Жеке министрлік құрылмайынша, туризм саласы дами ала ма?

Жеке министрлік құрылмайынша, туризм саласы дами ала ма?

Әлем бойынша жер көлемі жағынан алғашқы ондыққа енетін Қазақстанда тарихы бай, батпағы мен емдік суы шипалы орындар мен табиғаты көркем жерлер аз емес. Осыған сай елімізде сауықтық, этникалық, экологиялық, шипажай-сауықтыру, аңшылық секілді түрлі туризм түрлерін ұйымдастыруға болады. Алайда Алланың берген сол несібесін әлемге паш етпек түгілі, өз игілігімізге пайдалана алмай отырғанымыз да жасырын емес. Тіпті соңғы кездері елімізге келер туристердің саны да жылдан-жылға кеміп бара жатқан көрінеді. Табиғаты ғажайып, туристік орталыққа сұранып тұрған аймақтардың табиғаты күннен-күнге ластанып та бара жатыр. Осы орайда отандық туризмнің дамуына не кедергі? Бәлкім, туризм саласының дамымай отырғаны спорт саласымен еншісінің айырылмай, тасада қалуынан шығар?

Сыдық-қажы Дәулетов, «Дәулет-Бекет» ЖШС директоры:
Иә

– Бізге туризм министрлігі міндет­ті түрде керек. Қазақ халқының әлем­ге паш етер тарихи орындары, жә­дігерлері, тіпті табиғаты керемет дем­а­луға арналған орындары да жеткілікті. Тек соны одан әрі дамытуды әлі күнге дұрыс жолға қоя алмай ке­ле­міз. Мәселен, мен Алматының ірге­сіндегі Ақши ауылында төрт түлік өсіріп, өнімін дамытумен айналысамын. Ал­ма­тыға келген туристердің арасында мал мен оның өнімін таңсық көріп бізге келетіндер баршылық. Бірақ соларды бастап алып келетін, жүйелі түрде таныстыратын адам жоқ. Осы уақыттар ішінде бұған жүйелі ұйымдастыру қа­жет екенін түсіндім. Еліміз бойынша та­би­ғаты, тарихы туристерге сұранып тұрған орындар бар болғанымен, қа­зақ­тың байырғы тұрмыс-салтын көрсе­тер этноауылдар мүлдем жоқ.
Шетелдіктерге біздің зәулім-зәулім үй­ле­рімізден гөрі, байырғы тұрмыс-салты­мыз таңсық. Алдағы уақытта Алматы қала­сының іргесіндегі Ақши ауылынан қазақ халқының ХІХ ғасырдағы өмірін паш ететін этноауыл тұрғызуды жоспарлап отырмын. Қазақы үйлер тігіп, төрт түлік малдың өні­мінен дастарқан жасап, малдың жүні мен мүйізі пайдаланылған бұйымдардан көрме жасап, малдың қасиеттілігін паш етерліктей ауыл тұрғызу жоспарымда бар. Мысалы, бір ғана түйені алсақ, оның сырт­қы тұрпатының өзі – шетелдіктер үшін экзотика. Сүтінен шұбат жасалады. Ол – адамның иммунитетін күшей­тіп қана қоймай, көптеген ауруларға ем, теңдесі жоқ ұлттық сусын. Еті – тамақ. Ал жүнінен көр­пе, төсеніш, белге байлайтын белдік, киім жасауға болады. Тіпті қазір ға­рыш­қа ұшатын ғарышкерлеріміздің киім­де­ріне түйе­нің жүні қосылып жүр. Түйе – ра­диа­циялық қауіпке бой алдырмайтын мал. Мы­­салы, радиациялық аймаққа төрт түлік малды бақсаңыз, түйеге радиацияның еш әсері болмайды.
Шетелден келген туристерге төрт тү­лік мал­дың осындай қасиеттерін паш ете білсек, малды қолға үйрете білген қа­зақтардың да аты әлемге жайылар еді.
Тарихи оңтүстіктегі Сауран, Отырар қала­ларын, Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан­баб, Үкіаша ата, Жылаған ата кесенелерін айт­пағанның өзінде, Мойылды меке­нін­дегі шипажайдың емдік саз батпа­ғына емделушілер, көл жаға­сына ке­ліп демалушылар көп. Шарбақты ауда­нын­дағы Маралды тұзды көлі жаз шыға са­лысымен-ақ құжынаған халықтың дем­а­латын жабайы демалыс орнына айна­лады. Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ­тықтан, соңғы кездері Баянауылдың тастарын түк қоймай тасып, ақша үшін сұлу табиғаттың сынын кетіріп, қопа­рып әкетіп жатқандардың да саны көбейді. Мұның бәрі – туризмнің жүйелі дамымауынан, жан­ашыр мекеменің жоқтығынан.
Алайда туризм министрлігі болмай, мұн­дай шаралардың бір жүйеге түсуі мүмкін емес. Туризм саласында атқарылар тірлік шаш етектен. Тіпті мұнайымызды экспортқа шығар­май, осындай қызмет түрімен әлемді жаулап алып отырсақ, қандай ұтымды! Сондықтан осы бастан туризмге қамқор болар министрлік құрып, дамуын қолға алу керек. Қазір туризмді да­мытуға «пәленбай қаржы бөлінді» дейді. Бірақ сол қаржылардың сайда – саны, құмда ізі білінбейді.

Алдан Смайыл, депутат:
Жоқ

– Туризм саласындағы қордаланған шаруаларды реттеу үшін жеке минис­трлік ашу міндет емес. Тіпті кейбір елдер­де басқа саламен біріктірілген де туризм министрлігі жоқ. Бірақ талапқа сай дамып жатыр. Әрі-беріден соң бар­лық мәселе министрлікке тіреліп тұр­ған жоқ. Мемлекеттік бюджеттен ақша бөлініп жатыр, тек сол ақшаны тиімді жарата білер бағдарлама қа­жет. Бөлінген ақшаны еуропалық стан­дарт­тық деңгейде пайдалана білер маман қажет. Министрлік болып бөлініп шық­қанда да, атқарылар шаруа өз­гер­мейді. Министрлік құрғаннан гө­рі, шетелдік іс-тәжірибемен қару­лан­ған мамандардың қажеттілігі жо­ға­ры. Себебі бізге маман­дардың бі­лік­тілігі жетіспейді. Еліміздегі турис­тік орындардың бағасы да басқа ел­дер­мен салыстырғанда жоғары.
 Қызмет бағасының жоғары болуына байланысты, жаз шықса, өз еліміздегі демалушылардың өзі Бурабайдан гөрі Ыстықкөлге шұбыруға даяр тұрады. Осыдан келіп «туристер аз» деп шулаймыз. Интернеті, халықаралық байланысы, жайлы қонақүйі мен демалуға қолайлы, жалпы сапалық қызметі жоғары, бағасы төмен туристік орын болса, жұрттар өзі үшін ағылар еді. Былтырғы жылы Туризм және спорт министрлігі елімізде туризм саласын дамыту мақсатында көптеген іс-шаралар атқарды. Елімізде 2007-2011 жылдары туризмді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама жұмыс істейді. Аталған құжаттың негізінде бірқатар мәселе шешімін тауып та жатыр. Мәселен, еліміздегі ұлттық парктер мен табиғи қорықтарды, археологиялық және тарихи ескерткіштерді шетелдіктер тамашалау үшін барлық жағдай жасалу үстінде. 903 туристік ұйым туристердің жақсы жерлерді аралап, ең көрікті, табиғаты әсем жерлермен танысуына барлық жағдай жасайды. Бұдан басқа былтыр елімізде туризм саласын насихаттауда біршама шаралар өткізілді. Дүниежүзілік туристік ұйымның мұрындық болуымен Алматыда Еуропа комиссиясының 45-отырысы өтті. Тағы бір атап өтетін нәрсе, былтыр еліміздің туристік ұйымдары көптеген көрмелерге қатысып, өз жұмыстарын лайықты деңгейде көрсете білді. Еліміздің туризмді насихаттауға қатысты атқарған жұмысы Азия, Австралия және Океания елдері арасында бас жүлдені жеңіп алды. Бұл – еліміздегі туризм саласының дамуына жасалған жағдай. Рас, туризмді ел экономикасының бір саласы деп қарамаудан және осы салаға бейімделген арнайы мамандардың аздығынан, инфрақұрылымдардың әлсіздігінен бұл іске бел шешіп кірісу әлі де баяу жүруде. Бірақ бұлардың барлығы – алдағы уақытта шешілер мәселе. Бұған бола жеке министрлік құру қажет емес. Өйткені жеке министрлікті ұстау үшін де қомақты қаржы керек.

Түйін
Бүгінде дүниежүзі бойынша туризмнен түсетін табыс мұнайдан түсетін табыстан кейін екінші орынды алады. Ал біз әзірге мұнайға иек артып, «туризмге құдай күнімізді қаратпасын» деген кейіпте отырмыз. Алайда туризмді дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Бір кездері қазақтың әсем жерлерін байшыкештердің сатып алғаны да рас. Табиғаты көз жауын алар сатып алған байлықтарын, көлдерін, биік тауларын қалталы байлардың қайтара қоймасы анық. Ал Баянауылдағы демалыс орындарының, салынып жатқан құрылыстардың дені қалталылардың қолында екенін де жасыруға болмас. Бәлкім, Баянауыл туризмі бас жоспарының іске аспай жатқаны да осыдан шығар. Сондықтан туризмді дамытуды тек Туризм және спорт министрлігінің мойнына артып қоймай, табиғатты пайдалану және табиғи ресурстар жөніндегі департамент, құрылыс департаменттері, құқық қорғау орындары бірге жұмыла жұмыс істеуі қажет шығар. Бәлкім, мәселенің бір ұшы жаңадан министрлік ашудан бұрын бөлінген ақшаны тиімді жұмсап, ұқсата білетін кадрда болар?!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста