Жеке із кесушілер қызметін заңдастыру тиімді ме?

Жеке із кесушілер қызметін заңдастыру тиімді ме?

Осыдан алты жыл бұрын Парламентте жеке із кесушілер қызметін заңдастыру туралы ұсыныс жасалған-ды. Алайда артынан пікірсайыс өршіп, жеке із кесушілерге үзілді-кесілді қарсылар басым түскендіктен, толғағы жетіп тұрған заң жобасы, ешкім ойламаған жерден келген ізімен кері қайтты. Енді міне, арада бірер жыл өткенде аталған қызметті заңдастыру мәселесі қайта көтеріліп отыр. Сонымен жеке із кесушілер қызметін заңдастыру керек пе? Оның тиімділігі қандай болмақ?

Таир НАЗХАНОВ, «Адвокаттар форумы» қоғамдық ұйымының төрағасы:
Иә

– Әлбетте. Жеке із кесушілер институттары құқықтық мемлекеттерде бағзы заманнан жұмыс істейді. Біздің елде бұл мәселе қызу талқыланып барып, басылып қалды. Алайда заман талабы болғандықтан болар, әйтеуір қайта айналып келіп отырмыз.
Мұндай қызмет түрінің Қазақстанға керек­тігіне дау жоқ. Ең негізгі себебіне келсек, өз­деріңіз білесіздер, ешкімге жасырын емес те, еліміздің құқық қорғау органдары тікелей мін­деттерін толықтай атқара алмауда, аяқсыз қалып жатқан істер жетерлік. Бір сөзбен айт­қанда, еліміздегі қылмыстардың ашылу деңгейі төмен. Қылмыстың қай түрін алсақ та, көретініміз осы. Міне, осы орайда, жеке із кесушілер көмегі зор болар-ақ еді. Оған сенімім мол.
Ал адвокат ретінде айтарым, егер бізде де жеке із кесушілер қызметі құрылып, заңдас­тырылса, адвокаттар да олармен қоян-қолтық жұмыс істеп, қажетті ақпараттар алып отыруға мүмкіндіктері артқан болар еді.
 Ал қандай да бір қылмысты ашу кезінде ең маңыздысы – ақпараттың мол­дығы. Осы тұста айта кетейін, қыл­мыс­пен қар­сы күресте құқық қорғау органдары бол­сын, қорғаушылар болсын жеке із кесу­шілермен «бір жеңнен қол, бір жаға­дан бас шығарып» бірлесіп жұмыс істесек, бұл деген қоғамдағы тыныштықты сақтау­да таптыр­май­тын күш дер едім.
Жеке із кесушілердің қылмыстық істе де, азаматтық істе де көмек көрсете алады. Өз­деріңіз білесіздер, жеке із кесушілікке баратындардың барлығы бұрынғы құқық қорғау органы қызметкерлері, яғни тә­жірибелі мамандар.
Өздерінің жылдар бойы жинақтаған мол тәжірибелерін олар одан әрі жал­ғас­тырып, қылмысқа қарсы күреске жұмсаса, оның несі айып.
Бәрін айт та, бірін айт, көптеген сол бұ­рынғы тәртіп сақшылары зейнеткерлікке шыққан кезде азаматтық өмірге бейімделе алмай тоқырап қалады. Қоғамға әлі де болса пайдасын тигізуге мүмкіндіктері же­тіп, күш-қайраттары тасып тұрған жас­тарында жұмыссыз қалса күйзеліске ұшы­рап қалмай ма. Сондықтан да олар­дың жетік меңгерген, ұңғыл-шұңғылына қанық істерін тоқтаусыз одан әрі жал­ғастыра берулерін құптар едім.
Оның үстіне жеке із кесуші дегеніміз қылмысты ашумен айналысып жүрген­дердің қатарын толықтырып қана қоймай, бәсекелестік тудырады. Ал бәсеке – сапа кепілі. Жеке із кесушілерді тергеушілердің яки қылмыстық іздестіру қызметінің бір балама түрі деп қана қарастырған жөн.
Алайда егер заң қабылданып жатса, жеке із кесушілердің ақпаратты құпия сақ­тауларына, оны ешқандай жағдайда да жа­рия етпеулеріне, адамдардың жеке өмір­леріне қол сұқпауларына қатаң ты­йым салынуына баса назар аударылуы тиіс.
Қысқасын айтқанда, жеке із кесушілер бізге аса қажет. Олардың қандай да бір істе тек пайдасы болмаса, еш зияны жоқ. Мұн­дай қызмет түрін заңдастыратын кез жетті.

Кәрібай ТАСШАБАЕВ, заңгер:
Жоқ

– Мен жеке із кесушілер қызметін заңдас­ты­руға үзілді-кесілді қарсымын. Жеке із кесушілер қыз­метін заңдастыру арқылы солар араласқан істердің бар­лы­ғының оң нәтижеге жете қалуы неғайбыл. Өз ба­сым оған сенбеймін. Мәселен, нақты бір қыл­мыс­тық істі алайық: оны жеке із кесушісіз-ақ ішкі істер ор­ганы қызметкері ашуы мүмкін, ал оларсыз жеке із ке­сушінің қандай да бір істі әш­керелеуі екіталай. Олар арнайы білім алып немесе тың айла-тәсіл­дер­ді меңгерген және кәсіби машықтанған «Шер­лок Холмстар» емес, өзіміздің бұрынғы ішкі істер органдары қата­­ры­нан шыққандар. Мәселен, солар мемле­кет­тік органда жүргенде неге суырылып алға шық­пады, қылмыстың ашылу көрсеткішін неге жақ­сарт­пады? Осы тұста: «Жалақының аздығы ішкі істер органы қыз­­меткерлерінің жұмысқа деген ынта-жі­герін тө­мен­детті», – деп жатамыз. Бір оймен ол да рас. Егер біз қылмысқа қарсы күресті жақ­сар­тамыз десек, ең ал­дымен олардың жа­ла­қы­сын көбей­туге қол жет­кіз­геніміз абзал.
 Сонда кімнің болса да жүктелген мін­детіне деген ықыласы артады. Жауап­кер­шілікті сезінген болар еді. Үкімет ішкі істер министрлігіне аз қаржы бөліп отырған жоқ. Қаражат көлемі жылдан-жылға артып келеді. Елімізде «Қа­зақ­стан Республикасының ішкі істер ор­ган­дары туралы» және «Жедел іздестіру қызметі туралы» заңдар бар. Осы екі заңға сәйкес, қыл­мыстық іздестіру жүйесінің еншісіне де өте қомақты ақша тиіп отыр. Рас, бөлінген қаржының барлығы жөнсіз игеріліп жат­қан жоқ. Қоғамның игілігіне жұмсалуда. Соны­мен қатар ешкімге құпия емес, елімізде жа­сырын агентуралық жүйелер де бар. Оларды да Үкімет қар­жыландырып отыр. Осыларға қосымша тағы да жеке із кесушілер қызметін құрудың не қажеті бар? Ертеңгі күні олар да мемлекет қор­жы­нындағы қаражатқа көз салса ше? Осын­­дай мәселелердің бар­лығы қалай ше­шілер екен? Бұрын бол­маған қиын­дық­тар, былық-шылықтар туын­дап жатпа­сына кім кепіл? Одан да жұмыс істеп жатқан құрылымдардың жұмыс­тарын жетілдіріп, жақсартқанымыз әл­деқайда тиімді.
Ең маңыздысы – қылмыс әр алуан. Оның ішінде жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да, мемлекеттік қызметкерлер де болып жа­тады. Демек, із кесушілер қыз­метін заң­дастырып жатсақ, олар қыл­мыстың түрін таңдап жатпайды, бәріне араласа беретін болады. Ондай болса, мәселен, мемлекеттік құпиясы бар істерге жеке із кесушілерді аралас­тырғанымыз қа­лай болар екен? Ертеңгі күні олар «бізге рұқсат берді» екен деп, адамдар­дың жеке өмірлеріне қол сұғулары да әбден мүмкін. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай тү­йіні», мә­селен «Жедел жәрдемді» жеке адам­дарға беріп қоюға бола ма? Әлбетте бол­майды.
Енді ойланып көрейікші, жеке із кесу­шілер қызметін заңдастырған дұрыс па, немесе сіздер сұрап отырғандай, олар «дау­лы мәселелердің объективті шешуіне ық­пал ете ала ма?» Қайдам...

Түйін
Балтабек ҚУАНЫШЕВ, Алматы ҚІІД аға тергеушісі:
– Өз басым жеке із кесушілер қызметін қолдаймын. Мойындаймын, кейбір азаматтар ішкі істер органдары қызметкерлеріне сене бермейді. Сонда олар өзге құрылымдарды таңдап жатса, несі жаман?! Бір айта кетерлігі, заңдастырылмаса да елімізде жеке із кесушілер бәрібір жұмыс істеп жатыр. Кейде олардың заңның аясынан шығып кететін кездері де бар. Сондықтан да ел қалаулылары жеке із кесушілер қызметін заңдастырғандары жөн болар еді. Заң шеңберінде жұмыс істесе жеке із кесушілердің қоғамда алар рөлі айрықша. Көпшілік полиция қызметкерлері қырықтан асқаннан кейін демалысқа шығарылады. Міне, осыдан кейін олардың барлығы болмаса да, қолынан іс келетіндер жұмыстарын жеке із кесушілер қызметінде жалғастырса, табыс көзінен айырылып қалмас еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста