12 жасынан 7 жыл сексуалдық құлдықта болған қыздың оқиғасы

12 жасынан 7 жыл сексуалдық құлдықта болған қыздың оқиғасы

Араға бірнеше жыл салып, ол өзінің басынан өткен жағдайды "NeMolchi.kz" қоғамдық ұйымына айтып берді, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Өзбекстаннан Алматыға нәпақа іздеп келген Рада мен оның әжесін анасы ақшасыз, құжатсыз жат жерде тастап кеткен. Содан бері далада қалған екеу көшеде түнеп, қаңғыбастың күйін кешеді. Бірақ күндердің бір күнінде оларға бір жас жігіт жолығып, сауда-саттықпен айналысуға шақырады. Кейіннен үйіне ертіп әкелген. Міне, содан бері немересі мен әжесі сол үйдің отымен кіріп, күлімен шығады.

 

Арада көп уақыт өтпей қорғансыздарды үйіне ертіп әкелген жігіт кішкентай қызға алғаш рет жақындап, азғындық жасайды. Кейін ол бұл әдетін күнделікті қалыпты жағдайға айналдырады. Мұны білген әжесі жанжал шығарған. Алайда жігіттің ата-анасы оны қорқытып, үндемеуге мәжбүрлейді.

 

Кейінірек Раданың әжесін үй иелері қуып шығады. Ал 12 жасында зорланған кішкентай қыз екі жылдан кейін өмірге тұңғышын алып келеді. 14 жасында ана атанған Рада тағы екі жылдан кейін өмірге ұл бала алып келеді. Бірақ ол үш айдан кейін шетінеп кеткен. Денесі қайда жерленгені белгісіз.

 

Көрмеген қорлығы жоқ Рада қаскөйлерден 6 рет қашып кетуге тырысқан. Бірақ педофил жігіт оны үнемі тауып алып, соққыға жығып қайтарып отырыпты." Ал оның ата-анасы қызды алабайға талатамыз, өлтіреміз" деп қорқытқан.

 

Қыз 18 жасқа толғанда "NeMolchi.kz" қоғамдық ұйымының көмегіне жүгініп, құлдықтан біржола құтылады. Ұйым өкілдерінің айтуынша, ол осы жылдар бойы азаптың неше түрін көрген және ол өзін қалай қорғау керектігін білмеген.

 

Осылайша басына бостандық алған Рада қазір 4 жастағы баласымен өмір сүріп жатыр. Оны бірнеше жыл бойы зорлап келген жігіт 15 жылға түрмеге қамалды. Ал оның ата-анасы сол күйі жазасыз қалды.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста