Ер адамға сенуді қалай үйренуге болады?

Ер адамға сенуді қалай үйренуге болады?

Осы күні әйел адамдардың өз еркінсіз күйеулерінен мықты болып жатқанын көп еститін болдым. Күйеуі бар, бірақ күйеуіне еш нәрсе қажет емес, еш нәрсе істей алмайды. Осылай жалғаса береді. Сөйтіп әйел баласы үстіне супер-плащын киіп, супер-әйел бола бастайды. Үстіне бар жүкті арқалай бастайды: балалары, үйі, жұмысы, күйеуі. 

Алайда әйел тәні мұндай шаршататын жұмысқа арналмағандықтан, ерте ме кеш пе әйел бойынан күш кетіп, ауру-сырқауларға тап болады, ішіндегі өшпенділік одан ары қарай өршиді. Әсіресе күйеуіне деген өшпенділік пен жек көрушілік өрши бастайды. Өз міндетін атқармаған күйеуіне. Әрине, мұндай жағдайда жүрген әйел ешқандай бақытты сезіне алмайды.
Осы нәрсе бұл күнде трендке айналып барады – теледидар алдында пиво ішіп отырған күйеулері мен шалдыққан, шаршаған мықты әйелдер.  Неге бұлай болып жатыр өзі?
Бұл құбылыстың көптеген себептері бар. Соның ішінде мыналарды айтуға болады:
1. Әйел осы өмірдегі өз ролін түсінбейді. Көбінде тәрбиенің дұрыс болмауынан. 
2. Ер адам да өз ролін, міндетін түсінбейді – бұл да тәрбиенің нәтижесі (бұл жерде біз, әйелдер, тек жанама ғана жәрдем ете аламыз – өз парызымызды толыққанды атқара отыру арқылы күйеуімізді жігерлендіреміз).
3. Әйелі күйеуін құрметтемейді.
4. Әйелі күйеуіне адал емес, яғни шын берілген, сенімді емес. Әйелі әлі де күйеуін толыққанды таңдамаған.
5. Әйелі күйеуін мінейді де отырады. Сөйтіп энергиясының бәрін алып қояды.
6. Әйелі өз міндеттерін атқармайды.
7. Әйелі күйеуіне сенбейді.
8. Әйелі күйеуін жігерлендірмейді.
Ал енді біз өзгерте алатын жалғыз адам тек өзіміз болғандықтан, өзгеруді өзімізден бастайық. Мен қазір сенім туралы жазғым келіп тұр. Яғни 7 пункт туралы. Бұл кез-келген ара-қатынастың маңызды негізі болып табылады. Алайда отбасыда мұның ролі өте-өте маңызды.
Егер біз бала кезімізден әйел болуға даярлансақ еді, онда ер адамның психикасының ерекшеліктерін білген болар едік. Сонда бізге ер адам үшін махаббат дегеніміз сенім екені айдан анық түсінікті болар еді. Ал, біз, әйелдер махаббатты қамқорлыққа алу деп түсініп жүргенімізде.
Бір-бірімізге өзіміздің алғымыз келетін нәрсені басқаға беруді доғарайық. Керісінше, мұның орнына екінші жақтың қалауларын ойланайық. Бұл өзгеріске қарай істелінген бірінші қадам. Бұл қадам өте маңызды.

Ер адам үшін махаббат – ол сенім. 
Әрбір ұлы ер адамның артында оған сенген әйелді табасың. Бірінші бұл анасы болса, кейін әйелі. Ричард Брэнсонда, мысалы, барлығы анасынан басталған. Ол өз кітаптарында бұл туралы көп айтады. Оның анасы оған қатты сенген, сөйтіп бұл сенім Ричардқа көп күш-қуат берген. Сальвадор Далиде Гала болған. Михаил Горбачевта – Раиса Максимовна болған. Пушкинде бәрі нянясынан бастау алған – Арина Родионовна. Сөйтіп кете барады (Қазақтарда да бұл мысал өте көп, Абай атамызға Зере әже мен Ұлжан анамыздың әсері сияқты – аудармашының комменттері).
Дәл солай кері әсер де бар – әрбір ұлы бола алмаған немесе залым болған ер адамның артында оған сенгісі келмеген әйел тұрады. Әрбір маскүнем мен наша шегушінің артында көбінде оған сенгісі келмеген не анасын не сүйгенін табасың. Гитлер, Сталин, Чикатилоға бір әйел болсын сенген бе екен?
Өмірді үлкен зәулім ғимарат кейіпте елестетуге болады. Жоғары этаждарынан бөлек, дәл сол сияқты терең көп қабатты жертөлесі (подвал) бар зәулім ғимарат кейіпте. Біз нөлінші қабатына кіргенде, бізге жоғары не төмен баратынымызды анықтау керек болады. 
Бәрі оп-оңай болар еді, егер бір орында тұра алғанымызда. Алайда біз төменге жүретін эскалаторда тұрмыз. Нөлінші қабатта қалу үшін, онда бізге жоғары қарай жүру керек болады.
Осы эскалатордың пульті әйелде деп айтуға болады. Осы пульт арқылы біз эскалаторды не баяулата аламыз, не тоқтата аламыз немесе жоғары қарай да жүргізе алуымыз мүмкін. Ал егер біз ерлерге мұны көрсетпесек – онда оларда төменге ғана жүретін жалғыз жол қалады. 
Біздің сеніміміз ерлерге осы эскалатор бойымен жүгіруге, бір қабаттан екінші қабатты бағындыруға жігер бере алады. Бұл біздің қолымыздан келетін ең маңызды нәрсе. Ал егер біз сену орнына ерімізді қамқорлыққа алып, әлпештеп, қамдайтын болсақ, онда эскалатор төменге қарай тезірек түсе бастайды. Біз үшін бұл махаббатымыздың белгісі сияқты. Дәл осылай біз ұл балаларымызды әлпештеп аялап отырамыз, қателер жасауға да мұрсат бермей алдын ала қамдап қоямыз. Күйеуімізді азық-түлік дүкенге барып келуін өтініп, 4 бет егжей-тегжейлі тізім жазамыз. 
Ер адам үшін біздің қамқорлығымыз да қажет – дайындалған тәтті тамағымыз, жуылған, үтіктелген киімдері. Бірақ бұл қамқорлықтың артында сенім тұрмаса – онда мұнан келер еш пайда жоқ. 
Күйеуімізге сенуді қалай үйренеміз
1. Бір нәрсе өзгертпес бұрын, бірінші, бізге күйеуімізде бар нәрсені толығымен қабылдау керек болады. 
Бұл ең қиын белес. Өйткені, күйеуіміздегі барлық нәрсені қабылдау керек болады, табыс мөлшерін де, білімін, қызықтарын, тұрмыстық жағдайларды да (мысалы, баспананың жоқтығы). Бұл біздің бұдан артық нәрсені қажет етпейтінімізді білдірмейді. Бірақ, біз барға шүкір етеміз. Егер 10 жыл бойы тұратын үй үшін миын ашыта берсек, онда бүкіл отбасы үшін кез-келген әдемі сарайдың өзі де қуаныш әкелмеуі мүмкін. Ал егер коммуналдық үйдің өзінде татулықта тұра алсақ, онда өз үйімізге жақын болашақта жетуіміз мүмкін. Қабылдамау деген нәрсе бірден адамдағы сүйіспеншілікті де, сенім де өлтіреді.
2. Адам өзіне артылған жауапкершілікті ғана алуы мүмкін.
Күйеуіміздің шексіз миын ашыта беруге болады, алайда егер біз оған жауапкершілік бермесек, онда ол оны ешқашан алмайды. Жауапкершілікті беру деген оңай емес. Бір міндеттің өзін беру керектіктен бөлек тағы да ол міндетті атқаруын бақылауды доғару керек. 
Мысалы өз мысалымды айтайын – менің күйеуімнің базарға азық-түлік әкелуге баратын міндеті бар. Алдын мен көп уайымдайтынмын, бәрін сатып ала алар ма екен, жетер ме екен, үлкен тізімдерді жасайтынмын, сосын бәрін әкелмесе ашуланатынмын. Сонда ол бұл міндетті атқаруды тоқтатты. Менің сүйіп жейтін жеміс-жидектер мен көкөністер саны үйде азайды да қалды. 
Ал қазір тізім мүлдем жазбаймын, ал өз қалауларымды әдеттегіге қарағанда көбірек айтамын. Ол болса керектің бәрін әкеледі. Ал, кейде мені керекті әкелгеннен тыс тағы бір нәрселермен қуантады. Ол жемістерді сондай ыждахаттылықпен таңдайды, содан олар ешқашан дәмсіз, шіріген болмайды. Мен осы жауапкершілікті бергенде ғана – күйеуім оны ала алды. 
3. Жауапкершілікті артқанның біраз маңызды тұстары бар. 
• Жауапкершілікті артып, еркінсу өте маңызды, яғни нәтижесіне тым байланып қалуға болмайды. Яғни нені алса соны жейміз деп. Сәбіз алмаса – онда басқа тамақ жасаймыз. Ал егер мен нәтижесін ойлап, уайымдап, ризасыз болсам онда соңына дейін жауапкершілікті бермегенім. 
• Мақтау мен көтермелеу де маңызды. Барлығы да оң кері байланыстың болғанын жақсы көреді. Өзіміз де күйеуімізден әрдайым мақтау мен рахмет деген сөзді күтіп тұрамыз. Сондықтан, күйеуіміздің істеген барлық ісіне ризашылықпен қарау керек.
• Істеген амалдары үшін күйеуді мақтау керек. Ер адамның табиғаты солай – «Ой ыдысты күшті етіп жуып қойыпсың» деген «Сен сондай қамқорсың» дегенге қарағанда әлдеқайда дұрысырақ (автор кейде ыдыс жууды да күйеуіне тапсырса керек – біздің қазақта бұл көбінде тек әйелдің жұмысы, солай дұрыс та сияқты – аудармашының комменттері).
• Ал, еркінсу мүмкін болмай жатса – мысалы, майы толық кетпеген ыдыс-аяқ жыныңызды келтірсе, онда өзіңіз жуыңыз. Бұл сіздің таңдауыңыз. Жауапкершілікті өткізбеңіз онда.
4. Ең маңыздысы бұл таңдаудың неге саған пайда әкелетінін түсіну керек. Пайда әманда бар, бірақ көбінде ақылмен ойланбаған пайда. Пайда болмағанда, ситуация да болмас еді. Мысалы, мықты әйел өзінің күші мен шыдамдылығын мақтан етуі мүмкін (яғни мықтылығы ол әйел үшін үлкен пайда дегені). Дәл осылай ол өзін бір күнәлары үшін жазғыруы мүмкін (яғни, керісінше, кейбіреулер үшін мықтылық қиындықтың басы). Ал, мүмкін бұл өмір бойы жалғыз болған мамасына деген сыйластықтан болар (яғни мама сияқты мықты болам, ерлерден де мықты болып, оларға әйелдердің мықты екенін дәлелдейміз деген пайда). Пайда әрқашан бар, маңыздысы оны табу керек.
5. Пайда табылған кезде ол пайдадан бас тарту керек. Орнына басқа нәрсені ойлау керек. Мысалы, өз күшіңмен мақтану емес, керісінше өзіңнің әлсіз тұстарыңмен мақтану. Негізі мақтанудың мүлдем керегі жоқ, бастысы бақытты бола білу керек. Немесе ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан әйел тағдыры сценарийін басқаша етіп өзгерту керек. 
6. Келесі қадам – күйеуіңіздің жақсы жақтарын көру қажет. Осы үшін мен көбінде күйеуімізге ризашылық күнделігін арнауды кеңес беремін. Сөйтіп күнде күйеуіміздің ең кем дегенде 10 жақсы қасиеттері мен істерін жазып отыру қажет. Себебі біз қалай ойласақ, күйеуіміз дәл солай бола бастайды. Қандай қасиеттерін біз көп ескерсек, сол қасиеттерін олар көрсете бастайды. Бұл тек ерлерге қатысты ғана заң емес :).
7. Сөйтіп, күйеуімізге қызмет етуді бастау керек. Қызмет ету дегеніміз біздің адам алдында риясыз парызымызды орындағанымыз. Біз олардың қажеттіліктерін орындай бастаймыз. Мұнда бастысы қалау мен қажеттіліктің айырмасын түсіну керек. Тәтті, пайдалы тағам – бұл қажеттілік. Ал, бірінші, екінші, үшіншісі және таңғы асқа компот – бұл қалаулары. Біз басқа адамның қалауларының бәрін орындаған кезде біз оны керісінше азғыра бастаймыз. Балаға бүкіл қалауының бәрін әперсең, онда ол оны кім әперіп жатқанын бағаламайды да, алынған нәрсені ұқыпты етіп ұстай да алмайды. Холодильникті қалай ашуды білмейтін ер адам, ерте ме кеш пе басқа әйел тауып алады.
Осыдан кейін күйеулерімізге сенгіміз келіп кетеді. Мүмкіндіктер де табыла бастайды. Біздің мықты орыс әйелдері қоғамы үшін бұл әрине ұзақ жол – әйелі өз міндетін атқармаққа, күйеуі өз міндетін атқармаққа.
Сонда күйеулерімізге қанат бітер еді. Оған сенгені, онда жақсы көргені деп түсінер еді. Ұлы істердің куәсі болар едік!

Мақала авторы Ольга Валяева. Мақала мына сайттан аударылды: www.valyaeva.ru
blogtime.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста