Әкеммен соттасып абырой таппасымды білем, бірақ...

Әкеммен соттасып абырой таппасымды білем, бірақ...

Мен өзімнің отбасымдағы келеңсіз жағдайларды жазбас бұрын көп ойландым. Өйткені қазіргі кезде бөтен адам түгіл туған-туыстар бірін-бірі түсінбейтін, бірін-бірі жау көретін заманда өмір сүріп жатырмыз ғой. Кейде тіпті бәрін тастап басқа жаққа қашып кеткің келеді. Әсіресе ең жаманы – жаныңды ең жақын адамдардың жаралағаны екен. Мен бүгін «Алаш айнасындағы» «Отбасы – ошақ қасы» айдарына әкем туралы жазуға бел будым.

Дәл қазір мені туған қызындай емес, ата жауындай көретін адамды тіпті әкем деуге аузым бармайды. Мен оны кішкентай кезімде өте жақсы көретінмін. Ол қанша қатал, көп сөйлейтін, мазасыз адам болса да, мен оны ештеңеге қармастан жақсы көрдім. Мен әкем мен анамның тұңғышымын. Менен өзімнен кейін бір сіңілім, екі інім бар. Қазір төртеуміздің де әкемізден көңіліміз әбден қалған.
Әкемнің мінезінің басқа адамдардай емес, қиындау екенін кішкентайымнан біліп, көріп өстім. Өйткені оның мамама, бізге ғана емес, үйге келген барлық адамдарға қабақ шытып, кері сөйлейтін әдеті болатын. Иә, ол жас кезінен жұмыс істеді, бізді өсірді. Бірақ әкеміз үйдегі әрбір ұсақ-түйекке сөйлеп, әркімнің мазасын алатын. Мамама ылғи да: «мына шәйнек неге қисық тұр, ана балаң неге былай киінген, сіңілің неге біздің үйге келеді, бауырың ішкіш, әпкең жеңілтек» деген секілді сөздерімен миын жеп қоятын. Әкемнің осындай мінезінен анам ерте қартайып кетті, аурушаң болды. Қит етсе ауырып қалады, жүрегі нашар, оның үстіне сусамыр ауруы асқынды. Әкеміздің мінезі күрделі болғандықтан балаларының да мінезі оңай болмайтыны белгілі ғой. Отбасымызда төрт бала болсақ, төртеуміз төрт түрліміз. Мен жастайымнан бірбеткей, айтқанымнан қайтпайтын, өте өжет болып өстім. Өзімнен кейінгі інім Асанның қолынан көп нәрсе келеді, бірақ өте еріншек, әйелдерді жақсы көреді. Ол қазір үшінші әйелімен тұрып жатыр. Сіңілімнің де отбасылық өмірде бағы ашылды деп айта алмайын. Алғаш тиген күйеуінен бала болмағандықтан ажырасты, қазір екіншісімен тұрып жатыр. Кіші інім өте өркөкірек. Өзі сымбатты, білімді, бірақ ешкімді менсінбейді, ақшаны жақсы көреді. Ол қазір ауданымызағы қалталы адамның күйеубаласы. Ал өзіме келсем, менің де басқа бауырларымнан артып тұрғаным шамалы. Менің де алғашқы некем сәтсіз болды. Сүйіп қосылған жігітім нашақор болып шықты. Одан ажырасқаннан кейін тағы бір жігітпен көңіл қостым, ол менің өзінен жүкті екенімді білгенде ізім-ғайым жоқ болды. Қазір менің бар алданышым ұлым.
Мен еңбекке ерте араластым. Жастайымнан жақсы оқып көп ақша табуды армандайтынмын. Қазір осы арманыма жеттім десем де болады. Қаржы саласының маманымын. Үлкен компанияларда жұмыс істеймін, шүкір табысым жаман емес. Мен өзім армандағандай үлкен үйге де, көлікке де өзімнің маңдай теріммен жеттім деп айта аламын. Қазір анам, балам, үшеуміз тұрамыз. Бірақ жасым қырыққа келгенде туған әкеммен соттасамын деп ойламаппын. Анамды өз қолыма алғаныма біраз уақыт болды. Ол бұрын әкем, үлкен інім бәрі бір үйде тұратын. Олар бұрын екі бөлмелі кішкентай үйде тұрды, мен олардың үйін төрт бөлмелі пәтерге алмастыруға көмектестім. Бірақ әбден қартайған шағында әкем науқас анамды тастап өзі жас келіншекпен көңіл косып, үйден кетіп қалды. Ал мен анамды өз қолыма алдым. Өйткені өмірінің соңында анамды келіннің қолына жаутаңдатпайыншы дедім.
Алғашында әкемнің жас келіншекке кетіп қалғанына ашулансақ та, соңынан кешіріммен қарап, үлкен адам ғой, қалауы солай болса шарамыз жоқ деп қала бердік. Бірақ әкем кеткенімен қоймай, күнде келіп біздің мазамызды алуын қоймады. Бірде ол бізге келіп. «Мен сендерді осы уақытқа дейін бақтым, тамақтандырдым, бәрің маған қарызсыңдар. Маған пәтер керек, ортақ дүниемізді бөлісеміз» деді. Осыдан кейін отбасымызбен ақылдасып, әкеме бір бөлмелі жатақхана бөлмесін алып бердік. Бірақ ол бұған қанағаттанбады. Күнде мен жұмысқа кеткенде анама келіп айтпағанды айтып, ауырып жатқан адамның зәресін ұшырып қорқытып кетеді екен. Бірде үйде мен барда келді. Әкем маған : «Сен керемет зәулім сарайда тұрып жатырсың, маған бір бөлме әперіп құтылам деп ойлайсың ба, маған көлік те әпересің, басқа үйді де әпересің» деп әкіреңдеді. Әлгі жерде қатты сөзге келісіп, ұрсысып қалдық. Ол маған тарпа бас салып ұрып-соғып, шашымнан сүйреді. Балам мен анамды қорқытты. Полиция шақырып, әрең дегенде құтылдық. Бірақ үстінен шағымданбадық. Бірақ күн өткенен кейін ол үйге тағы келді: ол кезде үйде кенже інім болған. Әкем анамды да, мені де, інімді де балағаттап, аузына келгенін айтты тағы. Ол маған: «сенің кім көрінгеннен тауып алған балаңнан қандай адам шығады қой дейсің, нашақор болады» деген сөзінен кейін мен шыдай алмадым, әкеме тап бердім. Сол кезде інім де түпкі үйден травматикалық қару алып шығып әкеме қарай атты. Әрине, оған ештеңе болған жоқ, бірақ ол осы жағдайдан кейін бізді сотқа берді. Қазір міне, төрт айдан бері әкемізбен соттасып жатырмыз. Ол тіпті менің жұмысыма бірнеше рет келіп, бастығыма мені жамандап, айтпағаны қалмады. «Жемқор, компанияның ақшасын жеп жатыр» деп айыптапты мені. Мені бастығым шақырып алып, «әкеңізбен араңыздағы келіспеушілікті шешіп алғанша сізді жұмыстан шеттете тұрайын, басқа амалым болмай тұр» деді. Әкесі мен туған балаларының жаға жыртысып, соттасып жатқаны дұрыс емес екенін білем. Осы сұмдықты тоқтату үшін әкеммен талай рет сөйлесуге де тырыстым, тіпті өзім мініп жүрген джип көлігімді де беруге дайынмын. Мен бұл көлікті несиеге алсам да, әкемнен құтылу үшін бере салғым келді. Бірақ ол бұған да келіспейді. Ол күнде біздің үйге келіп сойқан салады. Тауып алған нақсүйері айдап салып отырса керек, кейінгі кезде өз әкемді өзім танымаймын. Қандай жаман адам болса да, балаларымен осылай алысады деп ойламап едім. Байғұс анам әбден қажып кетті. Мен өзімді першітемін демеймін. Бірақ кім не ойласа да, мен әкемді жек көремін, ол мен үшін бөтен адам. Қазір әкемді үйге жақындатпау үшін үй күзететін ит те сатып алдым, аулаға бейнебақылау қойдым, полицияға арыз түсірдім. Егер ол біздің үйге 100 метрдан асып жақындаса, жауапқа тартылады. Әкемнің бізге істеген қиянатын жаза берсем, таусылып бермейді. Тіпті ол туралы ойламауға тырысам. Қазіргі менің бар ойым, отбасымды әкемнен қорғау, одан құтылу. Әкем мені адам жалдап өлтірем деп те қорқытты. Бірақ бұған оның батылы жетпеді. Ал қазір бізге сот шешімін күтуге тура келіп тұр. Ары қарай не болатынын уақыт көрсетеді.

Ляззат, Орал

Құрметті оқырман, егер Сіз де өз басыңыздан өткен тағдырды көпшілік талқысына салып, оқырманмен ой бөліскіңіз келсе мына электронды почтаға материалыңызды жолдай аласыз: info@alashainasy.kz

Редакция телефондары: 8/727/388-80-60; 8/717/2 54 27 30

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста