Қылмыстық кодекске қаржылық пирамида құруға тыйым салатын бап енгізу керек пе?

Қылмыстық кодекске қаржылық пирамида құруға тыйым салатын бап енгізу керек пе?

Аты шулы Мавроди секілді ғасыр алаяқтары ел азаматтарының қалтасын қағып,  тақырға отырғызып кетіп жатыр. Мәселен, қазір Ресейде үстінен қылмыстық іс қозғалып жатқан МММ қаржылық пирамидасына тартылған қазақстандықтардың саны, ресми деректердің мәліметін­ше, 40 мыңға жуық екен. Жаман әдет жұқпалы келеді демекші, соң­ғы кездері қазекем де бұл «істі» шебер игере бастаған. Елімізде ата­уы «табысқа кенелтемін» деп алыстан мен мұндалап, қол бұл­ғап шақыратын ұсақ қаржылық пирамидалар қатары кө­бейе бастаған. Бәрінен сорақысы, байшыкештерді былай қой­ғанда, қарапайым жұрттың жалғыз баспанасын сатты­рып, уәде еткен көп ақшадан көк тиын да ұстатпай, жалт бе­ретін мұндай алаяқтық ұйымның ісі заңсыз екенін көз­бен көріп, қолмен басқандай сезіп тұрсаңыз да олар­ды жауапкершілікке тарта алмайсыз. Өйткені бізде қар­­жылық пирамида құруға тыйым салатын, олар­дың ісін заңсыз дейтін заңнама жоқ. Осы жағынан ал­ғанда, Қылмыстық кодекске қаржылық пира­ми­да­ны құруға тыйым салатын бап енгізудің уа­қы­ты жет­кен секілді. Бұған мамандар қалай қарайды?


Меруерт Қазыбекова, Мәжіліс депутаты:
иә
– Осы көктемде елімізде қаржылық пирамида қағидаты бойынша жұмыс істейтін ұйым­дардың қауырт жұмысы,  ал заң­намамыз мұндай алаяқтар­ды жауапкершілікке тарта ал­майтындығы бізді алаңдатып отыр­ғанын айтып Үкімет бас­шы­сына депутаттық сауал жол­даған болатынмын. Мәселен, Сергей Мавроди халықтан са­лым­дарды негізсіз жоғары па­йызбен электронды ақша және вир­туалдық билеттер түрінде қа­былдады. Интернет қызметі пай­даланған мұндағы ақша ағы­нын қадағалауды, заңды түр­де жауапкершілікке тартуды ай­тарлықтай қиындатады және ақшаны кері қайтару жағдайын жоққа шығарады.
Бәрінен бұрын, пирамиданы ұйымдас­тыру­шылар оның кез келген сәтте банкрот­қа ұшырауы мүмкін екенін жасырмайды. Еліміздің барлық қаласында осыған ұқсас ұйымдардың кеңселері бар, оған күн өткен сайын аңқау жұрт көптеп тартылып жатыр. «Шағын несие» атауын жамылатын қаржы­лық пирамидалар да бар.
Қазақстандық заңда қаржы пирамида­сы­ның анықтамасы жоқ. «Электронды ақ­шаның заңсыз айналымы» түсінігі де бол­май отыр.
Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау ко­митеті «МММ» ұйымы жұмысын бақы­лау­да ел азаматтарына тек қаржыны жоғалту тәуекелінің барлығы мен қыра­ғылық таныту туралы ескерту жасаумен ғана шектелді.    Өзінің әрекетсіздігін уәкілетті орган тиісті құқықтық база­ның жоқтығына негіздеп отыр. ҚР Азаматтық және Қылмыстық заңна­ма­да қаржы пирамидаларын ұйым­­дас­тырушыларды жауапқа тартудың арнайы нормалары көрсетілмеген. Қолданыстағы құқықтық шектемеде алаяқтық үшін жауапқа тарту тек заңды тұлғаға қатысты мүмкін.
Қаржы пирамидалары ту­ралы арнайы заң дайын­дау олармен күрестегі ең тиімді жалғыз тәсіл болып табылады. Бұл – әлемдік тә­жіри­бе­­мен дәлелденген нәрсе. АҚШ-та қаржы пирамидаларын құруға тыйым салу туралы арнайы заң бар, Ресей мен Украинада құқықтық құжатта оның барлық анық­тамасы берілген.


Қанат Берентаев, экономикалық сарапшы:
жоқ
– МММ секілді қаржылық пирамидамен тыйым емес, тү­сі­ніктеме жұмыс жүргізу ар­қы­лы күресу керек. Ал оларды жа­бу­дың жолын іздеу деген сы­байлас жемқорлыққа сүрлеу салу­ды білдіреді.
Адамдар тәуекелі жоғары қаржылық ұйымға неге ақша­сын салады?.. Осыны тереңнен түйсініп алалық. Мәселен, бұл арада құмарлық ойынға бейім адамдарды есепке алмайық. Меніңше, қаржылық пира­ми­даға бас тігушілер ертеңгі кү­ніне се­німмен қарай алмайтын үл­кен әлеуметтік топты қамти­ды.
Ақшасын банк депозитіне салып кө­бей­тейін десе, ондағы сыйақы мөлшер­ле­месі жылдық инфляция көрсеткішін де жаппайды. Яғни, еліміздің қаржы нарығында қолдағы жинақ ақшаны көбейтудің тиімді жолы жоқ. 
Кез келген қаржылық пирами­да­ның ғұмыры көпке созылмайды. Жұмыс істейтін жұрттың 20-30 пайызы оған тартылды делік. Бұл – шамамен 1,5-2 миллион адам. Одан кейін тартатын адам да қалмай қалады. Жалп етіп, одан ең бірінші ірі ойыншылар кете бастайды, одан хабардар болған бас­қа жұрт да аяқ тарта­ды. Дұрыс насихат жұмы­сы болса, көзі қарақты қауым оған көп те жоламайды.
Қалай дегенмен де, жұртқа қаржы­лық пирамиданың қосымша табысы жоқ екенін, олардың бонусты жаңадан келіп жатқан адамдардан жинақталған ақшасы есебінен беру арқылы түзетін тетігі барын ашық түсіндіру керек.
Ал заңға норма енгізетін болсақ, ол тек бір қаржылық пирамидаға қатысты бол­ма­уы керек. Әрі ол тыйым тұрғысында сипатталмауы тиіс.
«Барлық қаржылық ұйымдар, соның ішінде қаржылық пирамидалар да өз тұты­ну­шыларын алдап соғып, көзбояушылыққа жол бермес үшін өзіне қатысты барлық тәуекелдерді, жасырын пайыздарды ашып, сыйақы мөлшерлемесінің таза көлемін нақты көрсетуі керек» десе, меніңше, бұл дұрыс заңнама болады.

Бейтарап пікір
Ерлік Кененбаев, Ішкі істер вице-министрі:
– Арнайы бап енгізсек, ол құқық қорғау органдарының мұндай істі ауыздықтау бойынша жұмысын тиімді етер еді.  Яғни, адамдар сан соғып, соңғы тиын-тебенінен айырылып, құқық қорғау органына шағымданған кезде емес, сол қаржылық пирамида құрылғалы жатқанда оны тырп еткізбей ұстасақ, бұл қылмыстық топтың бастапқы мүддесі ақталмас еді. Көптеген мемлекетте осындай құйтырқы, алаяқтық іспен шұғылданатын компанияларға, нақтырақ айтқанда, қаржылық пирамиданы құратындарға заңмен тыйым салынған. Мәселен, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Германия, Қытай, Жапония дегендей. Ал біздің заңнамамызда қаржылық пирамида деген сөздің өзіне түсініктеме берілмейді. Осыған байланысты Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау комитеті халықты қаржылық пирамидаға қатыспау туралы ескертіп, одан алданып қалуларыңыз мүмкін деуден ары аса алмай отыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста