Тәуелсіздікті ұрпаққа насихаттау ісі өз деңгейінде жүргізіліп жатыр деп ойлайсыз ба?

Тәуелсіздікті ұрпаққа насихаттау ісі өз деңгейінде жүргізіліп жатыр деп ойлайсыз ба?

Тәуелсіздік – Құдайдың халыққа берген бақыты, баға жетпес сыйы десек артық айтпаймыз. Тәуелсіздік аспаннан түспейді, жанқиярлық ерліктермен, табанды күрестермен, үлкен құрбандықтармен келеді. Азаттықтың буыны өсіп-өнді, есейді, үлкен өмірге қанат қақты, дегенмен күнделікті өмірде Тәуелсіздікті жете бағаламай, көңілге кірбің түсірер жайттарға куә болатынымыз жасырын емес. Толағай асуларға жеткізген Тәуелсіздіктің 22 жылдық белесінде «осы Тәуелсіздіктің қадіріне жете алып жүрміз бе», «Егемендікті ұрпаққа насихаттау ісі өз деңгейіне жүргізіліп жатыр ма?» деген өзекті сауал көмейімізге тығылады. Санадағы осындай дуалистік сұрақ төңірегінде әртүрлі пікір бар, әркімнің өз уәжі жоқ емес. Ендеше сарапшыларды сөйлетсек...


Динара Ақболат, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың саясаттану кафедрасының доценті міндетін атқарушы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі:
иә
– Тәуелсіздік деген ең үлкен бақы­ты­мызды, байлығымызды, бүгінгі азат болмысымызды ұрпаққа наси­хат­тау ісі өз деңгейінде, бүкіл респуб­ли­калық ауқымда жүргізіліп жатыр деп нық сеніммен айта аламын. Тә­уел­сіздікті насихаттау жағы кемшін де­ген пессимистік көзқарастарды қол­да­маймын. Себебі, алысқа бар­май-ақ отандық бұқаралық ақпарат құрал­дарын алып қарасаңыз, Тәуел­сіз­дікті, жасқанудан ада азат сананы сіңіру­дегі үлесі орасан зор. «Балапан» тел­еарнасы уыздай бүлдіршіндерге асқақ рухты, отаншылдық қасиеттерге толы телеөнімдерді насихаттаса, «Мә­дениет» телеарнасының ұлтқа қа­жет­ті төл дүниелері тәуелсіздіктің ке­ре­гесін нығайтып келеді.
Өз басым университет қабырғасында студенттерге сабақ беріп, «Патриот» ғы­лы­ми үйірмесінің басы-қасында тәрбие­лік-ұйымдастыру шараларына белсене арала­сып жүріп түйгенім, бүгінгі жастар­дың бо­йынан тәуелсіздіктің асқақ рухы ерекше бай­қалады, олар – құлдық стерео­тип­тер­ден ада Тәуелсіздіктің төл буыны. Жас буын Тәуелсіз елде туғандықтан, еш қы­лаусыз мемлекетшіл санамен сусындап өскен, өзі­нің бүкіл болмысымен тәуелсіз. Олардың көкіре­гін­де «Біз осы Қазақстан­ның бетке­ұстар азаматымыз, бабалар аңсаған Тәуел­сіз ел­ді еңселі етеміз, баянды етеміз, қор­ғай­мыз, болашаққа әлеуетті ел болып ба­ра­мыз» деген мотивация кернеп тұр. 16 жел­тоқсан – Тәуелсіздік мейрамы қар­саңында бүкіл оқу орындарында Тә­уел­сіз­дік құндылығын насихаттау бағы­тын­да көп­теген мәдени-рухани, тарихи-таным­дық, театрлық көрі­ніс­тер, концерттік бағдарла­ма­лар, Жел­тоқсан оқиғасының тағылымы­на орай іс-шаралар, біздің уни­вер­ситетте «Мен жас­тар­ға сенемін!» атты сту­дент жас­тардың республикалық пат­риот­тық фести­валі өтті. Фестивальда сту­дент­тік иннова­ция­лық жобалар байқауы, Отанға деген белсенді азаматтық ұстаны­мын танытатын проза­лық шығармалар сын­ға түсетін «Мен өз елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты студенттік эс­се байқауы, студенттік, азаматтық-пат­риот­тық бағыттағы поэзия­лық шығарма­лар байқауы ұйымдастырыл­ды. Студент­тер­дің өз белсенділіктерімен, ынта-ықыластарымен іске асырылып жат­қан іс-шаралардың өзегі – Тәуелсіздік құн­дылығы, қуатты ел болуға ұмтылыс. Ме­нің­ше, Тәуелсіздікті насихаттау деген – алау­лату-жалаулату емес, нақты әрі батыл, кре­а­тивті іс-әрекеттердің көрінісі. Біз Тәуелсіздікті насихаттау процесінен өтіп кеттік, қазір тәуелсіз екенімізді сезіну, түй­сіну, өзгелерді мойындату сатысына қадам басып келеміз. Біз үшін қазір Тәуелсіздікті қалай сақтаймыз, қалай нығайтамыз де­ген бағытта еңбек ету маңызды. АҚШ-та ғылыми тағылымдамадан өткен кезде көз жеткізгеніміз, 2 ғасырдан астам уақыт бұрын тәуелсіз ел болған америкалықтар осындай мейрамның қалыптасқан өзіндік базисі бар. Мейрамда ешкім айтпай-ақ, ешкім насихаттамай-ақ, міндеттемей-ақ сүйекке сіңген дағдымен киімдерін киіп, жалауларын желбіретіп алаңға, жұрт жиі жиналатын көрікті орын­дар­ға барып, от­шашу­ды тамашалайды, бірін-бірін құттық­тайды, өткенге тағзым етеді. Былайша айт­қанда, Тәуелсіздік ме­ре­кесі – ерекше от­ба­сылық, корпоративтік, жалпыұлттық мей­рам. Бізге де оның ауылы алыс емес, осы­ған қуантарлық үрдістер байқалады.


Гүлшат Нұрымбетова, саяси ғылымдар докторы, профессор:
жоқ
– Бүгінде тәуелсіздікті ұрпаққа насихаттау ісі жеткіліксіз. Қарапайым ғана мысал келтірейін. Желтоқсан айында қала көшелерінде халықты тәуелсіздік мерекесімен құттықтау емес, жаңа жылмен құттықтау қаптап тұрады. Ал Тәуелсіздік күні Жаңа жыл мерекесінен әлдеқайда ерте екені белгілі. Бұл бізге мәртебесі зор мем­лекеттік мейрамды насихаттаудың әлі де жеткіліксіз болып отырғанын көр­сетеді. Айта берсе, ондай әттеген-айлар жетіп артылады.
Тәуелсіздікті қазіргі ұрпаққа құр­ғақ насихатпен түсіндіру қиын. Азат­тық­тың бағасын түсіндіру үшін ғылым, білім, өнер, мәдениет, спорт – бәрі өте сапалы әрі оқырманын, көрерме­нін, жанкүйерін баурап алатын үздік шы­ғарма деңгейіне көтерілуі керек.
Мәселен, кешегі кеңестік заманның «Қыз Жібек» фильмі – осындай талап дең­гейінен көрінген шығарма. Оны көрген адам тарихтан, өнерден, салт-дәстүрден, жақ­сылық пен зұлымдықтан хабардар ғана болып шықпайды, қазақ деген ха­лық­тың ерекше мінезі мен болмыс-бітіміне құрметпен қарайтын дүниетанымын қа­лып­тастырады. Міне, Тәуелсіздікті осылай насихаттасақ, ұрпақ Қазақстанда туғаны­на, осы елге қызмет ететініне мақтанатын болады.
Тәуелсіз, азат ел болу – үлкен бақыт. Біреуден тәуелді, бодан халықтың бо­ла­шағы туралы сөз етудің өзі қиын. Алысқа барудың қажеті жоқ. Кешегі кеңестік дәуірді еске түсірсек те жеткілікті. 70 жыл­дан астам үстемдік құрған кеңестік идео­логия қыспағынан қазақ халқы өзінің тілін, дінін, ділін ұмытып, бет-бейнесі айқынсыз мәңгүрттерге айналдық. Тәуелсіздіктің арқасында етек-жеңімізді жинап, есімізді жидық десек артық болмас. Әрі қазақтың кім екенін танып, оны өзгелерге танытуға ұмтылып отырмыз. Тек тәуелсіз дербес мем­лекеттің Туы, Елтаңбасы, Ұлттық валю­тасы сияқты өз нышандары болады.
Тәуелсіздік қоғамның, оның мүшелері­нің еркін, әділетті, алаңсыз ортада кемел­денуі үшін қажет. Егер әлеуметтік әділет­тілік сақтала бермейтін болса, Консти­туциямызда айтылған құқықтық мемлекет құру міндеті қағаз жүзінде қала берсе, сөз бен істің арасындағы алшақтықты көрген ұрпақ Тәуелсіздіктің құндылықтарына сенбейтін болады. Сондықтан қазіргі ұрпақ Тәуелсіздіктің мәнін түсіну үшін Ата Заңымыз Конституцияда жазылған қағи­даттар іс-жүзінде мүлтіксіз, қоғамның бар саласында, үлкен-кіші деп жіктелмей орындалуы керек.

                                      Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Түйін
Қос тараптың да пікірінің жаны бар. Өйткені бұл пікірлердің астарына күнделікті өмірде куә болып келеміз. Ендігі мәселе – жігерді жанып, Тәуелсіздіктен бойға қуат дарытып, елдігіміздің жалауын биікте желбірету әр азаматтың борышы екенін сезіну, мемлекеттің мұраты жолында тынымсыз еңбек ету.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста