«Жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемін еселеп арттыру керек» деген пікірді қолдайсыз ба?

«Жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемін еселеп арттыру керек» деген пікірді қолдайсыз ба?

Ресми статистикалық мәлімет өткен жылдың сегіз айымен салыстырғанда биылғы жылы орын алған жол-көлік оқиғалары санының 56,4 пайызға (8376-дан 13 108-ге) артқанын көрсетіп отыр. Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны да өскен. Өткен жылдың сегіз айында еліміздің автожолдарында 1726 адам қаза тапса, ағымдағы жылдың сегіз айында 1824 адам көз жұмған. Жарақат алғандар саны 17 062-ге жеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болған балалар саны – 180. Жол полициясы мамандарының  айтуынша, жол-көлік оқиғалары жүргізушілердің жол ережесін өрескел бұзуы салдарынан орын алады екен. Сондықтан кей мамандар жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін айыппұл көлемін еселеп арттыруды ұсынып отыр. Маман пікірін ой-көкпар таразысына салып көрген едік.


Нұрлан АПАХАЕВ, заңгер:
иә
– «Жол ережесін бұзғандарға са­лы­натын айыппұл көлемін еселеп арт­тыру керек» деген пікірді қол­дай­мын. Ес­те­ріңізде болса, көлік са­ны­ның ар­туына бай­ланысты жол ере­желерінің бұзылу фак­тілері өте жиі­леп кеткен болатын. Жол-көлік оқи­­ғаларының саны артты. Та­лап бо­ла тұра, қауіпсіздік белбеуін еш­­кім тақ­пайтын. Осы жағдайлардың бәрі ес­­керіліп, осыдан екі-үш жыл бұрын айып­пұл көлемі артып, әкімшілік заң та­лаптары қатаңдатылды. Жол по­ли­циясы ма­мандарының мәліметіне қа­рағанда, заң қатайып, айыппұл кө­­лемі артқан соң жол ережесін өрес­­кел бұ­зушылар саны азайған. Қа­уі­­п­сіз­дік бел­беуін жүр­гі­зушілердің бә­рі тағып жүргенін өзіміз де кө­ріп жүр­міз. Бұған айыппұл көлемін арт­ты­ру ар­қылы қол жеткіздік.
Демек, айыппұл көлемін тағы да еселеп арттыратын болсақ, онда жол ережесін бұ­зу­шылар саны күрт азаяды. Қазір нарық заманы. Бай да, жарлы да ақшасын есеп­тейтін заман. Бай ақшасының азаймауын ойласа, жарлы ақшасын күнкөріске жет­кізу­ді ойлайды. Екеуі де тектен-тек ақша шы­ғармайды. Яғни бір рет қомақты айып­пұл төлесе, екінші рет жол ережесін бұз­бау­ға бар күшін салады. Екінші жағынан, айыппұл көлемін арттыру азаматтарды құқықтық сауаттылыққа бет бұрғызады. Қал­тадан қомақты ақша шыққан адам жол ережесін қайта бұзбау үшін ережені жат­тай­ды. Енді жол полициясы қызметкері тол­тырған хаттамаға оқымастан қол қо­йып жібермейді. Өзінікінің дұрыс екенін дә­лелдеуге тырысады. Ал оны дәлелдеу үшін құқықтық тұрғыдан сауатты болу керек. Демек, құқықтық сауаттылыққа үй­ренеді. Өйткені құқықтық сауаттылық қа­жеттілікке айналады. Ал құқықтық тұрғы­дан сауатты адам заң бұзбайды. Яғни айып­пұл көлемін арттыру жол ережесін бұзушылықты азайтып қана қоймай, құқық­тық қоғам құруға да септігін тигізеді. Ал зайырлы құқықтық мемлекет құру, бұл – мемлекеттің саяси межесінің бірі. Қалай десек те, заң талабы қатайған жерде тәртіп болады. Біз үнемі Еуропа елдеріндегі тәр­тіп­ті айтып тамсанып отырамыз. Олар­да неге тәртіп мықты?! Өйткені оларда заң қа­таң. Жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі өте жоғары. Мен Англияда болғанда сұрастырып білдім, олардағы жол ережесін бұзғандарға қатысты салы­на­тын айыппұл көлемі бізден бірнеше есе­ге көп екен. Көлікте кетіп бара жатып те­ре­зеден кез келген қалдықты лақтыра салу деген мүлде жоқ. Бізде ше? Жол ортасында кетіп бара жатып, терезеден шыны шөл­мек­ті де лақтыра салады. Себебі оларға қа­таң жаза қолданып жатқан ешкім жоқ. Егер соларға көп мөлшерде айыппұл са­лып, көше сыпыртып қойсыншы, оны көр­ген басқалар да ондай жағымсыз қылық жа­самайды. Сонан соң жол-көлік оқиға­сы­на себепші болатындар арақ ішіп алып көлік жүргізетіндер. Сондықтан мас күйін­де көлік басқарғандарды, алғаш рет болса да айыппұл салмай, бірнеше жылға жүр­гізушілік құқығынан айыру қажет. Мұн­дай­ларға Жол полициясы қызметкер­лері де «рақымшылық» жасамауы тиіс. Өйт­кені ел арасында «рақымшылықтың» бағасы жай­лы да жиі сөз болады. Жел соқ­паса, шөп­тің басы қимылдамайтыны тағы рас. Бір сөзбен айтқанда, жүргізу­ші­лер­ді тәр­тіп­ке шақырамыз десек, заңды қа­таңда­тып, айыппұл көлемін арттыру қажет.


Нұрболат АЙЕКЕШОВ, әлеуметтанушы:
жоқ
–  «Жол ережесін бұзғандарға салына­тын айыппұл көлемін еселеп арттыру ке­рек» деген пікірді мен қолдамаймын. Өйт­кені бізде дәл қазіргі уақытта жол ере­жесін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі аз емес. Жол ережесін бұзғандарға қатысты заң да қатаң. Тек сол заң дұрыс орындалып жатқан жоқ. Өткенде Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков мырза «жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемін 300 мыңға дейін арттыру керек» деген ұсыныс айтты. Халық қалаулысының айтуы бойынша, жол ережесін бірінші рет бұз­ған­дарға – 1-8 мың теңге, екінші рет қай­та­ла­са – 38 мың, ал үшінші рет қай­та­лаған­дар­ға 300 мың теңге айыппұл салу ке­рек. Қа­зіргі қолданыстағы заң бойынша да жол ережесін қайта-қайта бұзғандарға салы­на­тын айыппұл көлемі артып оты­рады. Тіп­ті кей жағдайда көлік жүргізу құ­қы­ғынан да айырады.
Бірақ заңның жұмыс істеуі және оны бақы­лау нашар. Депутаттың пайымдауын­ша, жол ережесін бұзатындар қалталы азаматтар және жағасы жайлауда жүрген, яғни ата-анасы қалтасына өлшеусіз ақша салып беріп отырған жастар. Олар үшін 15-20 мың ақша емес. Расымен де, солай. Егер айыппұл көлемін еселеп арттырсақ, қалталы азаматтар амалын тауып, жол полициясы қызметкерімен ымыраға келіп, не жоғары жақтағы көкесіне хабарласып, жазадан құтылып жүре береді. Оларға хат­тама толтырылмағандықтан, жол ере­жесін қайта-қайта бұзушылар тізіміне де ілінбейді. Ал айлығы шайлығына жетпей жүргендер абайсызда жол ережесін бұзса, сол сәтте мәселені шешуге ақшасы бол­майды да, қайта-қайта жол ережесін бұзу­шы болып шыға келеді. Бұл жағдай екінші рет қайталанса, ол айыппұлды мүлде тө­лей алмауы да мүмкін. Мәселен, айыппұл көлемі 70-80 мың болса, оны екінің бірі төлей алмайды ғой. Біз осындай жайларды да ескеруіміз керек. Бай мен жарлының жол ережесін бұзуы да екі түрлі. Бай жол ережесін біле тұра қасақана бұзса, жарлы абайсызда бұзады. Ал бай жолын тауып жазадан құтылады, жарлы байғұс тұтылып жатады. Егер жол полициясы қызмет­кер­лерінің жемқорлығын жоймасақ, айыппұл көлемі қанша артса, бұл қарапайым жүр­гізушіге сонша салмақ түсіреді. Қарапайым жүргізушінің қалтасында сол сәтте жол полициясы қызметкеріне бере салатын 4-5 мың теңгесі бола бермейді. Бұл – шын­дық. Жол полициясы қызметкер­лері­нің ақша алатынын елдің бәрі біледі. Тек «ұсталмаған ұры емес» демекші, бәрінің бірдей ұрлығы ашыла бермейді. Дегенмен өздерінің Ішкі қауіпсіздік басқармасының, Қаржы полициясының құрығына ілініп жатқандар бар. Сондықтан да заңды бұ­дан да қатайтып, жол ережесін бұзған­дарға салынатын айыппұл көлемін еселеп арттырғанша, заңның орындалуына, жол полициясы қызметкерлерінің пара алуын жоюға қол жеткізуіміз керек. Өйтпеген жағдайда айыппұл көлемін қанша еселеп арттырғанмен, жол қауіпсіздік ережесі мә­се­лесі ашық қала береді.
                                      Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бейтарап пікір
Кәрібай ТАСШАБАЕВ, заңгер:
– Меніңше, заң қатаң, айыппұл мөлшері қомақты болғаны дұрыс. Өйткені бір рет қомақты айыппұл төлеген адам екінші рет жол ережесін бұзбайтын болады. Бірақ мәселенің екінші жағы да бар. Егер заң дұрыс жұмыс істемесе, заңды бақылаушылардың өзі заң шеңберінен шығып жатса, онда көздеген нәти­жеге қол жеткізу қиын болары анық. Қоғамдағы әрбір азамат заң ая­сын­да жұмыс істеуге бейімделуі тиіс. Пара берушіліктің де, пара алушы­лықтың да жолын кесуіміз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста