Виртуалды полиция қажет пе?

Виртуалды полиция қажет пе?

Қазіргі таңда интернет «айшылық алыс жерлерден» тез арада хабар алысу мүмкіндігі жоғары желі ғана емес, ақпараттық мүмкіндігі жоғары құрал болып саналады. Интернеттің мұндай мүмкіншілігі тіпті интернет туралы заңның да қажеттілігіне арқау болды. Қоғамда да «интернетті бақылау керек» немесе «интернетті бақылау – БАҚ-ты бақылау деген сөз» секілді түрлі қайшылықты пікірлер аз айтылмады. Айта кетер жайт, кейбір шетелдерде интернетті бақылайтын виртуалды полиция жүйесі қолданысқа енгізілген. Осы орайда біз де «Виртуалды полиция қажет пе?» деген сауалды мамандардың назарына ұсынған едік.

35a

Серікқазы КӘКІБАЛАНОВ, «Қазақ интернеті» қоғамдық бірлестігінің бас директоры:

Иә
– Виртуалды полиция міндетті түрде қажет. Өйткені интернетте қазір адамның санасын улайтын, жасөспірімдердің тәрбиесіне кері әсер ететін нәрселер көбейіп барады. Мұның бәрін бақылап отыратын адамдар болмаса болмайды. Қазір әркім өзінше блог, парақша ашып алып, ойына келгенін жазып кетеді. Ол аз болса, фотомонтаж деген бар. Біреудің басын басқа бір жалаңаш денеге салып қояды. Кім өзін солай жасағанды ұнатады? Оларға тыйым сала алмайсыз, тіпті оны кімнің енгізгенін де біле алмай қаласыз.

Жалпы, интернет заң жүзінде реттелмеген. Бұл Қазақстанның ғана басындағы жағдай емес. Оны реттейтін бір дұрыс құрал, жүйе таба алмай жатыр. Тәртіп, жүйе болмаған жерде бейберекеттік, имандылыққа жат дүниелер орын алады.  Интернеттің тағы бір қауіпті жағы бар. Мәселен, қазақта «Қызым үйде, қылығы түзде» деген сөз бар.

Ал интернет арқылы жасөспірімдер сыртқа шықпай, компьютердің алдында отырып-ақ бұзылып кетуі мүмкін. Былай қарасаңыз, бала үйде, ешқайда шықпайды. Бірақ ол компьютерде күні-түні отырып, интернет арқылы кіммен сөйлесіп, не көріп, қандай нәрсе үйреніп жатқанын білмей қаласыз. Жас жеткіншектің әлі қалыптасып үлгермеген сана-сезімін улайтын дүниелер интернетте көп-ақ. Сондықтан мұның барлығы заңмен реттеліп, өзіміздің ұлттық салт-дәстүрімізге, діліміз бен дінімізге сәйкес лайықтауымыз керек. Арнайы мамандар, құзырлы мекеме қызметкерлері интернетті бақылап отырмаса, мұның бәрі – қауіпті дүниелер.

Рас, егер интернетті бақылайтын виртуалды полиция құрылса, «демократияға тосқауыл жасалды, сөз бостандығына қауіп төнді» деушілер де табылады. Бірақ біз өзіміздің ұлттық болмысымызға қауіп төндіретін нәрселерден сақ болуымыз керек. Бәрінен бұрын, ең алдымен, тәртіп болуы керек. Сонда ғана интернетті игілігімізге пайдалана аламыз.

002210

Азамат ЖЕТПІСБАЕВ, «Абырой» жастар қозғалысының жетекшісі:

Жоқ
– Виртуалды полицияның пайдасынан зияны көп секілді. Сондықтан бізге виртуалды полиция қажет емес. Жалпы, полиция деген сөздің өзі шектеулер мен тыйым салуды білдіреді. Осы орайда виртуалды полиция да интернетте сан түрлі шектеулер енгізіп, адамдардың сөз бостандығын ғана емес, ақпарат алу құқығын да шектеуі мүмкін.

Әсіресе, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болар алдында абырой әпермейтін дүние. Себебі ЕҚЫҰ ұйымының ең алдымен адамдардың демократиялы қоғамда өмір сүруін қолдайтынын ескерсек, бұл әдіс қоғамда да дүрбелең туғызары анық.

Интернет – ең алдымен ақпарат беру, хабар алмасу құралы. Бұқаралық ақпарат құралдарының барлығы дерлік интернетсіз жұмыс істемейді.

 Егер виртуалды полиция ұғымы енгізілер болса, ең алдымен, интернетпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін журналистердің басқан ізі, жазған мақаласы аңдуда, бақылауда болады. Виртуалды полиция оларды қит етсе айыппұл мен жазаға тартып отырады. Бұл журналистердің де мақаланы зерттеп, шындықты жазуға деген құлшынысын кемітеді. Журналистер бақылауда болды деген сөз – қоғам мен сөз бостандығы бақылауда болады деген түсінік. Онсыз да «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне

ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша прокуратураның интернетті бақылау құзыретін күшейтетіні аз айтылған жоқ. Осы заң бойынша, интернеттегі форум, чат, блогтар да БАҚ-қа теңестірілетінін бәріміз білеміз. Осыдан-ақ интернетті бақылайтын виртуалды полицияның БАҚ бақылауға арналып шыға келетіні түсінікті болып шығады. Сондықтан виртуалды полиция ұғымы – біздің қоғам үшін қажетсіз нәрсе.

Бейтарап пікір
Амангелді МЫРЗАБЕК,
«Азаттық» радиосы қазақ қызметінің бас редакторы:

– Виртуалды полиция интернеттегі жастардың санасын улайтын сайттар мен тәрбиелік өнегесі жоқ нәрселерге тосқауыл болса құба-құп. Бірақ мұның кереғар жағы да бар. Жақында «Адамдардың жеке басына қол сұғылмаушылық туралы» Заң талқылануға түсті. Бұл – сөз бостандығына, демократиялық ұстанымдарға нұқсан келтіретін заң. Себебі кейбір шенеуніктердің қасына туған-туысын қызметке тартып, мемлекеттің мүлкін өз мүлкіндей жұмсайтын кездері жиі кездеседі. Егер жоғарыдағы заң күшіне енсе, біздің шенеуніктер туралы ақпарат алуымыз, мақаланы зерттеуіміз қиындай түседі. Сыбайласқан қылмысқа қарсы күрестің де механизмі қиындайды. Өйткені шенеуніктер мемлекет мүлкін қалай талан-таражға түсірсе де, оны зерттей алмаймыз. Олай етсек, біз оның жеке басына қол сұғып, заңды бұзған болып есептелеміз. Бұл заң алдын ала БАҚ-та талқыға да түспеді. Яғни қолданылу функциялары жетілдірілген жоқ. Сондықтан  виртуалды полиция құрыла қалған жағдайда жоғарыдағы заңның мүддесіне жұмыс істесе, зардабы үлкен болмақ. Сондықтан виртуалды полиция ұғымы да – пайдасы мен зияны қатар жүретін, үлкен талқылауды қажет ететін нәрсе.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста