Саяси партиялар мен ұйымдар саяси мәдениетті қалыптастыруға үлес қоса алып отыр ма?

Саяси партиялар мен ұйымдар саяси мәдениетті қалыптастыруға үлес қоса алып отыр ма?

 

Қай заманда болса да, қоғамдық қатынастарды реттеу жолында саяси мәдениеттің атқаратын рөлі ерекше болды. Америкалық ғалым Алмонд енгізген бұл ұғымның аясы өте кең. Саясаттанушылардың айтуынша, саяси мәдениеті дамыған елдердің ішкі тұрақтылығы өте берік болып, саяси процестері оңай ілгерілейді. Ал оны дамыту, ең алдымен, партиялардың және саяси ұйымдардың үлесінде. Ендеше, елдегі саяси институттар бұл міндетті атқара алып отыр ма деген сұрақтың жауабы әртүрлі болып шықты.

sharipbek-amirbek-ia

Шәріпбек ӘМІРБЕК, саясаттанушы:

ИӘ
– Саяси мәдениетті қалыптастыруға қажетті факторлардың бірі – қоғамның көппікірлі болуы. Бұл жағынан келгенде, Қазақстандағы саяси партиялар мен ұйымдар осы көппікірлілікті тудыруға барынша үлесін қосып жатыр деп ойлаймын. Кеңестік жүйеден қазіргі нарықтық қатынасқа ауысқаннан бастап, халықтың бір бөлігі болашағын бағамдай алмайтын, болашағының саяси көрінісін елестете алмайтын топқа айналды. Міне, осы жағдайда бізге әртүрлі ұстанымдағы партиялардың көптігі қажет еді. Яғни партиялардың әрқайсысы өзіндік жол ұсынып, балама болуы керек еді. Бұл міндетті біздің партиялар ойдағыдай атқарып келді. Қазір де жалғастыруда.

Әрине, мен олардың бағдарламаларының дұрыс-бұрыстығын, ғылыми сауаттылығын айтып отырған жоқпын. Ол өз алдына бөлек әңгіме. Бастысы, халықтың таңдау жасауға мүмкіндігі болуы керек. Көппікірлілік дамыған жағдайда халықтың және биліктің саяси мәдениеті біршама арта түседі. Сонымен қатар саяси шешім шығару мәселесі де маңызды рөл атқарады. Әрине, кейбір партиялардың аймақтарға ықпалы әлсіздеу болып отыр. Бірақ жалпылай алғанда, билік құрылымдарының қандай да бір шешім шығару барысында оппозициялық көзқарастағы күштердің ұсыныстарын ескеруге ұмтылуы байқалады. Бұл, әрине, оппозицияның да, биліктің де, халықтың да саяси мәдениетін арттыруға ынталандырушы фактор бола алады. Қазақстандықтардың саяси мәдениетті арттыруға мүмкіндіктері зор. Себебі біздегі саяси партиялар мен түрлі ұйымдардың барлығы демократиялық құндылықтарды негізге алады. Бұл – жағымды ерекшелік. Дегенмен Қазақстандағы оппозициялық партиялардың саяси қатысуы (политическое присутствие) өте салғырт, шерулер мен наразылық шаралары өте аз өтеді деген сын айтылады. Мұның да өзіндік себебі бар. Қазір халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайы қанағаттанарлық жағдайда болғандықтан, көптеген шақыруларға адам жинала бермейді. Саяси қатысу қандай жағдайда орнайды? Халықтың қарны ашқан кезде. Екінші жағынан, қазақшылық та бар. Қазақы менталитетте шыдамдылық өте күшті.

umbetalijeva_1jok-copy

Толғанай ҮМБЕТАЛИЕВА, Орталық Азия демократияны дамыту қорының бас директоры: 

Жоқ

– Қазақстандағы саяси партиялар мен ұйымдар елдегі саяси мәдениетті қалыптастыруға қандай да бір үлес қосып жатыр деп айта алмаймын. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, біздің партияларымыз институттандыру сатысынан өтпеген. Яғни дәстүрлі саяси мәдениет қалыптасу үшін қандай да бір партия бірнеше парламенттік сайлауларға қатысып, кемінде үш рет жеңіске жетіп, парламенттегі орындарды иеленуі керек. Осылай кемінде үш циклді бастан өткізгенде ғана партияның бойында саяси мәдениет, дәстүрлілік пайда болады. Ал бізде ондай партиялар жоқ. Саяси науқан жақындағанда жаңа партиялар пайда болады. Олар біресе бірігеді, біресе ажырасады немесе тіптен жоқ болып кетеді.

 Қысқасы, өзге партиялар саяси науқандарда ірі жеңістің дәмін сезіп көрмеген. Сәйкесінше, тұрақтылыққа және тұрғындардың арасындағы қуатты беделге ие бола алмайды. Қазір Қазақстандағы партияларды ешкім саяси күш, саяси құрылым ретінде мойындамайды. Екіншіден, саяси партиялар мен ұйымдар өз ұстанымдарына сай саяси мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыруы керек еді. Жалпылай алғанда, Қазақстандағы партиялардың өз ұстанымдары бар деп айтылады. Социал-демократтар, «коммунистер», «жасылдар» деген сияқты. Бірақ олардың мінез-құлықтары өздері негізге алған ұстанымдарға сай келе бермейді. Біз осыны анықтау үшін арнайы әлеуметтік зерттеу жүргізген едік. Дәл қай партияларды қарастырғанымызды атамай-ақ қояйын, бірақ сауалнама барысы жалпыхалықты былай қойғанда, сол партия қызметкерлерінің өздері де өз ұстанымдарының қандай болу керектігін білмейтінін көрсетіп берді. Демек, бұл партия өкілдері өздері толық түсінбейтін құндылықтар мен ұстанымдарды насихаттап жүр деген сөз. Саяси партиялар мен ұйымдардың саяси мәдениет қалыптастыра алмай жатуының тағы бір себебі – олар әлі күнге дейін қоғам өміріндегі өздерінің алатын орнын анықтай алмай жүр. Айналаға қарап бой түзейтіндей көрші елдердің арасында да тәжірибе жоқ. Қысқасы, елдегі саяси институттардың, әсіресе партиялардың саяси мәдениет қалыптастыруға қосып жатқан үлесін төмен бағалауға тура келеді.

Бейтарап пікір

Нұрлан ЕРІМБЕТОВ, саясаттанушы:
– Бізде қазір дамыған шетелдердегідей саяси мәдениет қалыптасып жатқан жоқ. Бірақ оған тек оппозициялық көзқарастағы партиялар мен ұйымдар ғана емес, билік құрылымдары да кінәлі. Мысалы, бір ғана шерулер ұйымдастыру мәселесін алайық. Біздің билік құрылымдары шеру ұйымдастыру үшін рұқсатты оңай бере салмайды. Ал егер бере қалса, шеруді ұйымдастырушылар белгіленген тәртіпті сақтамайды. Уақытын асырып жібереді, тақырыптан ауытқып кетеді немесе бүлікке шақырады. Бұл екеуінікі де – саяси мәдениеттің көрінісі емес. Дегенмен, менің ойымша, саяси мәдениетті қалыптастыру үшін, ең алдымен, билік құрылымдары қадам жасауы керек. Ол кез келген саяси күшпен келіссөзге отырып, әрдайым консенсусты келісімдер іздеуге міндетті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста