Тәуелсіздік алған 19 жылда қоғамда тәуелсіз сана қалыптасты ма?

Тәуелсіздік алған 19 жылда қоғамда тәуелсіз сана қалыптасты ма?

Тәуелсіз ел атанғанымызға да 19 жылдың жүзі болды. Осынша уақыт ішінде қазақ санасы Тәуелсіздікке қол жеткізді   деп айта аламыз ба? Бұл тұрғыда «құлдық сана басым, қоғамның өзекті мәселелерін шешуде жалтақтыққа жол береміз, қоғамдағы тіл, діл, заң қабылдаудағы және жер-су, көше, қала атаулары төңірегіндегі мәселелердің шешілмей отыруы тәуелсіз сананың қалыптаспауынан» дейтіндер де, «сана тәуелсіздігі күн өткен сайын айқындалып келеді, тәуелсіз сананың жемісін толықтай сезінуге біршама уақыт керек» деп бүгінгі күні атқарылып жатқан шараларды тәуелсіз сананың арқасы деушілер де баршылық. Тараптардың пікірін таразының табағына салып көрген едік...

Камал БҰРХАНОВ, Мәжіліс депутаты:
Иә

– Иә, осы уақыт ішінде қоғамымызда тәуелсіз сана қалыптасты. Еліміздің Тәуел­сіздік алып, оны басқа елдердің мойын­дауының өзі санамызға үлкен серпіліс алып келді. Өз тәуелсіз мемлекетіміз, мемлекеттік рәміздеріміз, өз ана тіліміз, өз жеріміз, өз Президентіміз болып тәуелсіз ел атануы­мыз санамызға да тәуелсіздік сый­лады. Осы жылдар ішінде еліміз өзге ел­дер­ге елдігімізді танытатындай талай жетістіктер­ге жетті. Егер тәуелсіз санамыз болмаса, елдігімізді танытар ондай жетіс­тіктерге жете алар ма едік?! Мұндай жетіс­тіктердің санамызға сілкініс әкелгені сөзсіз.
Кешегі ЕҚЫҰ-ға төраға болып, әлем елдері басшыларының басын елорданың төрінде қосуымыздың өзі – біздің тәуелсіз мемлекетіміздің бар екенінің, тәуелсіз са­на­мыздың бар екенінің айғағы.
Айта кетер жайт – тәуелсіз сана бір-екі жыл­­да қалыптаса қоймайды. Қоғам де­ге­ні­міз барлық адамдардан құралады. Ал бар­лық адамдардың санасын бір мезетте өз­герте салу мүмкін емес. Сананың тәуел­сіз­дігі – уақыттың ағымына қарай қалыпта­са­тын дүние. Алайда Тәуелсіздік алған 19 жыл­дың ішінде уақыт ағымына сай сана тә­уелсіздігін айқындай алатын дүниелерді жа­сай алдық деп ойлаймын.
Қоғамда кез келген келелі мәселе­лер­дің шешімін тауып, жүзеге асып жат­қа­ны­нан-ақ санада тәуелсіздіктің қалыптасып ке­ле жатқанын байқаймыз. Тіл, діл, салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтардың дә­ріп­телуі мен насихатталуынан да санадағы тә­уелсіздіктің көрінісін аңғарамыз. «Ке­шесіз бүгін жоқ» дегендей, ұлтымыздың ұлт ретінде қалыптасуына ықпал еткен ба­ба­ларымыз, билеріміз бен ханда­ры­мыз­дың да есімдері мен істеген еңбектері еле­ніп, тарих беттерінен орын табуда. Ке­ңес заманынан қалған көшелер мен қа­ла­лардың аттары да жаңа тәуелсіз ел­дің ұс­та­­нымына сай біртіндеп өз­ге­р­ті­лу­де. Мек­теп бағдарламасындағы оқу­лық­тарға да бір кездері есімі еленбей қал­ған көп­теген ар­дақтыларымыздың ат­тары еніп, оқу­шы­ларға оқытыла бас­тады. Мұның өзі – санадағы серпілістің әсері, ел Тәуел­сіз­ді­гімен бірге са­на­мыз­да да тәуелсіздіктің бір­тіндеп қалыптасып ке­ле жатқанының ай­ғағы. Сондықтан бү­гінгі күні қоғамда тә­уелсіз сана қалып­тас­ты деп айтуға то­лықтай негіз бар. Алай­да тәуелсіз сананың же­ңісі мен же­мі­сінің толықтай қоғам игі­лі­­гіне айналуы бір­шама уақытты қажет ете­ді.

Нұрлан ЕРІМБЕТОВ, саясаттанушы:
Жоқ

– Тәуелсіздік алғанымызға қанша уақыт өтсе де, қоғамда тәуелсіз сана қалыптасқан жоқ. Оны күнделікті қоғамымызда барлық әрекеттерден байқауға болады. Мәселен, ана тілімізді алар болсақ, әлі күнге дейін ана тіліміздің қоғамдағы басымдылығы бай­қал­майды. Азаматтардың бойында да «тәу­елсіз елдің тәуелсіз өз ана тілі болуы керек» дегеннен гөрі «қоғамда бәрібір орыс тілінің ықпалы басым болады-ау» деп әлі де болса немере, шөберелеріне шейін орыс мектебіне сүйрелеп жүргенін байқаймыз. Содан келіп, қоғамда да қазақ тілінің жағдайы тәуелсіз елдің тілінен гөрі өгей баланың күйін кешіп отыр. Бұған қарап тіліміз тәуелсіз дей аламыз ба?
Жалпы, еліміз Тәуелсіздік алса да, сана­мыздағы тәуелсіздіктің қалыптас­пағанын қоғамдағы осындай барлық іс-әрекеттерден байқауға болады.
Тәуелсіздік алғанымызға 20 шақты жыл болса да әлі күнге кеңес заманын ес­ке түсіретін қалалар мен көшелердің ата­уы көп-ақ. Ал оны өзгертуге не кедергі? Дә­ріптелмей жатқан бабаларымыз бен ба­тырларымыздың атын шығарып, бір-бір көшенің атына беріп, ұрпақ санасына олар­дың кім екенін ұқтырар болсақ, ұлт­­тық тарихымызды жаңғыртып, қа­ла­­ларымызға жер-су аттарын қайтарар бол­сақ, бізге кім не дер еді?! Әйтсе де өз мүд­деміз үшін ондай әрекетке бара алмай отырмыз. Ал мұндай қадамға баруға әлі күнге болса да санамыздың өзгермеуі, санамыздың тәуелсіздікке жете алмауы кедергі болып отыр. Яғни бізде сана тәуелсіздігі әлі күнге қалыптасқан жоқ. Ал оны қалыптастыруға Кеңес Одағы кезінде дүниеге келген, сол кезден бастап қызмет еткен азаматтар санының қоғамда басым болуы себеп болып отыр.
Сондықтан 90-жылдардан бастап өмірге келген ұрпақтар санының көбе­юі­мен ғана қоғамда тәуелсіз сананың қа­лыптасуы басталады деп ойлаймын. Кеңес заманында өмірге келген ұрпақ бүгінгі тәуелсіз еліміздің жүйесіне толық үйренісе алмай отыр. Ал Тәуелсіздік алғаннан бас­тап өмірге келген ұрпағымыз бұрынғы ке­ңес заманын көрмегеннен кейін, тә­уелсіз елдің қалыптасуына да, тәуелсіз сананың орнығуына да тез үйреніседі деп үміттенемін. Өйткені олар көзін ашқаннан бері тәуелсіз елі бар екенін көріп өсіп келеді. Сондықтан бар үмітті бүгінгі 20 жастағы жастардың тезірек қоғамға етене араласуынан күтіп отырмыз.

Бейтарап пікір
Дулат ИСАБЕКОВ,
жазушы, драматург:
– Тәуелсіз сана мәселесі – қиын үдеріс. Мен еліміз Тәуелсіздік алған сәттен бастап, сана тәуелсіздігі де қалыптаса бастайды деп ойлайтынмын. Алайда ғасырлар бойы жалтақтап қалған сана атадан балаға өтеді екен. Десек те, қоғамда санамыздың тәуелсіздігін айқындайтын іс-әрекеттер жоқ емес. Өкінішке қарай, мұндай үдерістер өте баяу жүріп жатыр. Қоғамдағы талай нәрсеге сын айтылуда. Көңіл толмаушылық басым. Әйтсе де мұның бәрі ұлттың ұлт ретінде қалыптасуына әсер етеді деп ойлаймын. Бұрын «Мәскеу асырайды» деп, сонда қарап аузымызды ашып отыра бергенбіз. Сол әдет халқымыздың бойында әлі де бар. Бүгінде экономикамыз бен отандық өндірісіміз енді-енді дамып келеді. Ұлтарақтан бастап, космосқа шейін өзіміз жасай бастаған кезден бастап қана сана толық қалыптасты деп баға беруге болады. Сондықтан алдағы уақытта санамыздағы тәуелсіздік ісімізбен қабысып, еліміздің талай жетістіктерге жетуіне мұрындық болады деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста