Ұлтшылдық саясаткерлер үшін жағымды имидж бола ала ма?

Ұлтшылдық саясаткерлер үшін жағымды имидж бола ала ма?

Еліміздегі мемлекет негізін құраушы ұлттың үлес салмағының басымдылығы анықталғаннан кейін саясаткерлердің көкейінде түрлі сауалдар туатыны анық. Халық санағы аяқталғаннан кейін бірді-екілі қайраткерден басқа ұлтшылдыққа батыл беттеген тұлғалар байқалмайды. «Бұл ұлтшылдық мінездің саяси тұлғаға имидж қалыптастырып бере алмайтындығының белгісі ме?» деген сұрақпен көкейінде айтар ойы бар Алаш азаматтарын мазалаған едік.

Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы:
Иә

–  Кезінде Ресейдің Президенті болып тұрған Владимир Путин «Медведев те мен секілді ұлтшыл» деп жариялаған болатын. Бұл айтылған сөз «Ресей әкімшілігі, ең алдымен, орыс халқының мүддесін қорғайды» дегенді білдіреді. Және онысын жасырмай айтып тұр. Ал біздің саясаткерлер үшін осы уақытқа дейін еліміздегі қазақтардың үлес салмағы аз болғандықтан, «мен қазақтың мүддесін қорғаймын» деп айту қауіпті болды. Бірақ өзіміз көріп отырғандай, бүгінде қазақтың үлес салмағы біршама артып отыр. Ендігі уақытта керісінше құбылыс жүре бастайды. «Мен қазақтың мүддесін қорғаймын» деп айта алмаған саясаткер шетте қалып қояды. Және олар мемлекеттің негізін құраушы халықтың рухани жасампаздық қуатына арқа сүйей алмайды. Бүгінде қазақтың үлес салмағы 70 пайызға жетті. Бұл көрсеткіш қазақтардың шешуші күш екенін көрсетіп отыр. Енді саясат алаңына шыққан кез келген қайраткер міндетті түрде осы халықтың ұлттық құндылықтарын ұран етуге мәжбүр болып қалады.
Бұл еліміздегі өзге ұлт өкілдеріне қарсылық білдіру деген сөз емес, бұл – мемлекет құраушы ұлттың бойында жасырынып, ұйықтап жатқан жасампаздық күшті ояту деген сөз. Жалпы, әлемдегі саясаткерлердің барлығы өз ұлтына арқа сүйейді. Онсыз қанша жерден саясаткер болсаң да, сөзіңнің салмағы болмайды. Француздар өз елінде 50 пайызды ғана құрап тұрған кезде генерал де Голь: «Мен француздардың 60 млн болғанын көріп барып өлсем, арманым жоқ», – деген болатын. Сол сияқты өз ұлтына сүйенбеген қайраткер мемлекеттің айдарынан жел естіре алмайды. Ал әлем «ұлт» деген ұғымнан бас тартып жатыр деген қауесет жалған. Қазір Еуропада тек қана ұлттық мемлекеттер өмір сүріп жатыр. Францияда француз, Германияда неміс, Чехияда чех мемлекеті өмір сүріп жатыр. Ендеше, неліктен Қазақстанда қазақ мемлекеті өмір сүрмеуі керек?
Қазақ ұлтының мәселесін көтеріп шыққан саясаткер тіпті қазірдің өзінде үлкен беделге ие болатыны анық. Бірақ бірқатар саясаткерлер бұған күмән келтіреді, жалтақтықпен қарайды. Қысқасы, ұлтшылдық саясаткерлерге имидж бола алады және алдағы уақытта елімізде ұлтшыл саясаткерлер міндетті түрде пайда болады.

Досым Сәтпаев, «Тәуекелді бағалау»тобының директоры, саясаттанушы:
Жоқ
– Ұлтшылдық мінездің саясаткерге имидж әкелуі, ең алдымен, халқының таным-түсінігіне байланысты. Барлық халық бірдей емес, әрбірінің өз тарихы, төл дүниетанымы болады. Фашизмнің салдарын бастан кешірген бірқатар халықтар ұлтшылдықтың қай түріне болса да сескеніп қарайды. Жалпы, бұл ұғым адамзат үшін ортақ құндылық емес. Мысалы, көрші елдің ұлтшылдығын біз құндылық деп есептемейміз, жағымсыз құбылыс деп қабылдаймыз. Ал өз елінің ішінде дұрыс қабылдануы да мүмкін. Жалпы, әлемде өзін ұлтшыл етіп көрсеткісі келетін саясаткерлер көп. Мысалы, Францияда Ле Пен, Ресейде Жириновский, Жапонияда да, Италияда да, әр халықта ұлтшылдықты көтеретін саясаткерлер бар. Бірақ солардың беделі кереметтей жоғары болып жатыр деп айтпас едім, қайта кейде керісінше болып қалады. Мысалы, Ресейдің, Украинаның, Венесуэланың ұлтшыл саясаткерлерінің әлемдегі имиджі әжуалы образға айналып кеткен.
Сондықтан соңғы кездері әлемдегі көптеген ұлтшыл партиялар өздерінің ұстанымын барынша жұмсартып, баршаға ортақ болып саналатын принциптерге қарай бейімдей бастады. Әсіресе, халықаралық қауымдастықтың көзқарасына салғанда, ұлтшыл саясат мүлде жағымсыз бағаланады.
Жаңа дәуірдің келуімен жаһандану құбылысының қарқыны орасан жылдамдықпен жүріп жатыр және оны қос қолын көтере қолдайтындардың саны аз емес. Әрине, мұндай жағдайда жаһандану заманының құндылықтары ретінде «толеранттылық» деген терминнің бағасы артады. Жалпы, осы «ұлтшылдық» деген ұғымнан гөрі «толеранттылық» деген түсініктің салмағы басым түсіп жатыр. Ал ұлтшылдықты қолдайтындар барған сайын кертартпашылар ретінде танылуда. Әрине, қазір саясаткерлер үшін ұлтшылдық қасиет имидж болып саналатын мемлекеттер де жоқ емес. Ұлтшылдықты ұрандай отырып, ұпай жинап, билік басына шығатын дәуір бірте-бірте өтіп барады. Бұл мінез саясаткер үшін тек ел ішінде ғана имидж болуы мүмкін. Тіпті Еуропаның кейбір мемлекеттерінде де ұлтшылдар партиялары жақсы дауыс жинап жатады. Дегенмен қайталап айтқым келеді, бұл – біртіндеп сәннен қалып бара жатқан құбылыс. Махатма Ганди айтқандай, ұлтшылдық – жалпы адамзатқа ортақ болатын құндылық емес. Сондықтан қазіргі саясаткерлер үшін ұлтшылдықтан гөрі ұлттар арасындағы ымырашылдықты, толеранттылықты насихаттайтын мінез керек дер едім.

Ой-түйін
Сөз жоқ, ұлтшылдықсыз мемлекет бола алмайды. Мемлекет болу үшін жағымды мағынадағы ұлтшылдық керек, ұлт мәселесін батыл көтеретін саясаткерлер керек. Егер жасампаз ұлтшылдық өзге ұлттарды жек көруге емес, бар болғаны өз халқын сүюге шақыратындығын ескерсек, шынайы ұлтшылдықтың саясаткерге жағымсыз имидж қалыптастыруы мүмкін емес екеніне көз жеткіземіз. Бәлкім, жасампаз ұлтшылдықтың ішіне толеранттылық пен ымырашылдық қасиет те кіретін шығар. Өйткені бұл қасиет кімді де болса өз ұлтын тек жағымды жағынан көрсетуге, ұлтының жеккөрінішті болмауына жетелейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста