“Бұл қандай ырым”: Сәби жатқан бесікті ат қылып шапқан әженің әрекеті елді шошытты (видео)

“Бұл қандай ырым”: Сәби жатқан бесікті ат қылып шапқан әженің әрекеті елді шошытты (видео)

Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа. Бір елде тұрып, әр өңірдің салт-жоралғысын түсінбей жатамыз. Қазақ ырымшыл халық. Жақсылық болсын деген ниетпен түрлі ырым амалдарын жасайды. Алайда кейбірі қазаққа жат ырымдар деп сын тағады.

 

Желіде тағы бір салт-жорғалғының видеосы тарады. Бесікке салу қазақта бар. Ал үлкен әже-апаларымыздың бесікке мініп, атша шапқаны бар ма? Видео көптің талқысына түсті. Бірі мұны бұрыннан бар деп қолдаса, енді бірі ерсі деп шошыды.

 

Видеода әжей бала жатқан бесікке мініп атпен шапқандай көрініс көрсетті. Маңайдағы адамдар шуласып, қошемет білдірді. Мұны әр оқырман өзінше түсіндіріп көрді.

 

Ырымның тарихына сенсек, сәбиге бесікті нағашы әжесі сатып әкеп береді. Оған жасы келген қариялар мініп, атпен шапқандай болады. Сонда бала аман болып, жасы ұзақ болады деп ырымдайды.

 

Отбасында бала шетіней берсе, бала өлімі тоқтасын деген ниетпен де осылай ырымдайтын көрінеді. Бала ұзаққа шапсын. Арманы орындалсын деп те ырымдап жатады.

 

 

Бұл ырымның өз шарттары бар деседі. Алдымен бесікке 6 сырт киім жабады сосын ұнның қабын жауып, үстіне мініп осылай үлкен әжелер, яғни бесікке салған адам шабады.

 

Енді бір өңірде бесікке мінген әжей “Қоқанға барамын” деп шабады. Атасы “тастап кет немеремді” деп ақшасын береді екен.

 

Желідегі кей оқырман мұның ерсі көрініс екенін, тіпті өзге ұлттан енген дәстүр деп сын айтты.

 

“Бұндайды көрмеппіз, қазақ не болса соған сене береді”, “Бояушы, бояушы десе, сақалын бояпты деген бар”, “Бұндай ырымның керегі шамалы, ұяттау екен”, “Біз жақта әлі бар, ырымға сенгенде тұрған не бар”, “Жақсылық болсын деген ниетпен жасайды”, “Баланың бесігіне мінген әжені бірінші рет көрдім”, “Менің бала кезімнен үйде осылай жасайды”, – деді олар.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста