Рамазан айында сауапты істерге ұмтылатын сананы қалай қалыптастырамыз?

Рамазан айында сауапты істерге ұмтылатын сананы қалай қалыптастырамыз?


Айдар Абуов, ҚР Дін істері жө­нін­­дегі агенттігі Мәдениеттер мен діндердің халық­аралық орталығы­ның директоры:
– Сауапты іс – әр адамның парызы. Сол сауапты істерді жасауға ынта­ла­нып тұратын сананы қалыптастыру үшін мемлекет тарапынан арнайы жұ­мыстар атқарылуы тиіс. Өз тарапымыздан да әр адамға жасалған са­уап­ты істі қағидат деп түсінсек, ұрпақты, жалпы адамзатты дініне, нәсіліне қара­май, осы бағытта тәрбиелесек, бейбіт қоғам орнатқан болар едік. Бұл – бір. Екіншіден, қазақ ұлты – атам заманнан өзгелерге қол ұшын созуға бейім халық. Мың жылдық тарихы бар мұсылман діні де тек адамзатқа жақсылық жасауды насихаттайды. Яғни осындай қанымызға сіңген менталитетіміз бар. Ол менталитетті сақтап қалған азаматтарымыз жетерлік. Сол азаматтарымызды үлгі етіп, жақсылыққа бейім баба­ла­рымыздың дәстүрін жаңғыртуымыз, насихаттауымыз керек. Оны Рама­зан айында кең ауқымда жүзеге асыруға болады. Яғни «оразадағы са­уап­ты іс – пітір садақасы» деген қасаң түсініктен арылып, «әр бала – өз ата-анасына, әр ата-ана балаларына, бауырларына, туыстарына көмек­тесуі, күнделікті кемі бір сауапты іс жасап тұруы керек» деген сана қалып­тас­­тыр­сақ, одан біз ұтпасақ, ұтыла қоймаймыз деп ойлаймын.


Оңғар қажы Өмірбек, «Иман» журналының бас редакторы:
– Рамазан – қасиетті ай. Қазақта «балапанды күзде сана» деген сөз бар. Берекелі Рамазан айы дәл сол мәтелдегі сияқты, мұсылманға са­­уапты молынан жинауына мүмкіндік береді. Біз алдымен осыны тү­сініп, оразаны жүрекпен қабылдауымыз қажет. Өйткені бұл айда жа­са­ған әрбір сауапты ісіміз бүкіл тағдырымызға әсер етуі де мүмкін. Ора­за – бес парыздың біреуі. Сол себепті де, Рамазан айында ауыз бе­кіту­дің барлық шарттарын орындасақ, сіз айтып отырған сауапты істер­ге ұмтылатын сана өздігінен қалыптасар еді. Мәселен, ораза тек та­мақтан тыйылу деген сөз емес. Көз, ауыз, құлақ, қолмен де ораза ұс­тап, жамандықтан қашасыз. Харам көріністерге қарамау, артық сөй­лемеу, жаман істер жасамау арқылы да сауапты іс жасауға болады. Де­мек, жақсылық жасауға құштар сана иманмен ғана қалыптасады де­ген сөз. Иманды адам аяғымен жаман жерді баспауға, құлағымен ғай­бат сөзді естімеуге, қолымен жаман іс істемеуге тырысады. Ара­мыз­да мұндай адамдар қатары көбейсе, нағыз тақуалыққа, жақ­сы­лық­қа ынталылар саны артып, барлық адам сауапты іс жасауға ұмтылар еді.    


Бауыржан Карипов, журналист:
– Тек рамазан айында емес, жалпы, рух тасушы жанның барлығы­ның өмірлік миссиясы – сауапты, ізгі амалды істеу. Ал Рамазан айы – адам үшін берілген үлкен бір мүмкіндік. Пайғамбарымыз «Режеп – Ал­ланың, Шағбан – менің, Рамазан – үмбетімнің айы» деген хадисі бар. Бұл айда адамның қайта бір екпін алып, ізгі сауапты істеу керек­тігі есіне түседі. Былайша айтқанда, иманы жаңарады. Егер адам ба­ласы өзінің ең әуелгі өмірлік миссиясын анықтап алмаса немесе жете тү­сінбесе, бір айдың ішінде «сауапты істерге ұмтылатын сананың қа­лып­тасатынына» күмәнім бар. Сол үшін де адам баласы ең алды­мен «рамазанның ақыреттік сауданың берекелі базары» екендігін жа­дында сақтауы керек. Адам оразаны бір Алланың ризалығы үшін ұс­тауы тиіс. Бұлай ниет ету үшін де рухани тереңдік қажет. Өйткені әр­түрлі мақсатта ораза ұстайтын адамдар болады. Оны көзіміз көріп жүр. Ондай адамдардың рамазан айында сауапты амал жасайтынына, асы­ғатынына ешкім жүз пайыз кепілдік бере алмайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста