«Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң қабылдасақ, қаржы жүйесін күйретіп алып жүрмейміз бе?

«Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң қабылдасақ, қаржы жүйесін күйретіп алып жүрмейміз бе?

«192 мың теңгені төлей алмай жатқан қарызгер өзін банкрот деп тани алады. Сот банкрот деп таныса, дүние-мүлкін сатудан артылған қаражат ипотека алған борышкер мойнына жазылмайды». Мұндай баптарды Қаржы министрлігі жазып жатқан «Азаматтық кодекске жеке тұлғаның банкроттығы туралы өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қарастырылған. Осы орайдағы жұмыс 2008 жылы басталғанымен, әзірге заң жобасы Парламентке тапсырылған жоқ. Айта кеткен жөн, «кепілдегі мүлік сатылса, қарызгер банк алдындағы борышынан түгелдей құтылады» деген бап ипотека туралы заңда да бар. Біз жеке тұлғаның банкроттығына қатысты пікірлерін білдіру үшін банк несиесіне тікелей қатысы бар бірнеше тұлғаға сауал жолдадық.

1105

Ринат ШАМСУТДИНОВ, «Альянс банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Иә
– Иә, бұл заң жобасы осы күйінде қабылданса қаржы жүйесін күйретуі мүмкін. Бұл заңға арқа сүйегісі келетіндер саны өте көп. Сөйтіп, Үкіметтің банк секторына қолдау көрсетеміз деген талпынысы мен еңбегі зая кетеді. Миллиондаған адам банк кредитін төлемей қойса, банктер өз кредиторларына қарызын қайтара алмайды. Мұндай заңдар шет мемлекеттерде ел аман, жұрт тыныш уақытта қабылданғанын ескеруіміз керек, онда біздегідей жаппай төлемей қою оқиғалары жоқ еді. Заң жобасы қабылданса, оны жұрттың көбі пайдаланып қалғысы келеді. Жеке тұлғаны банкрот деп танудың дәл осы тұлға үшін негативті салдары зор боларын түсінген жөн. Ертең оған кім кредит береді?

Заң жобасы бойынша, оған алдағы 5 жылда несие беруге болмайды, іс жүзінде 15-20 жыл бойы банктер оған кредит бермей қояды. Шағын бизнеспен айналысатын кәсіпкердің күйі де дәл осындай болмақ. Мұндай қадам барлық азаматтардың басына бумеранг болып тиеді.

Заң жобасында төленбей жатқан несие мөлшері 100-200 мың теңге болса, бірнеше ай бойы төленбесе, оны банкрот деп тану туралы айтылған. Алайда бұл әзірге тек заң жобасы ғана, оны талқылайтын уақыт келген жоқ деп ойлаймын. Заң жобасы өзгертіліп жатса бір нәрсе айтуға болады. Қазіргі қиын қаржылық ахуал күтпеген оқиға болды, жұрт өз шамасын бағалай алмай қалды. Бұлай болады деп ешкім де ойлаған жоқ. Әлемдегі жетекші аналитиктер де бұлай боларын білген жоқ. Меніңше, дерт немесе оқыс жағдайдан кейін ақша табу мүмкіндігінен айырылғандарды ғана банкрот деп тануға болады. Ал басына уақытша қиыншылық түскендерді бұл қатарға қосуға болмайды. Бүгін өзін банкрот деп жариялап, ертеңге жұмысқа шығатындарға жеңілдік болмауы керек.

Дәл қазір Қазақстанда мұндай заң жобасын қабылдаудың тәуекелі орасан. Қабылданса, көптеген қарызгерлер борышын қайтармай қояды. Миллиондаған теңге қайтпаса, банктер дефолт болады.

256

Сәния НИЯЗОВА, «Баспананы халыққа қалдырайық» қоғамдық қозғалысы төрағасының орынбасары:

Жоқ
– Қарызгерлерге жеңілдік бергеннен қаржы жүйесін күйретіп аламыз деп ойламаймын. Кеше біз Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының төрағасы Серік Ахановпен кездестік. Ол «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасын 2012 жылға қарай қабылдармыз деп жүргенбіз, қазір бұл заңның шұғыл түрде қажеттігін түсіндім», – деді. Бұл заңды жазып жатқандар бізді оған қатыстырған жоқ, олар біздің қысылтаяң жағдайымызда болып көрген жоқ. Осы борыштың ауыр салмағын көтере алмай Ақтөбеде бір жігіт асылып қалды, оның бауыры есінен адасты. Мұның барлығы құжат түрінде рәсімделген. Алматыда пәтерін алуға келгенде бір әйел машинамен соғылып, мерт болды.

Біз соңғы екі жыл бойы өз тауқыметімізді айтып келсек те еш нәрсе өзгермеген еді. «Нұр-Отан» партиясы, қарызгерлер мен банктер арасында меморандум бекітілген соң қаржы ұйымдары бізге қоқан-лоқыларын азайтты. Біз үшін ең бастысы – Үкіметтің осы заң жобасын қабылдау керек деген мәселені түсінгені. Банкроттық туралы мәселе бәріміз үшін де жаңа түсінік. Несие төлеу былай тұрсын, отбасын асырай алмай отырғандар көп. Меніңше, жалғыз баспанасына қарап отырғандарға сол пәтерін қалдыру керек, оның банкке борышын үкімет амалын тауып шешкені жөн. Мемлекеттің форс-мажорлық жағдайға арналған қоры болуы керек қой.

Біздің қоғамдық қозғалысқа Алматы қаласында 700 мүше бар, олар қатты қысылып отыр. Біз енді өз арамызда кімді банкрот деп тану керек, кім борышын жеңілдетсе оны өтей аларын саралай бастадық. Біз пәтерді баға ұшып тұрғанда сатып алдық, ол бағаны қазір мойындамаймыз. Банктер оны қазіргі нарықтық құнына сай қайта бағалатуы керек. Өткен екі жылда біз өсім арқылы пәтер құнының едәуір бөлігін төлеп тастадық. Банктер бізге қазір өсім емес, тек негізгі қарызды өтеу сияқты жеңілдіктер бере алады деп ойлаймын.

Қарызгерді банкрот немесе банкрот емес деп тану жайын әкімдік, банктер, қоғамдық қозғалыс өкілдері кіретін жұмыс топтары анықтауы керек деп ойлаймын.

Түйін
Ермек ҚОЙШЫНОВ,
заңгер:
– «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заңда «кепілдегі пәтер сатылса қарызгер борышынан толық құтылады» деп анық жазылса да банктер берілген несие мөлшерін өндіріп алу туралы қосымша арыз түсіруде. Сондықтан жеке тұлғаның банкроттығы туралы анықтама банктердің тәбетін шектейді деп ойлаймын. Бірақ оны жеке заң етіп, онсыз да шым-шытырық заң жүйесін күрделендіре бергенше «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заң мен Азаматтық кодекске толықтыру енгізу жеткілікті тәрізді. Әрі несиені үш ай төлей алмай жүргендер емес, бір жыл бойы табысы болмаған тұлғаны «банкрот» деп таныған әділірек болар еді. Меніңше, бұл заң жобасы келесі жылдың жазында күшіне енуі мүмкін. Бұдан былай банктер мүлікті бағалағанда абай болады.

Шаймерден ШЫҚАНАЕВ, «Grata» халықаралық заңгерлік фирмасының серіктесі:
– Бұл заң жобасы әзірге «шикі» деп ойлаймын. Банкирлер мен Қаржылық қадағалау агенттігі бұл нормаларды қолданысқа енгізу қарызгерлерге банкті «лақтырып» кетудің заңды жолын ашып береді деп қауіптеніп отыр. Көптеген борышкерлер өмір бойы несие төлеп жүргенше, дүние-мүлкін туыстардың атына ауыстырып, өзін банкрот деп жариялауы мүмкін. Заң күшіне енсе жұрт несиесін төлемей, банктердің несие портфелі сапасы күрт нашарлайды. Соттар жеке тұлғаны банкрот деп тану туралы арыздардың астында қалады. Бізге белгілі мәлімет бойынша заң жобасы 3 айдан астам уақыт 192 мың теңгені төлей алмай жүрген қарызгерді банкрот деп тануды қарастырады. Жалған банкроттықтарға жол бермеу үшін банкроттық процедурасына қатысты бастама көтеру шарттары бұған қарағанда қатаң болуы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста