«Тойға арналған әндерді үлкен сахнада айтуға тыйым салу керек» деген пікірмен келісесіз бе?

«Тойға арналған әндерді үлкен сахнада айтуға тыйым салу керек» деген пікірмен келісесіз бе?

Қай елде, мейлі қай жерде болмасын, той-думанның әнсіз өтпесі белгілі. Бүгінде той тұтас жанрға айналып, тіпті сахнаны да «басып озған» жайы бар. «Басып озды» деп отырғанымыз, әншілердің кейде тойды сахнадан биік қойып кететіндігі. Бәлкім, нәпақаны тойдан тапқаннан шығар?.. Әйтсе де  тойдың әнін сахнаға шығарып жүрген әншілердің ісін қалай түсінуге болады? Әлде әнді олай бөлудің өзі әбестік пе? Таразылап көрсек...


Майра Ілиясова, әнші, продюсер:
иә
– Мен өз басым той әндерін үлкен сахнаға алып шығу дегенге үзілді-кесілді қарсымын. Бірақ қазір өзі қазақ эстрадасында той мен үлкен сахнаның әндері біршама іріктеліп шықты да ғой. Ешкім бөлген жоқ, заман, қоғам, орындаушы мен тыңдарманның өзі ненің не екенін таразылай алатын дәрежеге жетті. Той әндерінің ырғағы жылдам, көңіл күйді көтеретін әрі халықты еліктіріп әкете алатын жағдайда. Мысалы, «Ақмаржан», «Қызыл өрік» секілді әндер қандай керемет: халық тойда басқаны сұрамаса да, соларды сұрап, соларды орындаушыларды шақырып, бәйек болып жүргені. Өзімнің де «Бүгін ұлы той» және «Қызыма» секілді әндерім бар.  Нағыз тойға таптырмас әндер! Бірақ қанша керемет болса-дағы, мен сол әндерімді сахнада орындамаймын, себебі көрерменді, киелі сахнаны сыйлаймын. 
Сахна – нағыз іріктелген туындылардың ордасы. Ал той туындылары бірден білініп тұрады. Айталық, «Нағашыма», «Құдама» немесе «Қарындасыма» деген әндер шы­ғып жатыр. Олардың сахна емес, нағыз ту­ған-туыстар жиналатын тойда орындала­тын әндер екені білініп тұрады. Айталық, менің «Қызыма» әнім үлкен сахнада орын­дауға арнап жазылғанымен, мейлі өңдеуі де, сапасы да мықты болғанымен, мен оны сахнада орындамаймын, ал тойда ол – нағыз қажет ән. Той иелері арнайы сол әнді сұрап айтқызып, кейде тіпті сол әнім арқы­лы танып, сол әнге қолқа салып шақырып жатады. Былайша айтқанда, той әндері ол «малтабар», яғни әншіні асырайтын әрі ту­ған-туыс, ағайын ортасын жақындастыру­ға, жалпы айтқанда, отбасына қызмет ете­ді. Әншілеріміз бастапқы кезде мән бер­мегенімен, қазір өздері-ақ қай жерде нені айтып, нені айтпау керектігін біле бас­таған. Мен тіпті байқаймын, «Дос-Мұқа­сан» тобындағы ағаларымыз қазақ тойла­ры­ның әнұранындай болып кеткен «Той жырын» қазір сахнаға алып шықпайтын болып­ты. Қазір тіпті сол әнді сағына­тын да бол­дық.
Той әнін сахнаға алып шықпау керек дегенмен, кейде халықтық әнге айналып кететін де әндер болады, оларды тойдікі не сахнанікі деп бөле алмайсың, халық қай жер­де де тыңдайды, жақсы қабылдайды да. Мәселен, менің «Бурылтайым» мен «Ақ­құм» секілді әндерім – нағыз халық әндері, сахнаaның сәні, бірақ мен соларды тойда да айтамын. Бірақ орындамас бұрын «халайық, бұл билейтін ән емес, жайғасып, әнге құлақ салсаңыздар екен» деп ескерте­мін. Әнді түсінбейтін біреу болмаса, бұл ән­дер­ге ортаға шығып билемейді де. Ал енді қазіргі композиторлардың арнайы той­ға деп жазған әндерін сахнаға алып шы­ғуға мен мүлдем қарсымын. Әйтсе де, ме­нің білуімше, есті әншілердің өздері де той әнін сахнадан жырақ ұстап жүр. Айта­лық, Жанар Айжанованың «Құдалар» әнін, тағы бір әншілердің «Нағашым» деп орын­дап жүрген әндердің мен сахнада шыр­қалғанын көрген жоқпын.
Ал енді тойдағысын сахнаға шығарып, болмаса керісінше жасап жүргендер кім? Біріншіден, олар өнерге жаңадан келіп жат­қан, яғни әлі репертуары толығып үлгер­меген жастар, онда да арнайы музы­калық білім алмаған, бірақ бойында тумы­сынан бір таланттың дәмі бар жастар. Әрі-беріден соң оларға кешіріммен қарау да керек, себебі олар өз арбаларын өздері сүйреп, «қайтсем, бірді екіге жеткізіп, көрі­ніп, өнерде жетістікке жетемін» деп жүрген арманшыл жастар ғой. Оларға тек біз секілді үлкен буын жөн сілтеп, ненің дұрыс, не­нің бұрыстығын айту керек.


Мақпал Құлшынбаева, жас әнші:
жоқ
– Мен өз басым қазақ әнін «той әні» не «сахна әні» деп бөлуге қарсымын. Себебі менің ұғымымда «шебер орындалған ән» және «қайнауы жетіспеген ән» деген әннің екі категориясы ғана бар. Жалпы, ән деген – көңілдің күйі, сезімнің қылын шертетін тылсым дүние. Сезім болмаса, ән тумайды. Олай болса, адам бар жердің бәрінде сезім бар. Ендеше, біз неге адамдарды, яғни тыңдарман аудиториясын бөлуге тиіспіз? Немесе «мынау той әні, ол тек тойда орындалсын» деп немесе керісінше үкім шығаруға кімнің қақысы бар? Мысалы, мен өзім әншімін, кәдімгідей музыкалық білімі бар, жаңадан сахна биігіне көтеріліп келе жатқан жайым бар. Мен әнді әу баста сахнаға не тойға деп бөлмей, сапалы шығаруға, сол әннің иірімі мен ырғағына сай өңдеумен жаздырамын.
Ол сәтте ішімде «осымен тойға шығып байып кетсем» немесе «бұл тойда өтпейді, сахнаға бейімдеуім керек» деп жікте­меймін.
О бастан бері талдайтын болсақ, Шәм­ші Қалдаяқов ағамыз өзінің «Сыр сұлуы», «Арыс жағасында» немесе «Құр­бым, жан құрбым», «Сыған серенада­сы» әндерін қайсысын болсын тойда айтылсын болма­са сахнада ғана шырқалсын деп бөле-жарып жазған жоқ. Ол жүректен жазылды – жүрекке жетті. Сол сияқты бүгін де композиторлар әндерін «халтура» немесе «саханаға» деп, біріне атүсті қарап, екін­шісіне жанын салып бөле-жармаса не жаз­са да өз жүрегінен шығарса ғой, біз мұндай екіұ­дай күйден арылар едік.
Қазір, жалпы, әншілерде болсын, бас­қа салада болсын нарықтың жөні осы екен деп, сапаға емес, ақшаға қызмет ету үрдісі белең алып кеткендей. Көрерменді, тыңдарманды өнер тәрбиелеудің орнына қазір, керісінше, өнер көрерменнің сұра­нысына қызмет етіп жатқаны өтірік емес. Әрі-беріден соң біз тыңдарман талғамын арттыруға тиіспіз, бірақ, керісінше, қазір өзіміздің «хит» не «өтпейтін ән» деп талғамға қызмет етіп кеткен жөніміз бар. Ал халықтың талғамы қандай? Өкінішке қарай, аса жоғары деп айта алмаймыз. Ендеше, биіктің аласарғаны жақсы ма, яғни биік өнердің арзандағаны әлде аласаны биіктеткен бе, яғни талғамды жоғарылатқан ба?
Жоғарыда қойылған сұрақ та сол екіге жарылуды қажет ететін ойдан туып тұр ғой. «Той әні» деп тұрғаны қай әндер сонда? «Қызыл өрік» пе, әлде Қайрат Нұртастың, болмаса Заттыбектің әндері ме? Қай-қайсысын болсын халық сүйіп тыңдайды және оларды тойда болмаса сахнада айтса да қуана қабылдап, еріксіз билейді. Ен­деше, біз оларды неге «той әні» деп шек­теу­ге тиіспіз? Сондықтан мен «той әні» деп бөліп, «той әнін сахнаға алып шығуға тыйым салу керек» деген пікірмен келісе алмаймын. Ән жақсы не жаман болуы мүмкін, соған қарай халық оларды не тың­дауы, не тыңдамауы мүмкін, бірақ бір әнді тек тойда қабылдап, сахнада қабылдамай қоя­ды деу – қателік. Мен бұл нәрсені ойдан алып айтып жатқан жоқпын, өмірде, сахна­да, тойда көрген шындығымды сараптай ке­ле, осындай ой түйгенімді айтамын.
                                     Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Түйін
Қазақта шоу-бизнес жоқ, той бизнесі ғана бар дейміз кейде. Бірақ сонда біз бір нәрсені ескермейтініміз анық: қазақтың шоу-бизнесі, ол – той бизнесі. Және де ол – жаһандық емес, өзіндік ұлттық сипатқа ие ерекше бизнес. Шоу десек – шоу, өнердің өзі, бизнес десек – табыстың көзі. Бұл – бір. Екінші жағынан, сапаға қызмет ету деген де дүние бар. Ол үшін тойға халтура деп қарауды тоқтатуға тиіспіз. Сонда ғана, қазақтың сахнасы да, тойы да үндестік тауып, ортақ үйлесімге келетіндей. Мәселе осы екеуінің алшақтығынан туып отыр емес пе?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста