"Немерем министрлікте істейді": 80 жасқа таяған қария қарттар үйіне қалай тап болды

"Немерем министрлікте істейді": 80 жасқа таяған қария қарттар үйіне қалай тап болды

Жасы сексенге таяған Батырхан Балтин Астанадағы жеке меншік қарттар үйлерінің бірін паналап жүр. Ол өзін алақанында ұстап, жақсы күтім жасаған ұлы көз жұмған соң, басқа балаларына салмақ салғысы келмеген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "Сұрауы бар" бағдарламасына сілтеме жасап жазды. 

Батырхан Балтин үш жасында әкеден жетім қалған. Тағдыр тауқыметіне мойымаған ол еңбек етуден қашпай, түрлі орден-марапаттарға ие болған. Тіпті, өзінің авторлық кітабын да жарыққа шығарған.

 

Алайда соңғы бір жарым жылын қарттар үйінде өткізіп жатыр.

 

"Осыдан 15 жыл бұрын жолдасым қайтыс болды. Екеуміз елу жыл бірге өмір сүрдік.

Ең үлкен қызымыз да ауырып, 52 жасында көз жұмды. Ол қызымыз да журналист еді.

Мен сегіз бала көрдім. Оның бірі - қыз, қалғандары - ұл. Тағы бір ұлым қайтыс болды, енді үшеуі қалды.

Ең үлкен ұлымның бес баласы бар. Үш рет үйленген. Қазір әйелі жоқ, жалғыз тұрады. 57 жаста, кіші емес қой.

Одан кейінгі ұлым 52 жаста. Оның әйелінің інісі инсульт алып, ерекше күтімді қажет етеді. Әйелі інісінің қасында.

Ең кіші ұлым орыс тілінде жаңалықтар жүргізеді. Әйелі - кәріс. Өзінен он жас үлкен. Ол үйленді деп біз бір табақ ет аспадық. Олар да бізді бір табақ етке шақырмады.

Әрбір балама: "Сен мына қызға үйлен", - деп айтқан жоқпын. Айтпаймын да... Бұдан басқа балаларыма қазақтың салтымен той жасайтынбыз. Әйтеуір, қосылды ғой.. Ет асуды білмейтін болар, шайға да шақырған жоқ.

Осыдан екі жыл бұрын қайтыс болған Еркін деген балам келініммен бірге алақанда ұстады. Мен де ешкімге бағынышты болмай, 80 жасқа дейін жұмыс істеп, еңбекақы алып келдім. Аяқасты балам қайтыс болған соң, мені күтетін ешкім болмай, осында келдім. Бұл үй ашылғанда алғашқылардың бірі болып келгенмін. Бір жарым жыл болды, осындамын.

Балаларымды, үлкен немерелерімді оқыттым. Қазір бір немерем министрлікте істейді", - дейді Батырхан қария.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста