Тазалық сақтауды қадағалайтын экологиялық полиция қажет пе?

Тазалық сақтауды қадағалайтын экологиялық полиция қажет пе?

Қоғамдағы қордаланған мәселелерді әртүрлі көзқарастағы азаматтардың пікірімен саралайтын «Алаш айнасы» газеті мен СТВ арнасының бірлескен жобасы аясында жарық көрген бағдарламаның кезекті тақырыбы экология мәселесіне арналып отыр. Өйткені соңғы кездері дүниежүзі бойынша экология мәселесінің өзектілігі артып барады. Тұрғындардың тиісті деңгейде тазалық сақтамауы да экологияның нашарлауына елеулі үлес қосуда. Осы орайда мамандар «елімізде күн санап кері кетіп бара жатқан экология мәселесін шешудің бір жолы – экологиялық полиция құру» деген ұсыныс айтуда. Мамандардың бұл ұсынысын біз де өз тарапымыздан талқыға салып көрген едік.


Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы,саясаткер:
иә
– Менің ойымша, тазалық сақ­тауды қадағалайтын экологиялық полиция құру өте дұрыс шешім бо­лар еді. Өйткені бүгінгі күні тазалық сақ­тауға, экологиялық мәселелерді шешуге ешкім дұрыс көңіл аударып отыр­ған жоқ. Егер экологиялық поли­ция құрылса, қаланың іші де, сыр­ты да таза болар еді. Мәселен, қа­зір Алматы қаласында қоқыстар кез келген жерде шашылып жатыр. Со­ның салдарынан суағар арықтар бі­теліп, ағын су көшелерді бойлап ағып, төселген асфальттарды бүл­діріп, тұрғындардың үйіне кіріп жа­тыр. Тұрғындардың тазалық сақ­тау­ды әдетке айналдырмағанының сал­дарынан жерасты жолдары әжет­ханаға айналған.
Қаланың сырты да жетісіп тұрған жоқ. Жыл сайын көктемгі мезгілде қала сыртына демалуға шыққан жұртшылық не­ше түрлі қоқыстарды шашып, әсем та­би­ғатты ластап, тіпті жаққан оттарын дұ­рыс өшірмеу салдарынан ормандар от­қа оранып жатыр. Бүгінгі күні мұны қа­дағалауына алып отырған ешкім жоқ. Осы бетімен кете берсе, әсем қа­ламыз ажарынан айырылып, та­би­ғатымыз орны толмас апатқа ұры­нады. Қазір  еліміздің барлық өңі­рінде экологиялық ахуал өте күр­делі. Сондықтан елімізге осы­ның бәрін қалыпқа келтіретін эко­логиялық полиция құру қажет.


Мақсат ЖАҚАУ, саясаттанушы:
жоқ
– Мен бұл пікірмен келісе ал­май­мын. Экологиялық тазалықты сақ­тау – әр азаматтың міндеті. Таза­лық сақтауды қада­ға­лай­тын арнайы мекемені ойлап табудың да қажеті жоқ. Өйткені жауапкершілік жоқ жер­де бәрібір тәртіп болмайды. Әр­­кім өз міндетін дұрыс орын­да­ма­ғандықтан, заңнамалар іске ас­пай­тын­­дықтан, біз жаңа нәрсе ойлап та­­буға тырысамыз. Ал ойлап тапқан нәрсеміздің іске асатынына өзіміз де сенімді емеспіз. Сондықтан эко­ло­­гиялық полиция құруды ой­ла­мас­тан бұ­рын жергілікті әкім­дік­тер­дің жа­уап­кершілігін оятып, қала та­за­лы­ғына жауапты орындардың мін­детін ес­теріне салуға тыры­суымыз керек.
Негізі, қала тазалығына жауапты арнайы орындар бар. Ендеше, солар өз міндетін дұрыс атқарсын. Олардың жауапкершілігін күшейту арқылы біз бұл мақсатқа жете аламыз. Айта кетер жайт, экологиялық полиция құру қосымша қаржы көзін керек ететіні де рас. Дәл осы тұрғыдан келгенде полиция құрудан гөрі әлдеқайда оңай жолмен экология мәселесін шешуге болар еді. Ал кез келген нәрсеге полиция құра беру артық дүние. Осы тұрғыдан келгенде мен экологиялық полиция құруға қарсымын.

тартыс бөлімі                                                                                                                                     
Жүргізуші:
– Бағдарлама қонақтарының ұстанымы айқындалды. Енді бағдарламамыздың «Тартыс» бөліміне өтіп, ойымызды тарқатып айтсақ. Мэлс мырза, сіз тазалық сақтауды қадағалайтын экологиялық полиция керек деген ұстанымдасыз. Ендеше, экологиялық полицияның құзырына қандай міндеттер кіруі керек деп санайсыз?
Мэлс Елеусізов:
– Рас, қазір полицияның түрі көп. Мәселен, патрульдік полиция. Қала тыныштығын бақылайтын олар ішкен адам көрсе, көліктеріне салып айықтырғышқа жеткізгенше асығады. Тіпті олардың таныстарымның қалтасына наша салып, артынан босатуға пара сұрағандарының да куәсі болғанмын. Осы орайда мен патрульдік полиция­ның орнына экологиялық полиция құрылса әлдеқайда пайдалы болар еді деп ойлаймын. Немесе болмайтын тірліктермен айналысып жүрген патрульдік полицияға тұрғындардың тазалық сақтауын да бақылауды міндеттесек, дұрыс болар еді. Немесе Жол полициясының да аңды­ғаны мас жүргізуші, патрульдік полицияның да қыз­меті сол. Шын мәнінде қоғамдық тәртіпті қадағалауға бір поли­ция ғана жетеді. Егер мемлекеттің әлеуеті жаңа бір мекеме құруға жетпейді десек, патрульдік полицияға эко­логиялық полицияның міндетін жүктейік. Әйтпесе Алматыда қазір ағаштар оңды-солды кесіліп, көшеде қоқыс­тар шашылып жатыр. Оның сұрауын кімнен сұрары­мыз­ды да білмей отырмыз. Менің қарсыласым тиісті ор­ындар бар дейді. Әйтсе де тазалық мәселесі олардың тіке­лей құзыретіне кірмегеннен кейін олар экология мәсе­ле­сіне қырын қарайды. Шын мәнінде экология мәселе­сі­мен қоғам болып, полиция құрып айналыссақ та артық емес.
Мақсат Жақау:
– Бізде полицияның негізгі құзыреті қылмыскер ұстау деп түсінеді. Оның үстіне, тазалыққа қатысты кейбір дүние­лер олардың әрқайсысына бөлініп берілген. Мәсе­лен, көлікте келе жатып терезеден сыртқа қоқыс таста­саңыз, белгілі бір дәрежеде әкімшілік жауапкершілікке тартыласыз. Әйтсе де жемқорлықтың салдарынан мұн­дай тәртіп бұзушылар жазаланар емес. Тіпті айыппұл төлеп жатқандар да сирек. Осы секілді ертеңгі күні арнайы құрған экологиялық полициямыз жемқор­лықтың сал­да­рынан экологиялық мәселелерді шешуге атүсті қараса қайтеміз? Көліктерден шығатын улы түтін, қала­ның төменгі бөлігіндегі үйлерден шыққан көк түтін қаланың экологиясының бұзылуына аз кесірін тигізіп жатқан жоқ. Бұл мәселелердің неден туындап жатқанын да біліп отырмыз. Алдағы жылдары тез арада жер үйлерді жаппай газдандырып, улы түтін шығаратын көліктерді, сапасыз бензиндерді жоюымыз керек. Бұл – арнайы экологиялық полиция құрмай-ақ күрмеуі шеші­летін мәселе. Еуропада бұл мәселе шешілген. Өйткені онда мемлекет пен қоғам бірге жұмыс істейді. Керек десеңіз, жекелеген азаматтар үкіметтік емес ұйым құрып алу арқылы өзінің, баласының таза ауа жұтуы үшін күре­седі. Яғни оларда тазалыққа, қаланың экологиясына халықтың барлығы мүдделі. Бізде шын мәнінде эколо­гия­лық полиция құрмай-ақ бұл мәселені шешуге болар еді. Мәселен қоғамымыз мүдделі болса, экологиялық ұйымдардың жұмысына қолдау көрсетер еді. Өкінішке қарай, өз бетінше мәселені шешуге қоғамдық ұйымдар­дың мүмкіндігі аз. Қаланың экологиялық мәселесін шешуге арналған мемлекеттік тапсырыстар да жоқтың қасы. Осы бағытта халықпен де жұмыстар өз деңгейінде жүргізіліп жатқан жоқ.
Мэлс Елеусізов:
– Бір ғана мысал келтірейін, «жолайрық саламыз» деп Сайын көшесінің бойындағы ағаштардың бәрін қырық­ты. Сол ағаштардың ешқандай жоқтаушысы болмады. Мен осы жөнінде Қаржы полициясына, проку­рату­раға арыз жаздым. Ешқандай қозғалыс болмады. Егер экологиялық полиция құрылса, тікелей құзыретіне кіре­тіндіктен, кесілген ағаштардың сұрауын солардан сұрар едік.
Жүргізуші:
– Мақсат мырза тиісті орындар өз жұмысын тиісті деңгейде орындаса, ешқандай экологиялық полиция құрудың қажеттілігі болмас еді дейді. Жаңылмасам, бізде бірнеше рет «Жасылдар» партиясын құруға талпыныс болды. Осындай партиялар құру арқылы мәселені шеше алар ма едік?
Мэлс Елеусізов:
– Егер мемлекеттік тапсырыстар беріліп, мемлекет тарапынан көңіл бөлінсе, мәселені шешуге тырысар едік. Бірақ оны ешкім қажетсініп отырған жоқ. Менің экология мәселесін көтеріп жүргеніме талай уақыт өтті. Сол кезде қауіп етіп айтқан нәрселерімнің бәрі бүгінде дәлелденді. Жақында үш дүниежүзілік саммитке қатыстым. Онда ауа райының өзгерісі ерекше сөз болды. Қазір дүниежүзілік ауа райы жарты градусқа жоғарылаған. Бұл – үлкен апаттарға әкелетін өзгеріс. Қазір елімізде шөлейтті аймақтар көбейіп, құрғақшылық артып келеді. Мұздықтарымыздың 40 пайызы еріп кетті. Ертеңгі күні ауызсусыз қалу қаупі артуда. Жеті жылдай болды, патент алдық, қоқыстарды іріктеу арқылы оларды жою әрі пайдалы іске асыруға тырысып жатырмыз. Осының өзіне қолдау білдірушілер жоқ. Қазір қоқыс полигондары көбейіп бара жатыр. Оларды іріктеу арқылы жоюға болады. Осы секілді экологиялық мәселелерді тиімді шешу туралы талай ұсыныстар айттым.
Жүргізуші:
– Жалпы, экологиялық полиция құру бұрыннан тәжірибеде бар көрінеді. Мәселен, Ресейдің кейбір облыстарында экологиялық полиция бар екен. Бәлкім, бұл тәжірибені ішінара енгізіп көру керек шығар?
Мақсат Жақау:
– Мұны әр аймақтың экологиялық ерекшеліктеріне қарап анықтауға болады. Мәселен, елімізде экологиялық аймақ деп танылған аймақтар бар. Сондай ақ Алматы қаласының экологиялық жағдайы да Арал ауданының экологиялық ахуалымен салыстыруға келмейді. Олардың экологиялық ерекшеліктерін анықтасақ, мәселенің механизмдерін анықтауымызға болар еді. Айта кетер жайт, біз экологияның алдын алуға көңіл бөлуіміз керек. Экология мәселесі кешенді түрде шешілуі қажет нәрсе. Мен тағы да қайталап айтамын, осы мәселемен күресетін полиция ойлап табудан гөрі жаппай халықтың санасын өзгертуге тырыссақ, әлдеқайда пайдалы болар еді.
сайыс бөлімі                                                                                                                                        
Жүргізуші:
– Бағдарламамыздың үшінші бөлімі «Сайыс» деп атала­ды. Осы тақырып аясында қарсыластар өзара сұрақ жауап алмасады.
Мэлс Елеусізов:
– Тазалық сақтауды қадағалайтын экологиялық полиция міндетін патрульдік полицияға міндеттеуге қалай қарайсыз?
Мақсат Жақау:
– Бәрі жауапкершілікке байланысты. Егер жоғарыдан тиісті деңгейде бақылау болмаса, патрульдік полиция да бұл мәселені шеше алмауы әбден мүмкін. Ал менің сізге қояр сұрағым, жол полициялары қаланың кіре берісінде көлікті тоқтатып, көліктен шығатын түтін құрамындағы улы заттардың деңгейін тексеріп жатады. Айыппұлды төлегенмен, ол мәселе жуық арада шешіле қоятын емес. Осы орайда мұның жауапкершілігін кімнен сұрауымыз керек? Экологиялық полициядан ба, әлде ...
Мэлс Елеусізов:
– Бұл – барлығына қатысты шаруа.
Дегенмен экологиялық полиция құрылса көптеген мәселенің шешілуіне мұрындық болар еді.

ойтүйін                                                                                                                                                       
Жүргізуші:
– Соңғы бөлім «Ойтүйін» деп аталады. Бұл бөлімде екеуіңізге де қойылар сұрақ ортақ. Қарсыласыңыздың ойынан не түйдіңіз және оның ұстанымына өтіп кеткен жоқсыз ба?
Мақсат Жақау:
– Біз мәселені нақты шешу жолдарымен айналысуымыз қажет. Мәселен, тіл мәселесін айтып келе жатқанымызға талай уақыт болды. Бірақ мәселе шешілер емес. Осы орайда Алматы каналының «Тіл сақшысы» бағдарламасы жарық көрді. Камераларын көтеріп алып, заңды кім қалай бұзды, оны жөндеуге не кедергі деген мәселелерді оқиға орнында анықтады. Нәтижесінде талай мекемелердің сақау тілі дұрысталып, көшелердегі қазақша қате жазулар түзетілді. Біз дәл осылай экология мәселесін шешуімізге болар еді. Оған көп қаржының да, погон таққандардың да қажеті жоқ. Тек бір камераны алып, нақты мәселені ашып көрсету арқылы тиісті мекемелердің жауапкершілігін талап ету қажет.
Мэлс Елеусізов:
– Дүниежүзілік ауа райының жарты градусқа жылынуы жер бетінде көптеген табиғи апаттардың орын алуына әсер етті. Вулкандар оянып, жер сілкіністері, су тасқындары тоқтаусыз жүріп жатыр. Экологиялық мәселенің алдын алмасақ, жер бетіндегі адамдар қырыла бастайды. Біз осыны түсінуіміз керек. Табиғаттың тілін таба білуді үйренуіміз керек. Мәселен, адамзат қанша дамыса да, ауадағы көмірқышқыл газын азайтатын әдіс таба алмады. Тек табиғат қана көмірқышқыл газын жойып, оттегі бөліп шығара алады. Сондықтан тал-теректеріміздің санын көбейтіп, табиғаттың тепе-теңдігін бұзып алмауға тырысуымыз керек. Және табиғатты сақтау үшін экологиялық полиция құру секілді ұсыныстарды тез арада іске асыруымыз қажет.
Жүргізуші:
– Бүгінгі бағдарламамыз да өз мәресіне жетті. Экологиялық мәселе – қай уақытта да күйіп тұрған өзекті мәселе. Ендеше, қоғамдағы түйткілді мәселелерді көтеріп, қоғамдық пікір қалыптастыру – біздің міндет, ал шешім қабылдау тиісті органдардың еншісінде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста