Студенттерді шетелге жіберумен айналысатын Work and Travel бағдарламасын мемлекет өз бақылауына алуы керек пе?

Студенттерді шетелге жіберумен айналысатын Work and Travel бағдарламасын мемлекет өз бақылауына алуы керек пе?

Қазақшала­ғанда «жұмыс және саяхат» дегенді білдіретін АҚШ Мемлекеттік департаментінің қолдауы­мен құрылған бағдарлама аясында елімізден жыл сайын жүздеген студент мұхит асады. Олардың жат елде саяхаттап қана қоймай, ақша да табуына жағдай жасалған. Сту­дент­тердің бағдарлама аясында мақсаттарын жүзеге асыруға елімізде 30 шақты жекеменшік агенттік қызмет көрсетеді. Өкінішке қарай, соңғы жылдары аталмыш бағдарлама шеңберінде мұхит асқан сту­дент­тер­ге қатысты төтенше оқиғалар жиі тіркелуде. Бірде елімізден ше­телге барған студенттер ешкімнің бақылауынсыз қаңғып қалса, енді бірде елімізден барған азаматтарға қарсы жат елде қыл­­мыстық іс қозғалып, тіпті олардың белгісіз күйде қаза та­батын жағдайлары да жиі кездесуде. Жыл сайын үш-төрт сту­дент сол жақта қалып та қояды екен. Айта кетерлік жайт, же­кеменшік агенттіктер студенттердің құжатын рәсімдеп, қызметіне сай ақысын алумен ғана шектеліп, студенттер төтенше жағдайға ұшырай қалған жағдайда жа­уап­кер­шілігі мемлекет мойнына жүктеледі. Сон­дықтан «атал­мыш бағдарламаны мемлекет өз қарауына алуы ке­рек пе?» деген сауалды мамандарға қойып көрген едік. Әйтсе де қоғамымызда бұл пікірге қарсылық танытушылар да бар екен.


Құсайын РЫСАЛДЫ, Абылайхан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, филология ғылымының докторы:
иә
– Өз басым студенттерді шетелге жі­­бе­румен айналысатын Work and Tra­vel бағ­дарламасын мемлекет өз ба­қы­ла­­уына алуы керек деп санаймын. Бағ­­дар­­лама, сөз жоқ, жақсы бағдар­ла­ма. Бі­рақ соңғы кездері осы бағдар­ла­ма ая­­­сында шетелге кеткен жастар ара­сында төтенше жағдайлар жиілеп кетті. Оларды шетелге жіберуді ұйым­дас­ты­ратын агенттіктер жекеменшік фир­ма бол­ған соң, студенттердің ол жақ­тағы жағ­дайына жауап бермейді. Со­ның сал­дарынан өзге елге барған сту­дент­тер­дің жат жерде бақылаусыз қа­луы, тіпті қаза табуы, қылмыстық іс қоз­ға­луы секілді төтенше жағ­дай­лар­дың кө­беюі көпшіліктің бағдарламаға де­ген сенімін азайтты.
Тіпті биылғы жылы осы бағдарлама аясында қызмет көрсетуді мойнына алған бір агенттіктің студенттердің ақшасын қалтаға басып, із-түзсіз кетуі бағдарламаны ұйымдастырушыларға қатысты күдікті ұлғайтты.
Мәселен, осыдан үш жыл бұрын АҚШ-қа Work and Travel бағдарламасы бойынша аттанып, АҚШ-тың Техас штатында өз-өзіне қол салған ақтөбелік Мақсат Айтбаев деген жігіттің мәйіті әлі күнге елге жеткізілген жоқ. Көп жағдайда агенттіктер студенттердің құжатын рәсімдеп, қар­жысын қалталарына басқанымен, олар­дың сол елдегі қауіпсіздігін мойын­дарына алмайды. Студенттер төтенше жағдайға ұшырай қалса, барлық жауап­кершілігі мемлекет мойнына жүктеледі. Ата-аналар да жауап­кер­шілікті мем­лекеттен талап етеді. Яғни студент­тердің қаржысын алып, пайда көретін агенттіктер, ал жауап­кершілігін кө­теретін мемлекет. Демек, бағдар­ламаны да мем­лекет толығымен өз бақылауына алуы керек.
Айта кетерлік жайт, біздің университетімізде студент­тердің аталмыш бағдар­ламаға қатысуына тыйым салынған. Негізі, шетел асқан әрбір жастың тағ­дыры мемле­кеттің бақы­лауында болуы керек. Себебі ма­мандардың айтуын­ша, жыл сайын осы бағдарлама арқылы шетелге барған студенттің бірнешеуі шетелде қалып кетеді екен. Жастарымызды шетелде қалдырып, кейбірінің белгісіз күйде қаза табуына жол бере бермеуіміз керек. Сондықтан бұл бағдарламаға мемлекеттік мүдде тұр­ғысынан қарап, мемлекет толығымен өз мойнына алуы тиіс.


Азат ҚОНЫСБЕК, кәсіпкер:
жоқ
Мен бұл пікірмен келісе алмаймын. Бұл – жеке агенттіктердің ұйым­дас­ты­рып отырған кәсібі. Бірлі-жарым оқи­­­ғаға бола жекеменшік агент­тік­тердің кәсібін алып, мемлекеттің ба­қы­лауына беру бұл мәселені түбегейлі ше­ше ал­майды. Елімізде туристік ком­па­ния­лар да осы әдіспен жұмыс жа­сайды. Ту­рис­тік агенттіктерге алданып жат­қандар аз емес. Туристік сапармен ба­рып, ше­тел­де төтенше жағдайға кезігу фактілері де бар. Сонда енді туристік агенттіктерді де мемлекеттік етуіміз ке­рек пе? Бүгін аталмыш бағ­дар­ламаны мемлекет ба­қы­лауына бер­сек, ертең туризмді ұйым­­дас­ты­ру­шы туристік ком­пания­лар­дың да қыз­метін мем­ле­кет мой­ны­на алсын деген пі­кірлер қа­лыптасуы мүмкін. 
Сондықтан Work and Travel бағдар­ламасын ұйымдастыратын агент­тік­тердің жұмысын мемлекеттің қарауына алғанша, олардың жауапкершілігін күшейтуіміз керек. Ал толығымен мемлекет қара­мағына беру дұрыс емес.
Қайткен күнде әрбір азамат­тың қауіпсіздігіне мемлекет жауап беруі тиіс. Сондықтан мемлекет агенттіктер жұмысын қадағалау арқылы студент­тердің қауіпсіздігін бақылап отыруы қажет. Оның үстіне азаматтарымыз төтенше жағдайға ұшырай қалған­да бәрібір мемлекет араласады. Өйткені Сыртқы істер министрлігінің ара­ласуын­сыз жеке компаниялар он­дай мәселені шеше алмайды. Агенттіктердің мұндай құзыреті жоқ. Демек, мемлекет шетелдегі азаматтарымыздың жауап­кершілігін мойнына алуға міндетті. Негізі, бұл бағдарламадан шошудың қажеті жоқ. Жастар әрі жұмыс істеп, ақша тауып, шетел аралап келеді. Екінші жағынан, жергілікті халықпен тілдесу арқылы өзінің тілдік қабілетін де шыңдайды. Сондықтан бағдарламаның тиімді тұсын пайдаланып, мемлекеттік тұрғыдан осы бағдарламаны ұйымдастырушыларға деген жауап­кершілікті күшейтсек болғаны. Қанша айтқанмен, басқа елдің заңы – басқа. Заңды білмеу салдарынан жастарымыз аяқастынан қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін. Осы жағдайлардың бәрінің алдын алып, агенттіктер алдын ала шетелге баратын студенттерді дайындауы керек. Сонда төтенше жағдайлар да азаяр еді. Негізінде, бағдарламаның ұйым­дастырылуы барысында осындай ол­қылықтардың орнын толтырсақ болғаны.

Бейтарап пікір
Айдар ҚЫРЫҚБАЙ,
Алматы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз хатшысы:
– Ең алдымен, біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігін бірінші орынға қоюымыз керек. Кез келген жас жастық шағында ел көріп, қыдырғысы, тілдік білімін шыңдағысы келеді. Демек, бұл бағдарлама жастарымызға керек. Сондықтан жекеменшік агенттіктер мен мемлекетіміз бірлесе отырып осы бағдарлама аясындағы түйткілді шешуге тырысқаны жөн. Мейлі агенттіктер студенттердің өтінішін қабылдап, шетелге аттандырсын, бірақ әрбір жастың шетелдегі қауіпсіздігі Сыртқы істер министрлігі тарапынан бақылауға алынсын. Осылай біріге отырып екіжақты бақылау жүргізсе, студенттеріміздің қауіпсіздігі толығымен сақталар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста