Екінші әйел аламын деп есім шықты...

Екінші әйел аламын деп есім шықты...

Ақылымнан адастырған жайлы «Алаш айнасы» порталының оқырмандарымен бөліссем деп едім. Бәлкім ақыл кеңес берер адам табылар, жігерлендіретіндер де болар. Тоқал алудан үміті барлар жеті рет өлшеп бір рет кесер, ойланар, райынар қайтар, бәлкім... 

Анам отыз жасына жетпей жесір қалған, әкесіз жетім өстік. Төртеумізді жеткізем, жетілдірем деп барын салды қайран анам. Бір біз деп қайтара тұрмысқа да шықпады. Жастайымнан жоқшылықтың не екенін біліп өстім. Үйде басы артық дүние де болмайтын. Анам тапқанын жеткіземін деп бір күн тамақ ішсек, екі күн ыстық тамақ арман болатын бізге. Қытайдың «беш пакеті» ғой бізді сақтап қалған. Әжемнің кеспе көжесіндей дәмді-ақ. Арзан болған соң соны талғажау еттік. Ет дегенді түсімізде ғана көретінбіз. Үлкен ағамның киімдерін жеңін қайырып киіп аламын. «Маған жараспайды, кимеймін» деп қиғылық салу қайда, соның өзін шүкіршілік етіп киіп аламын. Қыс айларында қиынырақ. Бір етікті ағам екеуміз кезектесіп киеміз. Ол сабақтан келгенше терезеге телміріп отырамын. Соның кесірен көбіне сабаққа кешігіп барып, апайларымнан үнемі ұрыс еститінмін. Менен кейінгі тете екі інімнің де көрген күні осы. Аяқтарының размерлері бірдей болғаны қандай жақсы. Ауысып киіп сабаққа барады. 9-шы сыныптан кейін ағам оқымаймын деп шорт кесті. Оны оқытатындай жағдайымыз да жоқ. Ағам бірбеткей айтқанынан қайтпайтын қырсық та болатын. Соның кесірінен талай таяқ та жейтін. Әркімге жалданып жұмыс істеп тапқанын үйге тасиды. Оның өзіне көмекші болып, мал тапқанына анам мәз. Кейде ақша, кейде азық түліктей төлейді. Жетім екенсің деп жебемей қайта мазақ қылып ақшасын төлемей кететіндер де жоқ емес. Ондайда ағам «мен оларға көрсетемін» деп кіжінетін. Амал жоқ бір жағына тартса бір жағына жеткізе алмай қажып жүрген анамның бір жағына шығысу керек. Сонда да ағам қайтпай қасарысып нәпақа тауып жүрді. Арада екі жыл өткен соң оның қасына мен қосылдым. Екеуміз қосылып тапқан соң бұрынғыдай емес, жейтін азығымыз да молайып қарық болып қалдық. Ағам біреулерге көмекші болып жүріп еурожөндеудің қыр-сырын жетік меңгеріп алған еді. Мені қасына ертіп енді екеулеп істейтін болдық. Бар ынта ықыласпен істейтін болған соң жұмысымызға риза болғандар кейде келісілген сомадан артықтау етіп те төлейді. Нанымызды адалдап жейтін болғандықтан да шығар тапсырыс көбейе бастады. Енді қасымызға көмекшілер алып істейтін болдық. Ағамның ақылымен жеке кәсіпкерлікті тіркетіп, тапсырыс қабылдай бастадық. Ағам бала кезінен суретті өте жақсы салатын. Дизайнерлік қабілеті тіптен керемет болып шықты. Бірде тапсырыспен бір балабақшаны безендіріп шықтық. Ішкі сыртқы жұмыстары да керемет болып шықты. Әсіресе балалар ойнайтын бөлменің жарақтандырылуы тіптен керемет болып шықты. Бұрын мұндайды көрмеген бе, әлде біз жасағанға дейін мұндай болмаған ба әлгі жұмысымыздан кейін тапсырыстың астында қалдық. Енді екі бригада болып жұмыс істеуге көштік. Бәрі де ағамның арқасы ғой. Мені сүйреп, өзім де пысықтығым мен алғырлығымның арқасында ары қарай алып кеттім. Ағамның жеке фирмасы бар, менікі бөлек. Бұрынғы күйімізді ұмытқанбыз. Шүкір, қарнымыз тойып ас ішіп, ел қатарына қосылдық. Ағам үйленді, соңын ала мен үйлендім. Әйелім қарапайым ғана шаруажай адам. Сөзге сараң, момын. Осынысы ұнайтын, шайпау әйелден көрі аузынан сөз суырып ала алмайтын момыны жақсы емес пе? Жылдар жылжып өтіп жатты. Анамның қолын жылы суға малып қойдық. Інілерімді де үйлендірдік. Бір бір отау болды. Төрт балалы шағалы болдық. Жеке кәсібімді шырқ айналдырып жүріп жатқан едім, тып тыныш ұйқымды ұрлаған түндер аяқ астынан басталды.
«Өзбек байыса там салады, қазақ байыса қатын алады» деп қазақ атам бекер айтпаған-ау. Жұмысы жоқ болса, тапқаны тамағынан артылмаса адам тоқал туралы ойлай ма? Оған шамасы да келмес. Ал қалта толы қаржы адамды бұзбай қоймайды екен. Менің де көңілім тоқ, қайда барам, қайда қоям десем де қаржым жетеді. Қарыны тоқтық расында да адам баласының көңілін бұзады екен. Әрлеу жұмыстарымен айналысатын қол астымда істейтін әйелдерден құралған бір бригада бар. Солардың арасында қылығы мен назы бөлек Әсел есімді келіншек көңілімді арбай берді. Көріп қалған жерде қылығымен тәнті етіп, бөксесін бұраңдатып бұрылмасыма қоймады. Еркек емеспін бе, көз тастамау мүмкін емес. Ақыры екеуміз төсекте табыстық. Төсектегі қылығы тіпті керім. Естен тандырардай. Бұрын мұндайды көрмегендей қайран басым құнығып кетсем керек. Екеуміздің жырымыз тым алысқа кетіп қалыпты. Бір күні анам шақырып алып, алыстан орағытып «отбасыңды сақта, желігіңді бас, балапандарыңды жылатпа» дегенді айтты. Мен анамды тыңдаудан қалған екем. Әсел расында әсел болып шықты. Тәтті қылығымен баурайды да тұрады. Оны ұмыту мүмкін емес. Қалай барып қалғанымды өзім де білмей қаламын. Момын деп жүрген әйелім аяқ астынан тайдай тулап «кет те кетке» басты. Өлсем мойындаймын ба «бізді көре алмай жүргендердің шығарған өсегі» деп құтылдым. Көйлегіме жұққан помаданың дағын көз алдыма тосса да мойындаймын ба? Тоқал алсам деген арманымды жұқалап жеткізіп ем, әйелім өлсе де оған жол бермейтінін айтып тұрып алды. Момын деп жүрген әйелім ақыры менімен заңды түрде ажырасты. Дүние мүлік екіге бөлінді. Маған қалғаны қала орталығындағы екі бөлмелі пәтер ғана. Даңғарадай үйім балаларым мен әйеліме қалды. Оған өкінген мен жоқ. Әселдің ыстық құшағы бәрін ұмыттырғандай. Тап бір аспан төрінде қалықтап жүргендеймін. Бұрын мұндай пейішті қалай білмегем деп қоямын. Ағайын туыстың тойына Әселімді қолтықтап барамын. Бәрі де ала көздерімен атып жібере жаздайды. Оны елеп жатқан мен жоқ. Бұрын сылақшының киімін киіп жүретін Әселіме қымбат киімдер әперіп ем қырдың қызыл түлкісіндей құлпырып шыға келді. Оның тән тоятына тоя алмайтын шығармын деп ойлағам... Бекер, бәрі бекер екен. Төсекте мені тояттандырса да өзі тояттай алмай қалғандай, тоя алмай қалғандай көрінетін маған. Расында менің қарқыным қайтқан екен. Мен оны төсекте тойдыра алмай жүр екенмін ғой. Бір күні жасырын нөмірмен біреу хабарласты. «Әселің жас жігітпен қыдырып жүр» деді де қоя қойды. Ашудан қалтырап кеттім. Үйге келіп Әселді тергеуге алмаймын ба? «Әйеліңмен ажырасқаныңды құп көрмей жүргендер көп қой, солардың бірі шығар» деп бет бақтырмады. Арада біраз уақыт өтіп ұмытқандай болғам. Тағы да қоңырау шылдыры. «Пәлен деген қонақүйде, пәленінші нөмірге барыңыз» деді менің «жанашырым». Біреулердің әзілі ме деп ойласам да барып көрейін дедім. Есік құлыптанбапты. Сірә есікті аша сала ғашықтар дүниені ұмытып кереуетке құласа керек. Жап-жас жігітпен аймаласып жатқан Әселімді көргенде бойымды ашу билеп өз өзімді ұстай алмадым. Жігіт ғашығын тастай қашты. Епті екен қолыма түссе аямас едім. Әселдің шашына жармастым, көзіме қан толып кеткен, ұрып жатырмын, теуіп жатырмын. Қонақүйдің күзетшілері келіп, ажыратпағанда мен оны өлтіретін екем. Өң мен түстің арасындағыдай бір күй. Жанымды қоярға жер таппайтындаймын. Мен әйелімді Әсел үшін жерге қаратып кетіп ем, Тәңірім соны алдыма келтірді. Өзіме де обал жоқ деп ойлаймын. Балапандарымның түкірігіне де татымайтын қайдағы жоқ сайтанға еремін деп ойрандап қалдым. Әйелімнің кешірмесі анық, момын болғанымен қайтпай қасарысатын мінезі бар еді. Ол бәрібір мені кешірмейді. Оны көруге де енді менде бет жоқ. Не істесем екен?  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста