Шетелдіктердің елімізден бала асырап алуына тыйым салу керек пе?

Шетелдіктердің елімізден  бала асырап алуына тыйым салу керек пе?

Балалар үйіндегі балдырғандардың шекара асып кетуі, шетелдік  ата-ананың қамқорлығына өтуі – елімізде көптен бері дау ту­ды­рып келе жатқан мәселе. Басқа елдер шетелдіктердің бала асы­рап алуына тыйым салу туралы заң жобасын үлкен мін­берлерде талқылап, өз азаматтары бала асырып алған жағ­дайда салықтық жеңілдіктер қарастырып, асырап алу құ­жаттарын да жеңілдетіп, тіпті мемлекет тарапынан ба­лаға төленетін жәрдемақы мөлшерін де ұлғайту ту­ра­лы ұсыныстар айтып жатса, біздің елімізде әзірге шетелдік ата-аналарға қатысты тыйым жоқ. Ше­телдіктер мен бала асырап алғысы келетін өз ата-аналарымызға қарастырылар мүм­кін­дік­тер мен құқықтар да бірдей, ата-аналары­мыз­ды ынталандыратын ешқандай артықшылық та берілмеген. Әйтсе де осы мәселеге қа­тысты көрші елдерде жасалып жатқан өзгерістерді қолдап, «бізге де шетел­дік­тердің елімізден бала асырап алуына ты­йым салу керек» дейтін мамандар же­терлік. Мәселенің екінші жағына сақтықпен қарап, қарсы дау айтушылар да табылуда.


Қымбат ӘБІЛДӘҚЫЗЫ, ҚР мәдениет қайраткері, «Айгөлек» балалар журналының бас редакторы:
иә
– Міндетті түрде шетелдіктердің елі­мізден бала асырап алуына ты­йым салуымыз керек. Біздің ата-ба­ба­мыз ешқашан да жесірін жылат­па­ған, жетімін қаңғыртпаған. Ел ре­­тінде жетімдерімізді қамқорл­ы­ғы­­мыз­ға алып, қанатымыздың ас­ты­на сая­лата алмасақ, елдігіміз қай­сы?! Қа­зір егемен елміз, жеріміз де, жер­асты байлығымыз да жетеді. Әлем танып келе жатыр деп бөркі­міз­ді аспанға атып қуанудамыз. Ен­деше, осындай бір істерде де бүкіл әлемге үлгі болып, жетімдерімізге қам­қор­лық жасау жағынан барлық ел там­са­натындай істер жасай біл­сек қой,  шір­кін! Әншейінде адам құ­қын қор­ғау­ға келгенде алды­мыз­ға жан сал­май­мыз, халықаралық дә­режеде құ­қық сақтау құнды­лық­тарын өз тә­жі­рибемізге енгізудеміз.
Ендеше, неге жетімдерімізді қорға­май­мыз, есін білмейтін баланы бөтеннің етегі­нен жетектетіп жібергенше, құқын қорғап, ержеткенше неге бағып-қақпаймыз?! Әр жеміс өз топырағында өсуі керек. Қаңғы­тып жетімін жылату – сүйегімізге таңба, біз ең алдымен осыны түсінуіміз керек.
Өзім балалар үйіне жиі барып тұра­мын. Сонда көзімнің жеткені – балалар үйінде жетімнен гөрі тірі жетімдер көп. Балалар үйінде тумай жатып тағдырдың тәлкегіне түс­кен, ата-анасы ішіп кеткен, ата-ана болу құқынан айырылған жан­дар­дың ба­ла­лары өте көп. Тасмаңдай болып, тағды­ры аямаған балаға мемле­кет­тің де жаны­ның ашымауы дұрыс емес. Егер өзіміз өсі­ріп, өзіміз тәрбие­лесек, олар ертеңгі күні елінің қамқорлығын көргендіктен елін сү­йер ұрпақ болып, өсіп жетілер еді. Мен ба­лалар үйіне қай уақытта барсам да, көзім­нің жасын көр­сетпейін десем де, сол бала­ларды құшақ­тап тұрып еріксіз жылаймын. Ал шетел­діктер күліп тұрып асырап алады. Күліп тұрған шетелдік ертеңгі күні тағдыры жылап тұрған балаға жанашырлық таны­та ала ма?! Ата-ананың қамқорлығын көр­сін де­сек, шетелдіктерге бермей, өз елімізде ба­ла­ларды асырап ал­ғысы келетін ата-ана­ларға түрлі ынта­лан­дыру шараларын жаса­уымыз керек. Өсім­сіз несие берейік, салық­тық жеңіл­діктер жасайық, асырап алу құ­жат­тарын жеңіл­де­тейік, жәрдемақы мөл­шерін көбейтіп төлейік. Айта берсек, ата-аналарды ынта­лан­дырудың жолдары өте көп. Қит етсе мемлекеттің ақшасын шашып, шетелден әнші шақыртқысы келіп тұратын шенеу­ніктер осыны түсінсе екен.
Қазір елімізді әлемге танытамыз деп жанығып жатырмыз. Жетіміне қамқорлық жасай алмайтын, жетімін қаңғыртқан ел туралы кім-кімнің де жақсы нәрсе ойла­масы белгілі. Ертеңгі күні сол азаматтар өс­іп жетілсе, небір жақсы мамандар мен таланттылар шығуы мүмкін. Бұл – ел демо­гра­фиясына да қосылған үлес. Сондықтан қай жағынан алғанда да, шетелдіктердің бала асырап алуына тыйым салып, өз же­ті­мімізді өзіміз асырауымыз қажет.


Бақыт ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ, ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымының орынбасары:
жоқ
– Менің ойымша, шетелдіктердің елі­міз­­ден бала асырап алуына тыйым салу­дың қа­­жеті жоқ. Дәл қазір біз ол тыйымды жа­­сай да алмаймыз. Өйткені 2010 жыл­дың нау­­рыз айында Гаага конвенциясына қол қой­дық. Мемлекет аталмыш кон­вен­ция­ға қол қоя отырып, өзіне міндет алды. Ен­ді сол міндетімізді орындауымыз керек. Яғни ше­телдіктердің бала асырап алуына ты­­йым сала алмаймыз. Керісінше, бала асы­­рап алуына рұқсатымызды бере оты­рып, ба­­ланың құқықтарын қамтамасыз етуі­міз ке­рек. 2011-2012 жылдары елі­міз­дегі бір­­қатар заң жобаларына өзгерістер ен­­гі­зі­ліп, Гаага конвенциясына сәйкестен­ді­­ріл­генге дейін елімізде шетелдіктердің бала асы­рап алуына қатысты ешқандай да про­цестер жүрген жоқ. Енді аталмыш заң жо­ба­лары толығымен күшіне енгеннен кейін ше­телдіктердің бала асырап алуына қа­тысты жұмыстар жанданады.
Айта кетер жайт, соңғы кездері елі­міз­дегі балалар үйіндегі балалардың саны жыл өткен сайын азайып келеді. Өткен жы­лы 14 жетім балалар үйі қысқартылды. Сон­дай-ақ балалар үйіндегі балалардың саны бұрын­ғыдан екі мыңға төмендеді. Әрине, бұдан ке­йін алдағы уақытта шетел­дік ата-аналар­дың асырауына балалар топ-тобымен кете бе­реді деген түсінік ту­мауы тиіс. Өйткені қа­зақ­стандық ата-ана­лардың ішінде де бала асырап алуға ынта­лылар көбейіп келеді. Әйтсе де олар көбі­несе өздеріне түр жағы­нан ұқсайтын, дені сау, 1 жасқа толмаған сә­би­лерді алғысы ке­ле­ді. Ал шетелдіктердің 85 пайызы ден­саулы­ғында кінәраты бар, ауру бала­ларды асырап алуға ниет таны­тады. Сондай-ақ олар үшін сәби болуы мін­детті емес. 5-6 не­месе 12 жастағы есін біліп қалған бала­лар­ды да асырап ала береді. Ал балалар үйіндегі балалардың көбісі – ересек, есін біліп қалған балалар. Рас, қазір оларға мем­лекет керегінше жағдай жасап отыр. Бірақ өз басым қандай бала болмасын ата-­ананың жылуын, жанұя бақытын сезі­нуі тиіс деп санаймын. Сондықтан шет­ел­діктердің бала асырап алуына қарсы ем­еспін. Ауру баланы емдеп, ата-ананың ая­лы алақанын сездіре алса, балаға бақыт сый­лаймын деп отырғандарға неге біз қар­сы­лық танытуымыз керек?!
Рас, қазір бала асырап алғысы келетін ата-аналарға баланың жәрдемақысын кө­бі­рек төлеп, ынталандыру туралы ұсы­ныс­тар айтылуда. Алайда жәрдемақыға бола бала­ны асырап алып, балаға қамқор­лық жаса­май­тын ата-аналар да кездесуі мүмкін. Сондықтан мұндай мәселеде бә­рі­не сақтық­пен қарау керек. Ата-аналарды ақ­шамен қы­зықтырмай, баланы өз қала­уымен асы­рап алса дұрыс болар еді.

                                    Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бейтарап пікір
Ерболат МҰСАБЕКОВ, ҚР Статистика агенттігінің Әлеуметтік және демографиялық статистика департаменті директорының орынбасары:
– Меніңше, бұл жерде барлығы ата-ананың адами мінез-құлқына байланысты. Мәселен, өз ата-анасынан теперіш көріп, көше қаңғып кетіп жатқан балалар да бар. Немесе баланы жәрдемақы алу үшін дүниеге әкелетін ата-аналар да кездеседі. Сол секілді шетелдіктердің асырауына тыйым салып тастасақ, бала қамқорлықсыз қалады. Шетелдік ата-ананың ішінде де ата-анаға лайық қамқорлық жасайтындар да, жаттық танытатындар да болуы мүмкін. Сондықтан бұл жерде шетелдік мейлі, қазақстандық ата-ана болсын, баланы қамқорлығына ала алатынын жан жақты тексеріп барып, рұқсат беруіміз керек. Бала үшін шетелдік, мейлі қазақстандық болсын ол – ата-ана! Сондықтан бала мүддесі тұрғысынан қарап ата-ананы алаламай, балаға мейірімін төге алатындардың ғана бала асырауына рұқсат беруіміз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста