Мысығының тұсау кесерін тойлаған отбасы талқыға түсті

Мысығының тұсау кесерін тойлаған отбасы талқыға түсті

Қазақстандық жас отбасы үйіндегі бір жасқа толған Серік есімді мысығының туған күнін атап өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KYN.KZ-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Серік лақап атты мысықтың туған күн кешінен түсірілген бейнежазба тарады.

 

Тойлаған тек өздері ғана емес, туған күн иесін құттықтау үшін сырттан қонақтар да келген көрінеді. Дастархан басына жиналған адам қарасы көп. Тіпті Серікке арнайы торт та пісіріп, «1 жас» деген жазу да жазыпты.

 

Бейнежазбадан оның үй иелері, яғни ерлі-зайыптылармен бірге шам үрлеп, тілек те тілегенін көруге болады. Тіпті 1 жасқа толуына орай тұсаукесер де өткізген.

 

Мұны көрген жұрт не күлерін, не жыларын білмей дал. Олар екіжақты пікір білдіріп, бірі даттап отырса, енді бірі қоштап отыр.

 

«Серіктің сүндет тойынан видеолар күтеміз», «Не деген масқара, мысықтың да туған күнін тойлай ма екен», «Одан да жетім балаларды асырап алса болады ғой, ақыры балалары жоқ болса», «Несі бар, мысық та отбасының бір мүшесі, мен де тойлар едім мысығым болса», «Ой, Алла, естімеген елде көп, осындай да күнге жетіппіз ғой, орыстардың кемпірлеріне ұқсап», «Керемет, құтты болсын», «Ақшаларың асып-тасып жатса, жетім-жесірлерге көмектесіңдер» — дейді желідегі жұрт.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста