Аягөзде өгей әкесінен зорлық көрген қыз өзіне қол жұмсамақ болған

Аягөзде өгей әкесінен зорлық көрген қыз өзіне қол жұмсамақ болған

Шығыс Қазақстан облысында өгей әкесі зорлаған 16 жасар қыз өмірмен қоштаспақ болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Жасөспірім қызға қол салған азғын еркектің қылмысы туралы "НеМолчи.KZ" қоғамдық қозғалысының жетекшісі Дина Смаилова Facebook-тегі парақшасында жазды.

 

Қоғам белсендісінің мәліметін полиция растап отыр. Смаилова сұмдық оқиға жайлы өгей әкесінен зорлық көрген қыздың анасы хабарлағанын мәлімдеді. Әйелдің айтуынша, сұмдық оқиға осыдан үш жыл бұрын болған.

 

Ол кезде менің кіші қызыма аяғым ауыр болатын. Ай-күнім жақындап қалған кез. Кешкісін қатты шаршап жатын бөлмеге барып жатып қалдым. Күйеуім өзінің аз-кем кино қарап, содан кейін келетінін айтты. Қолында сырасы бар. Үлкен қызым қонақүйде телефонынан мультфильм көріп, алаңсыз жатқан. Менің көзім ілінісімен ол қызымды шешіндіріп төменгі жағына қол салған. Айқайламас үшін аузын қолымен басып арам ойын іске асырмақ болыпты. Қызым жылай бастағанда ол айтқанына көнбесе "шешең мен оның ішіндегі сәби өледі, оған сен кінәлі боласың" деп баланы қорқытқан ", — дейді қыздың анасы.

 

Еңгезердей еркекті еңсеруге шамасы жетпеген қыз өгей әкесінің төмен жағынан әлдебір сұйықтықтың ағып кеткенін жиіркенішпен еске алады.

 

 

 

"Арам пиғылын жүзеге асырғаннан кейін ол шалбарын киіп, қызымнан кешірім сұрағаннан кейін менің жаныма келіп жатып қалды. Ал қызым таңға дейін булығып жылап бойындағы тамған сұйықтықты сүртіп отырған. Жарты жылдан кейін менің күйеуім қызымды әжесіне алып бара жатып көлік ішінде тағы да қол салмақ болған. Бұл жолы қызым шыңғырып жылай бастағаннан кейін ол ниетін бас тартыпты. Кейін білгенім — күйеуім оған смс жазып, үнемі бопсалап келген екен. Қызым анасы мен өзінің кішкентай сіңлісі үшін қорқып, осы күнге дейін жұмған аузын ашпай келген, себебі менің екінші күйеуім маған жиі қол көтеретін" — дейді жәбірленушінің анасы.

 

Екінші күйеуі қызына зорлық жасағанын әйел арада үш жыл өткенде ғана біледі. Сол бір кештен кейін тұйықталып, жақындарымен сөйлесуден қалған жасөспірім өмірмен қоштаспақ болады. Сәбиін дәрігерлер мен психологтарға апарғыштап жүріп бетін бері қаратқаннан кейін ғана келіншек күйеуінің қызын зорлағанын білген. Ол бірден Аягөз аудандық прокуратурасына арыз жазуға бел байлайды.

 

— Арыз түскеннен кейін Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы сараптама тағайындалды. Мамандар қыздық перденің бүлінбегенін анықтады. Бірақ менің қызым шындықты айтып отыр. Тиісті орындар екеуін беттестіргеннен кейін шара қабылдайтындарын айтқан. Бірақ екеуі әлі кездескен жоқ. Қызымның айтқандарын тергеушілер есепке алмай отыр. Қызымның күйеуіме өзіне тиіспеуді сұрап жазған хабарламалары да ескерусіз қалды. Оның маған бәрін сотсыз бейбіт шешу туралы ұсынысы бар хабарламаларына да ешкім мән берген жоқ. Ол әлі бостандықта жүр. Менің қызым үрейдің құшағында тағы қанша уақыт өмір сүруге тиіс? — дейді ашынған ана.

 

Әйел кейінірек екінші күйеуі өзінің туған қызына да қол жүгірте бастаған байқаған.

 

 

 

Дина Смаилованың жазғанына қатысты түсініктеме берген Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті биыл 18-сәуір күні аталған жағдайға байланысты Аягөз аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеу жұмысын бастағанын хабарлады.

 

— Аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бап, 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазір мәселенің мән-жайын анықтап, тиісті процессуалдық шешім шығару үшін қажетті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басқа мәліметтер қылмыстық-процесстік кодекстің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды, — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің өкілдері.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста