүкен күзетшілерінің өзі қару, резеңке шоқпар ұстап жүреді. Қалада адам да, полицей де көп болғанның өзінде осылай етеміз. Ал айдалада, орман ішінде жалғыз өзі аң біткенді қорғап жүрген қорықшыны қауіп­сіздігі үшін қаруландырсақ, оның несі айып?
Іле Алатауы қорығында 12 адам пышақталып өлді. Егер қорықшының қолында тапаншасы болса, олардың өзін де, қонақты да қорғауына мүм­кін­дігі болушы еді. Егер оларды қару­ландырмасақ, материалдық-тех­никалық базаларын нығайтпасақ, онда оларға табиғатты толыққан­ды қорға деп қалай талап етеміз? Ал­дымен олардың жағдайын то­лық жасамай жатып, оларға қан­­дай да бір талап қою орын­сыз деп есептеймін.
Қорықшылық – қауіпті қыз­мет, тауда браконьер­лер де, ішімдік ішкен ту­рист­ер де кездеседі. «Сақ­­тансаң – сақтаймын» де­мекші, қорықшылар кез кел­ген жағдайда сақадай сай бол­ға­ны жөн. Сондықтан Іле-Алатауын­да­ғ­ы секілді жағдайдың алдын алу үшін қо­рықшылардың жеке қауіп­сіздігін қам­­тамасыз ету және заң бұзу­шылармен кү­ресті жақсарту мақсатында қорық қыз­метін қайта қаруландыруымыз керек. Сон­дай-ақ, жалпы алғанда, аңшылық шар­уа­шы­лықтар мен қорық қызметтеріне мем­­лекет тарапынан басқа да қажетті кө­мек көрсетуіміз тиіс. Бра­коньер­лер джип­пен жөйткіп жүреді. Ал қорықшыларда – «Уаз» бен «Нива». Қас­кү­немдер оларға тіп­тен жеткізбейді. Қазіргі таңда материал­дық-техникалық базасы сын көтермейтін жер­гілікті табиғат күзетшілері мейманасы тасыған «қонақ­тардың» бассыздығына тісін қайрағаннан басқа түк те істей алмай отыр. Полиция мен орман және аң аулау шар­уашылығы инспекциясының қызмет­кер­лері браконьерлер жайратқан киіктің өлек­селерін тіркеп, өртеумен ғана шек­теліп отырғандай. Сондықтан табиғатты қор­ғайтын, бақылайтын аң шаруашылық­та­рына, орман және аңшылық шаруашы­лығы инспекциясына мемлекет тарапынан жеткілікті деңгейде қаржы бөлуіміз керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі құзырлы органдармен бірлесіп, табиғат-ананы «хан талапайға» салып отырған браконьер­лер­мен күресудің жолдарын жетілдіруі тиіс. Қалай десек те, қорықшыларды қару­лан­дырып, олардың материалдық-техника­лық ба­заларын жасартпай, табиғат бай­лы­ғы то­лық­қанды қорғалады деп айта ал­май­­мын. Ол үшін кешенді түрде бұған қатыс­ты бар­лық шараны қолданғанымыз жөн.

Бейтарап пікір
Арықбай АҒЫБАЕВ,
заң ғылымының докторы, профессор:
– Негізі, күштік құрылымдардан басқа адамдардың қолына қару ұстатпағанымыз дұрыс. Өйткені қорықшыда, күзетшіде қару бола беретін болса, оның зардабы да болады. Қару бар жерде қылмыс, адам өлімі көп болады. Бүгін қорықшыға қару қолдануға рұқсат берсек, ертең депутаттардың біз неге қару ұстамаймыз, ал шенеуніктердің «менің күзетшімнің қару ұстауына неге рұқсат жоқ?» деп, шықпасына кім кепіл? Сондықтан қаруды тек күштік құрылымдар пайдалануы тиіс. Ал қорықшыларға қару бермей-ақ, олардың қауіпсіздігін басқа жолдармен қамтамасыз етуіміз керек. Оларды рациямен т.б. белгі беретін байланыс құралдарымен қамтамасыз еткеніміз жөн.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста